Деректерді Galaxy құрылғысына жылжытудың сенімді және қауіпсіз әдісі
Galaxy құрылғысына ауысқан кезде, ескі заттарыңызбен қоштасудың қажеті жоқ. Фотосуреттер, видеолар, контактілер, күнтізбе оқиғалары, жазбалар және құрылғы параметрлері сияқты сіз бұрын қолданған деректер мен мазмұн жаңа Galaxy құрылғыңызда сізбен бірге болады.

Құрылғыңыздың операциялық жүйесі басқа болса да, оңай ауысуға болады
Деректерді басқа операциялық жүйедегі құрылғыдан Galaxy құрылғысына тасымалдау аса қиын болмауы керек. Smart Switch көптеген құрылғылардан деректерді тасымалдай алады, бұл Galaxy құрылғысына жаңарту процесін барлық пайдаланушыларға қолжетімді етеді. Бұл — ақылды қолданба.

Android құрылғысынан Galaxy құрылғысына ауысу
Деректерді мұқият және қауіпсіз түрде қадамдап тасымалдау үшін, қолданбаны іске қосыңыз.
1-қадам: Қосу.
Құрылғыны ескі деректер сақталатын жерге қосу үшін, сымсыз қосылымды немесе USB кабелін пайдаланыңыз.

2-қадам: Таңдау.
Қолданбада қандай мазмұнды, таңдаулы параметрлер мен деректерді сақтағыңыз келетінін таңдаңыз. Қажет емес затты артта қалдырыңыз.

3-қадам: Тасымалдау.
Тасымалдауды бастаңыз және қалған жұмысты Smart Switch өзі жасайды. Сіздің Galaxy құрылғыңыз әп-сәтте дайын болады.

iPhone/iPad құрылғысынан Galaxy құрылғысына ауысу
iPhone немесе iPad құрылғысынан фотосуреттерді, видеоларды, контактілерді, күнтізбе оқиғаларын, жазбаларды және басқаларын Galaxy құрылғысына жылжытуға болады. Сіз тіпті iCloud қызметіндегі деректеріңізді тасымалдай аласыз.
1-қадам: Қосу
Жаңа Galaxy телефоныңызды ескі құрылғыға кабель арқылы қосыңыз.
Деректерді тасымалдау үшін, жаңа Galaxy құрылғыңыздың сенімді құрылғы екенін растаңыз. iPhone немесе iPad құрылғыңызда «Осы компьютерге сенуге бола ма?» ескертуі пайда болғанда, «Сенуге болады» түймесін басыңыз.
*Құрылғыларды қосу үшін үйлесімді Lightning-to-USB-C немесе USB-C-USB-C кабелін немесе адаптерді пайдаланыңыз.

*Құрылғыларды қосу үшін үйлесімді Lightning-to-USB-C немесе USB-C-USB-C кабелін немесе адаптерді пайдаланыңыз.
2-қадам: Таңдау
Ескі құрылғыдан тасымалдау қажет деректерді таңдап, «Импорттау» түймесін басыңыз.

3-қадам: Импорттау
Импорттауды бастаңыз және қалған жұмысты Smart Switch өзі жасайды. Сіздің Galaxy құрылғыңыз әп-сәтте дайын болады.

4-қадам: Деректерді көбірек тасымалдау
Бірдеңе қалып кетті ме? «iCloud деректерін алу» түймесін басыңыз, содан кейін iCloud есептік жазбаңызға кіріңіз. Тасымалдау қажет мазмұнды таңдап, «Импортау» түймесін басыңыз.
Сондай-ақ, сіз өзіңіздің iOS қолданбаларыңызға сәйкес келетін Android қолданбаларын жүктей аласыз.

Деректерді тасымалдаудың қосымша тәсілдері
Тасымалдау, сақтық көшірме жасау немесе қалпына келтіру — қайсысы сізге қолайлы болатынына байланысты. Құрылғылар арасында байланыс орнатыңыз немесе сыртқы жадтан файлдың сақтық көшірмесін пайдаланыңыз.

Сымсыз тасымалдау мүмкіндігі

USB кабелі арқылы қосылу

Сыртқы жадтан сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру

Компьютерден немесе Mac құрылғысынан сақтық көшірме жасау және қалпына келтіру
Техникалық талаптар
Smart Switch-пен бірге жұмыс істеу үшін, сіздің құрылғыларыңызға бірнеше нәрсе қажет болады.
Төменде олардың үйлесімді екенін тексеріңіз.
Android жүйесіне арналған Smart Switch |
Android ОЖ 4.3 немесе одан кейінгі нұсқадағы Samsung құрылғысы |
|
---|---|---|
Windows жүйесіне арналған Smart Switch |
ОЖ: Windows 7 немесе одан кейінгі нұсқасы |
Қажетті бағдарламалық құрал: |
Mac құрылғысына арналған Smart Switch |
ОЖ: Mac OS X 10.9 немесе одан кейінгі нұсқасы |
Қолдау көрсетілетін MAC моделі |