«Наурыздың дәмді тартуы!» жарнамалық акциясына қатысу ережелері
«Наурыздың дәмді тартуы!» («Акция») акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы төмендегі сайтта жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») келіседі: https://www.samsung.com/kz_ru/offer/march-campaign («Акция Сайты»).
1. Жалпы ережелер
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 115 үй, «Kaisar Plaza» СКО, 3-қабат, пошта индексі 050000.
1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 17.03.2022 жылдан бастап 31.03.2022 жылға дейін, Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін қоса санағанда («Акция Кезеңі»).
1.3. Акция Қазақстанның барлық қалаларының тұрғындары үшін өткізіледі.
1.4. Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде көрсетілген барлық шарттарды орындап, Samsung техникасының жиынтықтарын (бандл) samsung.kz ресми интернет-дүкенінен сатып алған жағдайда жүлделер («Сыйлық») ойнатылатын ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігін алады.
2. Акцияға Қатысушы
2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын бір өзі, өз күшімен орындаған 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар тұлғалар, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұруға ықтиырхаты бар шетелдік азаматтар Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»).
2.2. Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен үлестес тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны өткізуге және ұйымдастыруға қатысы бар өзге компаниялардың жұмысшылары қатыса алмайды.
2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда, кез келген ақпаратты, соның ішінде Акция Сайтында тіркелу кезінде немесе басқа да жолмен ұсыну арқылы Қатысушы, Акцияны өткізу/жүзеге асыру шеңберіңде әрекет ететін Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға/өңдеуге/беруге/таратуға/орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушының уәкілетті тұлғалары/ өзге уәкілетті тұлғалар/ үшінші тұлғалар берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;
2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескіні/қатысуы бар тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға, жариялауға және Ұйымдастырушының Сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының/ Акциямен байланысты беттерінде орналастыруға, сонымен қатар басқа да мақсатта, бухгалтерлік және есеп беру және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.
3. Акцияның сипаттамасы
Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде көрсетілген барлық шарттарды орындап, Samsung техникасының жиынтықтарын (бандл) samsung.kz ресми интернет-дүкенінен сатып алған жағдайда жүлделер («Сыйлық») ойнатылатын ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігін алады.
4. Акцияға қатысу шарттары
Акцияға қатысу үшін, Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы тиіс:
4.1. Акцияны өткізу кезеңінде Samsung техникасының арнайы жиынтықтарын (бандл) samsung.kz ресми интернет-дүкенінен сатып алуы тиіс.
4.2. Samsung.kz интернет-дүкенінен барлық көрсетілген ережелерге сәйкес тауар сатып алуы, соның ішінде сатып алу барысында керек болған жағдайда байланыс деректерін қалдыруы тиіс.
4.3. Кездейсоқ сәйкестіктер генераторының көмегімен өткізілетін ұтыс ойынына қатысу.
4.4. Әрбір Қатысушы Samsung техникасының арнайы жиынтықтарының (бандл) шектелмеген санын сатып алып, сатып алу туралы электронды чектің әрқайсысымен ұтыс ойынына қатыса алады.
5. Сыйлық
5.1. Акция Қатысушылары келесі Samsung техникасының ұтыс ойынына қатысады: Galaxy A71 (2 д.), Galaxy A51 смартфоны (8 д.), Samsung JET 75 тік шаңсорғышы (1 д.), Samsung Jet Bot робот-шаңсорғышы (1 д.), Samsung S60T саундбары (1 д.)
5.2. Сыйлықтардың жалпы саны: 13. Осы ретте Ұйымдастырушы сыйлық санын өз бетімен анықтау және оларды өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
5.3. Ұтыс ойыны 7.04.2022 өтеді. Ұтыс ойынының нәтижелері 12.04.2022 дейін жарияланады. Сыйлықтар соңғы күнді қоса санағанда 12.05.2022 жылға дейін табысталады.
6. Порядок определения Победителей Акции и выдачи Подарков
6.1. Қатысушы кездейсоқ сәйкестіктер генераторы оның деректерін таңдаған жағдайда жеңімпаз атанады. Осы ретте, ұтыс ойынына қатысушылардың саны Сыйлық санынан көп болса, алдымен бағасы төмен сыйлықтардан бастап ойналады. Егер қатысушылардың сыйлық санынан саны аз болса, бағасы жоғары сыйлықтар алдымен ойнатылады. Қатысушының деректері samsung.kz ресми интернет-дүкенінде Samsung техникасының арнайы жиынтықтарын (бандл) сатып алғанда қалдырған ақпараттан алынады.
6.2. Сыйлықтардың саны шектеулі. Сыйлықтар ақшаға немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Акция Қатысушысы Сыйлық алудан бас тартуға құқығы бар, осы ретте Қатысушыға ақшалай/өтемақы төлем жүргізілмейді.
6.3. Ұтып алған жағдайда Сыйлықты Қатысушының тікелей өзі алуы тиіс. Сыйлық алған жағдайда Ұйымдастырушы Қатысушыдан оның тұлғасын растайтын құжаттар мен қолында табысталған Сыйлықпен фотосын сұрауға құқылы.
6.4. Сыйлықтың иесі атанған Қатысушылар сыйлығын Алматыда Ұйымдастырушы мекенжайы бойынша ала алады. Басқа қалалардың Қатысушылары ұтып алған жағдайда Сыйлық Ұйымдастырушы есебінен курьерлік қызмет арқылы жолданады.
6.5. Қатысушы Акцияның кез келген шарттарын бұзса, алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттері анықталған жағдайда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық ала алмайды.
6.6. Сыйлықты алуға байланысты туындаған салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді Ұйымдастырушы өз бетімен және өз есебінен өтейді.
7. Басқа шарттар
7.1. Барлық қатысушылар Акцияға қатыса отырып, оның ережелерімен келісіп, оларды ұстануға және орындауға міндетті. Егер қатысушы Акция ережелерін бұзса немесе сыйлық алу үшін алаяқтық және/немесе алдау әрекетін жасаса, сыйлық алу құқығынан айырылады.
7.2. Акцияға қатыса отырып Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушының Ережелерді орындаудан бас тартуы толығымен және/немесе осыған байланысты Қатысушының Акцияға қатысудан бас тартуы болып қабылданады.
7.3. Ұйымдастырушы Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада тиісті хабарламаны орналастыру жолымен Қатысушыға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарландыру күні акция сайтында немесе бағдарламада тиісті ақпаратты жариялау күні немесе шарттар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Қатысушы акцияға қатысудан бас тарту арқылы өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күннің аяқталуынан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскені болып қабылданады.
7.4. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген өзге де құмар ойын болып табылмайды.
7.5. Қатысушыға/ Жеңімпазға Кері байланыс алу үшін Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Өз сыйлығын алған Қатысушы пікір білдіруден бас тарта алады.
7.6. Акцияны орындау барысында Қатысушыдан оның тұлғасын сәйкестендіру үшін және оны растау үшін, жеке куәлігін көрсету және оның көшірмесі сұралуы мүмкін.
7.7. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық Кодексінің 395 бабының ережелерінде анықталған көпшілік оферта болып табылмайды. Өнім саны шектеулі. Өнімнің нақты түсінде айырмашылықтар болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін көрсетілген.
Акцияға қатысты кез келген сұрақтарыңыз болса, Ұйымдастырушының төменде көрсетілген байланыс ақпаратына хабарласыңыз:
Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс ақпараты:
8-10-800-500-55-500 – стационарлы телефоннан бірыңғай қолдау қызметі
7799 – ұялы телефоннан бірыңғай қолдау қызметі.