S Pen

Galaxy Note9 смартфонын айрықша ететін интеллектуалдық құрал

Bluetooth қосулы

Қолыңызда толықтай билік беру үшін түрленген

Алғаш рет S Pen қалам Bluetooth технологиясының қуатын пайдаланып, Galaxy Note9 смартфоныңызды қашықтан басқару құралы ретінде жұмыс істейді. Түймені бір басып, суретке түсіріңіз, слайдтарды ауыстырыңыз және YouTube бейнелерін уақытша тоқтата тұрыңыз немесе жеке басқару элементтерін орнатыңыз.1 S Pen қаламды жай ғана Galaxy Note9 смартфонын қайта салып, небәрі 40 секундтың ішінде 30 минутқа жететін қуат аласыз.2

  • S Pen standing straight up

Дәлдік

Сіздің жалғасыңыз

Сезгіш, икемді және реттемелі S Pen қаламын пайдаланып, сызыңыз, жобалаңыз және идеяларыңызды іске асырыңыз. 0,7 мм жіңішке ұшы және 4096 қысым деңгейлері сызықтардың дәл түсуін қамтамасыз етіп, қаламмен қағазға жазып жатқандай керемет сезім сыйлайды.

S-pen ұшы
0.7мм
Қысым деңгейлері
4096

Камераны қашықтан басқару арқылы ашу

Әр сәтті қайталанбас
етіп түсіру

S Pen қаламының камераны қашықтан басқару мүмкіндігін пайдаланып, фотосуретіңізді жаңа деңгейге шығарыңыз. Енді таймер біткенше үлгеру үшін асығудың, селфи түсіру үшін қолыңызды созудың және топтық селфи түсіру үшін қиналудың қажеті жоқ.1

Презентацияны басқару

Телефоныңызды түртпей-ақ слайдшоуыңызға команда беру

Galaxy Note9 смартфоныңызды Samsung DeX станциясына қосып, презентацияңызды алыңыз да, S Pen арқылы слайдтарды ауыстырыңыз.1, 2 Түймені жай ғана басып, керемет әсер қалдырыңыз.

Таңдаулы қолданбаларыңыз

Қолданба тиімділігін арттыру

Әртүрлі меншікті және басқа өндірушілердің қолданбаларымен S Pen қаламын барынша пайдаланыңыз.3 Галереядағы фотосуреттерден YouTube желісіндегі бейнелерге дейін, стилусты пайдаланып 10 метрге дейінгі қашықтықтан ойнатуға, уақытша тоқтатуға, келесісіне ауыстыруға болады.1 Қосымша басқару үшін меншікті пайдаланушы функцияларын орнатуға болады.

Пайдаланушы параметрлері

Қалауыңызша басқару

Меншікті S Pen функцияларын жасау – оп-оңай, жай ғана Параметрлер опциясына кіріңіз. Камера қолданбасын ашу үшін түймені басып тұру, одан кейін артқы камерадан алдыңғыға ауысу үшін екі рет басу сияқты қолданбаларды қалай басып басқару керектігін таңдаңыз.3

Galaxy Note9 with S Pen settings interface onscreen, showing custom setting options

Жабық экрандағы жазба

Әрқашан дайын

Телефоныңызды блоктан шығармай-ақ, S Pen қаламын шығарып Screen off memo қолданбасын іске қосыңыз және Galaxy Note9 смартфоныңызды ақылды жазба дәптеріне айналдырыңыз. Стиулспен бірдей түспен кез келген уақытта тапсырмалар тізімі не өзіңізге ескертпелер сияқты ойыңызға келгенін жазыңыз. Кейін жазбаңыз қажет болса, оны Always On Display функциясына бекітіңіз немесе Samsung Notes қолданбасынан табыңыз.

Samsung Notes

Қолыңыздағы өнімділік күші

Жұмыстарыңызды жоспарлаудың қарапайым жолымен танысыңыз. Samsung Notes – ойларыңыз бен керемет жоспарларыңызды сақтайтын жеткілікті қуатқа ие қолданба. Screen off memo жазбаларыңыз лезде осы жерде сақталады және кездесу ескертпелерін, жоба сызбаларын не басқа да маңызды идеяларды жылдам топтастыру және алу үшін санаттарды құра аласыз.

Экранда Samsung Notes қолданбасының модельденген кескіні бар Galaxy Note9

Анимацияланған хабарлар

Хабарларыңызды шынайы айрықша ету

AR эмоджи мен S Pen күштерін біріктіріп, чаттарыңызды жандандырады. Өз эмоджиіңізді салыңыз немесе қолмен жазу арқылы ойыңызды білдіріңіз.4

Жоғары жағында мәтін бар, билеп тұрған әйелді көрсетіп тұрған AR эмоджи жапсырмасының модельденген анимациясы.
Simulated animation of an AR Emoji sticker showing a woman dancing with text on top.

PENUP

Шығармашылығыңызға ерік беріңіз

PENUP ауқымды қоғамдастығына қосылып, шығармашылық жағыңызды қанаттандырыңыз. PENUP қолданбасын пайдаланып, анимациялық суреттерді жасаңыз және жариялаңыз. Немесе фотосуретті сызу функциясымен таңдаулы кескіндеріңізді нақыштаңыз.