«Buy and Win - Women’s day» жарнамалық акциясының ережелері

«Buy and Win - Women’s day» жарнамалық акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы келесі сайтта жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») келіседі: https://samsung.com/kz_kz/offer/challenge-dream-without-rules  («Акция сайты»).

 

1. Жалпы ережелер

1.1.  Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050000, Желтоқсан 115, «Kaisar Plaza» бизнес орталығы, 3 қабат; 
1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2022 жылдың 5 мен 22 наурызы аралығында, соңғы күнді қоса санағанда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін;
1.3. Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының барлық қалалары;
1.4. Акция samsung.kz сайтындағы Samsung ресми интернет-дүкенінде өткізіледі.
1.5. Қорытынды шығару күні: 25.03.2022 жыл.

 

2. Акцияға Қатысушы

2.1.Осы Ережелердің барлық шарттарын орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»);

2.2. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда, кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Акцияны өткізу/жүзеге асыру шеңберіңде әрекет ететін Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта, басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға/өңдеуге/беруге/таратуға/орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.  Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы мен үшінші тұлғалар және Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді.Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

3. Акцияның сипаттамасы:

3.1. Осы ережелерге сәйкес Қатысушы барлық шарттарды орындаған жағдайда, samsung.kz сайтындағы Samsung ресми интернет-дүкенінде SAMSUNG Galaxy S22 | S22+ | S22 Ultra смартфонын немесе SAMSUNG Galaxy S21 FE («Тауарлар») сатып алған жағдайда ұтыс ойынына қатысып, Ұйымдастырушыдан 5.1 т. көрсетілген номиналы 20 000 (жиырма мың) теңге MonAmie электронды сыйлық сертификатын ұтып алу мүмкіндігін алады («Сыйлық»).

4. Акцияға қатысу шарттары:

Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы тиіс:

4.1. Акцияны өткізу кезеңінде samsung.kz ресми интернет-дүкенінде SAMSUNG тауар белгісімен тауар сатып алу: Galaxy S21 FE | S22 | S22+ | S22 Ultra («Тауар») смартфондары.

4.1.1. Акция аяқталғанға дейін Тауарды сатып алуды растайтын Тауардың зауыт орамын және құжаттарды сақтау, сонымен қатар сәйкестендіру үшін сатып алуды растайтын орам мен сәйкес құжаттарды көрсету.  

4.2. Сатып алуды рәсімдеген соң, Қатысушы Сыйлық ұтыс ойынына автоматты түрде қатысады.

5. Сыйлық

5.1.  Акция бойынша Сыйлық номиналы 20 000 (жиырма мың) теңге MonAmie (бірегей промокод) электронды сыйлық сертификаты болып табылады («Сыйлық»);

5.2.  Сыйлық саны шектеулі. Ұйымдастырушы Сыйлық санын өз бетімен анықтау және өзгерту құқығын өзіне қалдарады.

5.3.  Әрбір Қатысушы осы Акцияның шеңберінде 1 (бір) сыйлықтан артық ала алмайды.  

5.4.  Сыйлық саны Қатысушылар санына байланысты, Сыйлықтың      максималды саны Қатысушылар санының 50% аспауы керек.

Сондай-ақ, Сыйлықтар саны 5.2 т. көрсетілгеннен артық болмайды.    

 

5.5.   Samsung x MonAmie электронды сертификатын (бірегей промокод) пайдалану шарттары:

· Сертификаттағы бірегей промокод www.monamie.kz интернет-дүкенінде ғана қолданылады;

· Сертификаттағы бірегей промокод www.monamie.kz интернет-дүкенінде бір рет қана қолданыла алады ;

· Сертификаттағы бірегей промокодпен www.monamie.kz сайтындағы кез келген тауарды төлеуге болады;

· Электронды сыйлық сертификаты (бірегей промокод) жеткізу бағасын қамтымайды. MonAmie тауарларын жеткізу www.monamie.kz сайтында көрсетілген шарттармен және Жеңімпаз бөлек төлейді;

· www.monamie.kz  сайтындағы тапсырысқа тек бір электронды сыйлық сертификаты қолданыла алады (промокод);

· www.monamie.kz сайтындағы тапсырыс бағасы жеткізуді санамағанда электронды сыйлық сертификатының (промокодтың) номиналынан асуы тиіс. Егер тапсырыс сомасы промокод сомасынан аз болса, промокод жұмыс істемейді.

· Сертификат мерзімі – 31.12.2022 жылға дейін.

6.       Акция Жеңімпаздарын анықтау тәртібі

6.1.  Қатысушылар арасындағы Сыйлықтардың ұтыс ойыны – 2022 жылдың  24 наурызы Random.org сайтында («Генератор») қатысушылар тізімінен жеңімпаздарды кездейсоқ анықтау көмегімен өткізіледі.

6.1.1.         Сонымен бірге, Генератор іріктеген қатысушылармен сыйлық табыстау үшін 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаған жағдайға 10 қатысушы резервті тізімге іріктеледі.

6.1.2.         Егер жеңімпаздар тізіміндегі қатысушы 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде байланысқа шықпаса, онда қатысушылардың резервті тізіміндегі бірінші үміткер жеңімпаз болады. Осы ретте резеврті тізім дегеніміз ұтыс ойыны кезінде анықталған (саны 10 адам) әлеуетті жеңімпаздардан тұратын үміткерлер тізімі. Егер осы резервтегі қатысушылар модерациядан өтпеген жағдайда  Ұйымдастырушы Акцияны ешбір қосымша ұтыссыз және резервті тізім қатысушыларына хабарламастан аяқтау шешімін қабылдай алады.

6.2.  Ұтыс ойынының нәтижелері Ұйымдастырушының ресми сайтында https://samsung.com/kz_ru/offer/challenge-dream-without-rules  2022 жылдың 25 наурызынан кешіктірілмей жарияланады, сонымен қатар хабарлама Instagram (@samsungkz) әлеуметтік желісіндегі Ұйымдастырушының ресми парақшасында жариялануы мүмкін.

6.3.  Акция аяқталған соң, Ұйымдастырушы Жеңімпазбен Сыйлық алу нұсқаулығын беру үшін байланысады.

6.3.1.         Ұйымдастырушы Жеңімпаздан келесі мәліметтерді сұрауға құқылы:

1)       Екі жағынан түсірілген жеке куәлігінің көшірмесі — ішкі есептілік үшін.

2)       Нақты мекенжай — Жеңімпаздың мекенжайына сыйлық жолдау үшін.

6.4. Акция шарттарына сәйкес Сыйлық номиналы 20 (жиырма мың) теңгені құрайтын бірегей электронды промокод сертификаты түрінде Жеңімпаз болған қатысушының samsung.kz сатындағы Samsung ресми интернет-дүкенінде тауар сатып алу кезінде көрсетілген нөміріне СМС-жіберілім арқылы 5 (бес) жұмыс күні ішінде табысталады.   

6.5.  Сыйлық саны шектеулі. Сыйлықтар ақша немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Қатысушы Сыйлық алудан бас тарта алады, осы ретте Қатысушыға қандай да бір ақшалай қаражат/өтемақы төленбейді.

6.6.  Сыйлық алу үшін Қатысушы келесі ақпаратты/құжаттарды ұсынады:

1.     Қатысушының жеке куәлігінің көшірмесі;

2.     толтырылған және қол қойылған сыйлықты қабылдау-тапсыру актісі;

3.     Қолындағы Сыйлықпен фотосурет;

4.     Телефонның IMEI  коды стикерімен түпнұсқа қорап.

Сыйлық алғанда тұтынушы сатып алған құрылғысын фото есеп пен қорап ішіндегі IMEI коды бар стикерді реестрмен салыстыру үшін көрсетуге міндетті.                  

Қатысушының жеке куәлігінің деректері сатып алу кезінде көрсетілген деректермен сәйкес болуы тиіс.

6.7. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үмітті бола алмайды:

1.     Акцияның қандай да бір шарттары бұзылса;

2.     сатып алу шарттары бұзылса (соның ішінде жалған деректер берілсе)

3.     қатысушымен байланысу үшін жалған/қате ақпарат берілсе;

4.     егер Ұйымдастырушы Қатысушымен көрсетілген байланыс деректері бойынша 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде  3 реттен артық байланыса алмаса (осы Ережелер бойынша Қатысушымен байланыса алмау Қатысушы көрсеткен телефон нөмірі бойынша  samsung.kz  Сайтында тауар сатып алу кезінде сәтті кіріс қоңырауы жасалғанын білдіреді);

5.     алаяқтық фактілері немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса;

6.     жоғарыда аталған 6.6 т. көрсетілген ақпаратты/құжаттарды ұсынудан бас тартса. 

6.8.  Сыйлықты алуға байланысты туындайтын салықтар мен басқа да төлемдерді Ұйымдастырушы өз бетімен және өз есебінен төлейді.

7. Басқа

7.1. Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлыққа ие болу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе алаяқтық және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады;

7.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіседі. Қатысушы Ережелерді толығымен және/немесе ішінара ұстанудан бас тартқан жағдайда бұл Қатысушының Акцияға қатысудан бас тартуы болып саналады;

7.3.Ұйымдастырушы Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы.  Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;

7.4.Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелде негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды;

7.5.Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының Сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының/Серіктестердің ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды бухгалтерлік және есептік мақсатта пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді;

7.6. Акция барысында Қатысушыдан оны сәйкестендіру және растау үшін жеке куәлігі және оның көшірмесі сұралуы мүмкін;

7.7. Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға /Жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

 

 Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:

8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;

7799 – Қазақстанның кез келген ұялы операторынан қоңырау шалу тегін.