Портативті SSD X5 1 Тб MU-PB1T0B
MU-PB1T0B/WW
Смартфонмен QR-кодын сканерлеп, затты бөлмеңізге орналастырыңыз.
Ерекше сәттер
Ерекшеліктері
Нағыз кәсіби мамандарға арналған
Samsung Portable SSD X5 портативті SSD сақтау құрылғысы
Thunderbolt™*3 порттарының себебімен өзіңіздің ДК мен Mac компьютерде жобаларыңыз үшін жад сақтау орнын кеңейтіңіз. X5 сақтау құрылғысы бейнефайлдарды жылдам өңдеуге немесе жоғары анықтықтығы мазмұнды жинайтын мамандарға арналған. Қызып кетудің алдын алу жүйесі және құпиясөз арқылы қорғау — бұл пайдалану ыңғайлылығы және деректердің қауіпсіздігі.
* Thunderbolt ™ 3 (Mac OS X Sierra, High Sierra (10.12 немесе одан жоғары) Windows 10 64bit RS 2 немесе одан жоғары) Mac және Windows компьютерлерімен үйлесімді. Тек USB интерфейсімен жабдықталған ДК-мен үйлеспейді.
Thunderbolt™ 3 интерфейсінің барлық күшін сынап көріңіз
Thunderbolt 3* және NVMe** интерфейсі
X5 сізге ең озық технологияларды ұсынуға арналған. Thunderbolt 3 интерфейсі 40 Гбит/с дейінгі деректерді беру жылдамдығын қамтамасыз етеді. NVMe интерфейс технологиясының қолдауымен X5 сақтау құрылғысы үлкен көлемдегі деректерді жылдам өңдеуге мүмкіндік береді.
* Thunderbolt және Thunderbolt логотипі — АҚШ және / немесе басқа елдерде тіркелген Intel корпорациясының сауда белгілері. ** NVM Express® — NVM Express, Inc компаниясының тіркелген сауда белгісі..
Тежеу мәселесін ұмытыңыз
Деректерді беру жылдамдығы
Шығармашылыққа уақыт босатыңыз. X5 оқу/жазу жылдамдығы 2800/2300 МБ/сек. құрайды*, бұл SATA интерфейсі бар портативті SSD құрылғысына қарағанда 5,2х/4,5х есе және сыртқы HDD құрылғысына қарағанда 25,5х/20,9х есе жылдамырақ**. X5 құрылғысы өзіңіздің ДК-нен X5 құрылғысына 20ГБ 4K UHD форматтағы бейнені 12 секундта көшіруге мүмкіндік береді.**
* Өнімділік жүйенің конфигурациясына байланысты өзгеруі мүмкін. 2800/2300 МБ/Сек. максималды оқу/жазу жылдамдығы үшін хост құрылғысы мен қосылатын кабельдер Thunderbolt™ 3 интерфейсін қолдауы керек. Тест жүйесінің конфигурациясы: Dell Alienware System (Dee i7 Alienware 17 R5), ОЖ - Win 10 x64, CPU - Intel® Core ™ i7 8570H (@ 4.1ГГц), Жад - DDR4, 16 ГБ 2667 МГц, BM құралы - CDM 5.1.2 ** Samsung external HDD 1TB (HX-MK20P12) ішкі сақтау құрылғысы және Samsung портативті SSD 1TБ (T5) көмегімен ішкі тестілеуге негізінде алынған. Кіріктірілген ДК жадының өнімділік сипаттамалары X5 құрылғысына тең немесе оның ұқсас сипаттамаларынан үлкен болуы керек. Тестілеу үшін келесі жүйелік конфигурация қолданылды: Motherboard-Asus Strix Z270E Gaming, Intel® Core i5-7600 @3.5 ГГц, DDR4 1066MГц 4ГБ, OS-Window 10x64.
Артықшылықтарын бағалаңыз
Революциялық дизайн
Егер сіз талапшыл маман болсаңыз, онда X5 құрылғысы сізге арналған. Динамикалық және талғампаз пішін жоғары сапамен және керемет өнімділікпен үйлеседі. Күңгірт төменгі панель дискіні сіздің қолыңыздан түсіп кетуден сақтайды. Инновациялық технологиялармен үйлесетін максималды портативті және эргономикалық дизайннан рахат алыңыз.
Әрқашан суық және сенімді
Қызып кетуден қорғау технологиясы
Қызып кету мәселесін ұмытыңыз. Қызып кетуден қорғаудың динамикалық технологиясы (DTG, Dynamic Thermal Guard) оңтайлы өнімділік пен температураны қамтамасыз етеді, ал радиатор сақтау құрылғысын 45°C* жоғары қызуына жол бермейді. Сақтау құрылғысында қозғалатын бөлшектер жоқ және ол 2 метр биіктіктен құлауға төтеп беретін магний қорытпасының берік қабығымен қорғалған**.
* Деректер бөлме температурасында өлшенген. Деректер қоршаған орта температурасына байланысты өзгеруі мүмкін. ** Соққыға төзімділікті тексеру мақсатында өткізілген зауыттық сынақтар бақыланған жағдайда жүргізілді.
Деректеріңізді қорғаңыз
Қосымша құпия сөзбен қорғау AES 256-bit Encryption* шифрларды қолдануда жүзеге асады.
Жеке деректеріңізді және зияткерлік меншікті қорғаңыз. AES 256-bit Encryption алгоритміне негізделген қосымша құпия сөз қорғанысы сіздің деректеріңізді қауіпсіз етеді. Соңында, сақтау құрылғысы 3 жылдық кепілдемемен келеді **.
* Samsung Portable SSD құрылғысының бағдарламалық жасақтамасы: T5 және X5 технологияларымен үйлесімді. Алайда, X5 бағдарламалық жасақтамасын жаңартуға тек Windows дербес компьютерлерінде қолдау көрсетіледі. ** Samsung Electronics компаниясы кез-келген зақымға, соның ішінде Samsung Electronics өнімдерінде сақталған деректердің немесе басқа ақпараттардың жоғалуына немесе пайдаланушы алуы мүмкін табыстың жоғалуына жауап бермейді. Кепілдік туралы қосымша ақпаратты www.samsung.com/portable-ssd сайтынан біле аласыз.
Сипаттамалары
-
Interface
ThunderboltTM 3 (40 Гбит/c)
-
Transfer Speed
Реттік оқылым: 2800 МБ / с дейін. Тізбектей жазу: 2300 МБ / с дейін
-
Сыйымдылығы
1ТБ (*1 ГБ=1 000 000 000 байт, 1 TБ=1 000 000 000 000 байт)
-
Интерфейс
ThunderboltTM 3 (40 Гбит/c)
-
Көлемдері (Е х Б х Т)
119 x 62 x 19.7 мм
-
Салмағы
150 г. (*Өнімнің нақты салмағы сыйымдылығына байланысты өзгеруі мүмкін)
-
Скорость передачи
Реттік оқылым: 2800 МБ / с дейін. Тізбектей жазу: 2300 МБ / с дейін
-
Шифрование
256-биттік AES аппараттық шифрлау
-
Безопасность
Samsumg Portable SSD бағдарламалық жасақтамасы (* қосымша құпия сөз қорғанысы)
-
Сертификация
CE, BSMI, KC, VCCI, C-tick, FCC, IC, UL, TUV, CB, EAC
-
Соответствие RoHS
RoHS2
-
Кепілдік
3 жылға шектеулі кепілдік** Кепілдік туралы толығырақ ақпаратты www.samsung.com/ssd және www.samsung.com/support сайттарынан таба аласыз.
Сізге ұнауы мүмкін
ЖАҚЫНДА ҚАРАЛҒАНДАР