“SAMSUNG PAY: Достарыңды шақыр!” жарнама науқанына қатысу ережелері

Осы «SAMSUNG PAY: Достарыңды шақыр» («Науқан») жарнама науқанына қатысу ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») мен Науқанға қатысушының арасындағы келісім болып табылады. Науқанға қатыса отырып, қатысушы https://www.samsung.com/kz_kz/offer/s-pay-friends/ сайтында («Науқанның Сайты») орналастырылған осы Науқанға қатысу ережелерімен («Ережелер») келіседі.

 

1.       Жалпы ережелер

1.1.     Ұйымдастырушы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050059, Әл-Фараби даңғ., 36-үй, «АФД» бизнес орталығы, Б-блогы, 3-4 қабаттар мекенжайы бойынша орналасқан «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ» ЖШС.  

1.2.     Науқанды өткізу кезеңі: 2020 ж. 09 желтоқсан – 2021 ж. 28 ақпан;

1.3.     Науқан өткізілетін қалалар: Қазақстан Республикасының барлық қалалары

1.4.     Науқанның Ресми Серіктестері («Серіктестер»):

  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
  • "Банк ЦентрКредит" АҚ
  • "Еуразиялық банк" АҚ
  • «ForteBank» АҚ
  • "Сбербанк" АҚ ЕБ
  • "АТФБанк" АҚ
  • «Альфа-Банк» АҚ ЕБ
  • «First Heartland Jýsan Bank» АҚ
  • «ALTYN BANK» АҚ (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ)

 

2.       Науқанға қатысушы

2.1.     18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар әрекетті жеке тұлғалар, сондай-ақ тұруға ықтиярхаты бар, Науқанның шарттарын орындаған тұлғалар Науқанға қатысушы («Қатысушы») бола алады.

2.2.     Науқанға қатыса отырып, Қатысушы Ұйымдастырушыға Науқанды жүргізуді қадағалау мақсатында ТАӘ, жеке куәлігінің деректері, телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы көлеміндегі Науқанға қатысушының дербес және жеке деректерін, сондай-ақ жарнамалық, маркетингтік және жаңалықтық жіберілімдерді жүзеге асыру, сонымен қатар маркетингтік мақсаттарда және қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында басқа да тікелей байланыстарды жүзеге асыру үшін, соның ішінде трансшекаралы түрде жинауға, сақтауға, беруге өзінің сөзсіз келісімін береді. Келісім көрсетілген өңдеу мақсаттарына жету үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, алуға, жазуға, сақтауға, нақтылауға, пайдалануға, беруге (соның ішінде қолдануға болатын заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруге), алып тастауға, жоюға, соның ішінде Ұйымдастырушы уәкілеттік берген басқа да тұлғалардың өңдеудің барлық түрлерін жүзеге асыруына қатысты. Келісім мұндай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап осы келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен әрекет етеді.

 

3.       Науқанның шарттары:

3.1.     Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде көзделген барлық шарттарды орындаған жағдайда ‘’Marwin’, “Meloman”, “Komfort” желісінің дүкендер желісінің жеңілдігі бар купонын сыйлыққа алу («Подарок») мүмкіндігіне ие болады.

 

4.       Науқанға қатысудың шарттары

4.1.     Науқанға қатысу үшін Қатысушы:

4.1.1.      SAMSUNG тауарларының Қазақстан Республикасындағы ресми дистрибьюторларынан сатып алынған SAMSUNG Galaxy смартфонына  «SAMSUNG Pay» бағдарламасын («Бағдарлама») орнатып алуға;  

4.1.2.      Ережелермен танысуға және Бағдарламаның тиісті бөліміндегі сілтеме бойынша Науқанға қатысу тілегін растауға, Науқанда тіркелген кезде барлық қажетті ақпаратты (ТАӘ, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы) беруге;

4.1.3.      Науқанда тіркелгеннен кейін өзінің байланыс нөмірлеріне Бағдарламада Науқан бөлімінде генерацияланған цифрлық-әріптік промо-кодты жіберуге тиіс;

4.2.     Шақырылған Қатысушы келесі шарттарды орындаған жағдайда Қатысушы бір Сыйлық Купонын алады:

4.2.1.      Бағдарламаны оның смартфонына орнату;

4.2.2.      Бағдарламада тіркелу;

4.2.3.      Бағдарламада Серіктестер тізіміндегі кемінде бір банктік картаны белсендіру;

4.2.4.      Бағдарламадағы Науқанға қатысу шарттарын қабылдау;  

4.2.5.      Қатысушыдан алынған промо-кодты Бағдарламадағы Науқандар бөлімінің тиісті жолына енгізу;

4.3.     4.2 т. шарттарын орындаған жағдайда жоғарыдағы шақырылған Қатысушы сондай-ақ Сыйлық алады;

4.4.     Сыйлықтың (купонның) жарамдылық мерзімі – Науқан аяқталған күннен бастап үш ай;

4.5.     Купонды алу және пайдалану құқығын басқа адамдарға беруге болмайды.

4.6.     Қатысушы төмендегі жағдайларда Науқанға қатысу құқығынан айрылады және жеңімпаз болып танылмайды:

  • Науқанның қандай да бір шарттарын бұзылса;
  • Тіркеу шарттары бұзылса (соның ішінде анық емес деректер берілсе, бірнеше аккаунтпен қатысса және т.б.);
  • Қатысушымен байланысу үшін анық емес/дұрыс емес деректер берілсе;
  • Ұйымдастырушы Науқанның қорытындылары шығарылған күннен кейінгі 30 күннің ішінде Қатысушымен оның көрсеткен байланыс деректері бойынша байланыса алмаса;
  • Алаяқтық әрекеттерін жасау фактілері немесе басқа да заңға қарсы іс-әрекеттер анықталса.

 

5.       Сыйлық:

5.1.     Науқан бойынша сыйлықтар Қатысушы осы Ережелердің шарттарын сәтті орындаған жағдайда ‘’Marwin’, “Meloman”, “Komfort” дүкендер желісінің Ұйымдастырушы Бағдарламаның Науқандар/Купондар бөліміне электрондық форматта жүктейтін жеңілдігі бар купондар болып табылады;

5.2.     Бір Купонның номиналы 2 000 (екі мың) теңгені құрайды.

5.3.     Купонды  ’Marwin’, “Meloman”, “Komfort” дүкендер желісінде сатып алынған заттың құнын төлеу кезінде, сондай-ақ онлайн пайдалануға болады;

5.4.     Қатысушы осы Ережелердің барлық шарттарын сәтті орындаған әрбір шақырылған Қатысушы үшін бір Сыйлық (Купон), бірақ Науқанды өткізу мерзімінің ішінде бір Қатысушыға ең көбі 20 (жиырма) Сыйлық (Купон) алады.

 

6.       Басқа

6.1.     Науқанға Қатысушылар осылайша 2.1. тармақтың шарттарының орындалғанын растайды, Науқан ережелерімен келіседі, оларды ұстануға және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы Науқан ережелерін бұзса немесе Сыйлықты алу үшін алаяқтық және / немесе алдау әрекетін жасаса, ол оны алу құқығынан айырылады;

6.2.     Ұйымдастырушы Науқанның Сайтында немесе Бағдарламада тиісті хабарлама орналастыру арқылы алдын ала Қатысушыға хабарлай отырып, осы Ережелерді бір жақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Тиісті ақпаратты Науқанның Сайтында немесе Бағдарламада жариялау күні немесе шарттар өзгертілген жағдайда Науқанның парағында/Бағдарламада көрсетілетін қосымша күн хабарлау күні болып табылады. Көрсетілген өзгертулермен келіспеген жағдайда Қатысушы Науқанға қатысудан бас тарту арқылы өзгертулерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн өтіп кеткеннен кейін Науқанға қатысуын жалғастыруы Қатысушының енгізілген өзгертулермен келісімі болып есептеледі;

6.3.     Науқан конкурс, лотерея немесе басқа тәуекелге негізделген құмар ойын болып табылмайды;

6.4.     Науқанға қатыса отырып, Қатысушылар сондай-ақ олардың кескіні/қатысуы бар фотосуреттерді/бейнежазбаларды/промо роликтерді Ұйымдастырушының Сайтында, сонымен қатар Ұйымдастырушының/Серіктестің әлеуметтік желілердегі ресми парақтарында орналастыруға келісімін береді;

6.5.     Қатысушыға / Жеңімпазға пікірін білу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / Жеңімпаз өз пікірін білдіруден бас тарта алады.

 

Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:  
8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен тегін қоңырау шалу үшін;  
7799 – Қазақстанның кез келген ұялы байланыс операторынан тегін қоңырау шалу үшін.