Сіздің дербес
Bespoke AI™-кір жуғышыңыз

Bespoke техникасын таңдап алыңыз да, мыналарға ие болыңыз:

0-0-24

бөліп төлеу

Samsung Rewards

кешбэкі

Samsung Wallet

жеңілдігі

Bespoke AI™-кір жуғышы туралы

Дербес кір жуғыш - заманауи интерьерлік шешімдердің жаңа тренді.
Өз киіміңізге Samsung ұсынған Bespoke AI™-кір жуғышы бар кешенді күтімді сыйлаңыз.

Кір жуғыш машиналар

Зияткерлік кір жуу функциясы және AI Ecobubble™ технологиясы бар кір жуғыш машина киімді тазалап, бірақ ұқыптап жуады және төмен температураларға қарағанда 24% артық кір кетіреді.

Кептіргіш машиналар

Кептіргіш машина нәзік және тиімді кептіруді қамтамасыз етеді. AI Dry технологиясы оңтайлы жылу мөлшерін беру үшін ылғалдық дәрежесін және киімнің салмағын анықтайды.

Бу шкафтары

Jet Air жоғары температуралы буының қою ағыстары маталардың ішіне терең еніп, 99,9% вирус пен бактерияларды, 100% шаң кенелерін, 99% иісті және 99% басқа да зиянды заттарды жояды.

Дербес Bespoke-ң АІ™-кір жуғышының мүмкіндіктері
туралы көбірек біліп алыңыз

Киіміңізді қамын кешенді түрде жасау

Bespoke AI™-кір жуғышының ақылды функциялардан, ойластырылған дизайннан, сондай-ақ киімдерге ұқыптап күтім жасаудан құралатын артықшылықтарымен танысыңыз.

Ақылмен кір жуу

Бес датчик заттардың салмағын, типін және кірлеу деңгейін анықтайды, содан кейін су мен жуғыш құралдың берілу деңгейін оңтайландырады. Осылайша сіз азырақ су және жуғыш құрал мөлшерімен ұқыптап кір жууға, сондай-ақ оңтайлы жібітіп қою, шаю және сығу уақытына қол жеткізесіз.

AI Wash™ функциясы

AI Ecobubble™ технологиясы

Автомөлшерлеуіш

Циклдарды байланыстыру

Ақылмен кептіру

AI Dry технологиясы киімнің салмағы мен ылғалдық дәрежесін анықтайды, содан кейін барынша аз энергия жұмсай отырып жылдам және ұқыптап кептіру үшін оңтайлы жылу мөлшерін түзеді.

QuickDrive™ технологиясы

Циклдарды байланыстыру

AI Dry технологиясы

AirDresser бу шкафы

AirDresser бу шкафымен киімдерге тиімді және ұқыпты күтім жасау.

Иіс кетіретін сүзгі

Гигиеналық тазалау

Ұзын киімге күтім жасау

Жалпақ дизайнды стандартты өлшемдер

Кір жуғыш және кептіргіш машиналар, сондай-ақ бу шкафы жалпақ дизайнымен ерекшеленеді - бұл оларды заманауи интерьерге кіріктіруде қолайлы етеді.

Қашықтан басқару

Дербес кір жуғышты SmartThings қосымшасымен кез-келген жерден басқаруға болады.

Сіздің кір жуатын жеріңізге арналған құрылғылар

Сарапшылардың пікірлері

Дизайнерлердің кір жуғыштар туралы не айтатынын және оларды өз жобаларында қалай пайдаланатынын біліп алыңыз.

Фариз Мамедов

@fariz_mamedov

Бала кезімде үйімізде цилиндр тәрізді алматинка кір жуғыш машинасы тұратын, ол жуып болған соң ваннада сығып, аулада керіліп тұрған жіптерге жаю үшін шығару керек болатын.
Әрине, бұның өзіндік бір ерекшелігі бар, бірақ қазір заман да, прогресс те әлдеқайда озып кеткен және бұл тұрмыстық қажеттіліктердің барлығы, соның ішінде кептіру және тіпті үтіктеу бар болғаны бірер ақылды қолайлы гаджеттерге және үйіңіздегі кеңістікті дұрыс жоспарлауға алмастырылуы мүмкін.
Қазіргі заманғы пәтердегі кір жуатын/кір кетіретін орын салтанаттылықтық белгісі емес, қайта жайлы өмір сүру үшін қажеттілік десе болады. Барлық жобаларымда мен бұл аймақты бірден барынша қолайлы әрі атқарымды етіп жоспарлауға тырысамын. Және тіпті өз үйімде де, санитарлық торап аумағы біршама шағын болса да, біз кір жуатын орынды - Samsung Bespoke ұсынған бағанды орналастыра алдық. Ол өзін толық ақтайтын шешімдердің және біздің жөндеу жұмыстарымызға қолайлы сатып алынған бұйымдардың біріне айналды. Бірден айта кетейін, 2-де1 режиміндегі бір құрылғыдан гөрі екі бөлек құрылғы әрдайым тиімді болады. Ал егер олармен бірге бір қатарға бу шкафын, бөлек техникалық жуғышты және киім-кешектерді сұрыптауға арналған орынды қойса - мұндай кір жуатын орынға баға жетпей қалар еді 😁

Чингис Айтжанов

@achingisv

Интерьердің заманауи дизайны стиль мен атқарымдылықты үйлестіреді, және үйдегі автоматты кір жуатын орындар қазіргі заман баспанасының ажырамас бөлігіне айналуда. Олар жоғары тиімділік пен қолайлылықты қамтамасыз етеді, сондай-ақ кез келген интерьерге лайықты стильді дизайндардың кең таңдауын ұсынады. Одан басқа, ықшамды модельдер тіпті шектелген кеңістіктерге біріктірілуі мүмкін. Автоматты кір жуатын орынды пайдалану киімнің сапасын сақтай отырып және оның қызмет мерзімін ұзарта отырып, саналы тұтынуға және экологиялық түсінікке себепші болады. Түс вариацияларының алуан-түрлілігінің арқасында атқарымдылық эстетикамен үйлесетін стильді әрі үйлескен кеңістікті құра отырып, интерьердің түстер гаммасымен мінсіз үйлесетін кір жуатын орынды таңдап алуға болады

Айгерим Сембиева

@aya_see_design

Интерьер дизайнері ретінде үй ішінде кір жуатын орындарды құру тренді - керемет идея деп санаймын. Қазіргі уақытта адамдардың көбі жұмысбасты болып бара жатқандықтан, кір жуу сияқты күнделікті міндеттерін орындау үшін уақыты болмайды. Сондықтан үйде кір жуатын орынның болуы өміріңізді айтарлықтай жеңілдетіп, басқа маңызды істеріңізге көбірек уақыт үнемдейді. Одан басқа, үй ішіндегі кір жуатын орындар интерьерге жарасымды үйлесіп кете алады және оның ажырамас бөлігіне айнала аладыы. Заманауи кір жуатын орындардың дизайнерлік және эстетикалық болу мүмкіндігі оларға кез-келген интерьерде үйлесімді көрінуге мүмкіндік береді. Алайда кір жуатын орынды жобалау кезінде эстетикалық аспектілерді ғана емес, атқарымдылықты да ескеру керек. Кеңістік жұмыс істеу және қажетті жабдықтар мен саймандарды сақтау үшін қолайлы болатындай етіп ойластырылу керек.
Жалпы алғанда, үй ішінде кір жуатын орындарды жасап шығару тренді бұл өз уақыты мен жайлылығын бағалайтындар үшін керемет шешім деп санаймын. Дұрыс тәсілін таңдаған жағдайда кір жуатын орын интерьердің тек атқарымды емес, стильді элементіне айнала алады деп санаймын.

Мінсіз стильдегі заманауи технологиялар

Бұл құрылғылар бірлесіп тек қана жоғары технологиялы дербес кір жуатын орынды емес, онымен қоса үйіңіздің интерьеріндегі кір жуатын бұрышты құрайды.