«Women’s day - Challenge» акциясына қатысу ережелері

«Women’s day - Challenge» («Акция») акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») келіседі.

1. Жалпы ережелер

1.1.  Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050000, Желтоқсан 115, «Kaisar Plaza» бизнес орталығы, 3-қабат;

1.2.  Акцияны өткізу кезеңі: 2022 жылдың 5 мен 22 наурызы аралығында, соңғы күнді қоса санағанда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 23:59 дейін; («Акция кезеңі»).

1.3.  Қорытынды шығару күні: 2022 жылдың 5 сәуірі;

1.4.  Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының барлық елді мекендері.

1.5.  Акцияны өткізу орыны: Акция Instagram әлеуметтік желісінде өткізіледі.

2. Акцияға Қатысушы

2.1.  Осы Ережелердің барлық шарттарын орындаған 18 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылмайтын ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»);

2.2.  Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны ұйымдастыру мен өткізуге қатысы бар өзге компаниялардың жұмысшылары қатыса алмайды. 

2.3. Акцияға (челленджге) қатыса отырып, Қатысушы/Жеңімпаз Акцияға қатысатын дербес аккаунтының атын қолдануға келісім береді. Аккаунт әлеуметтік желілердегі Samsung Kazakhstan ресми парақшаларында және samsung.kz сайтында аталуы мүмкін. 

3. Акцияға қатысу шарттары:

3.1.  Осы ережелерге сәйкес Қатысушы барлық шарттарды орындаған жағдайда Ұйымдастырушыдан төмендегі 4.1. т. көрсетілген сыйлықтарды ұту мүмкіндігін алады.

3.2.  Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы тиіс:

1.       Instagram  әлеуметтік жүйесіндегі аккаунтында шабыт беретін/берген арманы мен оған жетудегі әрекеті жайлы баяндайтын өзінің табысқа жету оқиғасы туралы пост жазу.  

2.       Міндетті түрде #МечтайБезПравил хэштегін қою (қосымша: Instagram-да @samsungkz аккаунтын белгілеу).

3.       Өз профилін көпшілікке қолжетімді ету.

4.       Instagram-дағы Samsung.kz ресми аккаунтына жазылып, акция нәтижелерін бақылау (опционалды).

3.3.  Постты жариялаған сәттен бастап Акцияның жеңімпаздары жария болған сәтке дейін Қатысушының әлеуметтік желідегі аккаунты ашық болуы тиіс, Акцияға қатысу үшін жарияланған пост жойылмауы керек.

3.4.  Осы Ережелердің 2.1. т. сәйкес танылған тұлға ғана Қатысушы болуға лайық саналады, яғни тапсырмаларды өз бетімен орындап жариялаған, Акцияның барлық шарттарын орындаған және жарияланым жүзеге асырылған әлеуметтік желідегі (Instagram) жеке аккаунттың иесі.

3.5.  Қатысушының сәйкес авторлық құқықсыз қандай да бір фото/видео материалдарды жариялауға құқығы жоқ. 

3.6.  Қатысушы тапсырманы орындау барысында негізгі контент ретінде кәмелетке толмаған тұлғалардың кескіндерін қолдануға құқығы жоқ. Жариялау үшін фото/видео материалдар жасауда  кәмелетке толмаған тұлғалардың кескіндерін қолданған жағдайда Қатысушының кадрда болуы міндетті, ал кәмелетке толмаған тұлғаның ресми өкілдерінен (ата-анасы, қамқоршылары және/немесе басқа да заңды өкілдерінен)  келісім алу Қатысушыға жүктеледі. Қатысушы аталған кескіндерді жариялауға байланысты кез келген салдарды өз бетімен реттейді.

Жарияланымның фото материалдарында бірнеше кәмелетке толған тұлғалар қатысқан жағдайда, осындай тұлғалардың фото/видео жасауға, оны әлеуметтік желілерде жариялау және Акцияға қатысуда пайдалануға келісімін Қатысушы өз бетімен алады және аталған кескіндерді пайдалануға байланысты кез келген салдарды өз бетімен реттейді.

Ұйымдастырушы кескіндері Қатысушының фото/видео материалдарында пайдаланылған  түлғалардың алдында ешқандай жауапкершілік көтермейді.

3.7.  Тапсырмаларды орындау процесінде материалдар мен жауаптар мораль және адамгершіліктің жалпы қабылданған нормаларына сәйкес болуы керек; бұқаралық жария іс-шараларға, ұлт аралық және конфессия аралық араздыққа шақырмауы, сонымен қатар былапыт лексикасыз және Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмеуі тиіс.  

4. Сыйлықтар

4.1.  Акция бойынша Сыйлықтар келесі тауарлар болып табылады («Сыйлық»):

1 орын – Galaxy S22 Ultra (SM-S908BZ), саны 1 (бір) дана);  

2 орын – Galaxy S22+ (SM-S906BZ), саны 1 (бір) дана);

3 орын – Galaxy S22 (SM-S901BZ),  саны 1 (бір) дана);

Ынталандыру орындары (7 орын) – номиналы 20 000 (жиырма мың) теңге MonAmie электронды сыйлық сертификаты (промокод) және Galaxy SmartTag (EI-T5300BBEGRU) Bluetooth-маягы.

4.2.  Осы ретте Ұйымдастырушы Сыйлық санын өз бетімен анықтап, оны өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

4.3.  Акция шеңберінде алған Сыйлыққа осы типтегі тауарларға қолданылатын стандартты кепілдік беріледі.

4.4.  Сыйлықтың нақты түсі тауардың қоймада болуына байланысты және Акция Сайты немесе Instagram әлеуметтік желісіндегі Ұйымдастырушы аккаунтындағы кескіннен айырмашылығы болуы мүмкін.

4.5.  Осы Акция шеңберінде әрбір Жеңімпаз 1 (бір) Сыйлықтан артық ала алмайды.

4.6.  Сыйлық саны Қатысушылар санына байланысты, яғни Сыйлықтардың        максималды саны Қатысушылар санының 50% аспайды. 

Сонымен қатар Сыйлық саны 4.1. т. көрсетілгеннен аспайды.

4.7.  Samsung x MonAmie электронды сертификатын (бірегей промокод) пайдалану шарттары:

· Сертификаттағы бірегей промокод www.monamie.kz интернет-дүкенінде ғана қолданылады;

· Сертификаттағы бірегей промокод www.monamie.kz интернет-дүкенінде бір рет қана қолданыла алады ;

· Сертификаттағы бірегей промокодпен www.monamie.kz сайтындағы кез келген тауарды төлеуге болады;

· Электронды сыйлық сертификатына (бірегей промокод) жеткізу бағасы кірмейді. MonAmie тауарларын жеткізуді www.monamie.kz сайтында көрсетілген шарттармен және Жеңімпаз бөлек төлейді;

· www.monamie.kz  сайтындағы тапсырысқа тек бір электронды сыйлық сертификаты қолданыла алады (промокод);

· www.monamie.kz сайтындағы тапсырыс бағасы жеткізуді санамағанда электронды сыйлық сертификатының (промокодтың) номиналынан асуы тиіс. Егер тапсырыс сомасы промокод сомасынан аз болса, промокод жұмыс істемейді.

· Сертификат мерзімі – 31.12.2022 жылға дейін.

5. Акция Жеңімпаздарын анықтау тәртібі

Жеңімпаздар келесі жолмен анықталады:

5.1.1. Негізгі Сыйлықтар:

1-кезең: Ұйымдастырушы тағайындаған комиссия барлық Ережелерді есепке алғанда, барлық Қатысушылардың тізімінен  шабыт беретін 3 (үш) ерекше оқиғаны таңдайды. 
Комиссия Жеңімпаздарды өз бетімен іріктейді.
Іріктеу кезінде әрбір қатысушыдан Instagram платформасынан тек 1 (бір) жұмыс қабылданады. 

2-кезең: Ұйымдастырушы таңдаған 3 (үш) жарияланым арасында Samsung.kz ресми аккаунтындағы Instagram stories-те онлайн-дауыс беру жүргізіледі. Дауыс беруге Instagram платформасының барлық тіркелген пайдаланушылары қатыса алады. Дауыс беру нәтижелері бойынша 3 (үш) Жеңімпаз арасында жиналған дауыстарға сәйкес 1, 2 және 3 орындарға сыйлық тағайындалады.

Сторис жарияланымда болғанда Стористегі онлайн-дауыс беру 24 сағатқа (бір тәулік) созылады.

5.1.2. Ынталандыру Сыйлықтары:

Қорытынды кезеңде Ұйымдастырушы  Ережелердің "5.1.1. Негізгі сыйлықтар" тармағындағы Жеңімпаздарды алып тастап, челлендж Қатысушылары арасында 3.2 тармақта көрсетілген ынталандыру сыйлықтарының ұтыс ойынын өткізеді. Ынталандыру сыйлықтарының ұтыс ойыны Random.org («Генератор») сайтында жеңімпаздарды кездейсоқ анықтау жолымен өткізіледі.  

5.2.  Акция нәтижелері Instagram әлеуметтік желісіндегі (@samsungkz) Ұйымдастырушының ресми парақшасында және акция сайтында 2022 жылдың  5 сәуірінен кешіктірілмей жарияланады.

5.3. Ұтыс ойынының нәтижелері жарияланған сәттен бастап, жеңімпазды анықтаған соң,  7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде Ұйымдастырушы жеңімпаздармен  Instagram әлеуметтік желісінде (дайрект, директ, direct)  жеке хабарлама жолдау арқылы байланысады және Сыйлық алу үшін нұсқаулық жолдайды;

Ұйымдастырушы Акция Қатысушысымен жеке хабарламалардың спамға түсуі немесе әлеуметтік желі сервисінің жұмысы  және/немесе Қатысушының аккаунтының дербес баптаулары салдарынан байланыса алмағаны үшін жауапкершілік көтермейді. Қатысушылар Instagram (@samsungkz) әлеуметтік желісіндегі ұтыс ойынының нәтижелері туралы посттарды өздері бақылайды. Акция шеңберінде Қатысушы өзінің жеңімпаз болғанын білген жағдайда және өз жеке аккаунтына тиісті жеке хабарлама алмаған жағдайда жарияланымына сілтеме жолдап, Instagram (@samsungkz) әлеуметтік желісінде Ұйымдастырушымен байланыса алады.  
Егер көрсетілген мерзім аяқталған соң, Ұйымдастырушы немесе оның өкілі қате берілген деректер салдарынан және/немесе Жеңімпаз тарапынан кері байланыс болмаса, Ұйымдастырушы Сыйлықты өзіне қалдыруы мүмкін.

5.4. Сыйлықты жеткізу Ұйымдастырушының Жеңімпазбен сәтті хабарласуынан кейін 60 (алпыс) жұмыс күні ішінде орындалады. Сыйлықты жеткізу Ұйымдастырушы есебінен жүргізіледі, Жеңімпаздан ешбір сомма алынбайды.   Егер, курьер немесе өзге тұлғалар жеткізу үшін ақы, салық төлеуді немесе басқа да төлемдерді талап етсе, мұндай төлемдерді орындамаңыз және дереу Ұйымдастырушымен байланысыңыз.Жеткізуге Сыйлықты баптау бойынша қандайда бір жұмыстар/қызметтер кірмейді.

 5.5.  Ұйымдастырушы Сыйлық алу/жеткізу процесін келісу үшін әрбір Жеңімпазбен алдын ала байланысады;

5.6.                 Сыйлық алу үшін, Жеңімпаз ережелердің барлық шарттарын орындаған жағдайда міндетті:

· Жеке куәлігінің көшірмесін/ықтиырхатын ұсыну; Сыйлық алу құқығы өзге тұлғаларға берілмейді;

· Сыйлықты қабылдау-тапсыру актісін толтыру және қол қою/ немесе Жеткізу парағын / қордағыны беру туралы жүкқұжатты толтыру және қол қою;

· Қолындағы сыйлықпен фотосурет / видео түсіру.

5.7.  Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлыққа үміттене алмайды:

· Акцияның қандай да бір шарттары бұзылса;

· сәйкестендіру шарттары бұзылса (с.і. жалған сәйкестендіру деректері берілсе, бірнеше аккаунтпен қатысу және т.б.);

· Қатысушымен байланысу үшін жалған/қате деректер берілсе;

· Ұйымдастырушы қатысушымен көрсеткен деректері бойынша нәтижелер жарияланған күннен бастап 7 күн ішінде 3 реттен артық байланыса алмаса, (Осы Ережелер бойынша байланыса алмау – Ұйымдастырушы Instagram әлеуметтік желісінде жолдаған хабарламасына (дайрект, директ, direct  қатысушы 7 күнтізбелік күн ішінде жауап қайтармаса);

· Алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса;

· Ақпарат/құжат беруден бас тарту және/немесе фото/видео түсіруден осы Ережелерді бұзып бас тартса.

5.8.  Ешбір жағдайда Ұйымдастырушы Сыйлықты ақшалай және/немесе басқа тауарға ауыстырмайды.  

5.9. Сыйлықты алумен байланысты туындаған салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді Ұйымдастырушы өз бетімен және өз есебінен төлейді. 

6. Басқа

6.1.  Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлыққа ие болу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады;

6.2.    Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда, кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Акцияны өткізу/жүзеге асыру шеңберіңде әрекет ететін Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға/өңдеуге/беруге/таратуға/орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.  Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы мен үшінші тұлғалар және Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді.  Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;;

6.3.  Сыйлықтарды Жеткізу Ұйымдастырушы есебінен орындалады. Егер, курьер немесе өзге тұлғалар қалаға дейін жеткізу үшін ақы, салық төлеуді немесе басқа да төлемдерді талап етсе, мұндай төлемдерді орындамаңыз және дереу Ұйымдастырушымен байланысыңыз. Ұйымдастырушымен төменде осы Ережелерде көрсетілген нөмірлер бойынша және әлеуметтік желілердегі Ұйымдастырушының ресми парақтарында байланысуға болады;

6.4.  Ұйымдастырушы  Instagram (@samsungkz) әлеуметтік жүйесіндегі ресми парақшасында, сонымен бірге Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы.  Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;

6.5.  Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелде негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды;

6.6.  Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының Сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының/Серіктестердің ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды бухгалтерлік және есептік мақсатта пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді;

6.7. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.


Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:

8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы операторынан қоңырау шалу тегін.