«SAMSUNG PAY: Ұтысқа қол жеткізгенше төлем жасаңыз!»

«SAMSUNG PAY: Ұтысқа қол жеткізгенше төлем жасаңыз!» («Науқан») науқанында қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Науқанға қатысушының арасындағы келісім болып табылады. Науқанға қатысып, қатысушы Науқанға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») келіседі.

  • Жалпы ережелер
    • Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ» ЖШС, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050059, әл-Фараби даңғылы 36-үй, «АФД» бизнес орталығы, Б-блогы, 3-4 қабаттар.
    • Науқанды өткізу кезеңі: 2 желтоқсан - 31 желтоқсан 2020 жыл;
    • Науқан өткізілетін қалалар: Қазақстан Республикасының барлық қалалары
  • Науқанға қатысушы
    • Науқанның қатысушылары ретінде тек Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын18 жасқа жеткен тұлғалар, сондай-ақ, тұруға ықтиярхаты бар, осы Ережелердің барлық шарттарын орындаған («Қатысушы») Қазақстан Республикасының резидент емес тұлғалары ғана бола алады;
  • Науқанды өткізу механикасы:
    • Осы Ережелерге сәйкес осы Ережелермен көзделген барлық шарттарды орындаған жағдайда Қатысушының Ұйымдастырушының келесі серіктес банктерінің («Серіктестер») банк карталары арқылы төлем жасау кезінде «SAMSUNG Pay» («Бағдарлама») бағдарламасын пайдаланып, бағалы сыйлықтардың ұтысында қатысуға мүмкіндігі бар:
  • «Қазақстан Халық Банкі» АҚ
  • «Банк ЦентрКредит» АҚ
  • «Еуразиялық Банк» АҚ
  • «Форте Банк» АҚ
  • «Сбербанк» АҚ
  • «АТФ банк» АҚ
  • «Альфа Банк» АҚ
  • «Жусан Банк» АҚ
  • «Алтын банк» АҚ
  • Науқанға қатысу шарттары:
    • Науқанға қатысу үшін, Қатысушыға келесі әрекеттерді орындау қажет:
      • Бағдарламаны SAMSUNG сауда белгісімен телефонға («Телефон») орнату;
      • Бағдарламаға серіктес банктер бірінің кем дегенде бір банк картасын қосу;
      • Телефон арқылы Науқанға тіркелу. Қолданбалы бағдарламада Науқан/купондар бөліміне өту немесе Қолданбалы бағдарламаның басты парақшасының жоғарғы бұрышындағы баннерге басу арқылы өту. Тіркелу жеке өзі орындалуы тиіс, тіркелуді басқа біреуге сеніп тапсырмаңыз, сондай-ақ, бөтен тұлғаларға қандай да бір тіркеу деректерін бермеңіз;
      • Бағдарламадағы сілтеме бойынша Ережелермен танысу және Науқанға қатысу ниетін растау, барлық қажетті ақпаратты беру (Толық аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық мекенжайы);
      • «Мәртебені тексеру» батырмасына басып мәртебеңізді тексеру;
      • Науқан кезеңі ішінде Бағдарлама арқылы 20 кем емес төлемді жасау (транзакцияны). Науқан кезеңінен тыс кезде немесе тіркеусіз жасалған төлемдер осы Ережелерге сәйкес есептелмейді;
      • Осы Науқанның мақсаттарында төлемдердің (транзакциялардың) санын есепке алу 30 минуттың ішінде 1 төлем (транзакция) қағидаты бойынша жүзеге асырылады, яғни, келесі болып алдыңғысынан кейін 30 минут өткен соң ерте емес жасалған төлем (транзакция) ескеріледі. (30 минут ішінде 2 немесе одан да көп төлемді (транзакцияны) жасаған жағдайда, тек біреуі ғана ескерілетін болады).
      • Жеңімпаздар Науқан кезеңінде жасалған төлемдердің (транзакциялардың) санын негізге ала отырып анықталады;
      • Науқанның бірнеше қатысушысында төлемдердің (транзакциялардың) саны бірдей болған кезде рейтинг осындай нәтижеге қол жеткізу уақытына сәйкес тағайындалады: қатысушы осындай санға неғұрлым ерте жеткен болса, соғұрлым оның рейтингі де жоғары болады;
      • Өткізілген Науқанның нәтижелері Ұйымдастырушының (www.samsung.kz) сайтында Науқандар бөлімінде – 17 қантар 2020 жылдан кешіктірмей жарияланатын болады.
    • Қатысушы төмендегі жағдайларда Науқанға қатысу құқығынан айырылады және жеңімпаз ретінде танылуы мүмкін емес:
  • Науқанның қандай да бір шарттарын бұзу;
  • тіркелу шарттарын бұзу (соның ішінде жалған ақпарат ұсыну, бірнеше есептік жазба арқылы қатысу және т.с.с.);
  • Қатысушымен байланысқа шығу үшін жалған/дұрыс емес деректерді ұсынған жағдайда;
  • Ұйымдастырушының жеңімпазбен ол көрсеткен байланыс мәліметтері бойынша Науқанды қорытындыланған күннен бастап 30 күн ішінде байланысқа шығуы мүмкін емес болған жағдайда;
  • Алаяқтық әрекеті немесе басқа заңға қайшы әрекеттер жайттары анықталған кезде
  • қажетті растайтын құжаттарды ұсынудан бас тартқан жағдайда
  • Сыйлықтар:
    • Науқан бойынша сыйлықтар ретінде SAMSUNG сауда белгісімен («Сыйлық») келесі тауарлар болып табылады:
  • SAMSUNG Note10 смартфондарының 10 данасы
  • SAMSUNG Galaxy A20s смартфондарының 30 данасы
  • SAMSUNG Galaxy Buds + наушниканың 5 данасы
    • Сыйлықтарды алу шарттары:
  • Бағдарлама арқылы төлемдер (транзакциялар) ең көп жүргізілген алғашқы 5 қатысушыға SAMSUNG Galaxy Note10 смартфоны және SAMSUNG Galaxy Buds + беріледі;
  • Бағдарлама арқылы ең көп төлемдер (транзакциялар) жүргізген келесі 5 Қатысушы SAMSUNG Galaxy Note10 смартфонын алады;
  • Бағдарлама арқылы 20 астам төлем (транзакция) жасаған қалған Қатысушылар арасында SAMSUNG Galaxy A20s смартфондарының 30 данасы кездейсоқ іріктеу әдісімен ойнатылатын болады.

Сыйлықты жеткізу жеңімпаздарды жариялағаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Сыйлықты жеткізу Жеңімпазды қандай да бір сомаларды төлетусіз Ұйымдастырушының қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Егер курьер немесе басқа тұлғалар жеткізу үшін төлемді, салықтардың төленуін немесе басқа төлемдерді талап етсе, осындай төлемдерді жасамауыңызды, және Ұйымдастырушымен дереу түрде хабарласуыңызды өтінеміз. Жеткізуге смартфондарды/басқа тауарларды баптау немесе қосу бойынша қандай да бір жұмыстарды/қызметтерді қамтымайды. Науқанға Қатысушыға Сыйлықты жеткізу 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.Қазақстан Республикасының уәкілетті мемлекеттік органдары тарапынан шектеулер болмаған жағдайда.Сонымен бірге, коронавирусқа қатысты қазіргі жағдайды ескере отырып (уәкілетті мемлекеттік органдар шектеулер және / немесе тыйым салу сипатындағы шаралар мен актілерді енгізу / қабылдау), төтенше жағдай және заңды тұлғалардың қозғалысы мен қызметімен байланысты басқа күтпеген жағдайлар, жалпы алғанда), Сыйлықты жеткізуосы шаралардың қолданылу мерзіміне кешігу арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Жеткізу кезінде Қатысу ережелері сақталмаған жағдайда Ұйымдастырушы Сыйлық беруден бас тартуға құқылы.

Сыйлықты алу құқығы басқа тұлғаларға берілмейді.

Ұтып алған жағдайда, сыйлықты жеткізу кезінде: (1) жеке куәліктің көшірмесін ұсыныңыз, (2) толтырыңыз және Сыйлықты Қабылдау-тапсыру актісіне қолтаңбаңызды қойыңыз. Жеке куәліктегі мәліметтер тіркелу кезінде қатысу парағында көрсетілген мәліметтермен сай келуі тиіс.

  • Басқа
    • Науқанның барлық қатысушылары, оған қатыса отырып, Науқанның ережелерімен келіседі, оларды ұстануға және орындауға міндеттенеді. Егер Қатысушы Сыйлықты алу үшін Науқанның ережелерін бұзса немесе алаяқтық және/немесе алдау әрекетін жасаған болса, ол оны алу құқығынан айырылады;
    • Науқанға қатысып, сондай-ақ, дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда кез келген ақпаратты (соның ішінде Бағдарламаға/тіркелу кезінде және басқа әдіспен) ұсына отырып, Қатысушы оның дербес деректерін, орналасқан жерінің қаласы, толық аты-жөні, телефон нөмірі, электрондық поштаның мекенжайы, тұрғылықты мекенжайы секілді көлемде жинауға, сақтауға, Науқан өткізуді бақылау мақсатында Ұйымдастырушымен үшінші тұлғаға беруге және өңдеуге, оның, жарнамалық, маркетингтік және жаңалық жіберілімдердің шарттарын орындауға, сондай-ақ, маркетингтік мақсаттарда басқа тікелей байланыстарды жүзеге асыруға өз келісімін береді. Өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті келісім берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне таралады, төмендегілерді қоса алғанда, бірақ олармен ғана шектелмей: алу, жазу, сақтау, нақтылау, пайдалану, беру (соның ішінде трансшекаралық беру, қолданыстағы заңнамаға сәйкес), алып тастау, жою, соның ішінде Ұйымдастырушының уәкілетті тұлғаларына/басқа уәкілетті тұлғаларға/үшінші тұлғаларға. Келісім осындай деректер Ұйымдастырушыға берілген сәттен бастап, және осы келісімді кері шақырту сәтіне дейін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен әрекет етеді;
    • Ұйымдастырушы сәйкесінше хабарландыруды Ұйымдастырушының интернеттегі https://www.samsung.com/kz_ru/apps/mobile/samsungpay/ мекенжайындағы ресми парақшасында немесе Бағдарламада орналастыру арқылы Қатысушыға алдын ала түрде хабарлағаннан кейін осы Ережелерді бір жақты тәртіппен өзгертуге құқылы. Хабарландыру күні ретінде сәйкесінше ақпаратты жоғарыда көрсетілген мекенжайда немесе Бағдарламада жариялау күні, немесе Бағдарлама парақшасындағы шарттар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күні болып табылады. Егер Қатысушы көрсетілген өзгертулермен келіспесе, ол Науқанға қатысудан бас тарту арқылы өзгертулерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күннен кейін Науқанға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгертулермен келісімі ретінде қарастырылады;
    • Бағдарлама конкурс, лотерея не болмаса тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды;
    • Науқанға қатысып, Қатысушылар да Ұйымдастырушының Сайтында олардың кескіні бейнеленген/олар қатысқан фотосуреттерді/бейне/промо роликтерді, сондай-ақ, Ұйымдастырушының / Серіктестің әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында орналастыруға өз келісімдерін береді;
    • Бағдарламаның аясында алған Сыйлыққа қатысты осындай типті тауарларға арналған стандартты кепілдік әрекет етеді;
    • Қатысушыға/Жеңімпазға Сапа бөлімінен Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында кері байланыс алу үшін қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы/Жеңімпаз өз пікірін білдіруден бас тартуы мүмкін.

Ұйымдастырушының қатынасу орталығының байланыс деректері:

8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген аймағынан қоңырау шалу тегін;

7799 –Қазақстандағы кез келген ұялы байланыс операторынан қоңырау шалу тегін.