«Halyk Market» ИНТЕРНЕТ-РЕСУРСЫНДА «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС ТАУАРЛАРЫН САТЫП АЛУ-САТУ ТУРАЛЫ ЖАРИЯ ШАРТ («Жария шарт»)

Осы Жария шарт қосылу шарты болып табылады және «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС («Сатушы») және тұтынушы арасында, https://halykmarket.kz адресі бойынша «Halyk Market» интернет-ресурсында, оның ішінде барлық домен деңгейлерінде, сондай-ақ «Halyk Finservice» ЖШС-не («Halyk Market») тиесілі Halyk мобильді қосымшасында орналастырылған Сатушының тауарларына тұтынушы тапсырыс рәсімдеген кезде Жария шартқа қосылуы арқылы жасалады. Тұтынушының Halyk Market-те рәсімдеген және Жария шарттың мәтіні бар SMS-хабарлама алған сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде күші жойылмаған тапсырыс тұтынушының Жария шартқа қосылу туралы өтініші болып саналады. Жария шарттың маңызды талаптары тапсырыста көрсетіледі, ал қалған талапта төменде баяндалған.

 

Тұтынушының Halyk Market қызметін пайдалануына қатысты талаптар мұнда орналастырылған Halyk Market пайдаланушы келісімімен реттеледі. Halyk Market-те SAMSUNG сауда белгісімен орналастырылған Сатушы тауарларын («Тауарлар») сатып алу-сату талаптары Жария шартпен реттеледі.

 

1.          Тұтынушы

 

1.1. Тұтынушы – Halyk Market пайдаланушы келісіміне («Halyk Market пайдаланушы келісімі») сәйкес Halyk Market-те пайдаланушы ретінде тіркелген және Halyk Market-те тапсырыс рәсімдеуТапсырыс») арқылы жеке, отбасылық және кәсіпкерлік қызметпен байланысты емес өзге де мақсаттарда Тауарларды сатып алатын жеке тұлға («Тұтынушы»)

 

1.2. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау

Егер Сіз Тұтынушы ретінде құқықтарыңыз бұзылды деп есептесеңіз, біз Сізге кеңес береміз:

- сілтемеде көрсетілген кез келген байланыс құралы арқылы Колл-орталыққа хабарласыңыз және мәселе туралы бізге айтыңыз, біз Сіздің ізгі ниетіңізді бізге қайтару және қатені түзету үшін бар күшімізді саламыз;

- жақын жердегі тұтынушылар құқығын қорғау қоғамына хабарласыңыз;

- https://e-tutynushy.kz сайтында Тұтынушылардың құқықтарын қорғаудың бірыңғай ақпараттық жүйесіне  хабарласыңыз;

- Teлеграм-бот (kzpp_bot), электронды үкімет порталы, +7 (7172) 75-06-42, 75-16-32, 74-98-32, 74-98-36 жедел желі телефондары арқылы тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі мемлекеттік органдарға хабарласыңыз немесе жазбаша өтініш жазыңыз, сотқа жүгініңіз.

Сатушы Тұтынушының құқықтарын қорғау және Сатушының Тұтынушы алдындағы барлық міндеттемелерін орындауын қамтамасыз ету үшін бар күш-жігерін салады, алайда, кейбір жағдайларда Halyk Market талаптары Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңына қайшы келуі және тіпті бұзуы мүмкін. Бұл жағдайда Сатушы барлық міндеттемелерді өз мойнына алуды жалғастырады және Сатушы ретінде Тұтынушылардың құқықтарын сақтау үшін барлық әрекеттерді орындайды, бірақ Halyk Market үшін жауапкершілікке тартылмайды.

 

1.3. Тұтынушының деректері.  Жария шартты орындау мақсаттары үшін Тұтынушы Halyk Market пайдаланушы келісіміне сәйкес Тапсырыс беру кезінде Halyk Market-ке жеткізу мекенжайы деректерін ұсынады. Тұтынушы өзінің дербес деректерін Сатушыға және оның серіктестеріне беруге, сондай-ақ Halyk Market арқылы Тауарларды сатып алу мақсатында, оның ішінде осы Жария шартты жасасу және орындау үшін оларды өңдеуге келіседі. Тұтынушы берген дербес деректерді өңдеу Сатушының құпиялық туралы ережесіне сәйкес жүзеге асырылады. Сатушы қайта тексермейді және Тапсырыс ақпаратының, соның ішінде Тапсырыста көрсетілген жеткізу мекенжайы немесе байланыс деректерінің шынайылығы мен толықтығы тұрғысынан Halyk Market-ке толығымен сенім артады. Сатушы Тапсырыста берілген ақпаратты пайдалана отырып, өзінің барлық міндеттемелерін орындаған болса, Жария шарттың бұзылуы үшін жауапкершілік көтермейді.

 

 

2.          Сатушы

 

2.1. Продавцом Товаров, приобретенных Тұтынушы Halyk Market-те сатып алған Тауарлардың Сатушысы – «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ), БСН 080840003493, заңды мекенжайы: Қазақстан Республикасы, A05D7M5, Алматы қ., Алмалы ауданы, Желтоқсан к-сі, 115-үй, 3-қабат.

Сатушы Samsung Electronics Co., Ltd компаниялар тобының еншілес ұйымы және Қазақстан Республикасының аумағында SAMSUNG сауда белгісімен тауарлардың ресми импорттаушысы болып табылады.

 

2.2. Halyk Market-те сатып алуға қолжетімді Тауарларды Өндіруші – Samsung Electronics Co., Ltd, бқл ретте олар әртүрлі елдердегі Samsung Electronics зауыттарында шығарылуы мүмкін. Өндіруші зауыттар мен өндіруші елдердің тізбесі Тауар салынған қорапта көрсетіледі. Сатушы Қазақстан Республикасының аумағында Тұтынушылардың шағымдарын қабылдауға және Тауарларды жөндеу мен техникалық қызмет көрсетуге Өндіруші уәкілеттік берген тұлға болып табылады.

 

2.3. Мердігерлер және бизнес-серіктестер ретінде тартылған Сатушының серіктестері:

˗        «Halyk Finservice» ЖШС – Тұтынушыға Halyk Market-те Тапсырыстарды рәсімдеу мүмкіндігін беру, Тұтынушының, Сатушының, серіктес-банкінің арасында өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, Тауарды сатып алуға, Тауарды сатып алу үшін кредит алуға, Тауарды/ақшалай қаражатты қайтаруға байланысты туындаған/туындайтын талаптарды, құқықтар мен міндеттемелерді орындау/сақтау мақсатында аталған тұлғалар арасында байланысты қамтамасыз ету бөлігінде («Halyk Market»),

˗        «Halyk Finservice» ЖШС – Тауарды Тұтынушыға жеткізу бойынша курьерлік қызметтерді көрсету/ Тұтынушы Тауарды қабылдағанға дейін Тұтынушы күшін жойған тиісті сападағы Тапсырыстарды Сатушыға қайтару бөлігінде («Halyk Market курьері»);

˗        «Пони Экспресс» ЖШС – Сатушыға тиісті сападағы Тауарды қайтару бойынша курьерлік қызметтер көрсету бөлігінде («Курьер»);

˗        Авторизацияланған сервистік орталықтар – кепілдікті қызмет көрсету және Сатушының қызметтерін көрсету/жұмыстарын орындау бөлігінде («АСО»), толық тізбесі мұнда берілген:

˗        «ТЕЛЕКОНТАКТ» ЖШС – Сатушының Колл-орталығына қызмет көрсету бөлігінде («Колл-орталық»);

˗        «Метамодель.KZ» ЖШС – SMS-қызметтер провайдері бөлігінде («SMS Провайдер»);

˗        «Қазақстан Халық Банкі» АҚ – Тұтынушы мен Сатушы арасындағы ақшалай есеп айырысуларды жүзеге асыру, сондай-ақ Halyk Market-те Тауарды сатып алу үшін Тұтынушыға кредит рәсімдеу мүмкіндігі бөлігінде («Серіктес банк»);

˗        «Warehouse Operation» ЖШС – Тауарларды қоймалық өңдеу бөлігінде («Қойма»).

 

2.4. Сатушының байланыс деректері, оның ішінде Сатушы Иауарларының сапасына қатысты сұрақтар бойынша:

˗        Колл-орталық (8:00-21:00): 7700 (Қазақстан үшін қоңырау шалу тегін);

˗        Онлайн-чат (9:00-22:00): Samsung Online Store сайтындағы чат;

˗        What’s App, Telegram (9:00-22:00): +7 701 485 38 13;

˗        «Samsung Online Store» - Сатушының интернет-ресурсы,  орналастырылатын сілтемелері: www.samsung.com/kz_ru; www.samsung.com/kz_kz, оның ішінде барлық домен деңгейлері.

 

Тұтынушы Жария шартты жасаса отырып, жалпыға ортақ телекоммуникациялық байланыс арналарын пайдаланатын қатынасу толығымен қауіпсіз емес екенін, деректерді ұстап алудан немесе бұрмалаудан қорғалмағанын түсінеді және тиісті тәуекелдерді өзіне алады.

 

* алдын ала тапсырыс беру/Сатушы өткізетін акциялар кезеңінде Сатушының жұмыс кестесі өзгеруі мүмкін.

 

2.5. Жауапкершілікті шектеу. Сатушы келесі жағдайларда Жария шарттың талаптарын бұзғаны үшін жауапкершілік көтермейді: (1) Halyk Market-тің жұмысқа қабілеттілігіне қатысты себептер бойынша талаптарды орындаудың техникалық мүмкін еместігі, (2) жұмыс жағдайларындағы, Halyk Market пайдаланушы келісіміндегі немесе басқа да Halyk Market құжаттарындағы өзгерістер, (3) Сатушыны Halyk Market-те Сатушы ретінде бұғаттау. Бұл жауапкершілік шектеулері тұтынушылардың құқықтарын және/немесе Тауарлардың сапасын қорғауға қатысты талаптарға қолданылмайды.

 

3.          Halyk Market-тегі тауарлар

 

3.1. Тапсырыс. Тапсырысты Тұтынушы Halyk Market-те рәсімдейді, ол таңдалған Тауарлардан, Тұтынушы көрсеткен жеткізу мекенжайынан, Тұтынушының байланыс деректерінен және таңдалған Тапсырыс ақысын төлеу тәсілінен тұрады. Тұтынушы Жария шарттың мәтініне сілтемесі бар SMS-хабарлама алған сәттен бастап 2 (екі) сағат ішінде күші жойылмаған тапсырыс Тұтынушының осы Жария шартқа қосылу туралы өтініші болып табылады.

 

Тапсырыс рәсімдеу кезінде Тұтынушы осы Жария шарт бойынша құқықтар мен міндеттерді өз атымен алады және жүзеге асырады. Басқа тұлғаның атымен құқықтар мен міндеттерді алуға жол берілмейді.

 

Кәдімгі Тапсырыс. Кәдімгі Тапсырыс деген Тұтынушының Тапсырыстың толық құнын төлеу арқылы рәсімдеген Тапсырысын білдіреді. Бұл жағдайда Halyk Market төлем ережелері қолданылады.

 

Алдын ала тапсырыс. Тұтынушы Сатушыда қоймада жоқ, бірақ таяу уақытта Halyk Market-те тапсырыс беруге болатын Тауарға Тапсырыс рәсімдей алады. Бұл жағдайда жеткізу мерзімі стандартты жеткізу мерзімінен өзгеше болады және Тапсырыс рәсімдеу кезінде мұндай Тауарлар үшін бөлек көрсетіледі.

 

Бөліп төлеу немесе кредит арқылы тапсырыс беру. Тұтынушы Тапсырысты бөліп төлеу немесе кредит арқылы төлем тәсілін таңдай отырып, рәсімдей алады. Бөліп төлеу немесе кредит Тұтынушының тапсырмасы бойынша Halyk Market-те сатып алынған Тауарларды төлеуге ақшалай қарыз сомасын аудару арқылы Серіктес банк ақшалай қарыз беруі түрінде рәсімделеді. Бұл жағдайда Halyk Market төлем ережелері қолданылады.

 

3.1.1. Тапсырыс нөмірі. Тапсырыс нөмірі Тапсырыстың сәйкестендіргіші болып табылады, ол бойынша Тапсырыстың күйін, Тапсырыстың жеткізілуін қадағалауға, сондай-ақ Тапсырыспен әртүрлі, Тұтынушыға қолжетімді әрекеттерді орындауға болады. Тұтынушы Тапсырыс нөмірінің құпиялығын сақтауы тиіс, өйткені Колл-орталыққа хабарласқан кезде Тұтынушы өзінің дербес деректерін және бірегей Тапсырыс нөмірін беру арқылы өз Тапсырысын тексеріп растайды.

 

3.1.2. Тапсырысты қадағалау. Тұтынушы Halyk Market функционалдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Тапсырыстың күйін қадағалай алады.

 

3.1.3. Тапсырыстың күшін жою және одан бас тарту

 

3.1.3.1. Сатушының бастамасы бойынша Тапсырыстың (Тапсырыс бөлігінің) күшін жою

(1) Тапсырыс рәсімделгеннен (Тауар үшін төлем жасалғаннан) кейін Сатушының қоймалық қорларды түгендеу жүйесі тапсырыс берілген Тауардың Қоймада жоқтығын көрсетсе, Сатушы Жария шартты соттан тыс біржақты тәртіппен бұзуға құқылы, бұл туралы ол Тұтынушыны Halyk Market-ке хабарлама арқылы хабардар етеді.

 

(2) Егер Тұтынушы Тауарды қабылдамаса немесе қабылдаудан бас тартса, Сатушы Жария шарттан соттан тыс біржақты тәртіппен бас тартуға құқылы, бұл туралы ол Тұтынушыны Halyk Market-ке хабарлама арқылы хабардар етеді.

 

(3) Сатушы келесіні анықтаған жағдайда:

 

• Тұтынушының SAMSUNG сауда белгісімен сатып алынған Тауарларды үшінші тұлғаларға ақылы түрде сату мақсатында заңсыз әрекеттер жасауы;

• Сатушы өткізетін Промоакциялар ережелерін бұзу арқылы жеңілдіктерді заңсыз алу;

• Тапсырыс рәсімдеу және белгіленген шектеулерді айналып өту мақсатында үшінші тұлғалардың дербес деректерін, жалған дербес деректерді заңсыз пайдалану;

• Тапсырыс рәсімдеу кезінде көрінеу жалған ақпаратты пайдалану (жеткізу мекенжайы, телефон нөмірі, электрондық пошта және т.б.);

• алаяқтық әрекеттердің белгілері бар әрекеттер жасау.

 

3.1.3.2. Тауарды қабылдағанға дейін Тапсырыстың күшін толығымен жою

Halyk Market функционалдық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, Тұтынушы Halyk Market қызметіндегі «Менің тапсырыстарым» бөлімін ашып, қажетті Тапсырысты таңдап, «Тапсырысты күшін жою» батырмасын басу арқылы Тапсырыстың күйі «Сатушы қабылдады» деп өзгергенге дейін кез келген уақытта Тапсырыстың күшін толығымен жоя алады.

 

Тұтынушы Тапсырыстың күйі «Сатушы қабылдады» деп өзгергеннен кейін және «Сатушы берді» күйіне өзгергенге дейін Сатушының Колл-орталығына хабарласу арқылы Тапсырыстың күшін толығымен жоя алады.

 

Тапсырыстың күші жойылған кезде, егер Тауар төленген болса, ақшалай қаражат Тауар Сатушының қоймасына келіп түскен сәттен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде Серіктес банкте ашылған Тұтынушының банктік шотына қайтарылады.

 

3.2. Тауарлар. Тауардың толық сипаттауы мен сипаттамалары Halyk Market-тегі Тауар картасында берілген. Тұтынушы Halyk Market-тегі Тауарлар туралы ақпараттан басқа, Тауардың сипаттауы мен сипаттамалары туралы толығырақ ақпаратты Samsung Online Store сайтындағы ала алады, сілтемесі: https://www.samsung.com/kz_ru/; https://www.samsung.com/kz_kz/.

 

3.2.1. Halyk Market-те Тауарлар сатып ала отырып, Тұтынушы сатып алудан бұрын Тауардың сипаттауымен, жинақталуымен, сертификаттарымен және сипаттамаларымен танысып, Тапсырыста рәсімделген Тауарлардың Тұтынушыға қажетті қасиеттері бар екендігіне көз жеткізгенін растайды.

 

Үлкен өлшемді Тауарды сатып алған жағдайда, Тұтынушыға мұндай Тауар орнатылатын кеңістікті, сондай-ақ мұндай Тауарды орнату орнына барар жолдағы барлық ойықтарды өлшеуге кеңес беріледі.

 

3.2.2. Меншік құқығы және Тауарды жоғалту (бүліну) тәуекелі Тауарды Алушыға (Тұтынушыға) берген (табыстаған) сәттен бастап Сатушыдан Тұтынушыға өтеді

 

3.2.3. Промоакциялар. Сатушы мезгіл-мезгіл, өз қалауы бойынша, акцияда қамтылмаған Тауарларға қолданылатын талаптардан өзгеше арнайы сату жағдайларын белгілеп, акциялар жүргізе алады («Промоакциялар»). Промоакция туралы ақпарат, оның ішінде Промоакцияның толық ережелері Тұтынушыға Samsung Online Store сайтында және Сатушының ресми жария әлеуметтік желілері арқылы беріледі. Промоакция  өткізу кезеңі ішінде Тауарды тек Промоакцияның арнайы талаптары бойынша сатып алуға болады. Промоакция шеңберінде Тапсырыс беру арқылы Тұтынушы олардың талаптарымен келіседі. Промоакция шеңберінде сатып алынған Тауарға қатысты Промоакция ережелерімен реттелмеген бөлігінде осы Жария шарт қолданылады

 

3.2.4. Тауарларды қабылдау, айырбастау және қайтару

Тауар Тапсырысқа толық сәйкес келген жағдайда, Тұтынушы Market-те SMS-хабарлама арқылы алынған бірегей цифрлық кодты Halyk Market курьеріне беруге немесе көлік жөнелтпе құжатына қол қойып, мұндай Тауарды қабылдауға міндетті. Бұл ретте Тұтынушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңында көзделген талаптармен Тауарды айырбастауға және қайтаруға құқылы.

 

 

3.2.4.1. Тауарды қабылдау

Market-те SMS-хабарлама арқылы алынған бірегей цифрлық кодты Halyk Market курьеріне беру немесе көлік жөнелтпе құжатына қол қою Тұтынушының Тауар үлгісі, саны, қаптаманың тұтастығы, жинақталуы, түсі, өлшемі және Тауардың жұмысқа қабілеттілігі бойынша Тауардың Тапсырысқа сәйкестігін тексергенін және Тұтынушы Тауармен бірге қажетті керек-жарақтарды, пайдаланушы нұсқаулығын, кепілдік талонын (кепілдік мерзімі бар болса) және Тауармен бірге жиынтықта келетін басқа да құжаттар мен заттарды алғанын, сондай-ақ Тұтынушыға сатып алынған Тауардың сапасын, жинақталуын, өлшемін тексеруге, оның көзінше Тауардың қасиеттерін тексеруге немесе, бұл Тауардың сипатына байланысты мүмкін емес болмаса, Тауардың дұрыс және қауіпсіз пайдаланылуын көрсетуге құқығы берілгенін білдіреді.

 

3.2.4.2. Тиісті сападағы Тауарды Айырбастау/Қайтару

 

Айырбастау. Тұтынушы тиісті сападағы Тауарды алған күннен бастап күнтізбелік 14 (он төрт) күн ішінде оны басқа мөлшердегі, пішіндегі, габариттегі, түстегі, жинақталудағы және осы тәрізді соған ұқсас тауарға айырбастауға құқылы. Тауар пайдаланылмаған болса (оның ішінде белсенді ету, қосымшаларды орнату жасалмаса), оның тауарлық түрі, тұтынушылық қасиеттері, барлық ішіндегісі бар қаптамасы, пломбалары, жапсырмалары (қорғаныс үлдірлері пломбаларға тең) және орамасы, сондай-ақ фискалдық чек сақталған жағдайда айырбастауға жатады.

 

«Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес, тиісті сападағы SAMSUNG ұялы байланыс абоненттік құрылғысы (ұялы телефон, планшет, e-sim мүмкіндігі бар смарт сағат) айырбастауға (қайтаруға) жатпайды.

 

Тиісті сападағы Тауарды айырбастау келесідей жүзеге асырылады:

 

Тұтынушы тиісті сападағы Тауарды қайтару туралы өтінішті Сатушының Колл-орталығына хабарласып, қажетті құжаттарды, соның ішінде Тауардың фотосуреттерін ұсыну арқылы береді. Сатушы өтінімді қарайды және Сатушы белгілеген мерзімде тиісті сападағы осындай Тауарды қайтару туралы шешім қабылдайды.

 

Қайтару. Тұтынушы сатып алған Тауарды Сатушыға қайтаруға және ақшалай қаражатты қайтарып алуға құқылы. Сатушы Тұтынушы ұсынған Тауардың фотосуреттері негізінде оның тауарлық түрі сақталғаны жайында Сатушыға бағалау (сараптама) жүргізу үшін өтінімді қарайды, содан кейін Сатушы белгілеген мерзімде Сатушы мұндай Тауарды қайтару туралы бұдан әрі шешім қабылдайды.

 

Промоакция шеңберінде сатып алынған, оған сәйкес Тұтынушыға қандай да  бір артықшылықтар, оның ішінде Сатушыдан жеңілдік немесе кез келген басқа артықшылықтар алу құқығы берілген тиісті сападағы Тауарды қайтарған кезде, мұндай артықшылықтар Тауар қайтарылған сәттен бастап жойылады.

 

Сатушы тиісті сападағы Тауарды айырбастау немесе қайтару туралы Тұтынушының өтінімін растағаннан кейін Курьер Жария шарттың «Тауарларды жеткізу ережелері» деген 5-бөлімінде көрсетілген тәртіппен тиісті сападағы Тауарды алуды жүзеге асырады, ал Halyk Market курьері жаңа Тауарды Тапсырысты рәсімдеу және орындау тәртібіне сәйкес жеткізеді.

 

3.2.4.3. Тиісті емес сападағы Тауарды Айырбастау/Қайтару

 

Айырбастау. Тұтынушы Тауардың кемшіліктерін анықтап, кепілдік мерзімі ішінде оны айырбастау туралы талап қойған жағдайда, Сатушы тиісті талап қойылған сәттен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде Сатушының АСО-да Тауардың сапасына қосымша тексеру (сараптама) жүргізгеннен кейін тиісті емес сападағы Тауарды айырбастайды.

 

Егер АСО Тауарға қосымша тексеру (сараптама) жүргізуі нәтижесінде Тауарда кемшіліктердің жоқтығы немесе олар Тауарды Тұтынушыға бергеннен кейін Тұтынушының пайдаланудың, сақтаудың белгіленген ережелерін бұзуы, механикалық зақымдануы немесе үшінші тұлғалардың әрекеттері немесе күші еңсерілмейтін мән-жайлар салдарынан пайда болғаны анықталса, Тұтынушы мұндай қосымша тексеру (сараптама) жүргізудің құнын, сондай-ақ оны жүргізуге байланысты Тауарды тасымалдау шығындарын (қолданылатын болса) төлеуге міндетті.

 

Тиісті емес сападағы Тауар жаңа ұқсас Тауарға, яғни пайдаланылмаған Тауарға айырбасталуы тиіс. Егер Сатушыда талап қою сәтінде айырбастауға қажетті Тауар болмаса, айырбастау талап қойылған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылуы тиіс.

 

Тиісті емес сападағы Тауарды айырбастау келесідей жүзеге асырылады:

 

Тұтынушы тиісті емес сападағы Тауарды қайтару туралы өтінімді Сатушының Колл-орталығына хабарласып, қажетті құжаттарды, соның ішінде Тауардың фотосуреттерін ұсыну арқылы береді. Сатушы Тауардың тиісті емес сапасын растайтын АСО Актісінің (қорытындысының) негізінде өтінімді қарайды және мұндай тиісті емес сападағы Тауарды Сатушы белгілеген мерзімде қайтару туралы шешім қабылдайды.

 

Қайтару. Тұтынушы Тауардың кемшіліктерін анықтап, сатып алынған тиісті емес сападағы Тауар үшін ақшалай қаражатты қайтару туралы талап қойған жағдайда, Сатушы тиісті талап қойылған сәттен бастап күнтізбелік 30 (отыз) күн ішінде, Сатушының АСО-да Тауардың сапасын қосымша тексеру (сараптама) жүргізгеннен кейін Жария шарттың 4.3-бөлімінде белгіленген мерзімде тиісті емес сападағы Тауар үшін ақшалай қаражатты қайтарады.  

 

Егер АСО Тауарға қосымша тексеру (сараптама) жүргізуі нәтижесінде Тауарда кемшіліктердің жоқтығы немесе олар Тауарды Тұтынушыға бергеннен кейін Тұтынушының пайдаланудың, сақтаудың белгіленген ережелерін бұзуы, механикалық зақымдануы немесе үшінші тұлғалардың әрекеттері немесе күші еңсерілмейтін мән-жайлар салдарынан пайда болғаны анықталса, Тұтынушы мұндай қосымша тексеру (сараптама) жүргізудің құнын, сондай-ақ оны жүргізуге байланысты Тауарды тасымалдау шығындарын (қолданылатын болса) төлеуге міндетті.

 

Тиісті емес сападағы Тауарды қайтару келесідей жүзеге асырылады:

 

Тұтынушы тиісті емес сападағы Тауарды қайтару туралы өтінімді Сатушының Колл-орталығына хабарласып, қажетті құжаттарды, соның ішінде Тауардың фотосуреттерін және АСО жүргізген тексеруі туралы Актісін (қорытындысын) ұсыну арқылы береді. Сатушы Тауардың тиісті емес сапасын растайтын АСО Актісінің (қорытындысының) негізінде өтінімді қарайды және мұндай тиісті емес сападағы Тауарды Сатушы белгілеген мерзімде қайтару туралы шешім қабылдайды

 

Егер Тауар бөліп төлеу (кредит) арқылы рәсімделген болса, тиісті емес сападағы Тауарды қайтару кезінде ақшалай қаражат Жария шарттың 4.3-бөлімінде белгіленген мерзімде Тұтынушының есеп айырысу шотына қайтарылады.

 

Промоакция шеңберінде сатып алынған, оған сәйкес Тұтынушыға қандай да  бір артықшылықтар, оның ішінде Сатушыдан жеңілдік немесе кез келген басқа артықшылықтар алу құқығы берілген тиісті сападағы Тауарды қайтарған кезде, мұндай артықшылықтар Тауар қайтарылған сәттен бастап жойылады.

 

3.2.5. Тауарға кепілдікті қызмет көрсету (тауардың кемшіліктерін ақысыз жою)

Тиісті емес сападағы Тауар сатылған Тұтынушы, егер оның кемшіліктерін Сатушы ескертпесе, Тауардың кемшіліктерін ақысыз жоюға (кепілдікті қызмет көрсетуге) құқылы. Сатушының Тауарларына кепілдікті қызмет көрсету АСО-да жүзеге асырылады; мекенжайы мен байланыс деректері бар AСО толық тізбесі мұнда берілген.

 

Тауардың кемшіліктерін жою бойынша өз құқықтарын жүзеге асыру үшін Тұтынушы 7799 телефон нөмірі бойынша Сатушының техникалық қолдау қызметіне хабарласып, шағын өлшемді Тауарға қосымша тексеру (сараптама) жүргізу үшін тізімі мұнда берілген АСО-ға тапсыруы немесе үлкен өлшемді Тауарға қосымша тексеру (сараптама) жүргізу үшін үйіне AСО маманының келуін сұрауы керек. Тиісті емес сападағы үлкен өлшемді Тауарды үйде қосымша тексеру мүмкін болмаса, Сатушы жөндеу үшін АСО-ға дейін және жөндеуден кейін кері қайтуға үлкен өлшемді техниканы тасып шығаруды ұйымдастырады. Мұндай Тауарды тасып шығару күні мен уақытын Тұтынушы АСО-мен келіседі. Тұтынушы мұндай Тауарға кепілдікті жөндеу туралы толық ақпаратты 7799 телефон нөмірі бойынша Сатушының техникалық қолдау қызметіне хабарласып біле алады.

 

Тұтынушының келісімімен Тауарда анықталған кемшіліктерді Сатушы күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде жоюға тиіс. Егер Тауарда анықталған кемшіліктерді жою кезінде олардың мерзімінде жойылмайтыны анық болса, тараптар Тауардағы кемшіліктерді жою мерзімін тағы 10 (он) күнтізбелік күнге ұзартуға келісе алады. Бұл жағдайда Сатушы Halyk Market-те мұндай қайтарудан бас тарту себебін көрсете отырып, «Қайтарудан бас тарту» дегенді көрсетеді.

 

Тауардағы кемшіліктер жойылса, кепілдік мерзімі Тауар пайдаланылмаған уақытқа ұзартылады. Көрсетілген уақыт Тұтынушының кемшіліктерді жою туралы талаппен жүгінген күннен бастап Тұтынушының талабы орындалған сәтке дейін есептеледі.

 

4.          Төлем ережелері

 

4.1. Halyk Market-тегі Тауарлар бағасы Тауарлардың картасында Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы – теңгемен көрсетіледі және барлық қолданылатын салықтарды қамтиды. Halyk Market-те Тапсырысты рәсімдей отырып, Тұтынушы баға жөніндегі ақпарат Тұтынушыға Жария шартқа қосылғанға дейін берілгенін растайды.

 

4.2. Тауарларға ақы төлеу тәртібі. Тауар Тұтынушы тапсырысты рәсімдеген сәтте қоржында көрсетілген баға бойынша Halyk Market функционалдық мүмкіндіктері арқылы онлайн төленуге жатады

 

Тауарға ақы төлеу процесіне барлық шағымдарды, өтініштерді, ескертулерді Тұтынушы Halyk Market-ке жібереді. Тауарларға ақы төлеу тәртібі мен тәсіліне, ақшалай қаражаттың қозғалысына, Тауарларға бөліп төлеуге және кредитке байланысты барлық даулар және ақы төлеудің өзге де талаптары Тұтынушы мен Halyk Market арасында Сатушының қатысуынсыз дербес шешіледі.

 

Halyk Market жауапкершiлiгi мен мiндеттерi заңнамада және Тұтынушы мен Halyk Market арасында жасалған шарттарда көзделген жауапкершiлiкпен шектеледi.

 

Тұтынушының Halyk Market-те хабарлама арқылы алған бірегей цифрлық кодты Halyk Market курьеріне беруі және Тұтынушының Тауарды қабылдауы Сатушының өзіне қабылдаған міндеттерін тиісінше орындау және Тұтынушыдан Тауарға ақы алуын растау сәті болып табылады.

 

4.3. Ақшалай қаражатты қайтару

 

4.3.1. Ақшалай қаражатты қайтаруды Halyk Market Пайдаланушы келісіміне сәйкес Серіктес банк жүзеге асырады. Қайтару мерзімін Серіктес банк дербес айқындайды.

 

5.          Тауарларды жеткізу ережелері

 

5.1. Тауарларды жеткізу. Тауарларды жеткізу Тапсырысты рәсімдеу кезінде Тұтынушы көрсеткен деректерге сәйкес жүзеге асырылады: жеткізу мекенжайы, жеткізу күні мен уақыты. Тауарларды жеткізу мекенжайы бойынша қабылдауды күту уақыты 15 (он бес) минутты құрайды, көрсетілген уақыт ішінде Тұтынушы (алушы) Тауарларды қабылдауға кірісуге тиіс.

 

5.1.1. Алушы. Жалпы ереже бойынша Тұтынушы Тауарларды алушы болып табылады.

 

Егер Тұтынушы өзге тұлғаны Тұтынушының орнына Тапсырыс алуға уәкілеттік берсе (Алушының Тауарды қабылдау (айырбастау/қайтару) жөніндегі әрекеттерін мақұлдаса), Тұтынушы Алушының:
(1) Тапсырысты алуға, жеке басын куәландыратын құжатты ұсынуға, Тұтынушының атынан Тауарды алу және Тауарды Сатушыдан қабылдауды растайтын тиісті құжаттарға қол қою құқығымен «Нотариат туралы» Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес нысан мен мерзім бойынша нотариус берген нотариалды куәландырылған сенімхатты ұсынуға және оны Тауарды алған кезде Halyk Market курьеріне фотосуретке түсіріп алуға рұқсат етуге келісетініне, (2) жеткізу ережелерімен танысқанына және оларды орындауға міндеттенетініне көз жеткізуі тиіс. Алушының деректерін көрсете отырып, Тұтынушы Алушының қажетті келісімін алғанын, оның ішінде оның дербес деректерін жинауға, өңдеуге, сақтауға, беруге, оның ішінде Сатушының және оның серіктестерінің трансшекаралық беруін (қолданылатын жерде) растайды.

 

Алушы Тауарды қабылдау мақсатында Тұтынушының Halyk Market-те SMS-хабарлама арқылы алған бірегей цифрлық кодты Halyk Market курьеріне беруі немесе көлік жөнелтпе құжатына қол қоюы керек.

 

5.1.2. Halyk Market-те рәсімделген Тауарларды жеткізу мекенжайы Қазақстан Республикасының аумағымен және нақты елді мекенімен шектелген. Тауарларды жеткізу мекенжайы Тапсырысты рәсімдеу кезінде не Тапсырыстың күшін жою және Halyk Market-те жаңа Тапсырысты рәсімдеу арқылы көрсетіледі.

 

5.1.3. Жеткізу мерзімі 1 жұмыс күнінен 12 жұмыс күніне дейін. Сатушы ықпал ете алмайтын форс-мажорлық жағдайлар туындаған кезде жеткізу мерзімі Тапсырыста мәлімделген мерзімнен өзгеше болуы мүмкін.

 

Алдын ала тапсырысты жеткізу мерзімі стандартты жеткізу мерзімінен өзгеше болуы мүмкін. Осы мерзім ішінде Колл-орталық Тұтынушымен байланысып және егер Сатушының осындай мүмкіндігі болса, алдын ала Тапсырысты жеткізудің неғұрлым ерте күнін келісуді ұсына алады. Тапсырыс жасалған кезде Тауарды жеткiзу мерзiмi Тапсырыс рәсiмделген күннен кейiнгi күннен бастап есептеледi.

 

Жеткізілгенге дейін күні бұрын Halyk Market курьері жеткізу талаптарын растау мақсатында Тұтынушымен хабарласады, атап айтқанда: мекенжайы, уақыты, Алушының деректері. Halyk Market курьерінің Тапсырыста көрсетілген/Алушымен келісілген мекенжай бойынша күту уақыты 15 (он бес) минутты құрайды.

 

5.2. Тауарды қабылдау. Тұтынушы/Алушы Тауардың сыртқы түрін тексеруге, Halyk Market-те SMS-хабарлама арқылы алынған бірегей цифрлық кодты Halyk Market курьеріне беруге немесе көлік жөнелтпе құжатына қол қоюға және Тауарды қабылдауға міндетті. Егер Тұтынушы/Алушы Тауарларды қабылдаудан бас тартса және бұл ретте бас тарту себебін көрсетпесе, Тауарларды қайтаруға немесе олардан бас тартуға арналған құжаттарға қол қоймаса, онда Тұтынушының/Алушының мұндай мінез-құлқы Тауарларды алудан жалтару болып есептеледі. Мұндай жағдайда Сатушы Тауарды беруден бас тартуға құқылы. Бұл жағдайда Тауар Тұтынушының/Алушының кiнәсiнен жеткiзiлмеген деп есептелетiн болады.

 

Алушы Тауарды қабылдаудан жалтарған кезде Halyk Market курьері Halyk Market-те Тапсырыстың күйін «алушының бас тартуы» деп өзгерте отырып, оның күшін жояды.

 

5.3. Жеткізу тәртібі 

 

1-қадам. Тұтынушы (Алушы) белгіленген уақытта және күні Тапсырысты алу үшін Halyk Market курьерін қабылдайды.

 

2-қадам. Тұтынушы (Алушы) Тауардың қаптамасын бүтіндігіне тексереді және Тауардың қаптамасын ашады. Бұдан әрі, Тұтынушы (Алушы) Тауарды: (i) Тауардың сыртқы зақымдануларының бар-жоғы және жинақталуын тексереді; (ii) Тауардың сериялық (сәйкестендіру) нөмірін, санын, үлгісін (түсін) Тапсырыспен салыстырады; (iii) егер бұл Тауардың сипатына байланысты мүмкін емес болмаса, Тауардың қасиеттерін немесе дұрыс және қауіпсіз пайдаланылуын көрсетілуін тексереді.

 

3-қадам. Тауарларды қабылдауды/бас тартуды рәсімдеу. Тұтынушы (Алушы) Halyk Market-те SMS-хабарлама арқылы алынған цифрлық кодты Halyk Market курьеріне беруге немесе көлік жөнелтпе құжатына қол қоюға міндетті.

 

Жеткізу сәтінде немесе Тауарды алған кезде Тауардан бас тартқан жағдайда Тұтынушы (Алушы) Halyk Market-тегі Тапсырысты Қайтаруды/Бас тартуды рәсімдеуі керек. Бұл жағдайда Тұтынушы/Алушы қабылдамайтын Тауарлар Halyk Market курьеріне қайтарылады.

 

5.4. Тауарды Курьерге тапсыру тәртібі. Тұтынушының талабы бойынша тиiстi сападағы Тауарлар осы Жария шарттың «Тиісті сападағы тауарды айырбастау/қайтару» 3.2.4.2-тармағында белгiленген тәртiппен айырбастауға немесе Сатушыға қайтаруға жатады. Сатушы Тұтынушыдан тиісті сападағы Тауарды қайтару (айырбастау) себебін анықтауға құқылы.

 

Тиісті сападағы Тауарды тапсыруға («Жарамды Тауар») оны Сатушы тексергеннен кейін ғана  қабылдауға болады, ол мыналарды растайды:

˗        Тапсыруға жататын тиісті сападағы Тауар бұдан бұрын Тұтынушыға сатылған, яғни сериялық нөмірін;

˗        Тапсыруға жататын тиісті сападағы Тауар айырбастау (қайтару) туралы өтінім деректеріне сәйкес келеді;

˗        Тиісті сападағы Тауар сақталған тауарлық түрде тапсырылады, оның ішінде пайдалану, кастомизация, механикалық зақымдану, ылғал әсерінің іздері немесе сыртқы жағымсыз әсерлердің өзге де белгілері жоқ, Тауар мен бағдарламалық жасақтаманы орнату және/немесе белсенді ету жүргізілмеген, Тауардың түпнұсқалық қаптамасы (қорғаныш үлдірлері мен стикерлері) сақталған, қаптаманың тауарлық түрі бұзылмаған;

˗        Тиісті сападағы Тауармен бірге аксессуарлар (керек-жарақтар), Тауар жиынтығындағы шығыс материалдар, компоненттер, ілеспе құжаттама және Тауар жиынтығына кіретін бағдарламалық жасақтама және (немесе) каптама тапсырылады.

 

1-қадам. Тұтынушы Сатушының Колл-орталығына жүгіну арқылы тиісті сападағы Тауарды қайтаруға өтінім береді.

 

2-қадам. Тауарды қайтаруға өтінім Сатушы белгілеген мерзім ішінде Сатушының қарауына беріледі.

 

3-қадам. Тиісті сападағы Тауарды тапсырған кезде Тұтынушы жеке басын куәландыратын құжатты ұсынады. Тауарды үшiншi тұлға тапсырған жағдайда, Тұтынушы осындай үшiншi тұлғаны Алушы тәртібімен көрсете отырып, оның деректерiнiң шынайылығы және Тұтынушының мүддесінде және оның атынан Тауарды тапсыру жөнiндегi өкiлеттiктердiң болуы үшiн жауапкершілік көтереді. Курьер тапсыруға жататын Тауардың жарамдылығын тексереді.

 

4-қадам. Тиісті сападағы Тауардың жарамдылығын тексеру оң нәтиже берген жағдайда, Курьер Тауардың сапасына одан әрі қосымша тексеру (сараптама) жүргізу мақсатында Тауарды алып кетуді жүзеге асырады.

 

5-қадам. Сатушы Сатушының белгiленген мерзiмі iшiнде шешiм қабылдайды. Сатушы Halyk Market-тегі функционалдық мүмкіндіктер арқылы тиісті сападағы Тауарды қайтаруды растайды не қайтарудан бас тартады.

 

6.     Тараптардың жауапкершілігі 

 

6.1. Тараптар осы Жария шарт бойынша міндеттемелерді орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына және Жария шартқа сәйкес жауапкершілік көтереді.

 

 

 

6.2. Форс-мажор. Егер мұндай орындамау осындай Тараптың тиісті бақылауына тәуелді емес күші еңсерілмейтін мән-жайлардан туындаған болса, Тараптардың ешқайсысы өз міндеттемелерін орындамағаны үшін екінші Тараптың алдында жауапкершілік көтермейді («Форс-мажор»). Форс-мажорлық мән-жайларға, атап айтқанда, жататындар: мемлекеттік эмбарго, блокадалар, санкциялар, активтерге тыйым салу немесе тоқтатып қою, кез келген елдердің мемлекеттік органдарының немесе халықаралық ұйымдардың Жария шарт бойынша міндеттемелерді орындау мүмкіндігін шектейтін кез келген басқа да іс-әрекеттері, өрттер, жер сілкінісі, су тасқыны, қолайсыз ауа райы жағдайлары және өзге де дүлей апаттар, карантиндер (пандемия), еңбек жанжалдары мен ереуілдер, көтерілістер, дұшпандық әрекеттер, мемлекеттік төңкерістер, азаматтық тәртіпсіздіктер, қарулы жанжалдар, террорлық актілер және жарияланған да, жарияланбаған да соғыс, оның ішінде Ресей Федерациясы, Америка Құрама Штаттары, Франция немесе Қытай аумағындағы немесе олардың арасындағы әскери іс-қимылдар, сондай-ақ Halyk Market тарапындағы техникалық ақаулар. Егер Тараптар күші еңсерілмейтін мән-жайларға байланысты өз міндеттемелерін ішінара немесе толық орындай алмаса, осындай мән-жайларға тап болған Тарап кейіннен, қажет болған жағдайда, Қазақстан Республикасының құзыретті органдары берген растайтын құжаттарды ұсына отырып, мән-жайлардың басталғаны және аяқталғаны туралы екінші Тарапқа дереу хабарлайды. Егер форс-мажорлық мән-жайлар күнтізбелік 90 (тоқсан) күннен астам уақыт бойы жалғасса, Тараптардың әрқайсысы біржақты тәртіппен Шартты орындауды тоқтатуға құқылы. Бұл жағдайда Тұтынушы Сатушының Колл-орталығына немесе Halyk Market арқылы тиісті Тапсырыстың күшін жоюға өтінім беру арқылы Жария шарттан бас тартуға құқылы.  

 

6.3. Егер мұндай залал Тұтынушының/Алушының Тауарды тиісінше пайдаланбауы немесе сақтамауы салдарынан болса, Сатушы Тұтынушыға/Алушыға келтірілген залал үшін жауапкершілік көтермейді.

 

6.4. Сатушы Тауарды жеткізу мерзімдерін бұзғаны немесе Жария шарт бойынша басқа міндеттемелерді тиісінше орындамағаны үшін, егер осылар Тұтынушының Halyk Market-те Тапсырысты рәсімдеу кезінде және оны Тұтынушы нақтылаған/өзгерткен кезде дұрыс емес немесе дәл емес деректер беруі себебінен туындаса, жауапкершілік көтермейді.

 

6.5. Тұтынушы осы Жария шарт шеңберінде ұсынылатын дербес деректердің және өзге де ақпараттың шынайылығы үшін жауапкершілік көтереді.

 

6.6. Тұтынушының тиісті сападағы тауарларды айырбастау, қайтару туралы талаптарын орындау, Кепілдікті қызмет көрсету аясында Тауардағы кемшіліктерді жою, сондай-ақ тиісті емес сападағы Тауарды сатқан жағдайда Тұтынушының талаптарын орындау мерзімін өткізіп алғаны үшін, егер Қазақстан Республикасының заңнамасында өзгеше белгіленбесе, Сатушы Тұтынушының талабы бойынша осындай талап қойылған күннен бастап талаптарды қанағаттандыру күніне дейін әрбір мерзімі өткен күн үшін Тауар құнының 0,1% мөлшерінде, бірақ Тауардың өзінің құнынан артық емес тқрақсыздық айыбын төлейді.

 

7.          Қолданылатын құқық және дауларды шешу тәртібі

 

7.1. Осы Жария шарт, осы Жария шартқа сәйкес туындайтын барлық қарым-қатынастар, сондай-ақ Жария шартты түсіндіру Қазақстан Республикасының қолданылатын құқығына сәйкес жүзеге асырылады.

 

7.2. Тұтынушы өзінің құқықтары мен заңды мүдделері бұзылды деп есептеген жағдайда, Тұтынушы Сатушыға қолына тапсырылатын не табысталуы туралы хабарламасы бар тапсырысты почта жөнелтімі нысанында не  Сатушының электрондық поштасы адресіне жіберілетін кінәрат-талабымен Сатушыға жүгінуге құқылы. Сатушы Тұтынушының кінәрат-талабын оны алған күннен бастап 10 (он) күнтізбелік күн ішінде қарайды және құжатпен негізделген дәлелді жазбаша жауапты береді.

 

7.3. Тұтынушы Сатушының дәлелді жауабымен келіспеген жағдайда, Тұтынушы тұтынушылардың құқықтарын қорғау саласындағы функцияларды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға немесе тұтынушылық дауды сотқа дейін реттеу субъектісіне (Сатушы мен Тұтынушы арасында тиісті жазбаша келісім болған жағдайда ғана), сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

 

8.          Жария шарттың толықтығына, өзгерістер енгізуге және бас тартуға қатысты хат-хабарлар және жалпы талаптар

 

8.1. Осы Жария шартта көзделген жағдайларды қоспағанда, Тараптардың осы Жария шартты орындауы шеңберінде хабарламалармен немесе құжаттармен алмасуға оларды Halyk Market-те интерфейсін пайдалана отырып, Колл-орталық, Halyk Market курьері арқылы немесе хабарламаның/құжаттың бір Тараптан шыққанын және екінші Тарапқа жолданатынын айқындауға болатын осындай хабарламаларды тіркейтін өзге де байланыс құралдары арқылы жіберген/алмасқан жағдайда жол беріледі.   

 

8.2. Samsung Online Store сайтындағы ақпарат, доменнің барлық бөлімдері мен деңгейлерін қоса алғанда, оның ішінде Промоакция ережелері, Құпиялылық саясаты және Жария шарттағы гиперсілтемелер арқылы қолжетімді ережелер (талаптар) Жария шарттың ажырамас бөлігі болып табылады.

 

8.3. Сатушы Жария шарттың талаптарын біржақты тәртіппен мезгіл-мезгіл өзгертуге құқылы. Жария шарт талаптарының өзгерістері Жария шарттың жаңа нұсқасын жаңартқаннан (рәсімдегеннен) кейін расталған барлық тапсырыстарға қолданылады. Осыған байланысты Тұтынушы кез келген Тапсырысты рәсімдеудің алдында Жария шарт талаптарының өзгеруін дербес қадағалауы тиіс.

 

8.4. Сатушы мен Тұтынушы осы Жария шартты орындаудан осы Жария шартта және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда толық немесе бір бөлігінде бас тартуға құқылы.

 

8.5. Halyk Market интернет-ресурсының жұмысына қатысты барлық ақпарат осындай ақпаратты https://halykmarket.kz сайтында және Halyk мобильді қосымшасында орналастыру арқылы Тұтынушының назарына жеткізіледі.

 

8.6. Тұтынушының Halyk Market интернет-ресурсын пайдалану үшін қажетті әрекеттері  https://halykmarket.kz сайтында Halyk мобильді қосымшасында айқындалған әрекеттер жиынтығымен айқындалады.

 

 

9.          Дербес деректер

 

9.1. Тұтынушының (Алушының) дербес деректерін жинау, өңдеу, сақтау және трансшекаралық берудің толық қағидалары осы Жария шарттың ажырамас бөлігі болып табылатын Halyk Market пайдаланушы келісімімен және Сатушының Құпиялылық саясатымен айқындалады.

 

9.2. Сөйлесулерді жазуға және бейне жазуға келісім (қолданылатын жерде). Тапсырысты рәсімдей отырып, Тұтынушы Жария шарттың мақсаттары, қызмет көрсету сапасын жақсарту және тексеру үшін, Жария шартты орындауға қатысы бар оқиғалар мен әрекеттерді тіркеу үшін бір тараптан Тұтынушы мен екінші тараптан Сатушы және/немесе серіктестер арасындағы барлық телефон сөйлесулерін, сондай-ақ бейнежазбаны (фотоға түсіруді) жазуға келісімін береді. Аталған жазбалар осы Жария шартты орындауға байланысты ықтимал талаптарға қатысты талап қою мерзімі ішінде сақталуы мүмкін. Тұтынушы сондай-ақ Сатушы мен Серіктестердің осындай жазбалардың көшірмелерін жасауына, осындай жазбаларды сақтауына, жасалған жазбалардың көшірмелерін Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда Сатушыға және/немесе уәкілетті мемлекеттік органдарға беруіне келісімін береді.

 

9.3. Дербес деректерді беруге келісім. Тұтынушының дербес деректерін жинаудың әрбір жағдайында Сатушы Сатушының Құпиялылық саясатына сәйкес жеке келісім сұрататын болады.

 

9.4. Алушының келісімі. Тұтынушы Алушыны тағайындаған жағдайда, Тұтынушы Сатушы және/немесе серіктестер үшiн осындай келiсiмдi Алушыдан алады. Тауарларды қабылдау туралы құжаттарға қол қоя отырып, Алушы келiсiмдердiң алынғанын және Тұтынушының келiсiмi сияқты талаптармен күшiнде қалатынын растайды. Мұндай жағдайда Сатушы Тұтынушыға және Алушының қол қойған құжаттарына сенім артады және Алушының келісімінсіз Алушының ақпаратының көшірмелерін жинауға, жазуға, сақтауға, беруге жауапкершілік көтермейді.