Жуу кезінде Samsung кір жуғыш машинасынан шықырлау естілсе, не істеу керек
Жуу немесе шаю кезінде кір жуғыш машинадан бөтен дыбыстар: тарсыл, шықырлау, дырылдау, ысқырық немесе үйкеліс естілмеуі тиіс. Олардың пайда болуы әртүрлі себептерге байланысты. Мысалы:
- Машина багында бөтен заттардың болуы;
- Пластик немесе металл элементтері бар заттарды жуу;
- Машинаны қате орнату;
- Ішкі бөлшектердің тозуы.
Бөтен дыбыстың себебін анықтау және оны жою туралы төмендегі нұсқаулықтан оқыңыз
Машинаны розеткадан ажыратыңыз. Кір жуғыш машинаның есігін ашып, барабанды екі жаққа айналдырыңыз.
Егер барабан айналған кезде іліну дыбыстарын, шықырлау, гүрсіл, тарсыл немесе сатыр-сұтыр естісеңіз, онда қандай да бір ішкі бөлшек зақымданған немесе тозған. Машинаны Samsung авторизацияланған қызмет көрсету орталығының маманына тексерту қажет.
Егер барабанды айналдыру дыбысы ғана естілетін болса, келесі тармаққа өтіңіз.
Жууды бұрынғыдай режимде, тек кірсіз іске қосыңыз. Киім мен заттарда пластик немесе металл фурнитура (түймелер, сыдырмалар, батырмалар және т.б.) бар – олар машина багынан бөтен дыбыстар шығуының себебі болуы мүмкін.
Егер тестілік жуу бөтен дыбыстарсыз өтсе – кір жуғыш машина қалыпты жұмыс істейді.
Егер бөтен дыбыстар қалса, қызмет көрсету орталығына хабарласуға кеңес береміз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар