Samsung тоңазытқышында жағымсыз иісті қалай жоюға болады
Не болып жатыр
Мұздатқыш немесе тоңазытқыш камерасында бұзылған азық-түліктің иісі бар. Басқа өнімдердің иісі байқалуы мүмкін.
Себептері
- Азық-түлікті сақтау шарттарын бұзу. Өнімдер ауа кірмейтіндей оралмаған.
- Бұзылған азық-түлікті сақтау. Мысалы, үйде электр қуаты үзіліп, тоңазытқыш жұмыс істемей қалған.
- Тоңазытқыштың ішінде тамақтың төгілуі немесе шашылуы. Өнім камераның артқы қабырғасындағы саңылаулар арқылы тоңазытқыштың ішкі бөлшектеріне түсуі мүмкін.
Тоңазытқышта иістердің пайда болуы техниканың зауыттық ақауына байланысты емес. Тоңазытқыштың ішкі жабынының материалы пластик, ал пластик иістерді тез сіңіреді.
Не істеу керек
- Тоңазытқышты электр желісінен ажыратыңыз, ішінен барлық өнімдерді алып, барлық камералардың есіктерін ашыңыз.
- Тоңазытқышты осы күйде кем дегенде 24 сағатқа қалдырыңыз.
Тоңазытқышты бұдан аз уақытқа өшірудің мәні жоқ, себебі мұз толығымен еріп үлгермейді.
- Тоңазытқыштың барлық камераларын жуыңыз.
Ол үшін жылы сабынды су ерітіндісін пайдалануға болады.
- Барлық камералардың есіктерін жауып, тоңазытқышты розеткаға қосыңыз (ұзартқыштарсыз және ауыстырғыштарсыз).
- Тоңазытқыштағы температура төмендегенше күтіңіз. Орташа алғанда, бұл 5-6 сағатта болады (белгіленген температураға байланысты).
Алдымен мұздатқыш камерадағы температура реттеледі (тоңазытқыш камера жылы болып қалуы мүмкін).
Мұздатқыш бөлімдегі температура толық деңгейіне жеткен соң тоңазытқыш камера салқындай бастайды.
- Өнімдерді салыңыз.
Ұсынымдарды орындағаннан кейін иіс қалатын болса, иісті кетіру үшін авторизацияланған қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
* Жағдай кепілдікті болмағандықтан, қызмет ақылы болады.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар