Сенің Galaxy-ің.
Бәрі сенің қалауыңша.
Galaxy смартфондарының жаңа мүмкіндіктерін ашыңыз.
Олар технологияларды қолжетімдірек, тапсырмалардың
орындалуын жеңілірек, ал ойын-сауықты қызығырақ ету үшін жасалған.


Неге Galaxy?
Барлық қажетті функциялар мен
керемет сипаттамаларға ие болыңыз
Көбірек құрылғыларға қосылыңыз
Сізге сүйікті ісіңізбен бұрын-соңды болмағандай жақсырақ айналысуыңызға көмектесу үшін Galaxy экожүйесінде құрылғылар жеңіл біріктіріледі. Көбірек ақылмен жаттығыңыз. Өз өнімділігіңізді арттырыңыз. Өз шығармашылық жобаларыңызды белсендіріңіз.
Фитнес әуесқойлары үшін
Фитнес-трекерге және жаттығуларға арналған плейлистті білегіңізден басқару мүмкіндігіне ие болу үшін Galaxy Watch және Galaxy Buds құрылғыларын жалғаңыз.


Өнімділік кәсіпқойларына арналған
Өз планшетіңізде кездесулер туралы жазба жазып отырғанда телефоныңыздың жұмыстық хабарламаларын біліп отыру үшін Galaxy S22 және Tab S8 құрылғыларын байланыстырыңыз.


Еш кедергісіз бірге жұмыс істейтін құрылғылар
Өзіңіздің жеке
Galaxy дизайныңызды жасап алыңыз
Сіз бір қорапқа сыймайсыз ғой. Сіздің технологияңыз да сыймауы тиіс. Galaxy-мен бірге өзіңіз секілді бірегей өнімнен ләззат алу үшін құрылғыңыздың әрбір аспектісін дерлік баптауыңызға болады.


Bespoke Studio
Galaxy watch алуан түрлі циферблаттарымен тәжірибе жасап көріңіз. Өзіңіздің Z Flip3 арналған жаңа түсті табыңыз. Bespoke Studio Сізге шынымен Сіздің меншігіңіз болатын құрылғы жасап шығаруға көмектеседі.


One UI
Басты экранын, виджеттерін, тақырыптары мен тағы көптеген мүмкіндіктерін баптай отырып, өз Galaxy құрылғыңыздың интерфейсі арқылы өзіңізді айшықтап көрсетіңіз.


Galaxy коллаборациялары
Сізге басқа еш жерде таба алмайтын тамаша жеке жобалар ұсыну үшін Galaxy суретшілермен, дизайнерлермен және мәдениет қайраткерлерімен ынтымақтастық жүргізеді.
Сізге қажетті қуатты
функцияларға ...
... және бұрын-соңды күтпеген
инновацияларға ие болыңыз
Сіздің құпиялығыңыз. Қорғалған.
Әлем өзгерді, және жұмыстың жаңа тәсілдері жаңа тәуекелдермен байланысты. Samsung құпиялылық технологиялары ештеңеге қарамастан қажетті қорғаныш пен бақылауды қамтамасыз етеді..


Knox Vault
Knox Vault PINS, құпия сөздер мен өзге де жеке ақпаратты оқшаулайтын сейф ішіндегі сейфпен бірдей, сондықтан хакерлер оларға қол жеткізе алмайды.
Құпиялылық панелі
Сіздің ақпаратыңызға қол жеткізуге әрекеттеніп жатқан қолданбалардың қысқаша шолуын алыңыз, содан кейін өз баптауларыңызды дербестендіріңіз. Бұл Сіздің қорғалған құпиялығыңыз.


Galaxy құрылғысын байқап көруге дайынсыз ба?
Ыңғайлы қолданбалардан
және сервистерден ләззат алыңыз
Galaxy-ге қосылған кезіңізде Сізге техникалық қолдау, денсаулық және көптеген басқа жайттар бойынша көмектесетін көптеген пайдалы қолданбаларға қолжетімділікке ие боласыз.
Өзіңіз жасаған дүниелеріңізбен #withGalaxy-де бөлісіңіз
#withGalaxy тегімен басқа Galaxy пайдаланушыларының фотолары мен видеоларын көріңіз.
- Galaxy құрылғыларының бәрінде сипаттамалар мен функциялардың барлығы бірдей қолжетімді емес.Нақты өнімнің сипаттамалары мен функциялары туралы толық ақпарат Galaxy өнімдері туралы ақпараттың әрбір бетінде қолжетімді.
- 1. Galaxy S22 сериялары, Galaxy S21 сериялары, Galaxy Z Fold2, Galaxy Z Flip (тек LTE), Galaxy S20 сериялары мен Galaxy Note20 сериялары күні бойы батареядан жұмыс істеуді қолдайды. Батареямен іс жүзінде жұмыс істейтін уақыты желі ортасына, пайдаланылатын мүмкіндіктер мен қолданбаларға, қоңыраулар мен хабарлардың жиілігіне, зарядтау санына және басқа да көптеген факторларға байланысты.
- 2. 5G жылдамдықтары әртүрлі болады және оңтайлы желіні және қосылысты талап етеді (факторлар жиілікті, өткізу қабілетін, шектен тыс жүктемені қамтиды); қолжетімділік тасымалдаушысын қараңыз.
- 3. IP68 қолдауы Galaxy құрылғысына байланысты. IP68 30 минутқа дейінгі уақытқа 1,5 м-ге дейінгі тереңдікке тұщы суға батыру кезіндегі сынақ шарттарына негізделген. Жағажайда немесе бассейнде пайдалануға кеңес берілмейді.
- 4. S Pen-ді қолдайтын Samsung Galaxy смартфондарымен, планшеттерімен және ДК-мен үйлесімді.
- 5. Егер имплантталған кардиостимулятор немесе басқа да имплантталған медициналық құрылғылар бар болса, денеңіздің құрамын ӨЛШЕМЕҢІЗ. Аяғыңыз ауыр болса, денеңіздің құрамын ӨЛШЕМЕҢІЗ. Жасыңыз 20-дан төмен болса, өлшеулер нәтижелері дәл болмауы мүмкін. Тек жалпы сауықтыруға және фитнеске арналған. Кез келген медициналық күйді не ауруды анықтау, диагностикалау, емдеу үшін пайдалануға арналмаған. Өлшеулер тек өзіңіздің жеке анықтамаңызға арналған. Кеңес алу үшін медицина қызметкеріне жүгініңіз. BIA қолжетімділігі ел мен өңірге байланысты. Android 6.0 не одан жоғарыларымен үйлесімділік, RAM 1,5 ГБ және одан жоғары. Құрылғыны іске қосу Google Mobile Services(GMS) қолдайтын смартфонға қосылғаннан кейін ғана қолжетімді. Смарфоныңыздың Google Mobile Services (GMS) қолдайтынын не қолдамайтынын білу үшін өз құрылғыңызды өндірушісіне хабарласыңыз. Үйлесімді смартфондар мен қолжетімді функциялар аймаққа, байланыс операторына және құрылғыға байланысты әртүрлі болуы мүмкін.
- Барлық функция сипаттамалары мен суреттемелері өнімнің іс жүзіндегі сипаттамаларынан өзгеше болуы мүмкін. Samsung кез келген уақытта және пайдаланушыларға алдын ала ескертусіз құжаттардағы мәліметтер мен құрылғының сипаттамасына өзгерістер енгізуге құқылы. Өнім туралы функционалдылық, сипаттамалар, ерекшеліктер және басқа ақпарат түпкілікті емес, дизайн ерекшеліктері, бағасы, жабдық пен нарықтың қол жетімділігі пайдаланушыларға ескертусіз өзгертілуі мүмкін. Осы құжатта көрсетілген экрандағы сурет еліктеу болып табылады және тек осы суреттемеге тиесілі. © 2020 Samsung Electronics Co., Ltd. 'Samsung', 'Samsung Galaxy' және Samsung Galaxy сериялы өнімдердің барлық өзге атаулары Samsung Electronics компаниясының сауда маркалары болып табылады. Басқа өнімдердің логотиптері мен сауда маркалары тиісті өндірушілердің меншікті сауда маркалары болып табылады.