«SAMSUNG сауалнамасын өтіңіз де, сыйлыққа «The Freestyle» проекторының қап-скинын 10 теңгеге сатып алу промокодын алыңыз» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«SAMSUNG сауалнамасын өтіңіз де, сыйлыққа «The Freestyle» проекторының қап-скинын 10 теңгеге сатып алу промокодын алыңыз» жарнамалық акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті және Акция қатысушылары ресми интернет-дүкеннің сайтындағы келесі мекенжайлар бойынша жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») танысқанын және сөзсіз келісетінін білдіреді: https://www.samsung.com/kz_ru/ ; https://www.samsung.com/kz_kz/ , соның ішінде доменнің барлық деңгейлері бар («Акция сайты»).
1. Жалпы ережелер:
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115-үй, 3-қабат.
1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2022 жылдың 20 мен 30 желтоқсаны аралығында (қоса санағанда) Алматы қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін.
1.3. Промокодтарды қолдану мерзімі: 2023 жылдың 28 ақпанына дейін (қоса санағанда).
1.4. Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының аумағы.
1.5. Акцияны өткізу тәсілі: Акция Акция Сайтындағы SAMSUNG онлайн-дүкенінде сатып алынған осы Ережелерде көрсетілген тауарларға қолданылады.
2. Акцияға қатысушы
2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»).
2.2. Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны ұйымдастыруға қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері Акцияға қатыса алмайды.
2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.
2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз.
3. Акцияның сипаты
Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындап, Ұйымдастырушының сауалнамасын өткенде Ұйымдастырушыдан Сыйлық ала алады.
4. Акцияға қатысу шарттары:
4.1. Акцияға қатысу үшін, Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы керек:
4.1.1. Акцияны өткізу кезінде келесі мекенжай бойынша Акция сайтында тіркелуі тиіс: https://samsung.com/kz_ru/offer/thefreestyle-survey/#survey;
4.1.2. Тіркелу кезінде келесі байланыс деректерін көрсетуі тиіс: аты, тегі, e-mail, телефон нөмірі.
4.1.3. Берілген сұрақтарға жауап беріп, құпиялылық саясатымен, дербес деректерді жинау мен өңдеу шарттарымен және ақпараттық хабарламалар алумен келісуі керек.
4.2. Дұрыс деректерді көрсеткен бір Қатысушы Акцияға қатысу үшін, 1 (бір) реттен артық тіркеле алмайды. Акция Сайтында 1 (бір) реттен артық тіркелу әділетсіз әрекет ретінде қарастырылады және Қатысушы Акцияға қатысудан шектетіледі.
4.3. Қатысушы тіркелу кезінде енгізілген деректерге, олардың нақтылығына, толық болуына және растығына толық жауапкершілік көтереді.
5. Сыйлықтар
5.1. Акция бойынша Сыйлық «The Freestyle» проекторының қап-скинын 10 теңгеге сатып алуға промокод («Сыйлық») болып табылады:
5.2. Ұйымдастырушы Сыйлықтар санын өз бетімен анықтау және Акцияны өткізу кезеңінде өзгерту құқығын өзіне қалдырады.
5.3. 2022 жылдың 20 мен 30 желтоқсаны аралығындағы кезеңде Ұйымдастырушы Қатысушылар жолдаған тіркеу деректерін Сыйлықтың ұтыс ойынын өткізу үшін жинайды және модерациялайды.
5.4. Сыйлықты жеткізу Жеңімпаз анықталған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындалады. Сыйлықты жеткізу Ұйымдастырушы есебінен жүргізіледі. Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға дейін жеткізу үшін ақы, салық төлеуді немесе басқа да төлемдерді талап етсе, мұндай төлемдерді орындамаңыз және дереу Ұйымдастырушымен байланысыңыз. Ұйымдастырушымен осы Ережелерде көрсетілген төмендегі нөмірлер арқылы немесе Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде байланысуға болады.
5.5. Әрбір Қатысушы Акция шеңберінде 1 (бір) Сыйлықтан артық ала алмайды.
5.6. Ешбір жағдайда Ұйымдастырушы Сыйлықты ақшалай сомаға және/немесе оны басқа да тауарға ауыстырмайды.
5.7. Сыйлықты алумен байланысты туындайтын салықтар мен басқа төлемдерді Ұйымдастырушы өз бетімен және өз есебінен төлейді.
5.8. Сыйлықты алумен байланысты туындайтын салықтар мен басқа төлемдерді Ұйымдастырушы өз бетімен және өз есебінен төлейді.
5.9. Сыйлықтың түсі мен моделі оның қорда болуына байланысты және Акцияның ресми сайтындағы кескіннен айырмашылықтары болуы мүмкін.
5.10. Сыйлық алу үшін осы Ережелерде көрсетілген шарттардың барлығын орындаған жағдайда Қатысушы міндеттенеді:
˗ Жеке куәлігінің көшірмесін/ықтиярхатын ұсыну; Сыйлық алу құқығы басқа тұлғаларға берілмейді;
˗ Сыйлықты қабылдау-тапсыру актісін немесе Жеткізу парағы/қордағыны сыртқа жіберу парағын толтырып, қол қою;
˗ фото/видеотүсірілімге Келісімге қол қою;
˗ Қолындағы Сыйлықпен фото/видео түсіру.
6.14. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміткер бола алмайды:
˗ Акцияның қандай да бір шарттарын бұзған жағдайда;
˗ Тіркеу шарттарын бұзса (соның ішінде жалған деректер берілсе);
˗ Акция Қатысушысымен байланысу үшін деректер жалған/қате берілсе;
˗ Ұйымдастырушы Қатысушы көрсеткен деректер бойынша 30 күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаса;
˗ алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса;
˗ тіркеу деректерін үшінші тұлғаларға берген жағдайда;
˗ Осы Ережелерді бұзып ақпарат/ құжаттар және/немесе фото/бейне түсірілімнен бас тартса.
6. Акцияға қатысушының құқықтары мен міндеттері
6.1. Акцияға қатысушының Құқықтары:
˗ Осы Ережелермен танысу;
˗ Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;
˗ Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;
˗ Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;
˗ Акцияның ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;
˗ Осы Ережелерге сәйкес Сыйлықтардың берілуін талап ету.
6.2. Акцияға қатысушының міндеттері:
˗ Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;
˗ Акцияға қатысумен байланысты барлық шығындарды өзі көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;
˗ Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.
7. Акция Ұйымдастырушысының Құқықтары мен міндеттері
7.1. Ұйымдастырушының құқықтары:
- Акцияны өткізу Кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;
- Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;
- Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;
- Ережелердің 4.1. тармағында көрсетілген шарттарды толық көлемді және дұрыс орындамаған Акция Қатысушысына Сыйлық беруден бас тарту;
- Акция Қатысушысы осы Ережелерді ұстанбау фактісі анықталған жағдайда Акция Қатысушысына сыйлық беруден бас тарту.
7.2. Ұйымдастырушының міндеттері:
- Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;
- Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;
- Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;
- 4.1. тармаққа сәйкес Ережелердің барлық шарттарын дұрыс орындаған Акция Қатысушыларының барлығына Акция Сыйлықтарын табыстау.
8. Басқа шарттар
8.1. Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында бекітілген құқықтары мен міндеттері бар.
8.2. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады.
8.3. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.
8.4. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.
8.5. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / Жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.
8.6. Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін, Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін.
8.7. Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін беруге, сонымен қатар басқа да кез келген ақпаратты Акцияның көздегеніне сәйкес келмейтін заңға қайшы мақсаттарда табыстауға міндеттенбейді.
8.8. Ұйымдастырушының Акцияны өткізуге сәйкес барлық мәселелерге байланысты шешімдері түпкілікті болып табылады.
8.9. Акцияның Ұйымдастырушысы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердің, зиянды бағдарламалардың және Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешеніне (Интернет-ресурс) рұқсатсыз ену және/немесе оны істен шығаруға бағытталған үшінші тұлғалардың қасақана әрекеті салдарынан өз міндеттерін орындамағаны немесе тиісті емес орындағаны үшін жауапкершілік көтермейді.
8.10. Ұйымдастырушы Акция шеңберінде жүктелген міндеттерін орындау үшін үшінші тұлғаларды қатыстыруға құқылы.
8.11. Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Жеңімпаздың немесе әлеуетті Жеңімпаздың және (немесе) Қатысушының қатысудан шектелгенін анықтаса, ол қатысу талаптарына сай келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның мінез-құлқын біреуді масқаралайтын, қонымсыз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе қорлауға, теріс пайдалануға, қатерге тігу немесе кемсітуге бағытталған деп есептесе, Ұйымдастырушы осындай Жеңімпазды немесе әлеуетті Жеңімпазды және (немесе) Қатысушыны қатыстырмауға құқығы бар және осындай қатысудан шектетілген Қатысушының Жеңімпаз болғаны қандай да бір жерде хабарланса немесе жарияланса да, Ұйымдастырушының оны қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.
8.12. Осы Ережелердің кез келген ережелерінің жалғандығы немесе оны орындау мүмкін болмағаны басқа ережелердің растығына немесе оларды орындауға әсер етпейді. Егер қандай да бір ереже жалған немесе орындалмайтын болса, заңға қайшы келсе, осы Ережелердің қалғанының қолданылуы жалғастырылады және осында жалған немесе заңға қайшы ережелер болмағандай бекітілген шарттарына сәйкес түсіндіріледі.
8.13. Егер кез келген тұлға жалған ақпаратты ұсынып заңға қарсы құралдар арқылы қатысса немесе басқаша айтқанда, сыйлық алу үшін осы Ережелерді бұзғаны мойындалса, Ұйымдастырушы осындай тұлғаны қатысудан шектетіп, келтірілген шығынды өтеуін талап етуге құқылы.
8.14. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатта берілген және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабында берілген ережелермен анықталатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылардың саны шектеулі. Нақты түсі басқа болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.
Акцияға қатысты кез келген сұрақтар бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабарласыңыз:
Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:
8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін.
7799 – Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қоңырау шалу тегін.
«SAMSUNG сауалнамасын өтіңіз де, сыйлыққа «The Freestyle» проекторының қап-скинын 10 теңгеге сатып алу промокодын алыңыз»
Акциясының Ережелеріне №1 қосымша
Модель |
VG-SCLB00YR/RU |
VG-SCLB00PR/RU |
VG-SCLB00NR/RU |