«Ambassadors Club»
ЖОБАСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Ambassadors Club» («Жоба») жобасына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Жобаның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Жобаға қатысу ерікті және Жоба қатысушылары келесі мекенжай бойынша сайтта жарияланған Жобаға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») танысқанын және сөзсіз келісетінін білдіреді: https://www.samsung.com/kz_ru/offer/ambassadors-clubЖоба сайты»).

 

 

1.    Жалпы ережелер:

1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 115-үй, «Kaisar Plaza» сауда-кеңсе орталығы, 3-қабат;

1.2. Жобаны өткізу кезеңі: 2023 жылдың 1 қаңтары мен 31 желтоқсаны аралығында соңғы күнді қоса санағанда Астана қ. уақытымен сағат 23:59 дейін.

 

2.    Ережелерде қолданылатын анықтамалар:

2.1.        «Ambassadors Club» жобасы – Нарықта алға даму мен SAMSUNG  тауар белгісінің Тауарларының сату көлемін ұлғайтуға және Серіктестердің Қызметкерлерін ынталандыру мен мотивациялауға бағытталған жоба.

2.2.        «EPP-ға арналған Samsung интернет-дүкені» - SAMSUNG туралы, Тауарлар мен Қызметтер, жарнамалық акциялар мен басқа да Samsung ақпараты (мәтін,графикалық, аудиовизуалды немесе басқа түрде) берілген келесі мекенжайлар бойынша орналасқан және Интернетте жұмыс істейтін  (EPP) Корпоративті бейілділік бағдарламасының арнайы Серіктестерге арнап Ұйымдастырушы әзірлеген сайты:  https://www.samsung.com/kz_ru/multistore/kz_b2b_epp/ (доменнің барлық деңгейлерін қосқанда).  

 

2.3.         «Samsung (EPP)  корпоративті бейілділік бағдарламасы» - бағдарламаға қосылу туралы өтінім беру арқылы қосылған ұйымдардың қызметкерлері мен (немесе) студенттері үшін SAMSUNG тауар белгісімен тауарларды сатуды ілгерілету және/немесе Samsung EPP-ге арналған Интернет-дүкені арқылы бөлшек сату  үшін Ұйымдастырушы қолданатын шаралардың кешені, соның ішіне жеңілдіктер беру, жарнамалық акциялар, ұтыс ойындары мен сатуды ынталандыру үшін басқа да шаралар кіреді.

2.4.         «Серіктес»  -  Ұйымдастырушымен Samsung (EPP) Корпоративті бейілділік бағдарламасына қосылу туралы пайдаланушы келісімін жасасқан заңды тұлға. Осы келісімнің мақсаттары үшін Қатысушы-серіктестер ретінде әлеуетті Серіктестер немесе Samsung-пен осындай келісім жасасқан және Серіктес болып табылатын тұлғалар көрсетіледі.

2.5.        «Қызметкер» - Серіктеспен EPP-ге арналған Samsung интернет-дүкенін пайдалану кезеңінде қолданылатын еңбек шартын жасасқан жеке тұлға, яғни іссапардағы және шақырылған Серіктес Қызметкерінің еңбек қызметтерін орындайтын жеке тұлға.

2.6.        «Тауарлар» - EPP-ге арналған Samsung Интернет-дүкені арқылы жүзеге асырылатын SAMSUNG тауар белгісінің тауарлары. Сонымен қатар Тауар ретінде келісім шарттарының мәтінінде осы атау Тауарлар мен Қызметтерге бірдей қолданылса, Тауарлар мен Қызметтер бірге Тауар аталады.

2.7.        «Samsung Account» - Қызметкерге немесе Студентке тиесілі электронды пошта мекенжайына тіркелген бірегей есептік жазба. Оны Samsung Electronics тауарлардың және сервистердің пайдаланушыларын сәйкестендіру үшін қолданылатын және оның болуы осындай тауарлар мен сервистердің қызметіне қол жеткізу мен толықтай қолдану үшін қажет.  

2.8.          «Бонустар» – Жоба қатысушысына, Қызметкерге Промокодты қолданып әрбір сауда жасағанына берілетін және әрі қарай оны жинақтауға және EPP-ге арналған Samsung  Интернет-дүкенінде қолдану үшін берілетін сыйақы.

2.9.        «Промокод» - дербес символдардың (әріптер және/немесе цифрлар) жиыны, EPP-ге арналған Samsung  Интернет-дүкенінде арнайы шарттармен көрсетілетін қызметтер немесе Тауарлар сатып алу құқығын беретін бірегей код.

             

3.    Жоба Қатысушысы

3.1.        Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге Серіктестердің Қызметкерлері болып табылатын 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар Жобаның қатысушысы бола алады («Қатысушы»).

 

 

 

3.2. Жобаға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Жоба сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Жобаның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.  Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

3.3. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

 

4.    Акцияның сипаты

4.1.        Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда нарықта алға ілгерілеуге және Тауарлардың сату көлемін ұлғайтуға бағытталған Жобаға қатыса отырып, Ұйымдастырушыдан Бонустар алу мүмкіндігін алады. 

 

 

5.    Жобаға қатысу шарттары

5.1.        Жобаға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы керек:

5.1.1.              Ambassadors Club жобасының сайтында тіркеуден өту және Жобаның Ережелері және шарттарымен танысу;

5.1.2.  Қызметкерлер EPP-ге арналған Samsung  Интернет-дүкенінде тиімді сауда жасай алатын Промокод алу. Қатысушы промокоды Қызметкерге EPP-ге арналған Samsung  Интернет-дүкенінде себетте жалпы бағасы 200,000 (екі жүз мыңнан) кем болмайтын  SAMSUNG сауда белгісімен премиалды топтама тауар(лары)ын сатып алуға 5% (бес пайыз) көлемінде жеңілдік береді;

5.1.3.             Қызметкерлермен Промокодпен бөлісу және Samsung (EPP) Корпоративтік бейілділік бағдарламасы туралы ақпарат тарату мақсатында Қызметкерлерге Ұйымдастырушының ай сайынғы промо-акциялары туралы үнемі хабарлау;

5.1.4.             Қатысушының дербес Samsung account-тына ) Қызметкер жасаған әр саудаға 1 сатып алу  = 5,000 Бонус, 1 Бонус = 1 теңге шартымен   бонус алу.  

5.1.5.             Қызметкерлердің жиналған бонус белсенділігін жеке кабинетте бақылау;

5.2.         Промокод қатысушыға келесі мекенжай бойынша орналасқан EPP-ге арналған Samsung  Интернет-дүкенінде ғана жеңілдігі бар Тауарларды сатып алуға мүмкіндік береді: https://www.samsung.com/kz_ru/multistore/kz_b2b_epp/

5.3.        Промокодты Samsung Account-ысы бар Серіктестің Қызметкерлері ғана қолдана алады. Әрбір Қызметкер Промокодты 1 (бір) күнтізбелік айда 2 (екі)  реттен артық қолдана алмайды.

5.4.        Промокод тіркелген кезден бастап Қатысушыға бекітіледі және Жоба аяқталған сәтке дейін қолданылады.   

5.5.        Қатысушы EPP-ге арналған Samsung  Интернет-дүкенінде Тауар сатып алу арқылы Бонустарын жинап, қолдана алады және сұраныс жасау арқылы Бонустарын өзінің дербес Промокодына конвертациялау құқығы бар.

5.6.        Қатысушы бонустарды EPP-ге арналған Samsung  Интернет-дүкенінде қолдана алатын ұқсас Промокодқа конвертация жасағысы келгенге дейін жиналуы мүмкін. Дегенмен жиналған бонустарды Жоба өткізілген кезеңге дейін конвертациялап қолдануы керек. Жиналған бонустар SAMSUNG тауар белгісінің барлық Тауарлар категориясын сатып алуға қолданылады.

5.7.        Бонустарды Промокодқа конвертациялаған соң, жеке кабинеттегі Бонустар нөлге айналып, келесі сатып алуға бонустарды қайта жинауға болады.

5.8.        Ұйымдастырушының арнайы промо-акцияларын өткізу кезеңінде Қатысушының Қызметкері SAMSUNG тауар белгісімен негізгі модельдерді әрбір сатып алған жағдайда қосымша 2,000 бонус алуы мүмкін.

5.9.        Белгілі бір тауар категорияларына жеңілдіктер мен бонустардың көлемі өзгеруі мүмкін.

 

 

6.    Жобаға қатысушының құқықтары мен міндеттері

6.1.  Жобаға Қатысушының құқықтары:

˗        Осы Ережелермен танысу;

˗        Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Жобаға қатысу;

˗        Көпшілік ресурстар мен Жоба сайтындағы коммуникация арналарында Жобаны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;

˗        Жоба сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;

6.2.     Жобаға қатысушының міндеттері:

˗        Ережелерді ұстану, с.і.  осы Ережелерде анықталған мерзімде Жобаға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау.

˗        Жобаға қатысумен байланысты барлық шығындарды өзі көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;

˗        Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.

 

 

7.    Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері

7.1. Ұйымдастырушының құқықтары:

-         Жобаны өткізу Кезеңі ішінде Жобаның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Жобаның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Жобаға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Жобаға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;

-         Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;

-         Ұйымдастырушы Жобаның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;

-         Ережелерде көрсетілген барлық шарттарды толық көлемді және дұрыс орындамаған Акция Қатысушысына Бонус беруден бас тарту;

-         Жоба Қатысушысы осы Ережелерді ұстанбау фактісі анықталған жағдайда Жоба Қатысушысына бонус беруден бас тарту.

7.2. Ұйымдастырушының міндеттері:

-         Ережелерде анықталған мерзімде Жобаны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау. 

-         Ережелермен сәйкес Жобаны өткізуді қамтамасыз ету;

-         Жоба қатысушыларына Жоба Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Жобаны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;

 

8.     Басқа 

 

8.1. Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен осы Ережелерде бекітілген құқықтары мен міндеттері бар.

8.2. Акцияның барлық Қатысушылары Жобаға қатыса отырып, Жоба Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Бонус алу үшін Жобаның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Бонус алу құқығынан айырылады.

8.3. Жобаға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Жобаға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.

8.4. Жоба конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.

8.5. Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін бермеуге, сонымен қатар басқа да кез келген ақпаратты заңға қайшы мақсаттарда немесе Жобаға байланысы жоқ басқа да мақсаттарда табыстамауға міндеттенеді. 

8.6. Акцияны өткізудің барлық мәселелері бойынша Акцияның Ережелеріне қатысты Ұйымдастырушы қабылдаған барлық шешімдер соңғы болып саналады. 

8.7. Ұйымдастырушы өз міндеттерін телекоммуникациялық, энергетикалық желілердің, залалды бағдарламалардың, сонымен қатар үшінші тұлғалардың қасақана бағдарламалық және/немесе аппараттық кешенге (Интернет-ресурс)  рұқсатсыз қол жеткізіп істен шығаруға бағытталған әрекеті нәтижесі болып табылатын себептерден өз міндеттерін орындамағаны немесе толықтай орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

8.8. Ұйымдастырушы Акция шеңберінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін үшінші тұлғаларды қатыстыруға құқылы. 

8.9. Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Жеңімпаз, әлеуетті Жеңімпаз және (немесе) Қатысушы шектетілсе, қатысу талаптарына сәй келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның әрекетін қандай да бір тұлғаны қорлайтын, әділетсіз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе тіл тигізуге, қиянат көрсетуге, қауіп төндіруге бағытталғанын анықтаса, Ұйымдастырушы осындай Жеңімпазды немесе әлеуетті Жеңімпазды және (немесе) Қатысушыны онымен хабарласса, оның аты қандай да бір жерде көрсетілсе немесе жарияланса да қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.

8.10.              Осы Ережелердің кез келген қағидаларының  жалғандығы немесе оны орындау мүмкіндігінің болмауы осы Ережелердің басқа қағидаларының қолданылуына немесе орындау мүмкіндігіне әсері жоқ. Егер қандай да бір қағида жалған немесе қолдануға болмайтын немесе заңсыз болса, қалған Ережелер жалған немесе заңсыз қағидалар болмағандай қолданылып жалғастырылады және шарттына сәйкес түсіндіріледі.

8.11.              Егер кез келген тұлға жалған ақпарат беріп заңға қайшы жолмен қатысып немесе сыйлық алу үшін осы Ережелерді бұзған жағдайда Ұйымдастырушы осы тұлғаны қатысудан шектетіп, келтірілген шығынды өтеуді талап ете алады.

8.12.              Осы интернет-сайт және оның мазмұны ақпараттық сипатта ұсынылған және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабының қағидаларымен анықталған жария оферта болып табылмайды. Құрылғының нақты түсінде айырмашылықтар болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

 

Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:

8-800-080-0101 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы байланыс операторынан қоңырау шалу тегін.