Samsung техникасының шыңдалған шыныдан жасалған бөлшегі сынған жағдайда не істеу керек

Соңғы жаңартулардың күні : 02.12.2025

Не болды

Шыңдалған  (термоға төзімді) шыны бөлшегі зақымдалды, сынды, жарылды, мысалы:

  • Тоңазытқыштың  есік шынысы, шыны сөресі зақымдалды.
  • Кір жуатын машинаның люк шынысы зақымдалды.
  • Тұмшапештің есік шынысы зақымдалды.
  • Газ плитасының үстіңгі шыны беті зақымдалды.

Не істеу керек

Егер жарықшақты көрсеңіз, жарақат алмау үшін дереу жаңа бөлшекті сатып алыңыз (және/немесе орнатыңыз), себебі шыны шашылуы мүмкін.

Ескерту:

Егер тоңазытқыштың шыңдалған шыны сөресі зақымдалса, сөренің пластик жиегін (рамкасын) тастамаңыз.

Техниканың жаңа бөлшегін ауыстыру және орнату үшін төмендегі сілтеме бойынша сервистік орталыққа хабарласыңыз:

Егер сұрақтар туындаса, қосымша кеңес алу үшін Samsung-тың тегін қолдау қызметіне хабарласыңыз

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!