Galaxy Z Flip


Galaxy Z Flip телефоны өзінің керемет дизайнының арқасында қалтаңызға, сөмкеңізге немесе аксессуарыңызға оңай сыятындай шағын болып бүктеледі.
Бұл жаңа, жиналмалы пішіннің түрі. Шағын, берік және осыған дейін қолыңызда ұстаған телефондардан ерекшеленеді.
*Суреттер иллюстрациялық мақсаттарға арналған.
Бірегей Galaxy Z Flip пішінінің түрі елемеуге келмейтін өзіңіз таңдайтын таңғажайып реңктерге өзгеретін сыртқы келбетпен толықтырылған.
Galaxy Z Flip телефонының Infinity Flex дисплейі — түстердің керемет сапасы мен аздаған көгілдір жарық беретін әсерлі Динамикалық AMOLED дисплейі. Кішірейтілген жақтаулары және науашықтың жоқтығы 6,7 дюйм көлеміндегі керемет кинематографиялық көріністі береді.1
Infinity Flex дисплейі
*Суреттер иллюстрациялық мақсаттарға арналған. *Ашылған кезде негізгі экранның ортасында кішкене қатпар көрінеді, бұл оның табиғи сипаты.
Әлемдегі ең алғашқы жиналмалы әйнегі бар экранды Galaxy топтамасында қарсы алыңыз. Иә, біз жиналмалы әйнек дедік. Samsung компаниясының ең жұқа әйнегінен жасалған және тегіс әрі жалпақ экраны керемет көріністер береді.
Лотус гүлінің гүлденуімен шабыттанып, Hideaway Hinge шарнирі иілу қозғалысын қанағаттандыру үшін дәл біріктірілген, тіпті иілу бұрышын реттеуге мүмкіндік береді. Тазарту технологиясы бүкпелердегі шаң мен кірді кетіреді және стиліңізге сай тегіс етеді.
Емін-еркін бүктеу технологиясы қолыңыздың көмегінсіз бейне чаттар және бұрын қолдан келмейтін селфи суреттерін жасауға мүмкіндік береді. Сонымен бүктеңіз, аударыңыз және тұрғызып қойыңыз. Оны қалай орнатпасаңыз да, телефонда суретке түсіру тәсілін қалпына келтіреді.
*Суреттер иллюстрациялық мақсаттарға арналған.
Galaxy Z Flip телефоны бүктеледі және өзінің позициясын бірнеше бұрышта ұстай алады, осылайша фотосуреттер жайында ой толғандыру үшін адамның қабылдау сезімімен ойнайтын төмен бұрышты таңғажайып кадрларды алуға мүмкіндік береді. Мұны күштің жаңа кейпі деп те атасаңыз болады.
Galaxy Z Flip телефонының камерасы тіпті түнде де күшті түсіреді. Ұсталымы жоғары кадрлардың секундтары жарық іздері бар бейне өнерінің туындысына айналады. Night Hyperlapse режимі штатив ретінде әрекет ететін меін-еркін бүктелумен бірге түнгі түсірілімнің жаңа түрін ұсынады.
Дауыстық қоңырауды Google Duo бейне қоңырауына жаңартыңыз және 10 МП алдыңғы камерамен лезде айқынырақ бейне чат мүмкіндігін байқап көріңіз.
*Суреттер иллюстрациялық мақсаттарға арналған.
*Google Duo — Google LLC сауда белгісі.
Телефонды бүктеген кезде, Flex режимі қолданбаларды теңдей екіге бөледі және басқару элементтерін төменгі жартысына орналастырады, осылайша жоғарғы жартысы көру аймағына айналады.2
*Суреттер иллюстрациялық мақсаттарға арналған.
Қолданбаны бір уақытта екі ашық күйде қолдана отырып деңгейлеңіз. Бірнеше тапсырманы орындау қабілеті Multi Active Window режимі бар үлкен 6,7 дюймдік экранда жақсара түсті.3
Телефон жабық болса да, оны басқару үшін сыртын түртіп, жанап өтіңіз. Мұқаба экранда хабарландырулар дереу шығады және мәтінмәннің үздіксіздігі телефонды ашқан кезде, қолданбаға біртіндеп ауысу үшін хабарландыруды түртуге мүмкіндік береді.
Қос батарея аз кеңістікте энергияны көпке сақтайды, бұл телефонды күні бойы жауып-ашуға мүмкіндік береді. 3300 мАсағ (әдеттегі) қуаттылықпен және жетілдірілген технологиямен жұмыс істейтін Galaxy Z Flip телефонының күні бойы істейтін батареясы әр зарядты барынша пайдалануға мүмкіндік береді.4, 5
*Суреттер иллюстрациялық мақсаттарға арналған.
Buds+ құрылғысын, сағатты және тіпті досыңыздың телефонын зарядтауға болады.6
256 ГБ жадтың көмегімен қолдың көмегінсіз жасалған барлық фотосуреттер мен бейнелерді сақтаңыз.7
Қуатты 7 нм процессор және 8 ГБ оперативті жады кішігірім кідіріспен тікелей трансляцияны, үздіксіз трансляцияны жүргізуге және бірнеше тапсырманы орындауға мүмкіндік береді.
Әрқашан дайын тұратын интеллектуалды көмекшіңіз.8
Bixby өтуАйналаңыздағы әлем туралы ақпарат беру үшін камераңызды интеллектуалды құралға айналдырыңыз.9
Bixby Vision өтуHDR10+ бойынша сертификатталған көру тәжірибесі.
Түстерге әсер етпей-ақ көздің шаршау және ұйқының бұзылу ықтималдығын азайтады.
Телефонды шытынап кетуден қорғауға арналған көп қабатты қорғаныс.
Телефоныңызды құлпын Бетті тану, саусақ ізін сканерлеу немесе PIN коды, өрнек немесе құпия сөз арқылы ашыңыз.10
Бейнені сіз көргендей анық көрсететін жоғары сапалы бейнені жазыңыз.
Фонды бұлдыр етіп, көркем фотосуреттер мен бейнелерге боке әсерлерін қосыңыз.
Экшн түсірілімін жеңілдету үшін, бейнені барынша тұрақтандырады.
12 мегапиксельді және 123 градустық көру өрісі бар фотосуреттер мен панорамалар келесі деңгейге өтеді.
Өзіңізге ұнайтын фотосуреттің түстері негізінде жеке фильтрлеріңізді жасаңыз.
LTE 1,0 Гб/с жылдамдықпен деректерді кідіріспен жүктеуге және жіберуге мүмкіндік береді.11
*Galaxy Z Flip телефонындағы динамикалық AMOLED дисплейі DCI-P3 түс ауқымында 100 пайыз ұялы телефон түс көлемі үшін куәлікпен марапатталды, бұл сіздің суреттеріңіз шайылмайтынын және әр түрлі жарықтық деңгейіне қарамастан сізде анық түстер ие болатынын білдіреді. Дисплей 1100 нитке дейін ең жоғары жарықтыққа қол жеткізе алады, мобильді құрылғы байланысы әсерлі болуы үшін сандық контенттің күңгірт және ашық аспектілері арасындағы контрастты сурет сапасын жақсарту үшін 200000:1 контраст қатынасы арқылы жақсартады.
*SGS, әлемдегі жетекші сертификаттау компаниясы, Galaxy Z Flip телефонының дисплейін көк жарықтың зиянды әсерлерін айтарлықтай азайту мүмкіндігіне байланысты Көзге күтімі үшін куәлікпен марапаттады. Бұл сертификатты www.sgs.com сайтынан табуға болады.
Талғамыңызға сай қаптар арқылы Galaxy Z Flip телефонын жаңа өлшемге шығарыңыз. Былғары қап жұмсақ бұзау терісінен жасалған және бүкпелерді сәнді етіп көрсету үшін жұқа профильге ие.13