Samsung жергілікті заңдар мен ережелерді сақтауға, сондай-ақ барлық қызметкерлерге қатаң жаһандық әдеп кодексін қолдануға талпынады. Этикалық менеджмент бұл жаһандық іскери ортадағы жылдам өзгерістерге жауап беру құралы ғана емес, сонымен қатар әртүрлі мүдделі тараптармен, соның ішінде тұтынушылармен, акционерлермен, қызметкерлермен, іскери серіктестермен және жергілікті қауымдастықтармен сенім құру құралы деп санайды. Әлемдегі ең этикалық компаниялардың бірі болу мақсатында Samsung әділ және транспарентті корпоративтік басқаруды қолдана отырып, өз қызметкерлерін оқытуды және бақылау жүйелерін пайдалануды жалғастырады.
Біздің миссия және ізгі мұратымыз
Samsung қарапайым бизнес философиясын ұстанады: компания өзінің дарыны мен технологияларын жоғары сапалы тауарлар мен қызметтерді жарыққа шығаруға арнап, осы арқылы жаһандық қоғамның ахуалын жақсартуға өз үлесін қосады. Бұған қол жеткізу үшін Samsung өз адамдары мен технологияларын жоғары бағалайды.
Samsung компаниясының рухын анықтайтын құндылықтар
Samsung күшті құндылықтармен өмір сүру жақсы бизнестің кілті деп санайды. Сондықтан бұл негізгі құндылықтар, оған қоса қатаң мінез-құлық кодексі компания қабылдайтын әрбір шешімнің негізінде тұрады.
Samsung компаниясының бес бизнес принципі
Әлемдік жетекші компания ретіндегі корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігіне талпынысын көрсету үшін Samsung Electronics компаниясы 2005 жылы «Samsung компаниясының бес бизнес принципі» туралы жариялады. Бұл принциптер құқықтық және этикалық стандарттардың және корпоративтік әлеуметтік жауапкершіліктерін орындау талаптарына сай оның глобалдық мінез-құлық кодексінің негізі ретінде қызмет етеді.
Біздің CEO-мен танысыңыз
Jun, Young Hyun
- ㆍТөраға орынбасары және CEO [2025~қазіргі уақытта]
- ㆍDevice Solutions (DS), Memory Business және SAIT басшысы [2024~қазіргі уақытта]
- ㆍFuture Business Division басшысы [2023~2024]
- ㆍSamsung SDI Co., Ltd. басқарма төрағасы [2022~2023]
- ㆍCEO, Samsung SDI Co., Ltd. [2017~2022]
- ㆍMemory Business басшысы [2014~2017]
Тарих
Біздің мұрамызды сақтау үшін жаңа қиындықтарды қабылдау
Компания жадты жартылай өткізгіштерде, теледидарларда және смартфондарда әлемдік көшбасшы болып қалу үшін инновацияларды жалғастырды.
2019 жылы Samsung өзінің жаңаCSR көзқарасын жариялады: «Ертеңгі күнге бірге аттанайық! Адамдарға мүмкіндік беру». Стратегия компанияның жаһандық корпоративтік азамат ретіндегі міндеттемелерін сипаттап, Samsung өзінің әлеуметтік міндеттерін қалай орындауға ұмтылатынын және компанияның келесі ғасырда және одан кейінгі кезеңде қабылдайтын ұстанымын сипаттайды.