Samsung жуу машинасы суды жылытпайды
Соңғы жаңартулардың күні : 27.05.2025
Не болатып тұр
Машина суды қыздырмайды, есіктің әйнегі суық болып қалады. Киім жуу толық аяқталады, қателік шықпайды.
Машинаны тексеру
1
Электр желісіне дұрыс қосылғанын тексеріңіз. Дұрыс қосылмаған жағдайда қыздыруға жеткілікті қуат болмауы мүмкін. Әсіресе ұзарту сымдары мен үштіктер қуатты төмендетеді.
2
Машинаны «Мақта» режимінде және 90 немесе 95˚С температурада іске қосыңыз.
3
25 - 30 минуттан кейін әйнек қызып кеткенін тексеріңіз. Сақ болыңыз, әйнек өте ыстық болуы мүмкін!
- Егер әйнек жылы немесе ыстық болса, машина істеп тұр. Басқа режимдерде судың температурасы төмен, сондықтан әйнектен суық болып сезілуі мүмкін.
- Егер әйнек суық болса, машинаны өшірмеңіз және қателік шыққанша күтіңіз. Содан кейін «Samsung жуу машиналарының қате кодтары» мақаласынан нұсқауларды пайдаланыңыз.
- Егер жуу кезінде әйнек қызбайтын болса, бірақ қателік шықпаса, ТЭН бұзылған болуы мүмкін. Samsung сервистік орталығына хабарласыңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар