«Сатып ал да, сыйлық ал» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«Сатып ал да, сыйлық ал» («Акция») жарнамалық акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы келесі мекенжай бойынша жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») келіседі: https://www.samsung.com/kz_ru/offer/ls-qled-the-frame-plus-bezel/ («Акция сайты»).
1. Жалпы ережелер:
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3-қабат;
1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2022 жылдың 01 сәуірі - 15 мамыры (қоса санағанда) аралығында, Алматы қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін;
1.3. Акцияны өткізу қаласы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ.;
1.4. Акцияны өткізу тәсілі: Акция осы Ережелерде көрсетілген, келесі мекенжайлар бойынша орналасқан SAMSUNG онлайн-дүкенінде сатып алған тауарларға қолданылады: https://www.samsung.com/kz_ru; https://www.samsung.com/kz_kz/ («Онлайн-дүкен»).
2. Акцияға Қатысушы
2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиырхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»);
2.2. Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны ұйымдастыруға қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері Акцияға қатыса алмайды;
2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;
2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді;
3. Акцияның сипаттамасы
Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда төменде көрсетілген сыйлықтардың бірін алу мүмкіндігін алады.
4. Акцияға қатысу шарттары:
Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы қажет:
4.1 . Акцияны өткізу кезеңінде Онлайн-дүкенде SAMSUNG тауар белгісімен төмендегі 1-Кестеде көрсетілген тауарлардың бірін сатып алуы керек («Тауар»);
4.2 1-кестеде көрсетілгендей тиісті сыйлықты алу;
Акцияға қатысатын Тауарлардың тізімі және тиісті сыйлық төменде ұсынылған:
1-кесте:
№ |
Тауар |
СЫЙЛЫҚ |
1 |
SAMSUNG LS03T The Frame 4K 32" теледидары (QE32LS03TBKXCE) |
The Frame 32” теледидарына арналған ауыстырылатын жақтау- 1 б. (VG-SCFT32BE/RU) (түстері тауардың қолда бар болуына байланысты өзгеруі мүмкін) |
2 |
SAMSUNG THE FRAME 43” теледидары (QE43LS03AAUXCE) |
The Frame 43” теледидарына арналған ауыстырылатын жақтау- 1 б.: (VG-SCFA43BWBRU немесе VG-SCFA43TKBRU немесе VG-SCFA43WTBRU) (қолда бар болуына байланысты) |
3 |
SAMSUNG THE FRAME 50” теледидары (QE50LS03AAUXCE) |
The Frame 50” теледидарына арналған ауыстырылатын жақтау- 1 б.: (VG-SCFA50BWBRU немесе VG-SCFA50TKBRU немесе VG-SCFA50WTBRU) (қолда бар болуына байланысты) |
4 |
SAMSUNG THE FRAME 55” теледидары (QE55LS03AAUXCE) |
The Frame 55” теледидарына арналған ауыстырылатын жақтау- 1 б.: (VG-SCFA55BWBRU немесе VG-SCFA55TKBRU немесе VG-SCFA55TRCRU немесе VG-SCFA55WTBRU немесе VG-SCFA55WTCRU) (қолда бар болуына байланысты) |
5 |
SAMSUNG THE FRAME 65” теледидары (QE65LS03AAUXCE) |
The Frame 65” теледидарына арналған ауыстырылатын жақтау- 1 б.: (VG-SCFA65BWBRU немесе VG-SCFA65TKBRU немесе VG-SCFA65TRCRU немесе VG-SCFA65WTBRU немесе VG-SCFA65WTCRU) (қолда бар болуына байланысты) |
6 |
SAMSUNG THE FRAME 75” теледидары (QE75LS03AAUXCE) |
The Frame 75” теледидарына арналған ауыстырылатын жақтау- 1 б.: (VG-SCFA75BWBRU немесе VG-SCFA75TKBRU немесе VG-SCFA75WTBRU) (қолда бар болуына байланысты) |
7 |
SAMSUNG (SP-LSP7TUAXCE) |
SoundBar SAMSUNG (Саундбар): HW-Q600A/RU |
8 |
SAMSUNG (SP-LSP9TUAXCE) |
SoundBar SAMSUNG (Саундбар): HW-Q600A/RU |
5. Сыйлық
5.1. Сыйлық жоғарыдағы 1-кестеде көрсетілген сәйкес сыйлық болып табылады («Сыйлық »);
5.2. Сыйлықтың түсі мен моделі Ұйымдастырушының ресми сайтындағы https://www.samsung.com/kz_ru; https://www.samsung.com/kz_kz/ немесе Акция сайтындағы кескіннен айырмашылығы болуы мүмкін;
5.3. Акция шеңберінде әрбір Қатысушы 1(бір) Тауар сатып алғаны үшін 1 Сыйлықтан артық ала алмайды;
5.4. Сыйлықтарды жеткізу тапсырысты растау мен онлайн-дүкенде төлем жасаған күннен бастап 3 жұмыс күні ішінде орындалады. Сыйлықтарды Жеткізу Ұйымдастырушы есебінен орындалады. Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға дейін жеткізу үшін ақы, салық төлеуді немесе басқа да төлемдерді талап етсе, мұндай төлемдерді орындамаңыз және дереу Ұйымдастырушымен байланысыңыз. Ұйымдастырушымен төменде осы Ережелерде көрсетілген нөмірлер бойынша және әлеуметтік желілердегі Ұйымдастырушының ресми парақтарында байланысуға болады;
5.5. Сыйлық саны шектеулі. Сыйлықтар ақшалай қаражатқа немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Акция Қатысушысы Сыйлық алудан бас тарта алады, осы ретте Қатысушыға ешбір ақшалай қаражат/өтемақы берілмейді;
5.6. Осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда Сыйлық алу үшін, Қатысушы міндетті:
· жеке куәлігінің көшірмесін/ықтиырхатын ұсыну;
· жеткізу парағын/қордағыны беру туралы жүкқұжатты толтыру және қол қою;
· фото/видео түсіру туралы Рұқсатқа қол қою;
· қолындағы сыйлықпен фотосурет/видео түсіру.
5.7. Қатысушыраво на участие в Акции и не может претеынан айырылады және Сыйлық алуға үміркер бола алмайды:
· Акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;
· Қатысушы деректері жалған/қате берілсе;
· Ұйымдастырушы/Серіктес Қатысушымен 15 күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаса;
· алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса;
· жоғарыда көрсетілген құжаттарды беруден бас тартса.
6. Басқа шарттар:
6.1. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады;
6.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады;
6.3. Ұйымдастырушы кез келген уақытта Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;
6.4. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелде негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды;
6.5. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы;
6.6. Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін, Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін;
6.7. Осы интернет-сайт және оның мазмұны ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында берілген ережелермен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Нақты түсі басқа болуы мүмкін және барлық суреттер анықтама үшін берілген.
Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс ақпараты бойынша хабарласыңыз:
8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;
7799 – Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қонырау шалу тегін.