«Ойында дамы және нағыз жеңілдікті ұлғайт» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Ойында дамы және нағыз жеңілдікті ұлғайт»Акция») акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы төмендегі сайтта жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») келіседі https://www.samsung.com/kz_ru/offer/space-tycoon-quest/  («Акция Сайты»).

 

1.  Жалпы ережелер

1.1.       Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Желтоқсан көшесі, 115 үй, 3-қабат.

1.2.       Акцияны өткізу кезеңі: 01/11/2022 – 01/12/2022  (қоса санағанда), Алматы қ. уақыты бойынша 23:59 дейін .

1.3.       Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасы.

 

2.Акцияға қатысушы

2.1.       Осы Ережелердің барлық шарттарын өзі, өз күшімен орындаған 18 жасқа толған, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар тұлғалар, сонымен қатар Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар шетелдік азаматтар Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»).

2.2.        Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен үлестес тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны өткізуге және ұйымдастыруға қатысы бар өзге компаниялардың жұмысшылары қатыса алмайды.

2.3.       Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда, кез келген ақпаратты, соның ішінде Акция Сайтында тіркелу кезінде немесе басқа да жолмен ұсыну арқылы Қатысушы, Акцияны өткізу/жүзеге асыру шеңберіңде әрекет ететін Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға/өңдеуге/беруге/таратуға/орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.  Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушының уәкілетті тұлғалары/ өзге уәкілетті тұлғалар/ үшінші тұлғалар берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді.  Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;

2.4.       Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескіні/қатысуы бар тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға, жариялауға және Ұйымдастырушының Сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының/ Акциямен байланысты беттерінде орналастыруға, сонымен қатар басқа да мақсатта, бухгалтерлік және есеп беру және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

2.5.       Осы Акция шеңберінде жаппай Жүлде алуға немесе әділетсіз әрекетке барған тұлғаларды (әрі қарай – «Сыйлық аңдушылар») анықтау мақсатында, сонымен қатар адал Қатысушылар мен Акция жеңімпаздарын қорғау мақсатында, Ұйымдастырушы Қатысушыларға қосымша тексеру жүргізуге құқылы.

2.6.       Ұйымдастырушы өз бетімен Қазақстан Республикасының заңнамасының ережелерін және Акцияның осы шарттарын есепке ала отырып,  Акцияға қатысу үшін өтінім беру процесін немесе Акцияны өткізуді қолдан жасап, одан пайда түсірген, осы Акцияның шарттарын бұзу әрекеттеріне, деструктивті әрекетке барған немесе осы Акцияға қатысы бар кез келген тұлғаға жәбір көрсету, тіл тигізу, қорқыту  сияқты басқа да әділетсіз әрекеттер жасаған  кез келген тұлғаның қатысу үшін барлық өтінімдерін жарамсыз қабылдап, Акцияға қатысуына (соның ішінде аккаунтын бұғаттау жолымен) тыйым салуы мүмкін. Аталған негізге сүйеніп Қатысушы аккаунтын бұғаттау Акцияны өткізудің бүкіл кезеңіне жүргізіледі. Қатысушыны бұғаттан шығару Акция Ұйымдастырушысының өз қарастыруымен және айрықша жағдайларда жүргізіледі.


3.             Акцияның сипаты

3.1.       Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда SAMSUNG онлайн-дүкенінде тауарларға жеңілдік алу мен төмендегі тізімде берілген құрылғылардың ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігін алады. 

 

4.            Акцияға қатысу шарттары:

4.1   Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы керек:

4.1.1   Акцияны өткізу кезеңінде Samsung Space Tycoon ойынындағы Roblox зертханасында белгілі бір даму деңгейіне жету және оны арнайы кабинет арқылы Акция Сайтында скриншоттарды жүктеу арқылы растау https://www.samsung.com/kz_ru/offer/space-tycoon-quest/;

4.1.2   Ойындағы жеткен деңгейіне байланысты Акция Парағындағы жеке кабинетте сәйкес жеңілдік сомасына код алу:

˗         Бірінші тапсырманы орындағанда скриншоттарды (Ойыншының Roblox-тағы жеке профилінің  + ойынымыздың кез келген локациясынан) жүктегенде қатысушыға 20 000 тг (жиырма мың) көлемінде жеңілдік беріледі;

˗   Екінші тапсырманы орындағанда скриншоттарды (Ойындағы зертхананың 25 деңгейін растағанда) жүктегенде қатысушыға 50 000 тг (елу мың) көлемінде жеңілдік беріледі;

 

Жеңілдік SAMSUNG онлайн-дүкенінде 150 000 (жүз елу мың) теңге сомасына өнім сатып алғанда ғана активацияланады. 

Жеңілдік 2023 ж. 28 ақпанына дейін ғана жарамды.

 

4.1.3  Скриншоттарды тексеру мен кодтарды таратуды сайт әкімшілігі аптасына бір рет, сәрсенбі сайын орындайды. Өтінімдерді модерациялау 2 тәулікке дейін алуы мүмкін.

 

4.1.4 Үшінші тапсырманы орындағанда скриншотты жүктегенде (ойындағы зертхананың максималды 35 даму деңгейін растау) Қатысушы сыйлықтар ойналатын ұтыс ойынына қатысу мүмкіндігін алады.


4.2.1   Сыйлықтардың ұтыс ойыны

Үшінші тапсырманың шарттарын орындаған қатысушылар арасында үш сыйлық ойналады:

- The Freestyle тасымалды проекторы;
- Jet Bot AI+ VR50T95735W/EV робот-шаңсорғышы;
- Galaxy S20 FE смартфоны.

4.2.2   Акцияның негізгі кезеңі аяқталған соң, Ұйымдастырушы немесе уәкілетті тұлғалар  акцияның барлық шарттарының орындалуына Қатысушыларды модерациялайды, соның ішінде тіркеу формасын толтыру дұрыстығы тексеріледі. 
4.2.3         Рандомайзер  (random.org) көмегімен өткізілген ұтыс ойынының нәтижелері өтінім қабылдау мерзімі аяқталған соң, Акция Парағында 14 жұмыс күні ішінде жарияланады. 


4.2.4        Акция аяқталған соң, Ұйымдастырушы  Сыйлық алу нұсқаулығын беру үшін Жеңімпазбен байланысады. Жеңімпазбен байланыс орната алмаған жағдайда Ұйымдастырушы жаңа жеңімпаздарды анықтау мақсатында қайтадан ұтыс ойынын өткізу немесе бір, бірнеше сыйлықтардың ұтыс ойынынан бас тарту құқығын өзіне қалдырады.

4.3 Жеңілдік үшін Сыйлық пен код саны шектеулі. Сыйлықтар ақшалай қаражатқа немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Акцияға қатысушы Сыйлық алудан бас тартуға құқылы, осы ретте Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/өтемақы төленбейді;

4.4 Қатысушы акцияға қатысу үшін тек бір рет тіркеле алады. Қатысушыға клондар мен бір тұлғаның атынан әртүрлі профильдерді ашуға болмайды;

4.5 Қатысушы келесі жағдайда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміткер бола алмайды:

·         Акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;

·         Тіркелу шарттарын бұзса (соның ішінде қате деректер берсе, бірнеше аккаунттан қатысса және т.б.);

·         Қатысушымен байланысу үшін жалған/ қате деректер берілсе;

·         Ұйымдастырушы/серіктес қатысушымен 15 күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаса;

·         алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталған жағдайда;

·         тіркеу деректері үшінші тұлғаларға берілсе;

·         Осы Ережелерді бұзып ақпарат/ құжат беруден бас тартса.

4.6 Күтпеген жағдай, форс-мажор, техникалық келеңсіздіктер мен Ұйымдастырушыға тәуелсіз жағдайлар туындағанда Ұйымдастырушы Акция ережелеріне, оның ұзақтығына, мазмұнына және жүлде орындарын үлестіруге өзгерістер енгізу құқығын өзіне қалдырады.

 

5.    Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері

5.1.               Акцияға қатысушының Құқықтары:

˗           Осы Ережелермен танысу;

˗           Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;

˗           Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;

˗           Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;

˗           Акцияның ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;


5.2. Акцияға Қатысушының міндеттері            

Акцияға қатысушының Құқықтары:

˗           Осы Ережелермен танысу;

˗           Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;

˗           Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;

˗           Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;

˗           Акцияның ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;

 

6.         Акция Ұйымдастырушысының құқықтары мен міндеттері

6.1.      Ұйымдастырушының құқықтары:

-           Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;

-           Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;

-           Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;

 

6.2.    Ұйымдастырушының міндеттері:

-           Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;

-           Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;

-           Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;

  

7. Басқа шарттар

7.1.      Барлық қатысушылар Акцияға қатыса отырып, оның ережелерімен келісіп, оларды ұстануға және орындауға міндетті. Егер қатысушы Акция ережелерін бұзса немесе сыйлық алу үшін алаяқтық және/немесе алдау әрекетін жасаса, сыйлық алу құқығынан айырылады;

7.2.      Акцияға қатыса отырып Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушының Ережелерді орындаудан бас тартуы толығымен және/немесе осыған байланысты Қатысушының Акцияға қатысудан бас тартуы болып қабылданады.

7.3.      Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген өзге де құмар ойын болып табылмайды;

7.4.      Қатысушыға/ жеңімпазға Кері байланыс алу үшін Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Өз сыйлығын алған Қатысушы пікір білдіруден бас тарта алады.

7.5. Акцияны орындау барысында Қатысушыдан оны идентификациялау немесе тұлғасын растау үшін жеке куәлігі мен оның көшірмесін беру сұратылуы мүмкін;  

7.6.        Осы интернет-сайт  пен оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабының ережелерінде анықталған көпшілік оферта болып табылмайды. Құрылғылар саны шектеулі. Нақты құрылғы түсінде айырмашылықтар болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.  

Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс ақпараты бойынша хабарласыңыз:

Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:

8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қонырау шалу тегін.