«#BLACKSAMSUNG» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«#BlackSamsung» акциясына («Акция») қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті және Акция қатысушылары ресми интернет-дүкеннің сайтындағы келесі мекенжайлар бойынша жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») танысқанын және сөзсіз келісетінін білдіреді: https://www.samsung.com/kz_ru/; https://www.samsung.com/kz_kz/, соның ішінде доменнің барлық деңгейлері бар («Акция сайты»).
1. Жалпы ережелер
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115-үй, 3-қабат;
1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2022 жылдың 21 мен 23 қарашасы аралығында (қоса санағанда) Астана қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін;
1.3. Акцияның қорытындысын шығару күні: 2022 жылдың 24 қарашасы;
1.4. Акцияны өткізу қалалары: Қазақстан Республикасының барлық қалалары.
2. Акцияға Қатысушы
2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»);
2.2. Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны ұйымдастыруға қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері Акцияға қатыса алмайды;
2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;
2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді;
2.5. Ұйымдастырушы өз қарастыруымен және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелері мен Акцияның осы шарттарын есепке ала отырып, қатысу үшін барлық өтінімдерді жарамсыз танып, сонымен қатар Акцияға қатысу үшін өтінім беру процесін қолдан кез келген тұлғаға осы Акцияға қатысуға тыйым сала алады (аккаунтты бұғаттау арқылы);
2.6. Ұйымдастырушы өз қарастыруымен Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының ережелерін және осы Акцияның шарттарын есепке ала отырып, Акция өткізу немесе Акцияға қатысуға өтінім беру процесін қолдан жасайтын және одан пайда түсіретін немесе Акцияның осы шарттарын бұзып, деструктивті жолмен немесе әділетсіз әрекетке барған, соның ішінде осы Акциямен қатысы болуы мүмкін қандай да бір тұлғаның намысына тию,балағаттау, қоқан-лоқы көрсету немесе оны алаңдату әрекетіне барған кез келген тұлғаның қатысу үшін барлық өтінімдерін жарамсыз танып, сонымен қатар осы Акцияға әрі қарай қатысуына тыйым сала алады (соның ішінде аккаунтын бұғаттау арқылы). Көрсетілген негіздер бойынша Қатысушы аккаунтын бұғаттан шығару Акцияны өткізудің бүкіл кезеңіне орындалады. Қатысушыны бұғаттан шығару ерекше жағдайда Акция Ұйымдастырушысының өз қарастыруымен рұқсат етіледі.
3. Акцияның сипаттамасы мен қатысу шарттары
3.1. Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда осы Ережелердің төмендегі 4.1. тарауында көрсетілген сыйлықтардың бірін алу мүмкіндігін алады;
3.2. Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы тиіс:
˗ Акция Сайтында өз ТАӘ, телефон нөмірін, электронды пошта мекенжайын көрсетіп Акцияға қатысу үшін өтінім формасын толтыру;
˗ Акция Сайтында Ұйымдастырушыға өтінім жолдау.
3.3. Қатысушы осы Акция шеңберінде ұсынған деректердің және басқа да ақпараттың нақтылығы, толықтығы мен дұрыстығына толық жауапкершілік көтереді;
3.4. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы кез келген ақпаратты, соның ішінде өзінің дербес деректерін трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге келісім береді;
3.5. Қатысу және ұтыс ойынын өткізу үшін әр Қатысушыдан 1 (бір) өтінім қабылданады.
4. Сыйлық
4.1. Ұтқан Акция Қатысушысына арналған сыйлық Акция сайтында SAMSUNG тауар белгісімен 50, 000 (елу мың) теңгеден асатын сомаға тауар сатып алуға номиналы 10,000 (он мың) теңге бірегей промокод болып табылады («Сыйлық»);
4.2. Сыйлықтардың жалпы саны – 20 (жиырма) дана;
4.3. Акция шеңберінде ұтқан жағдайда әр қатысушы 1 (бір) Сыйлықтан артық ала алмайды;
4.4. Сыйлықтың түсі мен моделі оның болуына байланысты және Акцияның ресми сайтындағы кескіннен айырмашылықтары болуы мүмкін;
4.5. Сыйлық саны шектеулі. Сыйлықтар ақшалай қаражатқа немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Акция Қатысушысы Сыйлық алудан бас тарта алады, осы ретте Қатысушыға ешбір ақшалай қаражат/өтемақы берілмейді;
4.6. Акция қорытындысы шығарылған күннен бастап промокодтардың қолдану мерзімі: 2022 жылдың 24 қарашасынан бастап 28 қарашасына дейін;
4.7. Сыйлық Акция сайтында Ұйымдастырушының Интернет-дүкенінде бар SAMSUNG тауар белгісімен сатылатын барлық тауарларды алуға мүмкіндік береді. Тауар(лар)дың жалпы бағасы 50,000 (елу мың) теңгеден жоғары болуы керек;
4.8. Сыйлықтарды жеткізу, соның ішінде бірегей промокодты жолдау тапсырысты растаған күннен және Онлайн-дүкенде оны төлегеннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындалады. Жеткізу Ұйымдастырушы есебінен жүзеге асырылады;
4.9. Ұйымдастырушы Қатысушылардың байланыс ұйымдарының немесе Ұйымдастырушыға тәуелді емес басқа себептердің кесірінен СМС-хабарламаны алмағаны/уақытылы алмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
5. Акция жеңімпаздарын анықтау тәртібі
5.1. Жеңімпаздарды анықтау Акция сайтында өтінім қалдырған және модерациядан өткен Қатысушылар арасында https://www.random.org/ сайты арқылы кездейсоқ таңдау көмегімен орындалады;
5.2. Акция жеңімпаздарын анықтау кезінде Ұйымдастырушы видеожазба түсіреді;
5.3. Акция нәтижелері жеңімпаздар анықталғаннан кейін Акция сайтында және Ұйымдастырушының Instagram әлеуметтік желісіндегі (@samsungkz) ресми парақшасында 2022 жылдың 24 қарашасынан кешіктірілмей жарияланады;
5.4. Жеңімпазды анықтағаннан кейін ұтыс ойынының нәтижелері жарияланған соң, 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде Ұйымдастырушы жеңімпазбен көрсетілген мекенжайға/телефон нөміріне промокод жазылған хат немесе СМС хабарлама жолдау арқылы байланысады және промокодты қолдану нұсқаулығы мен ережелерін жолдайды;
5.5. Ұйымдастырушы хаттың спамға түсуіне немесе электронды пошта және/немесе сервисінің жұмысына байланысты және/немесе осындай хаттарды алудың жеке баптауларына жауапты емес және Акция Қатысушыларына ұтыс ойынының нәтижелері туралы Самсунг ресми сайтында бақылауға кеңес береді. Осы Акция шеңберінде сізді жеңімпаз ретінде растаған және сәйкес хат алған жағдайда қолдау қызметіне хабарласыңыз;
5.6. Сыйлық беру/жеткізу процесін келісу үшін Ұйымдастырушы әр Жеңімпазбен алдын ала байланысады;
5.7. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және келесі жағдайларда жеңімпаз бола алмайды:
- Акцияның бір немесе бірнеше шарттарын бұзса;
- Сәйкестендіру шарттарын бұзса (с.і. жалған сәйкестендіру деректерін ұсынса, бірнеше аккаунттан қатысса және т.б.);
- Қатысушымен/Жеңімпазбен байланысу үшін жалған/қате деректер ұсынса;
- Алаяқтық немесе заңға қайшы басқа да әрекеттер анықталса;
- Ақпарат/құжат беруден бас тартса.
6. Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері
6.1. Акцияға қатысушының құқықтары:
˗ Осы Ережелермен танысу;
˗ Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;
˗ Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;
˗ Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;
˗ Акцияның Ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;
˗ Осы Ережелерге сәйкес Сыйлықтың берілуін талап ету.
6.2. Акция қатысушысының міндеттері:
˗ Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;
˗ Акцияға қатысумен байланысты барлық шығындарды көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;
˗ Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.
7. Акция Ұйымдастырушысының құқықтары мен міндеттері
7.1. Ұйымдастырушының құқықтары:
- Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;
- Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;
- Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;
- Ережелердің 3.2. т. көрсетілген барлық шарттарды дұрыс және толықкөлемді орындамаған Акция Қатысушысына Сыйлықтарды беруден бас тарта алады;
- Осы Ережелерді ұстанбау фактісі анықталған жағдайда Акция қатысушысына Сыйлық беруден бас тартуға құқылы.
7.2. Ұйымдастырушының міндеттері:
- Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;
- Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;
- Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;
- 4.1.т. сәйкес Ережелердің барлық шарттарын дұрыс орындаған барлық Акция қатысушыларына Акция Сыйлықтарын беру.
8. Басқа шарттар:
8.1. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады;
8.2. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;
8.3. Сыйлықты жеткізу Ұйымдастырушы есебінен жүргізіледі. Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға дейін жеткізу үшін ақы, салық төлеуді немесе басқа да төлемдерді талап етсе, мұндай төлемдерді орындамаңыз және дереу Ұйымдастырушымен байланысыңыз. Ұйымдастырушымен осы Ережелерде көрсетілген төмендегі нөмірлер арқылы немесе Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде байланысуға болады;
8.4. Акцияны өткізу кезеңі ішінде Ұйымдастырушының Instagram-дағы ресми парақшасында (@samsungkz) және Акция ережелерінің ресми парақшасында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат жоғарыдағы мекенжайларда жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде Акция сайтында көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;
8.5. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды;
8.6. Қатысушылар Акцияға қатыса отырып өз кескінімен/қатысуымен тиісті фото/видео/бейне роликтерді жариялауға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде Қатысушы Акцияға қатысу үшін берген бейне роликтерді пайдалануға/орналастыруға келісімін береді;
8.7. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / Жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.
Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:
8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;
7799 – Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қонырау шалу тегін.