Егер Samsung тоңазытқышы тағамды үсітіп жіберсе, не істеу керек

Соңғы жаңартулардың күні : 14.03.2025

Не болып жатыр

Тоңазытқыш бөлігіндегі өнімдер тым қатып кетеді.

Тоңазытқыш өнімді үсітіп жібереді

Себебі

  • Тоңазытқыш бөлімінде төмен температура орнатылған.
  • "Cool Select Zone" бөлімінде төмен температура орнатылған.
  • Өнімдер тоңазытқышқа суық ауа жіберілетін тесіктердің жанында орналасқан.
  • Өнімдер тоңазытқыш қабырғасының бойында орналасқан
  • Жемістер немесе көкөністер "балғындық аймағы"бөлімінде жатыр.

Не істеу керек

Сіз тоңазытқыштың жұмысын термометрдің көмегімен тексере аласыз: оны бір стақан суық суға батырып, тоңазытқышқа 3 сағатқа қойыңыз. 

Егер орнатылған температурамен сәйкессіздік:

  • 3°C-тан аз - бұл рұқсат етілген ауытқу, тоңазытқыш қалыпты жұмыс істейді. Өнімдердің тым қатуын болдырмау үшін төмендегі ұсыныстарды орындаңыз.
  • 3°C-тан жоғары-тоңазытқышты диагностикалау үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
1 Тоңазытқыш камерасы мен "Cool Select Zone" бөлімі үшін орнатылған температураны тексеріңіз (егер ол сіздің тоңазытқышыңызда болса).
Егер сізде +1°C немесе нөлден төмен температура болса, оны +3°C дейін көтеріңіз (стандартты мән).
2 Егер өнімдер қабырғаға немесе камераға суық ауа түсетін тесіктерге өте жақын орналасса - оларды жылжытыңыз.
Тоңазытқыштағы қабырға және ауа тесігі
3 Fresh Zone (балғындық аймағы) бөлімінде қандай өнімдер бар екенін тексеріңіз. Бұл бөлім ет пен балыққа арналған және көкөністер мен жемістерге арналмаған.
"Балғындық аймағы" бөлімшесі

Ұсыныстарды орындағаннан кейін тоңазытқыштың жұмысын 1-2 күн бақылаңыз.

  • Егер өнімдер қатып қалмаса-тоңазытқыш дұрыс жұмыс істейді.
  • Егер тоңазытқыш өнімдерді үсітуді жалғастыра берсе, тоңазытқыш камерасының жұмысын диагностикалау үшін уәкілетті қызмет көрсету орталығына хабарласуды ұсынамыз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!