«AI WINDFREE. Ақылды кондиционер сатып алып, лездік ұтыс ойнына қатысыңыз»
ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ҚАҒИДАЛАРЫ
Осы «AI WINDFREE. Ақылды кондиционер сатып алып, лездік ұтыс ойнына қатысыңыз» жарнамалық акциясына («Акция») қатысу қағидалары «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») мен Акцияға қатысушы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті болып табылады және Акцияға қатысушылардың сайтта келесі адрестер бойынша орналастырылған осы Акция өткізу қағидаларымен («Қағидалар») танысуын және сөзсіз келісуін білдіреді: https://www.samsung.com/kz_kz/ соның ішінде доменнің барлық деңгейлері («Акция сайты»).
1. Жалпы ережелер
1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС, орналасқан мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3-қабат.
1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2026 жылғы 15 сәуірден бастап 31 тамызға дейін (қоса алғанда).
1.3. Акцияны өткізу қаласы: Қазақстан Республикасының барлық қалалары.
1.4. Ұйымдастырушының ресми серіктестері:
• «Arena S» (Арена S) ЖШС – SULPAK;
• «Компания Эврика» ЖШС – EVRIKA;
• «Мечта Маркет» ЖШС – МЕЧТА;
• «Technodom Operator» (Технодом Оператор) АҚ – TECHNODOM;
• SAMSUNG ресми бренд-дүкені, келесі мекенжайлар бойынша орналасқан:
- Қазақстан Республикасы, Атырау қ., Сәтбаев даңғ., 43а, «Infinity mall» СОО;
- Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Самал 2 ықш., 111-үй, «Dostyk Plaza» СОО, 1-қабат.
• Ұйымдастырушының интернет-дүкені https://www.samsung.com/kz_kz/.
2. Акцияға қатысушы
2.1. Акцияға қатысушы тек қана 18 жасқа толған, әрекетке қабiлеттi және осы Қағидалардың барлық шарттарын жеке өзi, өз күшiмен және қаражатымен орындаған, Қазақстан Республикасының резидентi болып табылатын, оның iшiнде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар жеке тұлғалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасының тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматтары бола алады («Қатысушы»).
2.2. Акцияға Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен үлестес тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сондай-ақ Акцияны ұйымдастыруға және өткізуге қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері қатыса алмайды
2.3. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ тіркелу кезінде және өзгеше түрде кез келген ақпаратты (оның ішінде Акцияның сайтында), оның ішінде дербес деректер болып табылатын ақпаратты Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингтік және жаңалықтар таратылуын бақылау, сондай-ақ маркетингтік мақсаттарда өзге де тікелей байланыстарды жүзеге асыру мақсатында Ұйымдастырушыға және ол уәкілеттік берген үшінші тұлғаларға бере отырып, өзінің дербес деректерін мына көлемде жинауға, сақтауға, тапсыруға және өңдеуге, оның ішінде трансшекаралық беруге келісімін береді: орналасқан қаласы, толық Т.А.Ә., жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (жеке куәлігі немесе шетелдіктің тұруға ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық поштасының адресі, тұрғылықты мекенжайы. Келісім сонымен қатар Ұйымдастырушының уәкілетті тұлғаларына/өзге уәкілетті тұлғаларға/үшінші тұлғаларға аталған өңдеу мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады, оған қоса, бірақ олармен шектелмей: алу, жазу, сақтау, нақтылау, пайдалану, тапсыру (оның ішінде қолданылатын заңнамаға сәйкес трансшекаралық беру), алып тастау, жою. Келісім осындай деректер Ұйымдастырушыға берілген сәттен бастап Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында белгіленген тәртіппен осы келісім кері қайтарып алынған сәтке дейін жарамды.
2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, Ұйымдастырушыға фотосуретке түсіруге/бейне түсіруге, өзінің фотосуретімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарды Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында, сондай-ақ бухгалтерлік және есептік есептерді қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, өзге де мақсаттарда сақтауға, пайдалануға, орналастыруға сөзсіз және ақысыз келісімін береді.
3. Акцияны сипаттау
3.1. Осы Қағидаларға сәйкес Қатысушы осы Қағидаларда көзделген барлық шарттарды орындаған жағдайда Ұйымдастырушыдан сыйлықтар ұтыс ойнына қатысу және осы Қағидаларда қарастырылған сыйлықтардың бірін алу мүмкіндігіне ие болады.
4. Акцияға қатысу шарттары
4.1. Акцияға қатысу үшін Қатысушы мынадай іс-әрекеттерді жүзеге асыруы қажет:
4.1.1. Акцияны өткізу кезеңінде Ұйымдастырушының Серіктестерінен немесе Ұйымдастырушының интернет-дүкенінен №1 кестеде көрсетілген тізімдегі SAMSUNG тауар белгісімен WindFree кондиционерлері үлгілерінің бірін («Тауар») сатып алу;
№1 кесте
Атауы |
Үлгісі |
Bespoke AI WindFree™ кондиционер AI cooling + Filter pm 1.0 WI-FI 36 м^2 |
AR80F12CABWNER |
Bespoke AI WindFree™ кондиционер AI cooling + Filter pm 1.0 WI-FI 27 м^2 |
AR80F09CABWNER |
Bespoke AI WindFree™ кондиционер AI cooling + Filter pm 2.5 WI-FI 36 м^2 |
AR70F12C1BWNER |
Bespoke AI WindFree™ кондиционер AI cooling + Filter pm 2.5 WI-FI 27 м^2 |
AR70F09C1BWNER |
72м² Кондиционер WindFree™ AI Cooling + Freeze Wash WI-FI |
AR60F24C1DWNER |
54м² Кондиционер WindFree™ AI Cooling + Freeze Wash WI-FI |
AR60F18C1DWNER |
36м² Кондиционер WindFree™ AI Cooling + Freeze Wash WI-FI |
AR60F12C1DWNER |
27м² Кондиционер WindFree™ AI Cooling + Freeze Wash WI-FI |
AR60F09C1DWNER |
4.1.2. Сатып алуды Акция сайтындағы «АКЦИЯЛАР» бөлімінде осылайша тіркеу:
(1) келесі ақпаратты көрсету: Т.А.Ә., электрондық поштаның дұрыс адресі, телефон нөмірі;
(2) фискалдық чектің фотосуретін немесе скан-көшірмесін сайтта тіркеуге немесе чекті тікелей сайтта сканерлеуге, онда сатып алу күні, Ұйымдастырушының Серіктесінің немесе Ұйымдастырушының атауы және Тауардың тауар позициясы анық бейнеленген барлық ақпарат толық көрсетілуі тиіс. Сондай-ақ сайтта сатып алуды тіркеуге сатып алуды куәландыратын өзге де құжаттар қабылдануы мүмкін, бірақ Ұйымдастырушының ресми Серіктестерінде фискалдық чекті беру нұсқасы көзделмеген жағдайда ғана.
4.1.3. Чектегі барлық деректер оқылатын болуы тиіс, чектің кескіні анық болуы тиіс. Файл түрі: JPEG, JPG, өлшемі 5 Мб астам емес, ажыратымдылығы кемінде 200 (екі жүз) dpi. Фотосуреттер болып табылмайтын кескіндер (скриншоттар, бедерлер, суреттер, компьютерлік графика, фотомонтаж) рұқсат етілмейді. Чектің жоғарғы және төменгі шеттерін қоса алғанда, чек толық фотосуретке түсірілуі тиіс, чектің кескіні қатаң түрде тік бағытталуы тиіс, чекті тік бұрышпен фотосуретке түсіру керек;
4.1.4. Жүктеп салынған чектер оларды жүктеп салған сәттен бастап 1 минут ішінде Акцияның шарттарына сәйкестігін тексеруден (модерациядан) өтеді. Ұйымдастырушы Акцияға қатысуға рұқсат беруден мынадай жағдайларды қоса алғанда, бірақ олармен шектелмей, бас тартуға құқылы:
- Тауар 1-кестенің тізбесіне кірмейді;
- чек оқылмайды немесе толық емес деректерді қамтиды;
- чек бұдан бұрын тіркелген;
- мәліметтердің дұрыс еместігі немесе осы Қағидаларды бұзу белгілері анықталған.
Чекті тексеру нәтижесі бар ақпарат бірден Акция сайтында поп-ап терезе түрінде лезде көрсетілетін болады.
4.1.5. Чектен бас тартылған жағдайда Қатысушыға бас тарту себебі көрсетілген хабарлама жіберілуі немесе көрсетілуі мүмкін.
4.1.6. Чекті сәтті валидациялау жағдайында Қатысушыға чекті сәтті тіркеу туралы хабарлама көрсетіледі.
4.1.7. Егер бір кассалық чек бойынша акциялық Тауардың 1 (бір) бірлігінен артық сатып алу жасалған жағдайда, онда Акцияға қатысу үшін осы чек бойынша тек 1 (бір) сатып алуды пайдалануға болады;
4.1.8. Жүктеп салынған чектерді Акцияны ұйымдастырушыға ұтқан жағдайда көрсету үшін міндетті түрде сақтау қажет;
4.2. Чек расталғаннан кейін Қатысушы виртуалды барабанды іске қосу арқылы Акцияның негізгі механикасына қатысуға мүмкіндік алады.
4.3. Қатысу нәтижесі туралы ақпарат Қатысушыға барабанның айналуы аяқталғаннан кейін көрсетіледі.
4.3. Сыйлықтарды тапсыру осы Қағидаларда белгіленген мерзім ішінде жүзеге асырылады.
Әрбiр айдан соң 14 күн өткеннен кейiн сыйлықтарды қайтаруға және кейiннен жiберуге тексеру үшiн ұтқан Қатысушылармен хабарласады.
Жіберу келесі күндері жүзеге асырылады:
16.05.26 - 15.04.26 – 30.04.26 аралығында жасалған тіркелулер үшін
16.06.26 - 01.05.26 – 31.05.26 аралығында жасалған тіркелулер үшін
16.07.26 - 01.06.26 – 30.06.26 аралығында жасалған тіркелулер үшін
16.08.26 - 01.07.26 – 31.07.26 аралығында жасалған тіркелулер үшін
16.09.26 - 01.08.26 – 31.08.26 аралығында жасалған тіркелулер үшін
5. Сыйлық
5.1. Акцияның негізгі механикасына қатысу нәтижесінде ұтып алуға болатын сыйлықтар келесі санаттарға бөлінеді:
- №2 кестедегі сыйлықтар;
- №3 кестедегі мерч;
- Яндекс Плюс сервистеріне номиналы 20 000 (жиырма мың) теңге промокодтар (бұдан әрі – Промокод).
5.2. Нақты Сыйлық Акцияның механикасына сәйкес кездейсоқ айқындалады.
5.3. Ұтыстың жоқ болуы қарастырылған нәтиже түскен жағдайда Қатысушы Акцияның негізгі механикасы бойынша Сыйлық алмайды.
№2 кесте
Атауы |
Үлгісі |
VS6700 тік шаңсорғышы |
VS20B75ACR5/EV |
280W Bespoke AI тік шаңсорғышы |
VS80F28DGS/EV |
JET 60 тік шаңсорғышы |
VS15A6031R4/EV |
BESPOKE қысқа толқынды пеші |
MS23T5018AG/BW |
311 Л Төменгі мұздатқыш камерасы бар тоңазытқыш |
RB30A32N0SA/WT |
9 КГ Кір жуғыш машина |
WW90DG6U94LKLD |
68 Л Тұмшапеш шкафы |
NV68A1145RK/WT |
Galaxy S25 |
SM-S931BDBBSKZ |
Galaxy S26 Ultra |
SM-S948BLBCSKZ |
Buds 4 Black |
SM-R540NZKACIS |
Galaxy Tab A11+ 128GB (Gray) |
SM-X236BZAASKZ |
Galaxy Tab A11+ 128GB (Silver) |
SM-X236BZSASKZ |
AI 55" Neo QLED теледидары |
QE55QN85FAUXCE |
B сериялы саундбар |
HW-B650F/RU |
№3 кесте
BESPOKE Box |
WindFree™ йогаматы |
WindFree™ сыйлық жиынтығы |
BESPOKE толстовкасы |
5.4. Егер Акцияның негізгі механикасының нәтижелері бойынша Қатысушы:
- 3-кестедегі мерчті ұтып алса; немесе
- сыйлықты ұтып алмаса,
мұндай Қатысушыға қосымша ұтыс ойнына қатысу құқығы беріледі.
5.5. Қосымша ұтыс ойыны 2026 жылғы 16 қыркүйекте Астана қаласы уақытымен сағат
16:00-де Instagram-дағы @samsungkz Samsung ресми аккаунтында трансляция шеңберінде өткізіледі.
5.6. Қосымша ұтыс ойнына қатысу үшiн Қатысушыға Ұйымдастырушы қосымша жеткiзген тәртiппен аталған трансляцияға қосылу керек.
5.7. Қосымша ұтыс ойнының жеңімпаздары рандомайзерді пайдаланумен кездейсоқ түрде анықталады.
5.8. Қосымша ұтыс ойны шеңберінде осы Қағидалардың №4 кестесінде көрсетілген тізбедегі Сыйлықтар ойнатылады.
№4 кесте
Атауы |
Үлгісі |
JET 60 тік шаңсорғышы |
VS15A6031R4/EV |
BESPOKE қысқа толқынды пеші |
MS23T5018AG/BW |
50" QLED теледидары |
QE50Q8FAAUXCE |
Buds 4 White |
SM-R540NZWACIS |
Buds 4 White |
SM-R540NZWACIS |
5.9. Акцияның негізгі механикасы шеңберінде 2-кестедегі немесе Промокодтағы сыйлықты ұтып алған қатысушы қосымша ұтыс ойнына қатыспайды.
5.10. Сыйлықтар саны шектеулі. Сыйлықтар ақша қаражатына немесе өзге де тауарларға айырбастауға жатпайды. Акцияға қатысушы Сыйлықты алудан бас тартуға құқылы, бұл ретте Қатысушыға қандай да бір ақша қаражатын/өтемақы төлеу жүргізілмейді.
5.11. Сыйлықтардың жеңiмпаздары анықталғаннан кейiн Акцияны ұйымдастырушы ұтып шыққан Акцияға қатысушыларды тiркелу кезiнде Қатысушы көрсеткен телефон нөмiрiне қоңырау шалу арқылы хабардар етедi. Егер Акцияны ұйымдастырушы қоңырау шалу басталған сәттен бастап 48 (қырық сегіз) сағат ішінде жеңімпазбен хабарласа алмаса, аталған тұлға тиісті Сыйлыққа құқығынан айырылады және Акцияны ұйымдастырушы мұндай Сыйлыққа өз қалауы бойынша билік етуге құқылы.
5.12. Әрбір Қатысушы Акция кезеңінде сатып алынған әрбір өнім үшін 1 (бір) Сыйлықтан артық емес алуы мүмкін;
5.13. Жеңімпаздардың толық тізімі 2026 жылғы 30 қыркүйектен кешіктірілмей Акция сайтында орналастырылады.
5.14. Сыйлықтың түсі мен үлгісі оның бар-жоғына байланысты және Акция сайтындағы суреттен өзгеше болуы мүмкін;
5.15. Сыйлықтарды жеткізу Ұйымдастырушы Акция жеңімпазын хабардар еткен күннен бастап 30 (отыз) күнтізбелік күн ішінде жүзеге асырылады. Жеткізу Ұйымдастырушының есебінен жүзеге асырылады. Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға жеткізгені үшін қандай да бір ақыны, салықтарды немесе өзге де төлемдерді төлеуді талап еткен жағдайда, мұндай төлемдерді жүзеге асырмаңыз және дереу Ұйымдастырушымен хабарласыңыз. Ұйымдастырушымен төменде осы Қағидаларда, сондай-ақ Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында көрсетілген нөмірлер бойынша хабарласуға болады.
5.16. Акцияны өткiзу кезеңi iшiнде қандай да бiр себептермен тапсырылмаған, оның iшiнде жеңiмпазға оның бас тартуы немесе дұрыс емес мекенжай көрсеткені себебiнен жеткiзiлуi мүмкiн болмаған сыйлықтар талап етiлмеген деп танылады.
5.17. Қағидалар талап етілмеген Сыйлықтарды сақтауды және осы Қағидаларда көрсетілген мерзімдер өткеннен кейін оларды талап ету мүмкіндігін көздемейді. Талап етілмеген Сыйлықтар сақталмайды және оларды Ұйымдастырушы өз қалауы бойынша пайдаланады.
5.18. Сыйлықты жеңiмпазға берген сәттен бастап соңғысы оның кездейсоқ жойылу және/немесе бүлiну қаупiн көтередi.
5.19. Тауар қайтарылған жағдайда Сыйлық қайтарылуға жатады. Қайтару және айырбастау Акцияның сайтындағы Ұйымдастырушының Жария шартына сәйкес реттеледі.
5.20. Ұтқаны туралы хабарланған күннен бастап 2 (екі) күнтізбелік күннен кешіктірмей Жеңімпаз Акцияны ұйымдастырушыға мыналарды беруі керек:
(1) Қатысушының жеке басын салыстырып тексеру үшін жеке басын куәландыратын құжатты;
(2) Сыйлықты жеткізу мекенжайын.
5.21. Жеңімпаздан деректер алғаннан кейін Акцияны ұйымдастырушы Акцияның шарттарына сәйкестікке тексеру жүргізеді:
жеңімпаздың аты тіркелу кезінде көрсетілген деректерге сәйкес келе ме;
жеңімпаз Қазақстан Республикасының азаматы немесе Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар шетел азаматы болып табыла ма;
жеңімпаз Акцияға қатысу сәтінде 18 жасқа толған ба;
Акцияны ұйымдастырушының сұратуы бойынша Тауардың тауар позициясы көрсетілген кассалық чектің бар-жоғы.
5.22. Қатысушы мынадай жағдайларда Акцияға қатысу құқығын жоғалтады және Сыйлық алуға талаптана алмайды:
˗ Акцияның қандай да бір шарттарын бұзған кезде;
˗ Қатысушы шынайы емес/дұрыс емес деректерді ұсынған кезде;
˗ Ұйымдастырушы / серіктес Қатысушымен 48 сағат бойы хабарласа алмайтын болса;
˗ алаяқтыққа әрекет ету немесе өзге де құқыққа қарсы әрекеттер фактілері анықталған кезде.
6. Акцияға қатысушының құқықтары мен міндеттері
6.1. Акцияға қатысушының құқықтары:
˗ Осы Қағидалармен танысу;
˗ осы Қағидаларда айқындалған тәртіппен Акцияға қатысуға;
˗ Акцияны өткізу мерзімдері мен шарттары туралы ақпаратты жария ресурстарда және Акция сайтындағы коммуникация арналарынан алуға;
˗ Акция сайтында осы Қағидалардың өзгергені туралы ақпарат алу;
˗ Акцияны ұйымдастырушы туралы мәліметтер алу;
˗ Қатысушы Акцияның жеңімпазы деп айқындалған кезде осы Қағидаларға сәйкес Сыйлық беруді талап ету.
6.2. Акцияға қатысушының міндеттері:
˗ Қағидаларды сақтауға, оның ішінде осы Қағидаларда белгіленген мерзімде Акцияға қатысуға байланысты барлық іс-әрекеттерді орындауға;
˗ Интернет, телефон және өзге де шығыстарды қоса алғанда (бірақ онымен шектелмей), Акцияға қатысуға байланысты барлық шығыстарды дербес көтеруге;
˗ Осы Қағидаларда және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген өзге де міндеттемелерді атқару.
7. Акцияны ұйымдастырушының құқықтары мен міндеттері
7.1. Ұйымдастырушының құқықтары:
˗ Акцияның сайтында тиісті хабарды орналастыру арқылы Қатысушыны алдын ала хабардар ете отырып, Акцияны өткізу кезеңі ішінде осы Қағидаларды бір жақты тәртіппен өзгерту. Хабардар ету күні – Акцияның сайтында тиісті ақпарат жарияланған күн немесе шарттар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн болады. Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Қатысушы Акцияға қатысудан бас тарту арқылы өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн өткеннен кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келісімі ретінде қаралады;
˗ Осы Қағидаларда көзделген жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды, сондай-ақ мемлекеттік органдарға ұсыну үшін өзге де құжаттарды сұрату;
˗ Ұйымдастырушы Акцияның осы Қағидаларында және ҚР қолданыстағы заңнамасында көзделген барлық құқықтарды пайдаланады;
˗ Қатысушы Қағидалардың 4-бөлімінде көрсетілген барлық шарттарды дұрыс және толық көлемде орындамаған / тиісінше орындамаған жағдайда оны Акцияға қатысуға қабылдамау;
˗ Акцияға қатысушының осы Қағидаларды сақтамау фактісі анықталған жағдайда Акцияның жеңімпазына Сыйлық беруден бас тарту.
7.2. Ұйымдастырушының міндеттері:
˗ Қағидаларды орындау, Акцияны өткізуге байланысты барлық іс-әрекеттерді Қағидаларда белгіленген мерзімде орындау;
˗ Акцияның Қағидаларға сәйкес өткізілуін қамтамасыз ету;
˗ Акцияның Қағидаларын Акция сайтында және таңдалған коммуникация арналары арқылы орналастыру жолымен Акцияға қатысушыларды оны өткізу Қағидалары туралы хабардар етуді қамтамасыз ету;
˗ Акция сайтында чекті валидациялаудан кейін жеңімпаздар болып таңдалған Акция жеңімпаздарына Сыйлықтарды беру.
8. Өзге де шарттар
8.1. Қатысушылар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, сондай-ақ осы Қағидаларда белгіленген құқықтарға ие және міндеттерді атқарады.
8.2. Тауарлардың барлық бағаларын Серіктестер дербес белгілейді.
8.3. Сыйлықтар саны шектеулі және Ұйымдастырушы Акцияға қатысуды тiркеудi бiржақты тәртiппен аяқтауға құқылы.
8.4. Акцияның барлық қатысушылары оған қатыса отырып, Акцияның Қағидаларымен келiседi, оларды ұстануға және орындауға мiндеттенедi. Егер Қатысушы Акцияның қағидаларын бұзған немесе Сыйлық алу үшін алаяқтық және/немесе алдау әрекетін жасаған жағдайда, ол оны алу құқығын жоғалтады.
8.5. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Қағидалармен өзінің сөзсіз келісуін білдіреді. Қатысушының Қағидаларды толық және/немесе бір бөлігін сақтаудан бас тартуы Қатысушының Акцияға қатысудан бас тартуы болып танылады.
8.6. Акция конкурс, лотерея не тәуекелге негізделген өзге де құмар ойын болып табылмайды.
8.7. Ұйымдастырушыға қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға Сапа бөлімінен пікірін алу үшін хабарласуы мүмкін. Қатысушы өз пікірін беруден бас тарта алады.
8.8. Акцияны орындау барысында Қатысушыны сәйкестендіру және растау үшін Қатысушыдан жеке басын куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуі мүмкін.
8.9. Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін бермеуге, сондай-ақ құқыққа қарсы мақсаттарда немесе Акцияға байланысты мақсаттарға сәйкес келмейтін кез келген өзге де мақсаттарда кез келген өзге ақпаратты бермеуге міндеттенеді.
8.10. Акцияны өткiзуге байланысты барлық мәселелер бойынша Акцияны өткiзу қағидаларына сәйкес Ұйымдастырушы қабылдайтын шешiмдер түпкiлiктi деп танылады.
8.11. Акцияны ұйымдастырушы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердегі іркілістердің, зиянды бағдарламалар іс-қимылдарының, сондай-ақ Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешеніне (Интернет-ресурсы) рұқсатсыз қол жеткізуге және/немесе оны істен шығаруға бағытталған үшінші тұлғалардың жосықсыз іс-қимылдарының нәтижесі болып табылатын өз міндеттемелерін орындамағаны не тиісінше орындамағаны үшін жауапты болмайды.
8.12. Ұйымдастырушы Акция шеңберінде өзіне алған міндеттемелерді орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.
8.13. Егер Ұйымдастырушы кез келген уақытта ақылға қонымды және заңды негіздерде Қатысушы жарамсыз, қатысу критерийлеріне сәйкес келмейді, осы Қағидаларды бұзып тұр немесе Ұйымдастырушы қорлайтын, жөнсіз, қорқытатын, заңсыз немесе қандай да бір адамды қорлауға, теріс пайдалануға, қорқытуға немесе кемсітуге бағытталған деп санайтын мінез-құлқын көрсетеді деп анықтаса, онда жарамсыз деп табылған Қатысушы хабардар етілгені, қандай да бір жерде көрсетілгені немесе жарияланғаны мүмкін болса да, Ұйымдастырушы мұндай Қатысушыны шеттету құқығын өзіне қалдырады.
8.14. Егер кез келген тұлға жалған ақпарат берсе, заңсыз құралдармен қатысса немесе сыйлық алу талпынысында өзге түрде осы Қағидаларды бұзушы деп танылса, онда Ұйымдастырушы осы адамды қатысудан шеттете алады және келтірілген залалдың орнын толтыруды талап ете алады.
8.15. Осы интернет-сайт және оның мазмұны тек ақпараттық сипатқа ие және ешқандай жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының ережелерімен айқындалатын жария оферта болып табылмайды. Құрылғылар саны шектеулі.
Акцияға қатысты кез келген сұрақ бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс деректері бойынша хабарласыңыз.
Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:
7700 – Қазақстанның кез келген ұялы операторынан тегін қоңырау шалу.