«HAPPY SMART STREAM!» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Happy smart stream!» («Акция») жарнамалық акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы келесі мекенжай бойынша жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») келіседі: https://www.samsung.com/kz_ru/; https://www.samsung.com/kz_kz/, доменнің барлық деңгейлерін қоса санағанда («Акция сайты»).

 

1.Жалпы ережелер:

1.1.Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Желтоқсан көшесі, 115 үй, 3-қабат;

1.2.Акцияны өткізу кезеңі: 2022 жылдың 1 мен 19 желтоқсаны (қоса санағанда) аралығында  Алматы қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін;

1.3.Сыйлықтар ойналатын негізгі және қосымша ұтыс ойынының өткізілу күні: 2022 жылдың 27 желтоқсаны Алматы қ. уақыты бойынша сағат 20:00 бастап Ұйымдастырушының YouTube @SamsungKazakhstan әлеуметтік желісіндегі тікелей эфир кезінде;

1.4.Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының аумағы.

 

2.Акцияға Қатысушы

2.1.Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»);

2.2.Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.  Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;

2.3.Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді;

 2.4.Осы Акция шеңберінде жаппай Жүлде алуға немесе әділетсіз әрекетке барған тұлғаларды (әрі қарай – «Сыйлық аңдушылар») анықтау мақсатында, сонымен қатар адал Қатысушылар мен Акция жеңімпаздарын қорғау мақсатында, Ұйымдастырушы Қатысушыларға қосымша тексеру жүргізуге құқылы;

2.5. Ұйымдастырушы өз бетімен Қазақстан Республикасының заңнамасының ережелерін және Акцияның осы шарттарын есепке ала отырып,  Акцияға қатысу үшін өтінім беру процесін немесе Акцияны өткізуді қолдан жасап, одан пайда түсірген, осы Акцияның шарттарын бұзу әрекеттеріне, деструктивті әрекетке барған немесе осы Акцияға қатысы бар кез келген тұлғаға жәбір көрсету, тіл тигізу, қорқыту  сияқты басқа да әділетсіз әрекеттер жасаған  кез келген тұлғаның қатысу үшін барлық өтінімдерін жарамсыз қабылдап, Акцияға қатысуына (соның ішінде аккаунтын бұғаттау жолымен) тыйым салуы мүмкін. Аталған негізге сүйеніп Қатысушы аккаунтын бұғаттау Акцияны өткізудің бүкіл кезеңіне жүргізіледі. Қатысушыны бұғаттан шығару Акция Ұйымдастырушысының өз қарастыруымен және айрықша жағдайларда жүргізіледі.

 

  3.     Акция сипаты

3.1.    Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелердің 4 бөлімінде  қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда ұтыс ойынына қатысып Ұйымдастырушыдан  төменде көрсетілген сыйлықтардың бірін ала алады.

4.    Акцияға қатысу шарттары:

4.1 Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы қажет:

4.1.1 Акцияны өткізу кезеңінде samsung.kz онлайн-дүкенінде (2022 жылдың 1 мен 19 желтоқсаны (қоса санағанда) аралығында) 50 000 теңгеден асатын сомада тауар сатып алған жағдайда Қатысушы Сыйлықтардың негізгі ұтыс ойынына қатыса алады. Ол үшін өтінімді тіркеп, келесі сілтеме арқылы Акция сайтында қалаған сыйлығын таңдауы керек: https://www.samsung.com/kz_ru/offer/new-year-stream/.

4.1.2 2022 жылдың 27 желтоқсаны Ұйымдастырушының YouTube @SamsungKazakhstan әлеуметтік желісінде өтетін тікелей эфирге қосылып, қосымша сыйлықтардың ұтыс ойынына қатысу үшін жүргізуші тікелей эфир кезінде айтатын бірқатар тапсырмаларды орындауы керек;

 

5. Сыйлықтардың ұтыс ойыны

5.1. Сыйлықтардың негізгі ұтыс ойыны.

5.1.1.Акцияның барлық шарттарын орындаған қатысушылар келесі сыйлықтардың негізгі ұтыс ойынына қатыса алады («Cыйлық»):

 - «SmartThings. Ерекше көңіл-күй орнат» категориясы: The Freestyle SP-LSP3BLAXCE тасымалды проекторы;
- «SmartThings.Үй жануарына қамқорлық» категориясы:
Jet Bot AI+ VR50T95735W/EV робот - шаңсорғышы;
- «SmartThings.Сымбатты бол» категориясы:
Galaxy S22 Ultra SM-S908BDRDSKZ смартфоны және «Galaxy Watch5 40 мм SM-R900NZSACIS» смарт-сағаты.
Акция қатысушылары жоғарыда көрсетілген SmartThings-тің тек 1 (бір) категориясынан 1 (бір) сыйлық таңдай алады

 

5.2. Сыйлықтардың қосымша ұтыс ойыны.

5.2.1. Тікелей эфир кезінде арнайы тапсырмалар орындаған қатысушылардың арасында жеке сыйлықтар жиынтығы ойналады («Cыйлық»):
- «SmartThings. Үйден жұмыс істеу» категориясы, M5 S27BM500EI  LS27BM500EIXCI Smart-мониторы және Galaxy Buds2 Pro SM-R510NZWACIS құлаққабы;

5.3 Акцияның негізгі кезеңі аяқталған соң, Ұйымдастырушы немесе уәкілетті тұлғалар  акцияның барлық шарттарының орындалуына Қатысушыларды модерациялайды, соның ішінде тіркеу формасын толтыру дұрыстығы тексеріледі;
5.4.  Осы Акция шеңберінде ұтыс ойындары https://www.random.org сайты арқылы кездейсоқ сандар генараторының көмегімен  өткізіледі.

5.5. Негізгі ұтыс ойынының нәтижелері тікелей эфир кезінде 27 желтоқсан күні жарияланады. Акция қатысушылары тауар 14 (он төрт) күн ішінде қайтарылмаған жағдайда ғана сыйлық алады;

5.6. Акцияға қатысатын Тауарды қайтарған жағдайда Сыйлық қайтарылуы тиіс. Қатысушы Сыйлықты қайтармаған жағдайда Ұйымдастырушы сәйкес сыйлықты қайтаруды қабылдамауға құқылы. Қайтару мен ауыстыру Ресми Серіктес орнатқан ережелерге сәйкес орындалады.

5.7. Қосымша ұтыс ойынының нәтижелері негізге ұтыс ойыны өткізілген сәттен кейін Акция сайтында 3 (үш) жұмыс күні ішінде жарияланады;

5.8. Акция аяқталған соң, Ұйымдастырушы  Сыйлық алу нұсқаулығын беру үшін Жеңімпазбен байланысады. Жүлдені жеткізу ұтыс ойындарынан кейін 30 (отыз) күн ішінде орындалады. Жеңімпазбен байланыс орната алмаған жағдайда Ұйымдастырушы жаңа жеңімпаздарды анықтау мақсатында қайтадан ұтыс ойынын өткізу немесе бір, бірнеше сыйлықтардың ұтыс ойынынан бас тарту құқығын өзіне қалдырады;

5.9. Сыйлық саны шектеулі. Сыйлықтар ақшалай қаражатқа немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Акцияға қатысушы Сыйлық алудан бас тартуға құқылы, осы ретте Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/өтемақы төленбейді;

5.10. Бір Акцияның қатысушысы берілген өтінімдер санына қарамастан, 1 (бір) Cыйлық (Сыйлықтар жиынтығын) ғана ала алады. Қатысушыға клондар мен бір тұлғаның атынан әртүрлі профильдерді ашуға болмайды;

5.11. Қатысушы келесі жағдайда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміткер бола алмайды:

- Акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;

- Тіркелу шарттарын бұзса (соның ішінде қате деректер берсе, бірнеше аккаунттан қатысса және т.б.);

- Қатысушымен байланысу үшін жалған/ қате деректер берілсе;

- Ұйымдастырушы/серіктес қатысушымен 15 күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаса;

- Алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталған жағдайда;

- Тіркеу деректері үшінші тұлғаларға берілсе;

- Осы Ережелерді бұзып ақпарат/ құжат беруден бас тартса.

5.12. Күтпеген жағдай, форс-мажор, техникалық келеңсіздіктер мен Ұйымдастырушыға тәуелсіз жағдайлар туындағанда Ұйымдастырушы Акция ережелеріне, оның ұзақтығына, мазмұнына және Сыйлық орындарын үлестіруге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

6. Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері        

6.1.         Акцияға қатысушының Құқықтары:

˗    Осы Ережелермен танысу;

˗    Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;

˗    Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;

˗    Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;

˗    Акцияның ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;

6.2.         Акцияға қатысушының міндеттері:

˗    Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;

˗    Акцияға қатысумен байланысты барлық шығындарды көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа; 

˗    Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.

 

7.      Акция Ұйымдастырушысының құқықтары мен міндеттері

7.1.         Ұйымдастырушының құқықтары:

-    Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;

-    Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;

-    Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады; .  

7.2.         Ұйымдастырушының міндеттері:

-    Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;

-    Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;

-    Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;

  

8.       Басқа шарттар:

8.1.    Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады;

8.2.    Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады;

8.3.    Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелде негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды;

8.4.    Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы;

8.5.    Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін, Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін;

8.6.    Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында берілген ережелермен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Нақты түсі басқа болуы мүмкін және барлық суреттер анықтама үшін берілген. 

Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс ақпараты бойынша хабарласыңыз:

Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:

8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;

7799– Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қонырау шалу тегін.