Samsung кептіргіш машинасының дисплейіндегі Fil-tEr қатесі

Соңғы жаңартулардың күні : 06.03.2025

Не болды

Кептіргіш машинаның дисплейінде «FIL» және «tEr» хабары пайда болды (кезекпен жыпылықтайды).

Samsung кептіргіш машинасы дисплейіндегі FIL-tEr қатесі

Себебі

Жылу алмастырғыш ластанған.

Не істеу керек

  • Жарақаттар мен күйіктерді болдырмау үшін жылу алмастырғышқа тимеңіз және оны жалаңаш қолмен тазаламаңыз!
  • Жылу алмастырғышты тазалау үшін суды пайдаланбаңыз.
1 Кептіргіш машинаны өшіріп, желіден ажыратыңыз.
2 Жылу алмастырғыш қақпағын ашу үшін оның жоғарғы жағын басыңыз.
Жылу алмастырғышпен бөлікті ашыңыз
3 Екі бекіткішті де бұраңыз, содан кейін ішкі қақпақты шығарыңыз.
Қақпақта бекіткіштердің бұрылу бағытын көрсететін сызықтар салынған.
Бекіткіштердің бұғатын ашыңыз
4 Жылу алмастырғышты қоса берілетін тазалағыш қылшағының немесе қылшақ-саптамасы бар шаңсорғыштың көмегімен тазалаңыз.
Жылу алмастырғышты жоғарыдан төмен тік қозғалыспен тазалаңыз. Бұл жылу алмастырғыштың өзектерінің бүгілу немесе зақымдану ықтималдығын азайтады, ол кептіргіш тиімділігінің төмендеуіне әкеледі.
Жылу алмастырғышты тазалаңыз
5 Ішкі қақпақты бастапқы қалыпқа орнатыңыз, содан кейін оны бекіткіштермен бұғаттаңыз. Сыртқы қақпақты жабыңыз.
Жылу алмастырғышты жабыңыз
6 Жылу алмастырғышты тазалағаннан кейін кептіргіш машинаны қосыңыз да, кептіргіштің сынақ циклін іске қосыңыз.
  • Егер қате пайда болмаса, кептіргіш машина жарамды. Қатенің қайталануын болдырмау үшін жылу алмастырғышты жүйелі түрде  тазалап тұрыңыз.

  • Егер қате қайтадан пайда болса, кептіргіш машинаның жұмысын диагностикалау үшін авторизацияланған қызмет көрсету орталығына хабарласуға кеңес береміз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!