«BESPOKE Метрода» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
Осы «BESPOKE Метрода» («Акция») жарнамалық акциясына қатысу қағидалары «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» ЖШС (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) («Ұйымдастырушы») мен Акцияға қатысушы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті болып табылады және Акцияға Қатысушылардың келесі мекенжайлар бойынша: https://www.samsung.com/kz_ru/; https://www.samsung.com/kz_kz/, доменнің барлық деңгейлерін қосқа алғанда («Акция Сайты»), сайттарда орналастырылған осы Акцияны өткізу қағидаларымен («Қағидалар») танысуын және сөзсіз келісуін білдіреді.
Жеңімпаз: Кунсулу +7 * * 6623 kun_ * * mail.ru
1. Жалпы ережелер:
1.1. Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3-қабат мекенжайы бойынша орналасқан «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» ЖШС (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ).
1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2023 жылғы 1 қазаннан 2024 жылғы 22 қаңтарға дейін (қоса алғанда), Алматы қ. уақыты бойынша сағат 23:59-ға дейін.
1.3. Акция өткізілетін қала: Алматы.
1.4. Акцияны өткізу тәсілі: Қатысушы Алматы қаласының метрополитенінде орналасқан QR-кодтардың бірін сканерлеп, викторинаға қатысады және Акция Сайтында тіркеледі.
1.5. Акция қорытындыларын шығару: 2024 жылғы 29 қантар.
2. Акцияға Қатысушы
2.1. Акцияға тек 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, оның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұруға ықтиярхаты бар және осы Қағидалардың барлық шарттарын өз күшімен және құралдарымен жеке өзі орындаған шетелдік азаматтар қатыса алады («Қатысушы»).
2.2. Акцияға Ұйымдастырушының, онымен үлестес тұлғалардың қызметкерлері, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Акцияны ұйымдастыруға және өткізуге қатысқан басқа компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды.
2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ тіркеу кезінде және өзге де тәсілдермен (оның ішінде Акция Сайтында) кез келген ақпаратты, соның ішінде дербес деректер болып табылатын ақпаратты бере отырып, Қатысушы өзінің дербес деректерін жинауға, сақтауға, беруге және өңдеуге, оның ішінде трансшекаралық түрде: орналасқан қаласы, толық Т.А.Ә, жеке басты куәландыратын құжат деректері (жеке куәлік немесе шетел азаматының тұруға ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы, Акцияның өткізілуін бақылау мақсатында Ұйымдастырушының және ол уәкілеттік берген үшінші тұлғалардың, оның шарттарын, жарнамалық, маркетингтік және жаңалықтар таратылымдарын орындау, сондай-ақ маркетингтік мақсатта басқа да тікелей байланыстарды жүзеге асыруға өз келісімін береді. Келісім келесілерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, көрсетілген өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады: алу, жазу, сақтау, нақтылау, пайдалану, беру (оның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беру), өшіру, жою, оның ішінде ұйымдастырушының уәкілетті тұлғаларына/ өзге де уәкілетті тұлғаларға / үшінші тұлғаларға. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.
2.4. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы Ұйымдастырушыға фото/бейне түсірілім жүргізуге, оның бейнесімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарды сақтауға, пайдалануға, орналастыруға, сондай-ақ Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ өзге де мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда, бірақ онымен шектелмей, сөзсіз және өтеусіз келісімін береді.
3. Акцияның сипаттамасы
3.1. Осы Қағидаларға сәйкес Қатысушы осы Қағидаларда көзделген барлық шарттар орындалған жағдайда төменде көрсетілген сыйлықты алу мүмкіндігіне ие болады.
4. Акция шарттары:
4.1. Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді жүзеге асыруы қажет:
˗ Акцияны Өткізу кезеңінде Алматы қ. метрополитенінде QR-кодты сканерлеу;
˗ Ұйымдастырушының пайда болған интернет парағында тіркеуден өтіп, Bespoke Quiz викторинасының сұрақтарына жауап беру;
˗ Қатысушының деректері ұтыс ойынында одан әрі пайдалану үшін сақталады.
4.2. Bespoke Jet тік шаңсорғышының (VS28C9784QK/EV) ұтыс ойынының нәтижелері Ұйымдастырушының @samsungkz инстаграм парақшасында 2024 жылғы 29 қаңтарда, Алматы уақыты бойынша сағат 20:00-ге дейін жарияланады;
4.3. Жеңімпаз Қатысушылар арасында кездейсоқ сандар генераторының көмегімен 2024 жылғы 29 қаңтарда, Алматы уақыты бойынша сағат 20:00-ге дейін таңдалады;
5. Сыйлық
5.1. Акция бойынша сыйлық: 1 (бір) бірлік мөлшеріндегі Bespoke Jet VS28C9784QK/EV тік шаңсорғышы («Сыйлық») болып табылады;
5.2. Ұтыс ойынының жеңімпазы тек 1 (бір) адам бола алады;
5.3. Сыйлықтың түсі мен үлгісі оның бар болуына байланысты және Акцияның ресми сайтындағы суреттен өзгеше болуы мүмкін;
5.4. Сыйлықты жеткізу қорытынды шығарылған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Жеткізу Ұйымдастырушының есебінен жүзеге асырылады. Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға жеткізу үшін қандай да бір төлемді, салықтарды немесе өзге де төлемдерді жасауды талап еткен жағдайда, мұндай төлемдерді жасамаңыз және бірден Ұйымдастырушымен хабарласыңыз. Ұйымдастырушымен төменде осы Қағидаларда көрсетілген нөмірлер бойынша, сондай-ақ Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында байланысуға болады;
5.5. Сыйлықтар саны шектеулі. Сыйлық ақшалай қаражатқа немесе өзге де тауарларға айырбастауға жатпайды. Акцияға Қатысушы сыйлық алудан бас тартуға құқылы, бұл ретте Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/ өтемақы төлеу жүзеге асырылмайды;
5.6. Қайтару және айырбастау Ұйымдастырушының Акция Сайтындағы Жария шартына сәйкес реттеледі.
5.7. Осы Қағидаларда көзделген барлық шарттар орындалған жағдайда Сыйлық алу үшін қатысушы міндетті:
˗ Жеке куәліктің / тұруға ықтиярхаттың көшірмесін ұсынуға;
˗ Жеткізу парағын / қорларды босату жүкқұжатын толтыруға және қол қоюға;
˗ фото / бейне түсірілімге Келісімге қол қоюға;
˗ қолында Сыйлықпен суретке түсуге.
5.8. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміткер бола алмайды:
˗ Акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;
˗ Қатысушының дәйексіз/ дұрыс емес деректерін ұсынса;
˗ Ұйымдастырушы/ серіктес Қатысушымен 15 күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаса;
˗ алаяқтық немесе өзге де құқыққа қайшы әрекеттер жасау фактілері анықталса;
˗ жоғарыда көрсетілген құжаттарды ұсынудан бас тартса.
6. Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері
6.1. Акцияға Қатысушының құқықтары:
˗ Осы Қағидалармен танысу;
˗ Осы Қағидаларда белгіленген тәртіппен Акцияға қатысу;
˗ Акцияны өткізудің мерзімдері мен шарттары туралы ақпаратты Акция Сайтындағы жария ресурстар мен байланыс арналарынан алу;
˗ Акция Сайтында осы Қағидалардың өзгеруі туралы ақпарат алу;
˗ Акцияны Ұйымдастырушы туралы мәлімет алу;
˗ Осы Қағидаларға сәйкес Сыйлық беруді талап ету;
6.2. Акцияға Қатысушының міндеттері:
˗ Қағидаларды ұстану, оның ішінде осы Қағидаларда белгіленген мерзімде Акцияға қатысуға байланысты барлық әрекеттерді орындау;
˗ Акцияға қатысуға байланысты барлық шығыстарды, соның ішінде (бірақ онымен шектелмей) Интернет, телефон және т. б. үшін шығыстарды өз бетінше көтеру;
˗ осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді атқару.
7. Акцияны Ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері
7.1. Ұйымдастырушының құқықтары:
˗ Акция Өткізу кезеңі ішінде Акция Сайтында тиісті хабарлама орналастыру арқылы Қатысушыны алдын ала хабардар ете отырып, осы Қағидалар біржақты тәртіппен өзгерту. Хабарландыру күні Акция Сайтында тиісті ақпараттың жарияланған күні немесе шарттар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Қатысушы Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн өткеннен кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келісімі ретінде қаралады.
˗ Осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсыну үшін өзге де құжаттарды сұрату;
˗ Ұйымдастырушы осы Акция Қағидаларында және ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады;
˗ Қағидалардың 4.1-тармағында көрсетілген барлық шарттарды дұрыс және толық көлемде орындамаған Акцияға Қатысушыға Сыйлықтар беруден бас тарту;
˗ Акцияға Қатысушының осы Қағидаларды сақтамау фактісі анықталған жағдайда Акцияға Қатысушыға Сыйлық беруден бас тарту.
7.2. Ұйымдастырушының міндеттері:
˗ Қағидаларды ұстану, Акцияны өткізуге байланысты барлық әрекеттерді Қағидаларда белгіленген мерзімде орындау;
˗ Акцияның Қағидаларға сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету;
˗ Акцияға Қатысушыларды Акция Қағидаларын Акция Сайтында және таңдалған байланыс арналары арқылы орналастыру арқылы оны өткізу ережелері туралы хабардар етуді қамтамасыз ету;
˗ 4.1-тармаққа сәйкес Қағидалардың барлық шарттарын дұрыс орындаған Акцияның барлық Қатысушыларына Акция Сыйлықтарын беру.
8. Басқа да шарттар:
8.1. Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген құқықтары мен міндеттері болады.
8.2. Акцияның барлық Қатысушылары оған қатыса отырып, Акция Қағидаларымен келіседі, оларды ұстануға және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы Акция Қағидаларын бұзса немесе Сыйлық алу үшін алаяқтық және/немесе алдау әрекетін жасаса, ол оны алу құқығынан айырылады.
8.3. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Қағидалармен өзінің сөзсіз келісімін білдіреді. Қатысушының Қағидаларды толық және/немесе бөлігінде сақтаудан бас тартуы Қатысушының Акцияға қатысудан бас тартуы деп танылады.
8.4. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген өзге де құмар ойын болып табылмайды.
8.5. Қатысушыға кері байланыс алу үшін Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы өз пікірін беруден бас тарта алады.
8.6. Акцияны орындау барысында Қатысушыдан Қатысушыны сәйкестендіру және растау үшін жеке куәліктің көшірмесін ұсынуды талап етуі мүмкін;
8.7. Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін бермеуге, сондай-ақ құқыққа қайшы мақсаттарда немесе Акцияға байланысты мақсаттарға сәйкес келмейтін кез келген өзге де мақсаттарда кез келген өзге ақпаратты бермеуге міндеттенеді.
8.8. Ұйымдастырушы Акцияны өткізуге байланысты барлық мәселелер бойынша Акцияны өткізу Қағидаларына сәйкес қабылдайтын шешімдер түпкілікті деп танылады.
8.9. Акцияны Ұйымдастырушы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердегі іркілістердің, зиянды бағдарламалардың әрекеттерінің, сондай-ақ Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешеніне (Интернет-ресурсына) рұқсатсыз кіруге және/немесе істен шығаруға бағытталған үшінші тұлғалардың жосықсыз әрекеттерінің нәтижесі болып табылатын өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
8.10. Ұйымдастырушы Акция шеңберінде өзіне алған міндеттемелерін орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
8.11. Егер Ұйымдастырушы кез келген уақытта ақылға қонымды және заңды негізде Қатысушының шеттетілгенін, қатысу критерийлеріне сәйкес келмейтінін, осы Қағидаларды бұзатынын немесе Ұйымдастырушы қорлайтын, орынсыз, қорқытатын, заңсыз немесе қандай да бір адамды қорлауға, теріс пайдалануға, қорқытуға немесе қорлауға бағытталған мінез-құлықты көрсететінін анықтаса, егер шеттетілетін Қатысушы қанда да бір жерде хабарланған, көрсетілген немесе жарияланған болса да, Ұйымдастырушы мұндай Қатысушыны шеттету құқығын сақтайды.
8.12. Осы Қағидалардың кез келген ережесін орындаудың жарамсыздығы немесе мүмкін еместігі кез келген басқа ережелердің жарамдылығына немесе орындалу мүмкіндігіне әсер етпейді. Егер қандай да бір ереженің жарамсыз немесе басқаша орындалуға жатпайтын не заңсыз болып табылатыны анықталса, онда қалған жағдайда осы Қағидалар қолданысын жалғастырады және олардың шарттарына сәйкес оларда жарамсыз немесе заңсыз ереже болмағандай түсіндірілуі тиіс.
8.13. Егер кез келген тұлға жалған ақпарат берсе, заңсыз құралдармен қатысса немесе сыйлық алу мақсатында осы Қағидаларды бұзушы деп танылса, онда Ұйымдастырушы бұл тұлғаны қатысудан шеттетіп, келтірілген залалдың орнын толтыруды талап ете алады.
8.14. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатқа ие және ешқандай жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395-бабының ережелерімен айқындалатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Құрылғының нақты түсі басқаша болуы мүмкін, барлық суреттер анықтама үшін берілген.
8.15. Акцияны өткізу кезеңінен, жеткізу мерзімінен кейін қандай да бір себептермен, оның ішінде Қатысушының қатысудан бас тартуы не дұрыс емес байланыс деректерін көрсетуі себебінен Акцияға Қатысушыға жеткізіле алмаған Сыйлық талап етілмеген деп танылады. Талап етілмеген Сыйлық сақталмайды және оны Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша пайдаланады. Қағидалар талап етілмеген Сыйлықтарды сақтауды және оларды осы Қағидаларда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін талап ету мүмкіндігін көздемейді.
8.16. Акцияға Қатысушы сыйлық алған сәттен бастап, соңғысы оның кездейсоқ бүліну және/немесе зақымдану қаупін өз мойнына алады.
8.17. Осы Акция шеңберінде Сыйлыққа осы үлгідегі тауар үшін стандартты кепілдік қолданылады.
Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабарласыңыз:
Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:
7700 - Қазақстанның кез келген ұялы операторынан қоңырау шалу тегін.