BAR PLUS USB сериясы жинақтауыш 32 ГБ
Сәнді жылдамдық
Классикаға замануи көзқарас Келесі буындағы BAR Plus флэш-карталарды күнделікті қажет дүниелердің біріне айналдырып, тамаша жылдамдық пен жарқын дизайн ұсынады. Қолға ұстауға ыңғайлы, тұтастай металдан жасалған корпус — сәнді, жылдамдықты және сенімділікті ұштастыратын флеш-картадағы тұнып тұрған минимализм.
Файлдарды флэш-картада тасымалдаңыз
Уақытыңызды кері қайтарыңыз. Соңғы нұсқадағы USB 3.1 стандарты көмегімен 300 Мб/ сек¹ дейінгі тез әрі жарамды оқу жылдамдығы сізге жұмыс істеуге, ойнауға, түрлі нәрселер қарауға және ойлап табуға көбірек уақыт қалдырады. З Гб 4K UHD видео файлын өзіңіздің Bar Plus тасымалдағышыңыздан компьютерге небәрі 10 секундта² көшіріңіз.
1. 256/128 ГБ модельдері үшін 300 МБ/сек дейін; 64/32 ГБ модельдері үшін 200 МБ/сек дейін. 2. 256/128 ГБ модельдері үшін ең азы 10 секунд; 64/32 ГБ модельдері үшін ең азы 14 секунд (Asus Z370-G, Intel i7-8700K @ 3,70 ГГц, 8 ГБ DDR4 және Windows 10 Enterprise 64bit комбинациясында сыналған).
Аса көркем
Мықты әрі сәнді. Мықты металл корпусы деректеріңізді бүтін әрі толық күйінде сақтайды, ал салпыншақ флэш-картаны қателесіп өзге жерге қоюдың не жоғалтудың алдын алады. BAR Plus тамаша дизайн мен алаңсыз ұзақ қолданылатын құрылғының мінсіз үйлесімі.
Мықты әрі сенімді
Файлдарыңыз қайда барсаңыз да қауіпсіздікте болады. Samsung компаниясының флэш-жады саласындағы көшбасшылығы BAR Plus құрылғысын құнды деректеріңізді сақтау үшін сенімді етеді. Ол судан¹, соққыдан², температурадан³, магниттен⁴, рентген сәулелерінен⁵ қорғайтын корпусының негізінде жұмыс істейді, сондай-ақ осының барлығына 5 жыл кепілдік мерзімі⁶ берілген.
1.Теңіз суында 72 сағатқа дейін. 2.1500 дейін гравитациялық үдеме. 3. Жұмыс қалпында -25°C…85°C аралығында, -40°C…85°C аралығында жұмыс істемейтін қалпында шыдайды. 4. 15 000 Гс дейін (МРТ-ға тең). 5. 50 Рентгенге (әуежайдағы рентген аппаратымен бірдей) дейін. 6. Samsung компаниясы UFD деректерін қалпына келтіруге байланысты орын алған зақымдарға, деректер шығынына немесе жойылуына жауапкершілік көтермейді. Кепілдікке қатысты ақпарат үшін келесі сілтемеге өтіңіз: www.samsung.com/support
Сипаттамалары
-
Өнімдер қатары BAR Plus
-
Ағытпа А стандарты
-
Интерфейс USB 3.1 Gen 1 (USB 3.0/2.0 алдыңғы нұсқалармен үйлесімді)
-
Қолданылуы Компьютер, Ноутбук
-
Көлемдері (Ш х В х Д) 15,60 X 40,01 X 11,70 мм
-
Негізгі сипаттамалары USB 3.1 Флэш-картасы
{{family.currentModel.displayName}}
{{family.currentModel.modelCode}}
Price with discount: {{model.prices.currentPriceDisplay}}
Price before: {{model.prices.priceDisplay}}
-
{{summary.title}}
-
{{summary.title}}
Модельдерді салыстырыңыз
Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз