“SAMSUNG PAY: Достарыңды шақыр!”
ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

“SAMSUNG PAY: Достарыңды шақыр!” жарнамалық акциясына («Акция») қатысу ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» ЖШС (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) («Ұйымдастырушы») мен Акция Қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы келесі мекенжай бойынша сайтта жарияланған осы Акцияға қатысу ережелерімен («Ережелер») келіседі: https://www.samsung.com/kz_ru/apps/mobile/samsungpay/  («Акция сайты»).

 

1.    Жалпы ережелер 

1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, A05D7M5, Алматы қ., Желтоқсан көшесі, 115-үй, 3-қабат.

1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2023 жылдың 1 мамыры - 31 тамызы аралығында.

1.3. Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының барлық қалалары.

1.4.  «Samsung Wallet» - карталарды, бейілділік бағдарламаларын немесе осы қолданба арқылы ұсынылатын кез келген басқа да мүмкіндіктерді SAMSUNG  тауар белгісімен үйлесімді ұялы құрылғылармен («Құрылғы»), денеге тағатын құрылғылармен және/немесе аксессуарлармен қолдануға арналған қолданба және онымен байланысты қызметтер. 

1.5. «Samsung Online Store» - келесі мекенжайлар бойынша орналасқан Samsung Online Store Ұйымдастырушысының интернет-дүкені: https://www.samsung.com/kz_ru/ ; https://www.samsung.com/kz_kz/ , соның ішінде доменнің барлық деңгейлері бар;

1.6. Акцияның ресми төлем серіктестері («Серіктестер»):

«Қазақстан Халық Банкі» АҚ

«Банк ЦентрКредит» АҚ

«Еуразиялық Банк» АҚ

«ForteBank» АҚ

«Хоум Кредит Банк» АҚ

«Jýsan Bank» АҚ

«ALTYN BANK» (China Citic Bank Corporation Ltd ЕБ) АҚ

«RBK Bank» АҚ

«ҚазЕвроМобайл» АҚ

«Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ

«Silk Pay» ЖШС

 

 

 

 

2.    Акцияға Қатысушы

 

2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»).

2.2. Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері және Акцияны ұйымдастыру мен өткізуге қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды.

2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.  Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

 

 

3.    Акцияның сипаты:

3.1. Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда, «Samsung Wallet» қолданбасы арқылы Төлем серіктестерінің төлем карталарымен төлемдер жүргізгенде Samsung Online Store-да SAMSUNG  тауар белгісімен тауарларды сатып алуға купон алу мүмкіндігін алады.

 

 

 

4.    Акцияға қатысу шарттары:

4.1. Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы керек:

4.1.1.  Қазақстан Республикасындағы SAMSUNG тауарларының ресми дистрибьюторында сатып алған SAMSUNG Galaxy («Смартфон») смартфонында орнатылған «Samsung wallet» Қолданбасының болуы. Қатысушының қолданбасына Серіктестер тізімінен кем дегенде бір белсенді карта байлануы тиіс, осы ретте корпоративті банк карталары Акцияға қатысу үшін қолданылмайды;

4.1.2.   Қолданбада тіркелген болу немесе барлық сұралған ақпаратты беріп Қолданбада тіркелу (ТАӘ, телефон нөмірі, электронды мекенжай). Қатысушы тіркелу деректерін үшінші тұлғаларға бермей жеке өзі тіркелуі тиіс;

4.1.3.  Ережелермен танысып «Акциялар» бөлімінде Қолданбада өз қатысуын растау;

4.1.4.  Қолданбада Акциялар бөлімінде өндірілген цифрлық-әріптік бірегей промокодты («Промокод») алып, оны Қолданбада тіркелмеген өз контактілеріне жіберу («Шақырылған Қатысушы»);

4.2. Қатысушы Шақырылған Қатысушы келесі шарттарды орындағанда «Купондар» бөлімінде өзінің бірегей Промокодын алады:

4.2.1.   Шақырылған Қатысушының Смартфонына Қолданбаны орнату;

4.2.2.  Қолданбада тіркелу;

4.2.3.  Серіктестер тізімінен кем дегенде бір банк картасын Қолданбада активациялау;

4.2.4.  Қолданбада «Акциялар» бөлімінде Акцияның қатысу шарттарын қабылдау;

4.2.5.   Қолданбада «Купондар» бөлімінде сәйкес жолда Қатысушыдан алған Промокодты енгізу;

4.2.6.   Жоғарыдағы 4.2. тармақты дұрыс орындаған жағдайда Шақырылған Қатысушы да Промокод алады;

 

 

5.    Сыйлық

5.1. Акция бойынша сыйлық Қатысушы мен Шақырылған Қатысушыға Samsung Online Store-да арнайы шарттармен SAMSUNG тауар белгісімен бағасы 10,000 (он мың) теңгеден басталатын тауар сатып алуға номиналы 5,000 (бес мың) теңгені құрайтын Қатысушыға «Купондар» бөлімінде берілген промокод болып табылады;

5.2. Қатысушы осы ережелерді дұрыс орындаған әрбір шақырылған Қатысушыға бір Промокод алады, бірақ Акцияны өткізу кезеңінде бір айда бір Қатысушыға 5 (бес) сыйлықтан артық берілмейді;

5.3. Промокод Акцияның барлық шарттарын дұрыс орындаған соң, Қолданбаның «Купондар» бөлімінде көрсетіледі. 

5.4. Промокодтардың саны шектеулі және 2,500 (екі мың бес жүз) промокодтан тұрады. Промокод ақшалай қаражатқа немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Акция Қатысушысы  Промокодты алудан/қолданудан бас тарта алады, осы ретте Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/өтемақы төленбайді;

5.5. Промокодтардың қолдану мерзімі Тауарды алған күннен бастап: 2024 жылдың 30 сәуіріне (қоса алғанда) дейін;

5.6. Промокод Ұйымдастырушының басқа жеңілдіктері және акцияларымен бірге есептеледі, соның ішінде Samsung Trade-In-мен бөліп төлеу бар;

5.7. Промокодты алу мен қолдану құқығы үшінші тұлғаларға берілмейді.

 

 

6.    Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері

6.1. Акцияға Қатысушының Құқықтары:

˗        Осы Ережелермен танысу;

˗        Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;

˗        Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;

˗        Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;

˗        Акцияның Ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;

˗        Осы Ережелерге сәйкес Сыйлықтың берілуін талап ету.

6.2. Акцияға қатысушының міндеттері:

˗        Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;

˗        Акцияға қатысумен байланысты барлық шығындарды көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;

˗        Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.

6.3. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміткер бола алмайды:

˗        Қандай да бір Акция шарттарын бұзу;

˗        Тіркелу шарттарын бұзу (соның ішінде жалған деректерді беру, бірнеше аккаунтпен қатысу және т.б.);

˗        Қатысушымен байланысу үшін берілген деректер жалған/қате болса;

˗        Қатысушы тіркеу кезінде көрсеткен деректер бойынша Ұйымдастырушы 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаса;

˗        Алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса.

 

 

7.    Басқа

7.1.  Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады.

7.2. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

7.3. Ұйымдастырушы Акция сайтында немесе Бағдарламада сәйкес хабарлама жариялау арқылы Қатысушыға алдын ала хабарлап біржақты тәртіпте осы Ережелерді немесе олардың шарттарын ішінара өзгерту құқығы бар. Хабарлау күні сәйкес ақпаратты Акция сайтында немесе Бағдарламада жариялау күні немесе шарттар өзгертілгенде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Қатысушы Акцияға қатысудан бас тарту арқылы өзгерістерді қабылдаудан бас тарта алады. Осы мерзім аяқталған соң, Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді.

7.4. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген құмар ойын болып табылмайды.

7.5. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

7.6. Акцияны өткізумен байланысты барлық мәселелер бойынша Акцияны өткізу ережелеріне сәйкес Ұйымдастырушы қабылдаған шешімдер қайтарымсыз болып табылады.

7.7. Ұйымдастырушы өз міндеттерін телекоммуникациялық, энергетикалық желілердің, ақпараттық кешеннің техникалық ақаулары (Интернет-ресурс/Қолданба), залалды бағдарламалардың, сонымен қатар үшінші тұлғалардың қасақана бағдарламалық және/немесе аппараттық кешенге (ресурс/Қолданба) рұқсатсыз қол жеткізіп істен шығаруға бағытталған әрекетінің нәтижесі болып табылатын себептерден өз міндеттерін орындамағаны немесе толықтай орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

7.8. Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Қатысушыны қатысудан шектетсе, ол қатысу талаптарына сәй келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның әрекетін қандай да бір тұлғаны қорлайтын, әділетсіз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе тіл тигізуге, қиянат көрсетуге, қауіп төндіруге бағытталғанын анықтаса, Ұйымдастырушы осындай Қатысушыны онымен хабарласса, оның аты қандай да бір жерде көрсетілсе немесе жарияланса да қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.

7.9.  Осы Ережелердің кез келген қағидаларының жалғандығы немесе оны орындау мүмкіндігінің болмауы осы Ережелердің басқа қағидаларының қолданылуына немесе орындау мүмкіндігіне әсері жоқ. Егер қандай да бір қағида жалған немесе қолдануға болмайтын немесе заңсыз болса, қалған Ережелер жалған немесе заңсыз қағидалар болмағандай қолданылып жалғастырылады және шарттарға сәйкес түсіндіріледі.

7.10.    Егер кез келген тұлға жалған ақпарат беріп заңға қайшы жолмен қатысып немесе Сыйлық алу үшін осы Ережелерді бұзған жағдайда Ұйымдастырушы осы тұлғаны қатысудан шектетіп, келтірілген шығынды өтеуді талап ете алады.

7.11.    Осы интернет-сайт және оның мазмұны ақпараттық сипатта ұсынылған және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабының қағидаларымен анықталған жария оферта болып табылмайды. Құрылғының нақты түсінде айырмашылықтар болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

 

Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:

­8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін.

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы байланыс операторынан қоңырау шалу тегін.