4 "Сыйлық" бабының 4.3 тармағы өзгертілді. Өзгерістермен танысуыңызды сұраймыз.
«Galaxy Halloween – Промо» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«Galaxy Halloween – Промо» («Акция») жарнамалық акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті және Акция қатысушылары ресми интернет-дүкеннің сайтындағы келесі мекенжайлар бойынша жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») танысқанын және сөзсіз келісетінін білдіреді: https://www.samsung.com/kz_ru/; https://www.samsung.com/kz_kz/, соның ішінде доменнің барлық деңгейлері бар («Акция сайты»).
1.Жалпы ережелер:
1.1.Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115-үй, 3-қабат;
1.2.Акцияны өткізу кезеңі: 2022 жылдың 22 қазаны мен 6 қарашасы (қоса санағанда) аралығында Алматы қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін;
1.3.Акцияны өткізу аумағы: Акция Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткізіледі;
1.4.Акцияны өткізу тәсілі: Акция осы Ережелерде көрсетілген, Акция сайтында SAMSUNG интернет- дүкенінде сатып алған барлық тауарларға қолданылады.
1.5. Акцияға қатысатын тауарлар: Осы Ережелердің 1-қосымшасында көрсетілген, қоймада бар және Акция сайтында Ұйымдастырушының Интернет-дүкенінде сатып алған тауарлар.
2.Акцияға Қатысушы
2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған
әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»);
2.2.Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны ұйымдастыруға қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері Акцияға қатыса алмайды;
2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;
2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді;
3. Акция сипаты мен қатысу шарттары:
3.1. Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындап, осы Ережелердің 3.2.тармағында көрсетілген Акция сайтындағы ресми интернет-дүкендегі SAMSUNG тауар белгісімен смартфонға тапсырыс рәсімдеген жағдайда Ұйымдастырушыдан сыйлықтар ала алады.
3.2. Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы қажет:
˗ Акцияны өткізу кезеңінде Акция сайтында қолжетімді төлем тәсілін таңдап, осы Ережелердің №1 Қосымшасында көрсетілген SAMSUNG Galaxy («Тауар») тауар белгісімен смартфондардың бірін сатып алу;
˗ Сатып алуды рәсімдегенде Акция сайтында Акцияға қатысатын таңдалған Тауар туралы, оның сипаттамалары, өзіңіздің байланыс деректеріңізді және басқа да сұратылған деректерді сәйкес жолдарда толтыру;
˗ Тауарға тапсырыс құрылғаны туралы растау алу;
˗ Осы Ережелердің 4 тарауында көрсетілгендей, Ұйымдастырушыдан сәйкес сыйлық алу.
3.3. Осы Акцияның шарттарына сәйкес Акцияға Қатысушы Акцияға қатысу құқығынан айырылып, келесі жағдайларда сыйлық алуға үміткер бола алмайды:
˗ Тауар Акция сайтында қандай да бір промокод қолданылып сатып алынса;
˗ Ұйымдастырушының басқа жарнамалық акцияларының шеңберінде жүлделер ұтысына қатысқанда;
4. Сыйлық
4.1. Акция қатысушысына арналған сыйлық «Galaxy Halloween» мерчы болып табылады, оның ішіне келесі кіреді: брендтелген шопер (1 бірл.), брендтелген жауыннан қорғайтын киім (1 бірл.), брендтелген қол шамы (1 бірл.), («Сыйлық»);
4.2. Сыйлық алуға құқығы бар Акция жеңімпаздары ретінде осы Ережелердің 3.2 тармағында көрсетілген барлық шарттарды өз күшімен және дұрыс орындаған бірінші 30 (отыз) Акцияға қатысушы есептеледі.
4.3. Сыйлық саны шектеулі және 100 (жүз) бірлік болып табылады. Ұйымдастырушы Сыйлық санын өзі анықтап, оны өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
4.4. Сыйлықтар ақшалай қаражатқа немесе басқа да тауарларға ауыстырылмайды. Акция қатысушысы Сыйлық алудан бас тартуға құқылы, осы жағдайда Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/өтемақы төленбейді.
4.5. Акцияның бір қатысушысы Акция шеңберінде тек 1 (бір) Сыйлық алуы мүмкін.
4.6. Сыйлықты жеткізу Жеңімпаз анықталған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындалады. Сыйлықты жеткізу Ұйымдастырушы есебінен жүргізіледі. Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға дейін жеткізу үшін ақы, салық төлеуді немесе басқа да төлемдерді талап етсе, мұндай төлемдерді орындамаңыз және дереу Ұйымдастырушымен байланысыңыз. Ұйымдастырушымен осы Ережелерде көрсетілген төмендегі нөмірлер арқылы немесе Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде байланысуға болады;
4.7. Тауар қайтарылған жағдайда Сыйлық та қайтарылады. Қатысушы Сыйлықты қайтарудан бас тартса, Ұйымдастырушы сәйкес тауарды қайтаруды орындаумауға құқылы. Қайтару мен ауыстыру Ұйымдастырушы орнатқан ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.
4.8. Осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда Қатысушы Сыйлық алу үшін Ұйымдастырушының сұранысы бойынша міндеттенеді:
˗ жеке куәлігінің көшірмесін/ықтиярхатын ұсыну; Сыйлық алу құқығы үшінші тұлғаларға берілмейді;
˗ жеткізу парағын/қордағыны беру туралы жүкқұжатты толтыру және қол қою;
˗ қолындағы сыйлықпен фотосурет/видео түсіру.
4.9. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміткер бола алмайды:
˗ Тауарды жеңілдікпен және/немесе Акция сайтында қандай да бір промокод қолданып сатып алғанда;
˗ Ұйымдастырушының басқа да жарнамалық акцияларының шеңберінде жүлделер ұтысына қатысқанда;
˗ акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;
˗ қатысушы деректері жалған/қате берілсе;
˗ тауар қайтарылған жағдайда;
˗ алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса;
˗ жоғарыда көрсетілген құжаттарды беруден бас тартса;
4.10. Осы Акцияға қатыса отырып, Қатысушы бірмезгілде осы Акцияның Ұйымдастырушысы өткізетін «Galaxy Halloween – Квест» Акциясына қатысуға құқылы. «Galaxy Halloween – Квест» Акциясының шарттарымен толығырақ келесі сілтеме бойынша танысуға болады: https://www.samsung.com/kz_ru/offer/galaxy-halloween/rules1
5. Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері
5.1. Акцияға қатысушының Құқықтары:
˗ Осы Ережелермен танысу;
˗ Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;
˗ Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;
˗ Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;
˗ Акцияның ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;
˗ Осы Ережелерге сәйкес сыйлықтың берілуін талап ету;
5.2. Акцияға қатысушының міндеттері:
˗ Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;
˗ Акцияға қатысумен байланысты барлық шығындарды көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;
˗ Алдын ала тапсырыста енгізілген деректердің нақтылығы, толықтығы және растығына толық жауапкершілік көтереді;
˗ Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.
6. Акция Ұйымдастырушысының құқықтары мен міндеттері
6.1. Ұйымдастырушының құқықтары:
- Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;
- Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;
- Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;
- Ережелердің 4.1.т. көрсетілген барлық шарттарды дұрыс және толықкөлемді орындамаған Акция Қатысушысына Сыйлықтарды беруден бас тарта алады;
- Осы Ережелерді ұстанбау фактісі анықталған жағдайда Акция қатысушысына Сыйлық беруден бас тартуға құқылы.
6.2. Ұйымдастырушының міндеттері:
- Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;
- Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;
- Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;
- 4.1.т. сәйкес Ережелердің барлық шарттарын дұрыс орындаған барлық Акция қатысушыларына Акция Сыйлықтарын беру.
7. Басқа шарттар:
7.1. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады;
7.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады;
7.3. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелде негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды;
7.4. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы;
7.5. Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін, Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін;
7.6. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында берілген ережелермен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Нақты түсі басқа болуы мүмкін және барлық суреттер анықтама үшін берілген.
Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс ақпараты бойынша хабарласыңыз:
Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:
8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;
7799– Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қонырау шалу тегін.
«Galaxy Halloween – Промо» акциясына қатысу Ережелеріне Қосымша 1
№ |
ТАУАР |
1 |
SAMSUNG Galaxy A03 Core 32GB (SM-A032FZBDSKZ) смартфоны |
2 |
SAMSUNG Galaxy A03s 64GB (SM-A037FZBGSKZ) смартфоны |
3 |
SAMSUNG Galaxy A03s 32GB (SM-A037FZBDSKZ) смартфоны |
4 |
SAMSUNG Galaxy A03s 64GB (SM-A037FZKGSKZ) смартфоны |
5 |
SAMSUNG Galaxy A03s 64GB (SM-A037FZKGSKZ) смартфоны |
6 |
SAMSUNG Galaxy A32 64GB (SM-A325FZKDSKZ) смартфоны |
7 |
SAMSUNG Galaxy A52 128GB (SM-A525FZKDSKZ) смартфоны |
8 |
SAMSUNG Galaxy S21 FE 5G 128G(SM-G990BLGFSKZ) смартфоны |
9 |
SAMSUNG Galaxy S21 FE 5G 128G(SM-G990BLVFSKZ) смартфоны |
10 |
SAMSUNG Galaxy S21 FE 5G 128G(SM-G990BZAFSKZ) смартфоны |
11 |
SAMSUNG Galaxy S21 FE 5G 256G(SM-G990BLVWSKZ) смартфоны |
12 |
SAMSUNG Galaxy S21 FE 5G 256G(SM-G990BZAWSKZ) смартфоны |
13 |
SAMSUNG Galaxy S22 128GB (SM-S901BIDDSKZ) смартфоны |
14 |
SAMSUNG Galaxy S22 128GB (SM-S901BZGDSKZ) смартфоны |
15 |
SAMSUNG Galaxy S22 128GB (SM-S901BZKDSKZ) смартфоны |
16 |
SAMSUNG Galaxy S22 128GB (SM-S901BZWDSKZ) смартфоны |
17 |
SAMSUNG Galaxy S22 128GB (SM-S901BLVDSKZ) смартфоны |
18 |
SAMSUNG Galaxy S22 256GB (SM-S901BIDGSKZ) смартфоны |
19 |
SAMSUNG Galaxy S22 256GB (SM-S901BZGGSKZ) смартфоны |
20 |
SAMSUNG Galaxy S22 256GB (SM-S901BZKGSKZ) смартфоны |
21 |
SAMSUNG Galaxy S22 256GB (SM-S901BZWGSKZ) смартфоны |
22 |
SAMSUNG Galaxy S22 256GB (SM-S901BLVGSKZ) смартфоны |
23 |
SAMSUNG Galaxy S22+ 128GB (SM-S906BIDDSKZ) смартфоны |
24 |
SAMSUNG Galaxy S22+ 128GB (SM-S906BZGDSKZ) смартфоны |
25 |
SAMSUNG Galaxy S22+ 128GB (SM-S906BZKDSKZ) смартфоны |
26 |
SAMSUNG Galaxy S22+ 128GB (SM-S906BZWDSKZ) смартфоны |
27 |
SAMSUNG Galaxy S22+ 256GB (SM-S906BIDGSKZ) смартфоны |
28 |
SAMSUNG Galaxy S22+ 256GB (SM-S906BZGGSKZ) смартфоны |
29 |
SAMSUNG Galaxy S22+ 256GB (SM-S906BZKGSKZ) смартфоны |
30 |
SAMSUNG Galaxy S22+ 256GB (SM-S906BZWGSKZ) смартфоны |
31 |
SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 128GB (SM-S908BDRDSKZ) смартфоны |
32 |
SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 128GB (SM-S908BZGDSKZ) смартфоны |
33 |
SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 128GB (SM-S908BZKDSKZ) смартфоны |
34 |
SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 128GB (SM-S908BZWDSKZ) смартфоны |
35 |
SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 256GB (SM-S908BDRGSKZ) смартфоны |
36 |
SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 256GB (SM-S908BZGGSKZ) смартфоны |
37 |
SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 256GB (SM-S908BZKGSKZ) смартфоны |
38 |
SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 256GB (SM-S908BZWGSKZ) смартфоны |
39 |
SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 512GB (SM-S908BDRHSKZ) смартфоны |
40 |
SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 512GB (SM-S908BZGHSKZ) смартфоны |
41 |
SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 512GB (SM-S908BZKHSKZ) смартфоны |
42 |
SAMSUNG Galaxy S22 Ultra 512GB (SM-S908BZWHSKZ) смартфоны |
43 |
SAMSUNG Galaxy A13 64GB (SM-A135FLBVSKZ) смартфоны |
44 |
SAMSUNG Galaxy A13 64GB (SM-A135FZKVSKZ) смартфоны |
45 |
SAMSUNG Galaxy A13 64GB (SM-A135FZWVSKZ) смартфоны |
46 |
SAMSUNG Galaxy A13 128GB (SM-A135FLBKSKZ) смартфоны |
47 |
SAMSUNG Galaxy A13 128GB (SM-A135FZKKSKZ) смартфоны |
48 |
SAMSUNG Galaxy A13 128GB (SM-A135FZWKSKZ) смартфоны |
49 |
SAMSUNG Galaxy A23 64GB (SM-A235FZKUSKZ) смартфоны |
50 |
SAMSUNG Galaxy A23 64GB (SM-A235FZOUSKZ) смартфоны |
51 |
SAMSUNG Galaxy A23 64GB (SM-A235FZWUSKZ) смартфоны |
52 |
SAMSUNG Galaxy A23 128GB (SM-A235FZKKSKZ) смартфоны |
53 |
SAMSUNG Galaxy A23 128GB (SM-A235FZOKSKZ) смартфоны |
54 |
SAMSUNG Galaxy A23 128GB (SM-A235FZWKSKZ) смартфоны |
55 |
SAMSUNG Galaxy A33 5G 128GB (SM-A336BLBGSKZ) смартфоны |
56 |
SAMSUNG Galaxy A33 5G 128GB (SM-A336BZKGSKZ) смартфоны |
57 |
SAMSUNG Galaxy A33 5G 128GB (SM-A336BZOGSKZ) смартфоны |
58 |
SAMSUNG Galaxy A33 5G 128GB (SM-A336BZWGSKZ) смартфоны |
59 |
SAMSUNG Galaxy A53 128GB (SM-A536ELBDSKZ) смартфоны |
60 |
SAMSUNG Galaxy A53 128GB (SM-A536EZKDSKZ) смартфоны |
61 |
SAMSUNG Galaxy A53 128GB (SM-A536EZODSKZ) смартфоны |
62 |
SAMSUNG Galaxy A53 128GB (SM-A536EZWDSKZ) смартфоны |
63 |
SAMSUNG Galaxy A53 256GB (SM-A536ELBHSKZ) смартфоны |
64 |
SAMSUNG Galaxy A53 256GB (SM-A536EZKHSKZ) смартфоны |
65 |
SAMSUNG Galaxy A53 256GB (SM-A536EZOHSKZ) смартфоны |
66 |
SAMSUNG Galaxy A53 256GB (SM-A536EZWHSKZ) смартфоны |
67 |
SAMSUNG Galaxy A73 5G 128GB (SM-A736BLGDSKZ) смартфоны |
68 |
SAMSUNG Galaxy A73 5G 128GB (SM-A736BZADSKZ) смартфоны |
69 |
SAMSUNG Galaxy A73 5G 128GB (SM-A736BZWDSKZ) смартфоны |
70 |
SAMSUNG Galaxy A73 5G 256GB (SM-A736BLGHSKZ) смартфоны |
71 |
SAMSUNG Galaxy A73 5G 256GB (SM-A736BZAHSKZ) смартфоны |
72 |
SAMSUNG Galaxy A73 5G 256GB (SM-A736BZWHSKZ) смартфоны |
73 |
SAMSUNG Galaxy Z Flip3 256GB (SM-F711BZKESKZ) смартфоны |
74 |
SAMSUNG Galaxy Z Fold3 256GB (SM-F926BZSDSKZ) смартфоны |
75 |
SAMSUNG Galaxy Z Fold3 512GB (SM-F926BZGGSKZ) смартфоны |
76 |
SAMSUNG Galaxy Z Fold3 512GB (SM-F926BZKGSKZ) смартфоны |
77 |
SAMSUNG Galaxy Z Fold3 512GB (SM-F926BZSGSKZ) смартфоны |
78 |
SAMSUNG Galaxy A03 32GB (SM-A035FZBDSKZ) смартфоны |
79 |
SAMSUNG Galaxy A03 64GB (SM-A035FZBGSKZ) смартфоны |
80 |
SAMSUNG Galaxy A03 32GB (SM-A035FZKDSKZ) смартфоны |
81 |
SAMSUNG Galaxy A03 64GB (SM-A035FZKGSKZ) смартфоны |
82 |
SAMSUNG Galaxy A03 32GB (SM-A035FZRDSKZ) смартфоны |
83 |
SAMSUNG Galaxy A03 64GB (SM-A035FZRGSKZ) смартфоны |
84 |
SAMSUNG Galaxy Z Flip4 5G 128GB (SM-F721BLBGSKZ) смартфоны |
85 |
SAMSUNG Galaxy Z Flip4 5G 256GB (SM-F721BLBHSKZ) смартфоны |
86 |
SAMSUNG Galaxy Z Flip4 5G 128GB (SM-F721BLVGSKZ) смартфоны |
87 |
SAMSUNG Galaxy Z Flip4 5G 256GB (SM-F721BLVHSKZ) смартфоны |
88 |
SAMSUNG Galaxy Z Flip4 5G 128GB (SM-F721BZAGSKZ) смартфоны |
89 |
SAMSUNG Galaxy Z Flip4 5G 256GB (SM-F721BZAHSKZ) смартфоны |
90 |
SAMSUNG Galaxy Z Flip4 5G 128GB (SM-F721BZDGSKZ) смартфоны |
91 |
SAMSUNG Galaxy Z Flip4 5G 256GB (SM-F721BZDHSKZ) смартфоны |
92 |
SAMSUNG Galaxy Z Fold4 5G 256GB (SM-F936BZABSKZ) смартфоны |
93 |
SAMSUNG Galaxy Z Fold4 5G 512GB (SM-F936BZACSKZ) смартфоны |
94 |
SAMSUNG Galaxy Z Fold4 5G 256GB (SM-F936BZEBSKZ) смартфоны |
95 |
SAMSUNG Galaxy Z Fold4 5G 512GB (SM-F936BZECSKZ) смартфоны |
96 |
SAMSUNG Galaxy Z Fold4 5G 256GB (SM-F936BZKBSKZ) смартфоны |
97 |
SAMSUNG Galaxy Z Fold4 5G 512GB (SM-F936BZKCSKZ) смартфоны |