«TRADE-IN»
ПРОМОАКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

Осы «Trade-in» промоакциясына («Акция») қатысу ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») мен Акцияға қатысушының арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатыса отырып, қатысушы samsung.com/kz_kz/smartphones/trade-in сайтында («Акция сайты») орналастырылған осы Акция Ережелерімен («Ережелер») келіседі.

АНЫҚТАМАЛАР:

«Trade-in акциясы» Ұйымдастырушының Samsung Online Store-да өткізетін SAMSUNG брендінің Тауарларды ілгері шығару және олардың бөлшек сатылымдарын арттыру бойынша промоакциясын білдіреді. Оның барысында Акцияға Қатысушы өзінің құрылғысын Серіктеске сату және Акция Сайтында жарияланған «Trade-in» промоакциясының осы Ережелерінде анықталатын тәртіппен және талаптармен Samsung Online Store-да Тауар сатып алуға жеңілдік алу мүмкіндігін алады;

«Құрылғының төлеп алу құны» Серіктес Құрылғыны Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Акциясының шеңберінде Қатысушыдан сатып алу кезіндегі Құрылғы құнын білдіреді;

«Грейдинг» осы Ережелерге Қосымшада көрсетілген Серіктестің санаттары бойынша Құрылғының жай-күйін бағалау нәтижесін білдіреді және ол Қатысушының Құрылғының Төлеп алу құнын есептеу кезінде қолданылады;

«Құрылғыны Төлеп алу шарты» Серіктестің Құрылғыны Қатысушыдан төлеп алуы кезінде негіз болатын және Серіктестің Trade-in Жеңілдігі жағынан Құрылғының Төлеп алу құнын беруді ұйымдастыру міндетін, сондай-ақ Қатысушының Флагманды алу кезінде Құрылғы(лар)ны Курьерге беру міндетін белгілейтін шарт;

«Мульти Trade-in» Ұйымдастырушының Samsung Online Store-да өткізетін SAMSUNG брендінің Тауарларды ілгері шығару және олардың бөлшек сатылымдарын арттыру бойынша промоакциясын білдіреді. Оның барысында Акцияға Қатысушы бірмезгілде Серіктеске 10 (он) құрылғыға дейін сату және Акция Сайтында жарияланған «Trade-in» промоакциясының осы Ережелерінде анықталатын тәртіппен және талаптармен Samsung Online Store-да Тауар сатып алуға жеңілдік алу мүмкіндігін алады;

«Trade-in серіктесі» Ұйымдастырушының Құрылғы(лар)ды қашықтықтан диагностикалау, бағалау және Тұтынушылардан Мульти Trade-in Акциясы бойынша төлеп алу үшін жауап беретін серіктесін білдіреді және, өз кезегінде, оған Ұйымдастырушы Мульти Trade-in Акциясы бойынша Қызметтерді көрсетеді;

«Самсунг жария шарты» Samsung Online Store-да орналастырылған және Ұйымдастырушы мен Қатысушының арасындағы Флагманды, соның ішінде Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Акцияларының шеңберінде сатып алу жөніндегі өзара қатынастарды реттейтін Тауарларды сатып алу-сату бойынша қосылу шартын білдіреді;

«Самсунг жеңілдігі» Ұйымдастырушының Қатысушыға Samsung Online Store-дан Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Акциясы бойынша Флагман сатып алуға беретін және мөлшері Флагманның моделіне байланысты жеңілдігін білдіреді;

«Trade-in жеңілдігі» Ұйымдастырушының Қатысушыға Флагманды Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Акциясы бойынша сатып алу кезінде беретін жалпы жеңілдік сомасын білдіреді, оған: (1) Құрылғының Төлеп алу құнының, және (2) Ұйымдастырушы Жеңілдігінің сомасы жатады;

«Тауар» - Samsung Online Store-да жарияланған SAMSUNG брендінің/тауар белгісінің тауарларын/өнімдерін білдіреді.

«Құрылғы» Қатысушының Серіктеске Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Промоакциясының шеңберінде сататын, бұрын пайдаланылған (қолданыста болған) құрылғыны білдіреді;

«Қатысушы» Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Промоакциясына қатысатын және Тrade-in және/немесе Мульти Trade-in Промоакциясының Ережелерінде осындай Қатысушыға қойылатын талаптарға сай келетін тұтынушыны білдіреді;

«Флагман» Ұйымдастырушының Қатысушыға Trade-in және/немесе Мульти Trade-in Промоакциясының шеңберінде Trade-in Жеңілдігімен өткізілетін Тауарды білдіреді;

«Samsung Online Store» келесі сілтемелер бойынша орналасқан Ұйымдастырушының интернет-ресурсын білдіреді: www.samsung.com/kz_kz, соның ішіне доменнің барлық деңгейлері кіреді, немесе Ұйымдастырушының (бағдарламалық жасақтама) ұялы қолданбасында Тауарлар туралы ақпарат беру және тұтынушыларға Тауарларды бөлшектеп сатуға арналған платформа ретінде жұмыс істейді.

1. Жалпы шарттар

1.1. Акцияның сипаттамасы: осы Ережелерге сәйкес Акцияны өткізу мерзімінің ішінде Акцияға Қатысушының қолданыста болған құрылғысын («Құрылғы») Ұйымдастырушының серіктесі - «Telekominvest Kazakhstan (Телекоминвест Қазақстан)» ЖШС-не («Серіктес») кейіннен Ұйымдастырушының келесі тауарларының бірін жеңілдікпен сатып ала отырып, сату мүмкіндігі бар:

1.2. SAMSUNG Galaxy A25/ Galaxy A35/ Galaxy A55/ Galaxy M15/ Galaxy S24 FE / Galaxy S24 / S24+ / S24 Ultra / Galaxy S25 / S25+ / S25 Ultra / Z Flip 6 / Z Fold 6 / Tab S9 / Tab S10+ / Tab S10 Ultra / Watch 7/ Buds3 / Buds 3 Pro («Флагман»).

Акцияны өткізу мерзімі: 2025 жылғы 22 қaңтардан бастап 2025 жылғы 31 тамызға дейін (қоса алғанда), Алматы қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін.

1.3. Акцияны өткізу аумағы: Алматы, Астана, Ақтөбе, Шымкент, Талдықорған, Орал, Қостанай, Ақтау, Өскемен, Павлодар, Атырау, Боралдай, Өтеген Батыр (Алматы облысы), Абай ауылы (Алматы облысы), Бесағаш ауылы (Алматы облысы), Қарағанды, Көкшетау, Қызылорда, Петропавловск, Рудный, Семей, Тараз, Теміртау, Екібастұз.

 

2. Акцияға қатысушы

2.1. 18-ге толған, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, сондай-ақ тұруға ықтиярхаты бар, Акцияның шарттарын орындаған тұлғалар Акцияға Қатысушылар («Қатысушы») бола алады.

2.2. Қатысушы төмендегі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айрылады:

• Акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;

• өзінің анық емес немесе қате деректерін берсе;

• Ұйымдастырушы немесе Серіктес алаяқтық әрекеті немесе басқа заңсыз іс-қимылдар фактілерін анықтаса.

2.3. Акцияны орындау барысында қатысушы жеке басын куәландыратын құжатты, Флагман сатып алуға чекті ұсынады, мұндай құжаттардың көшірмелерін және Флагманның сәйкестендіру деректерін беруге келісімін береді.

2.4. Акцияға қатыса отырып, Акцияға Қатысушы Ұйымдастырушы мен Серіктеске Акцияға қатысушының дербес және жеке деректерін Акцияның өткізілуін бақылау мақсатымен келесі көлемде: ТАӘ, телефон нөмірін, электрондық пошта мекенжайын, Флагманның ІМЕІ-кодын/сериялық нөмірін, сондай-ақ жарнамалық, маркетингтік және жаңалықтары бар хат-хабарларды жіберу үшін, сонымен қатар маркетингтік мақсаттарда басқа да тікелей байланыстарды жүзеге асыру үшін, сондай-ақ қызмет көрсету сапасын бақылау мақсатында ТАӘ мен телефон нөмірін жинауға, сақтауға, өңдеуге, табыстауға, соның ішінде трансшекаралық беруге өзінің шартсыз келісімін береді. Келісім көрсетілген өңдеу мақсаттарына жету үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлерінде, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, алу, жазу, сақтау, нақтылау, пайдалану, беру (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беру), жою, өшіру, соның ішінде басқа тұлғалардың, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, атап айтқанда, «Cheil Kazakhstan» (Чейл Қазақстан) ЖШС-ң және басқа да Ұйымдастырушы уәкілеттік берген тұлғалардың аталған әрекеттерді жасауы кезінде қолданылады. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап осы келісімді кері қайтарып алу сәтіне дейін қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен қолданылады.

3. Акцияның механикасы.

3.1. Акция бойынша Флагманды сатып алуды рәсімдеу кезінде Қатысушы төмендегі екі бөліктен есептелетін Акция бойынша Trade-in Жеңілдігінің («Trade-in жеңілдігі») мөлшерін шамалап есептеу үшін Samsung Online Store-да орналастырылған тапсырыс нысанының жолдарын толтырады:

(1) Ұйымдастырушының жеңілдіктері;

(2) Құрылғының төлеп алу құны.

Құрылғының төлем алу құны Құрылғының жай-күйіне және оның бағалануына Выкупная стоимость Устройства зависит от состояния и оценки Устройства («Грейдинг») байланысты. Оны Серіктес Құрылғының алдын ала тиісінше визуалды диагностикалағаннан кейін Серіктес анықтайды. Құрылғының төлеп алу құнын Қатысушы Құрылғы туралы деректер, оған қоса, бірақ онымен шектелмей, Құрылғының ІМЕІ коды немесе сериялық нөмірі, атауы, жады көлемі Samsung Online store-да көрсетілген жағдайда анықтайды. Қатысушы Құрылғының жоғары сападағы 4 (төрт) дана фотосуретін ұсынуға міндетті. Олар Серіктестің Құрылғының тиісінше визуалды диагностикалауы үшін қажет. Қажет болған жағдайда Серіктес Қатысушыдан Құрылғы туралы қосымша деректерді Samsung Online store-да Серіктестің онлайн-чатының көмегімен сұратады.

Құрылғының төлеп алу сомасы және Самсунгтың жеңілдігі Samsung Online store сайтында Флагманды Акция бойынша сатып алуды рәсімдеу барысында көрсетіледі.

3.2. Қатысушыдан Құрылғы туралы деректерді алған соң Серіктес төмендегі санаттар бойынша талаптарды сақтай отырып Ережелерге №1 Қосымшаға сәйкес Грейдинг береді:

˗ Мінсіз күйде (Grade-A+);

˗ Тамаша күйде (Grade-A);

˗ Жақсы күйде (Grade-B);

˗ Функционалдық күйінде (Grade-C);

˗ Зақымдалған күйде (Grade-D);

˗ Сыни күйде (Grade-E).

3.3. Қатысушы Серіктеске Акция бойынша Trade-in Жеңілдігімен Флагманды кейіннен сатып ала отырып бірмезгілде 10 (онға) дейiн Құрылғыны сатуға құқылы. Мұндай жағдайда Флагманға Trade-in Жеңілдігі Құрылғыны Төлеп алу Шарты бойынша Құрылғылардың Төлеп алу құндарын және Ұйымдастырушының Жеңілдіктерін білдіреді.

3.4. Құрылғының кез-келген санаттарында зауыттық қаптамасы, толығымен немесе ішінара аксессуарлар жиынтығы болмауы мүмкін.

3.5. Грейдингке сәйкес Серіктес Қатысушыға Құрылғының Төлеп алу құнын ұсынады және Қатысушы Төлеп алу құнымен келіскен жағдайда Серіктес Қатысушымен Trade-in Жеңілдігін Ұйымдастырушының ұсынуы түрінде Төлеп алу құнын төлеу туралы шартты көрсете отырып, Samsung Online Store-да Құрылғыны Төлеп алу шартын жасасады.

3.6. Флагмандарға алдын-ала тапсырыс беру кезінде Акция талаптарын қолданған жағдайда Құрылғыны Төлеп алу шартын рәсімдеу және Құрылғыны алу Акция бойынша Флагманды стандартты сатып алуға қарағанда ұзағырақ кезеңнің ішінде жүзеге асырылады. Флагманды алдын-ала тапсырыс беру бойынша алған кезде Құрылғының жай-күйі сай болмаған жағдайда Серіктестің Құрылғыға қайтадан Грейдинг жасауға құқығы бар.

3.7. Құрылғыны қабылдауды Серіктестің атынан «Пони Экспресс» ЖШС курьерлік компаниясы («Курьер») Құрылғыны алғаннан кейін Курьер Қатысушыға көрсететін экспедиторлық қолхат бойынша Серіктестің атынан жүзеге асырады.

3.8. Құрылғыны табыстау кезінде Қатысушы Құрылғыны бұғаттан шығарады, деректерді базалық теңшелімдерге дейін арылтады, барлық аккаунттар мен қосымшалардан (с.і. Google, Samsung Account, Apple ID және т.б.) шығады, сондай-ақ Құрылғыдағы барлық жеке, дербес, байланыс деректерін, есеп жазбаларын, жұмыс материалдарын, бейнежазбалар мен кескіндерді, хат-хабарламаларды, құжаттарды, дыбыстық файлдарды және басқа да құпия деректерді («Қорғалған деректер») өшіреді.

3.9. Қатысушының Құрылғысын қабылдау кезінде Курьер Қатысушының бұрын мәлімдеген деректері, Samsung Online Store-да Құрылғыны диагностикалау кезіндегі Грейдингі бар Құрылғы деректерін тексереді, және Құрылғы талаптарға сай болған жағдайда Курьер Құрылғыны қабылдайды. Құрылғы тапсыруға жарамды болып танылған және Курьерге берілген жағдайда Флагман Қатысушыға беріледі.

3.10. Қатысушы Құрылғыда қандай да бір Қорғалған деректердің болмауын растайды және оған кепілдік береді және Қорғалған деректердің берілуі мен тиісінше таратылмауының, сондай-ақ осындай деректерді үшінші тұлғалардың рұқсатсыз пайдалануының салдары үшін толық жауапкершілік көтереді. Ұйымдастырушы, Серіктес және Акцияны ұйымдастыруға тартылған басқа тұлғалар Құрылғыдағы Қорғалған деректердің тиісінше жойылу немесе тарату фактісін тексеру, сондай-ақ Қатысушының Қорғалған деректерді жою бойынша міндеттемелерін тиісінше орындамау салдары үшін жауапкершілік көтермейді.

3.11. Құрылғыны табыстау кезіндегі маңызды шарт Қатысушының Құрылғыны беруінің заңдылығы туралы шарт болып табылады, осылайша Қатысушы төмендегідей Құрылғыны табыстап жатқанын растайды:

(i) қатысушының меншігі болып табылады немесе оны Қатысушыға Құрылғыны Ұластыру шарты бойынша иелік ету, табыстау құқығын беретін басқа заңды негіздермен сатып алынған, сондай-ақ үшінші тұлғалар тарапынан ауыртпалық салынбаған;

(ii) түпнұсқалық құрылғы болып табылады және оны қатысушы Еуразиялық экономикалық одақтың (ЕАЭО) аумағында заңды тұлға – тиісті брендтің өнімінің ресми дистрибьюторынан немесе тиісті бренд өнімін өндіруші сауда серіктесінен сатып алған (тиісті дистрибьюторлар мен сауда серіктестері туралы ақпарат тиісті бренд өнімін өндірушінің сайтында орналастырылған). Егер Құрылғы ЕАЭО аумағынан тыс жерде сатып алынған және ЕАЭО-на әкетілген болса, Акцияға қатысушы Құрылғыны ЕАЭО аумағына жеке пайдалануға арналған тауар ретінде әкелінгенін және оның ЕАЭО пен ҚР кедендік заңнамасында белгіленген барлық ережелерді сақтағанын растайды;

(iii) табыстау күні жұмыс істеп тұрған Құрылғы болып табылады, Құрылғының бағдарламалық жасақтамасы өзгертілмеген немесе басқа жолмен қайта өңделмеген, тиісті лицензиялық келісімді бұза отырып өзгертілмеген;

3.12. Құрылғы заңсыз табысталған жағдайда Қатысушы Құрылғыны бұлай пайдаланғаны үшін толық жауапкершілік көтереді және Ұйымдастырушы мен Серіктесті кез-келген шағымдардан қорғайды. Қатысушы Серіктеске Samsung Online Store-да Құрылғыны алдын-ала визуалды диагностикалау кезінде Акцияға Қатысушыға белгілі болған Құрылғының барлық ақаулары туралы хабарлауға міндетті.

3.13. Акция бойынша тиісті сападағы Флагманды сатқан және Ұйымдастырушының Авторландырылған Сервис Орталығынан техникалық жай-күй туралы қорытынды алған жағдайда Ұйымдастырушы «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес қатысушының алдында жауапкершілік көтереді.

Бұл ретте Қатысушының Флагман үшін төлеген ақшаны қайтарған жағдайда Серіктес сатып алған Құрылғы үшін Қатысушыға өтемақыны Ұйымдастырушы немесе Серіктес төмендегілерге байланысты өтейді:

(1) егер Серіктес Флагманды қайтарған сәтте Ұйымдастырушыға көрсетілген қызметтер үшін сыйақы төленбеген болса, онда Серіктес Құрылғы үшін Қатысушыға ақшала өтемақыны Құрылғыны тексергеннен кейінгі 10 жұмыс күннің ішінде төлейді;

(2) егер Серіктес Флагманды қайтарған сәтте Ұйымдастырушыға көрсетілген қызметтер үшін сыйақы төленген болса, Ұйымдастырушы Құрылғы үшін Қатысушыға ақшалай өтемақыны 14 жұмыс күннің ішінде төлейді;

(3) егер Флагман үшін төлемді Курьер қабылдаған болса, Қатысушыға ақша қаражаттарын Курьер Флагман үшін берілген фискалдық чек бойынша қайтарады;

(4) егер Флагман бөліп төлеу тәсілімен рәсімделген болса, Қатысушыға ақша қаражаттары тапсырыстың мәртебесіне қарай қайтарылады, бұл ретте Тауар үшін Қатысушыға ақшалай өтемақыны Самсунг өтейді.

3.14. Құрылғының нақты жай-күйі бұрын мәлімделген деректер мен Грейдингке сай болмаған жағдайда Серіктес Қатысушыға Акция бойынша Құрылғыны қабылдаудан бас тартатыны туралы мәлімдеу құқығын өзіне қалдырады;

3.15. Серіктес құқылы:

(1) әр модель бойынша белгіленген көлемде Құрылғыларды қабылдауға лимит белгілеуге;

(2) Құрылғылардың белгілі бір моделі бойынша қабылдаудан лимитке жеткен жағдайда Құрылғыларды қабылдауды тоқтатуға.

3.16. Ұйымдастырушы мен Қатысушының өзара қатынастары Samsung Online Store-ң Жария шартымен реттеледі және төмендегілермен шектеледі:

(1) Акция бойынша Trade-in Жеңілдіктерін берумен;

(2) Құрылғыны Төлеп алу шартымен байланысты Серіктес (сатушы) мен Қатысушының (сатып алушы) қатынастарымен;

(3) Флагманның сапасы мен оған кепілдік қызмет көрсету мәселелерімен. Ұйымдастырушы Қатысушыға Акция талаптарының жеткізілуі үшін жауап береді;

(4) Samsung Online Shop-ң техникалық қолдау мүмкіндіктерімен.

3.17. Trade-in қорытынды жеңілдігі таңдалған тауар бағасының 99% (тоқсан тоғыз пайызынан) аспайды.

4. Құрылғыларға қойылатын талаптар

4.1. Акция келесі Құрылғыларға қатысты қолданылады:

Смартфондар:
 

Samsung:

Apple: 

Google pixel: 

 Samsung Galaxy A12 128 

 Apple iPhone X 64 

 Google Pixel 7a 128 

 Samsung Galaxy A12 32 

 Apple iPhone Xr 64 

 Google Pixel 7 128 

 Samsung Galaxy A12 64 

 Apple iPhone Xs 64 

 Google Pixel 7 256 

 Samsung Galaxy A13 128 

 Apple iPhone Xr 128 

 Google Pixel 7 Pro 128 

 Samsung Galaxy A13 32 

 Apple iPhone X 256 

 Google Pixel 8a 128 

 Samsung Galaxy A13 64 

 Apple iPhone Xr 256 

 Google Pixel 7 Pro 256 

 Samsung Galaxy A14 128 

 Apple iPhone Xs 256 

 Google Pixel 8a 256 

 Samsung Galaxy A14 64 

 Apple iPhone Xs 512 

 Google Pixel 8 128 

 Samsung Galaxy A15 128 

 Apple iPhone Xs Max 64 

 Google Pixel 7 Pro 512 

 Samsung Galaxy A15 256 

 Apple iPhone Xs Max 256 

 Google Pixel 8 256 

 Samsung Galaxy A16 128 

 Apple iPhone Xs Max 512 

 Google Pixel 8 Pro 128 

 Samsung Galaxy A16 256 

 Apple iPhone 11 128 

 Google Pixel 8 Pro 256 

 Samsung Galaxy A17 128 

 Apple iPhone 11 256 

 Google Pixel 8 Pro 512 

 Samsung Galaxy A17 256 

 Apple iPhone 11 64 

 Google Pixel 8 Pro 1024 

 Samsung Galaxy A22 128 

 Apple iPhone 11 Pro 256 

 Google Pixel 9 128 

 Samsung Galaxy A22 64 

 Apple iPhone 11 Pro 512 

 Google Pixel 10 128 

 Samsung Galaxy A23 128 

 Apple iPhone 11 Pro 64 

 Google Pixel 9 256 

 Samsung Galaxy A23 64 

 Apple iPhone 11 Pro Max 256 

 Google Pixel 9 Pro 128 

 Samsung Galaxy A24 128 

 Apple iPhone 11 Pro Max 512 

 Google Pixel 9 Pro 256 

 Samsung Galaxy A25 128 

 Apple iPhone 11 Pro Max 64 

 Google Pixel 10 256 

 Samsung Galaxy A25 256 

 Apple iPhone 12 128 

 Google Pixel 9 Pro 512 

 Samsung Galaxy A26 128 

 Apple iPhone 12 256 

 Google Pixel 9 Pro XL 128 

 Samsung Galaxy A26 256 

 Apple iPhone 12 64 

 Google Pixel 9 Pro 1024 

 Samsung Galaxy A32 128 

 Apple iPhone 12 mini 128 

 Google Pixel 9 Pro XL 256 

 Samsung Galaxy A32 64 

 Apple iPhone 12 mini 256 

 Google Pixel 9 Pro XL 512 

 Samsung Galaxy A33 128 

 Apple iPhone 12 mini 64 

 Google Pixel 9 Pro Fold 256 

 Samsung Galaxy A33 256 

 Apple iPhone 12 Pro 128 

 Google Pixel 9 Pro XL 1024 

 Samsung Galaxy A34 128 

 Apple iPhone 12 Pro 256 

 Google Pixel 10 Pro 128 

 Samsung Galaxy A34 256 

 Apple iPhone 12 Pro 512 

 Google Pixel 9 Pro Fold 512 

 Samsung Galaxy A35 128 

 Apple iPhone 12 Pro Max 128 

 Google Pixel 10 Pro 256 

 Samsung Galaxy A35 256 

 Apple iPhone 12 Pro Max 256 

 Google Pixel 10 Pro XL 256 

 Samsung Galaxy A36 128 

 Apple iPhone 12 Pro Max 512 

 Google Pixel 10 Pro 512 

 Samsung Galaxy A36 256 

 Apple iPhone 13 128 

 Google Pixel 10 Pro XL 512 

 Samsung Galaxy A52 128 

 Apple iPhone 13 256 

 Google Pixel 10 Pro 1024 

 Samsung Galaxy A52 256 

 Apple iPhone 13 512 

 Google Pixel 10 Pro XL 1024 

 Samsung Galaxy A53 128 

 Apple iPhone 13 mini 128 

 Google Pixel 10 Pro Fold 256 

 Samsung Galaxy A53 256 

 Apple iPhone 13 mini 256 

 Google Pixel 10 Pro Fold 512 

 Samsung Galaxy A54 128 

 Apple iPhone 13 mini 512 

 Google Pixel 10 Pro Fold 1024 

 Samsung Galaxy A54 256 

 Apple iPhone 13 Pro 1024 

 

 Samsung Galaxy A55 128 

 Apple iPhone 13 Pro 128 

 

 Samsung Galaxy A55 256 

 Apple iPhone 13 Pro 256 

 

 Samsung Galaxy A56 128 

 Apple iPhone 13 Pro 512 

 

 Samsung Galaxy A56 256 

 Apple iPhone 13 Pro Max 1024 

 

 Samsung Galaxy Note 10 256 

 Apple iPhone 13 Pro Max 128 

 

 Samsung Galaxy Note 10 inch II 2014 16 

 Apple iPhone 13 Pro Max 256 

 

 Samsung Galaxy Note 10 inch II 2014 32 

 Apple iPhone 13 Pro Max 512 

 

 Samsung Galaxy Note 10 inch II 2014 64 

 Apple iPhone 14 128 

 

 Samsung Galaxy Note 10 lite 128 

 Apple iPhone 14 256 

 

 Samsung Galaxy Note 10 plus 256 

 Apple iPhone 14 512 

 

 Samsung Galaxy Note 10 plus 512 

 Apple iPhone 14 Plus 128 

 

 Samsung Galaxy Note 20 256 

 Apple iPhone 14 Plus 256 

 

 Samsung Galaxy Note 20 ultra 256 

 Apple iPhone 14 Plus 512 

 

 Samsung Galaxy Note 20 ultra 512 

 Apple iPhone 14 Pro 1024 

 

 Samsung Galaxy S10 128 

 Apple iPhone 14 Pro 128 

 

 Samsung Galaxy S10 256 

 Apple iPhone 14 Pro 256 

 

 Samsung Galaxy S10 512 

 Apple iPhone 14 Pro 512 

 

 Samsung Galaxy S10 lite 128 

 Apple iPhone 14 Pro Max 1024 

 

 Samsung Galaxy S10 lite 512 

 Apple iPhone 14 Pro Max 128 

 

 Samsung Galaxy S10 plus 1024 

 Apple iPhone 14 Pro Max 256 

 

 Samsung Galaxy S10 plus 128 

 Apple iPhone 14 Pro Max 512 

 

 Samsung Galaxy S10 plus 512 

 Apple iPhone 15 128 

 

 Samsung Galaxy S10e 128 

 Apple iPhone 15 256 

 

 Samsung Galaxy S10e 256 

 Apple iPhone 15 512 

 

 Samsung Galaxy S20 128 

 Apple iPhone 15 Plus 128 

 

 Samsung Galaxy S20 FE 128 

 Apple iPhone 15 Plus 256 

 

 Samsung Galaxy S20 FE 256 

 Apple iPhone 15 Plus 512 

 

 Samsung Galaxy S20 plus 128 

 Apple iPhone 15 Pro 1024 

 

 Samsung Galaxy S20 plus 256 

 Apple iPhone 15 Pro 128 

 

 Samsung Galaxy S20 plus 512 

 Apple iPhone 15 Pro 256 

 

 Samsung Galaxy S20 ultra 128 

 Apple iPhone 15 Pro 512 

 

 Samsung Galaxy S20 ultra 256 

 Apple iPhone 15 Pro Max 1024 

 

 Samsung Galaxy S20 ultra 512 

 Apple iPhone 15 Pro Max 256 

 

 Samsung Galaxy S21 128 

 Apple iPhone 15 Pro Max 512 

 

 Samsung Galaxy S21 256 

 Apple iPhone 16 128 

 

 Samsung Galaxy S21 FE 128 

 Apple iPhone 16 256 

 

 Samsung Galaxy S21 FE 256 

 Apple iPhone 16 512 

 

 Samsung Galaxy S21 plus 128 

 Apple iPhone 16 Plus 128 

 

 Samsung Galaxy S21 plus 256 

 Apple iPhone 16 Plus 256 

 

 Samsung Galaxy S21 ultra 128 

 Apple iPhone 16 Plus 512 

 

 Samsung Galaxy S21 ultra 256 

 Apple iPhone 16 Pro 1024 

 

 Samsung Galaxy S21 ultra 512 

 Apple iPhone 16 Pro 128 

 

 Samsung Galaxy S22 128 

 Apple iPhone 16 Pro 256 

 

 Samsung Galaxy S22 256 

 Apple iPhone 16 Pro 512 

 

 Samsung Galaxy S22 plus 128 

 Apple iPhone 16 Pro Max 1024 

 

 Samsung Galaxy S22 plus 256 

 Apple iPhone 16 Pro Max 256 

 

 Samsung Galaxy S22 ultra 1024 

 Apple iPhone 16 Pro Max 512 

 

 Samsung Galaxy S22 ultra 128 

 Apple iPhone 16e 128 

 

 Samsung Galaxy S22 ultra 256 

 Apple iPhone 16e 256 

 

 Samsung Galaxy S22 ultra 512 

 Apple iPhone 16e 512 

 

 Samsung Galaxy S23 128 

   

 Samsung Galaxy S23 256 

   

 Samsung Galaxy S23 FE 128 

   

 Samsung Galaxy S23 FE 256 

   

 Samsung Galaxy S23 plus 256 

   

 Samsung Galaxy S23 plus 512 

   

 Samsung Galaxy S23 ultra 1024 

   

 Samsung Galaxy S23 ultra 256 

   

 Samsung Galaxy S23 ultra 512 

   

 Samsung Galaxy S24 128 

   

 Samsung Galaxy S24 256 

   

 Samsung Galaxy S24 FE 128 

   

 Samsung Galaxy S24 FE 256 

   

 Samsung Galaxy S24 plus 256 

   

 Samsung Galaxy S24 plus 512 

   

 Samsung Galaxy S24 ultra 1024 

   

 Samsung Galaxy S24 ultra 256 

   

 Samsung Galaxy S24 ultra 512 

   

 Samsung Galaxy S25  128 

   

 Samsung Galaxy S25  256 

   

 Samsung Galaxy S25  512 

   

 Samsung Galaxy S25 FE 128 

   

 Samsung Galaxy S25 FE 256 

   

 Samsung Galaxy S25 plus  256 

   

 Samsung Galaxy S25 plus  512 

   

 Samsung Galaxy S25 ultra  1024 

   

 Samsung Galaxy S25 ultra  256 

   

 Samsung Galaxy S25 ultra  512 

   

 Samsung Galaxy Z Flip 256 

   

 Samsung Galaxy Z Flip 3 128 

   

 Samsung Galaxy Z Flip 3 256 

   

 Samsung Galaxy Z Flip 4 128 

   

 Samsung Galaxy Z Flip 4 256 

   

 Samsung Galaxy Z Flip 5 256 

   

 Samsung Galaxy Z Flip 5 512 

   

 Samsung Galaxy Z Flip 6 256 

   

 Samsung Galaxy Z Flip 6 512 

   

 Samsung Galaxy Z Flip 7 256 

   

 Samsung Galaxy Z Flip 7 512 

   

 Samsung Galaxy Z Flip 7 FE 128 

   

 Samsung Galaxy Z Flip 7 FE 256 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 2 256 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 2 512 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 3 256 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 3 512 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 4 256 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 4 512 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 5 1024 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 5 256 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 5 512 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 512 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 6 1024 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 6 256 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 6 512 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 7 1024 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 7 256 

   

 Samsung Galaxy Z Fold 7 512 

   

 

Планшеттер:

SAMSUNG

 Samsung Galaxy Tab S 10.5 inch LTE 16 
 Samsung Galaxy Tab S 10.5 inch LTE 32 
 Samsung Galaxy Tab S 8 inch LTE 16 
 Samsung Galaxy Tab S 8 inch LTE 32 
 Samsung Galaxy Tab S10 FE  128 
 Samsung Galaxy Tab S10 FE  256 
 Samsung Galaxy Tab S10 FE plus 128 
 Samsung Galaxy Tab S10 FE plus 256 
 Samsung Galaxy Tab S10 Lite  128 
 Samsung Galaxy Tab S10 Lite  256 
 Samsung Galaxy Tab S10 Plus 256 
 Samsung Galaxy Tab S10 Ultra 1024 
 Samsung Galaxy Tab S10 Ultra 256 
 Samsung Galaxy Tab S10 Ultra 512 
 Samsung Galaxy Tab S4 10.5 LTE 256 
 Samsung Galaxy Tab S4 10.5 LTE 64 
 Samsung GALAXY TAB S5e 64 
 Samsung GALAXY TAB S6 128 
 Samsung GALAXY TAB S6 Lite 2024 128 
 Samsung GALAXY TAB S6 Lite 2024 64 
 Samsung GALAXY TAB S6 Lite 2024 LTE 128 
 Samsung GALAXY TAB S6 Lite 2024 LTE 64 
 Samsung GALAXY TAB S6 Lite 64 
 Samsung GALAXY TAB S7 128 
 Samsung GALAXY TAB S7 256 
 Samsung GALAXY TAB S7 512 
 Samsung GALAXY TAB S7 fe 128 
 Samsung GALAXY TAB S7 fe 64 
 Samsung GALAXY TAB S7 plus 128 
 Samsung GALAXY TAB S7 plus 256 
 Samsung GALAXY TAB S7 plus 512 
 Samsung Galaxy Tab S8 128 
 Samsung Galaxy Tab S8 256 
 Samsung Galaxy Tab S8 plus 128 
 Samsung Galaxy Tab S8 plus 256 
 Samsung Galaxy Tab S8 ultra 128 
 Samsung Galaxy Tab S8 ultra 256 
 Samsung Galaxy Tab S8 ultra 512 
 Samsung Galaxy Tab S9 128 
 Samsung Galaxy Tab S9 256 
 Samsung Galaxy Tab S9 FE 128 
 Samsung Galaxy Tab S9 FE 256 
 Samsung Galaxy Tab S9 FE plus 128 
 Samsung Galaxy Tab S9 FE plus 256 
 Samsung Galaxy Tab S9 plus 256 
 Samsung Galaxy Tab S9 plus 512 
 Samsung Galaxy Tab S9 ultra 1024 
 Samsung Galaxy Tab S9 ultra 256 
 Samsung Galaxy Tab S9 ultra 512 

 

Смарт сағаттар:

SAMSUNG

 Samsung Galaxy Watch 5 40mm 

 Samsung Galaxy Watch 5 44mm 

 Samsung Galaxy Watch 5 Pro 45mm 

 Samsung Galaxy Watch 6 40mm 

 Samsung Galaxy Watch 6 44mm 

 Samsung Galaxy Watch 6 Classic 43mm 

 Samsung Galaxy Watch 6 Classic 47mm 

 Samsung Galaxy Watch 7 40mm 

 Samsung Galaxy Watch 7 44mm 

 Samsung Galaxy Watch FE 

 Samsung Galaxy Watch Ultra 47mm 

 

5. Басқа талаптар

5.1. Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында, сондай-ақ осы Ережелерде белгіленген құқықтары мен міндеттері бар.

5.2. Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен шартсыз келісетінін білдіреді. Қатысушының Ережелерді толық және/немесе оның бір бөлігін сақтаудан бас тартуы Қатысушының Акцияға қатысудан бас тартуы болып танылады.

5.3. Ұйымдастырушы осы Ережелерді бір жақты тәртіппен өзгертуге құқылы, бұл туралы ол Қатысушыға Акцияның Сайтында және/немесе Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларында тиісті хабарлама орналастыру арқылы алдын-ала хабарлайды. Сайта тиісті ақпаратты жариялау күні немесе талаптар өзгерген кезде көрсетілген қосымша күн хабарлау күні болып табылады. Көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Қатысушы Акцияға қатысудан бас тарту арқылы өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн өткеннен кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келісуі болып қаралады. Қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға Ұйымдастырушының Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін.

5.4. Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойы болып табылмайды;

5.5. Акцияны Ұйымдастырушы телекоммуникациялық және энергетикалық желілердегі іркілістің, зиянды бағдарламалардың әсер етуінің, сондай-ақ үшінші тұлғалардың Ұйымдастырушының бағдарламалық және/немесе аппараттық кешенін (Интернет-ресурсын) рұқсатсыз пайдалануға және/немесе істен шығаруға бағытталған арам іс-қимылдарының нәтижесі болған өз міндеттемелерінің орындалмағаны немесе тиісінше орындалмағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

5.6. Осы интернет-сайт және онда көрсетілген деректердің барлығы тек қана ақпарат беру үшін берілген және ешбір жағдайда Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексінің 395-бабының ережелерінде анықталған жария оферта болып табылмайды. Флагмандардың нақты сипаттамалары интернет-сайтта келтірілген сипаттамалардың өзгеше болуы мүмкін, барлық кескіндер анықтама үшін келтірілген. Флагмандардың белгілі бір түстерде және белгілі бір функцияларымен қолжетімді болуы Флагмандардың Samsung Online Store веб-сайтында нақты болуына байланысты.

5.7. Ұйымдастырушы Акция шеңберінде өзіне алынған міндеттемелерді орындау үшін үшінші тұлғаларды тартуға құқылы.

5.8. Сіздің өңіріңізде сатылатын Флагмандардың болуы және құны туралы толығырақ ақпарат алу үшін Samsung Online Store сайтының клиенттерін қолдау қызметіне хабарласыңыз.

5.9. Акцияға қатысты кез-келген мәселелер бойынша Samsung Online Store веб-сайтының клиенттерін қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Акцияның шарттары жөнінде түсініктеме алу үшін мына байланыс деректерін пайдаланыңыз:


7700 – қоңырау шалу тегін

Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми парақшалары:

https://vk.com/samsungkazakhstan ↗
https://www.instagram.com/samsungkz ↗
https://www.facebook.com/SamsungKazakhstan ↗

Шағымдар мен ұсыныстарға арналған байланыс деректері:

kz.trade-in@telekominvest.com – Құрылғыларды бағалау және табыстау, Құрылғыны Төлеп алу шарты және Құрылғыны қайтару мәселелері бойынша

shop.kz@samsung.com – Флагманды сатып алу мәселелері және осы Ережелердің шарттары жөніндегі басқа мәселелер бойынша.

«TRADE-IN» ПРОМОАКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІНЕ №1 ҚОСЫМША

1. Серіктестің Грейдингті жүзеге асыруына қойылатын минималды талаптар:

• Құрылғы Apple және Google аккаунттардан ажыратылған және графикалық кілті алып тасталған;

• Құрылғы қосылады;

• Құрылғының экраны кескінді көрсетіп тұр және тач скрин дұрыс жұмыс істеп тұр;

• Саусақ іздерінің сканері/бет-жүз сканері жұмыс істеп тұр;

• Сұрау бойынша IMEI *#06# корпустағы IMEI-мен бірдей (құрылғының артқы жағында немесе SIM-картаның науашасында);

• Жарлық жай-күйде зауыттық қаптаманың немесе акссуарлардан құралатын жиынтықтың болмауына рұқсат етіледі.

2. Серіктес келесі жай-күйлер бойынша Грейдинг жасайды

Мінсіз күй (A+ санаты):

Дисплей:

• Панельдегі түссіздену, сарғаю, ашық түсті дақтар немесе басқа да ақаулар: Рұқсат етілмейді

• Тырнаққа сезілетін сызаттар (кез келген бұрыштан және нашар жарықта көрінетін сызаттар): Рұқсат етілмейді

• Тырнаққа сезілмейтін сызаттар (тек жақсы жарықта және белгілі бір бұрыштан ғана көрінетін сызаттар): Рұқсат етілмейді

• Кез келген бұрыштан және нашар жарықта көрінетін кез келген үйкеліс іздері: Рұқсат етілмейді

• Кез келген көлемдегі сынықтар (ойықтар): Рұқсат етілмейді

• Кез келген көлемдегі жарықтар: Рұқсат етілмейді

• Сынған:  Рұқсат етілмейді

Корпус:

• Тырнақпен сезілетін сызаттар (нашар жарықта кез келген бұрыштан қарағанда көрінетін сызаттар): Рұқсат етілмейді

• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (тек жақсы жарықта және белгілі бір бұрыштан қарағанда ғана көрінетін сызаттар): Рұқсат етілмейді

• Кез келген көлемдегі ойықтар: Рұқсат етілмейді

• Кез келген көлемдегі жарықшақтар (сынықтар): Рұқсат етілмейді

• Кез келген көлемдегі жарықтар: Рұқсат етілмейді

• Нашар жарықта кез келген бұрыштан қарағанда көрінетін сызаттар немесе үйкеліс іздері: Рұқсат етілмейді

• Сынған: Рұқсат етілмейді

• Корпустың тұтастығының бұзылуы немесе корпустың қисаюы (корпустың қисаюы деп тегіс бетте тұрған құрылғының жоғарғы немесе төменгі жиегін басқан кезде оның тербелуі немесе теңселуі түсініледі): Рұқсат етілмейді

• Құрылғыда түпнұсқа емес құрамдас бөліктер немесе бөлшектер бар: Рұқсат етілмейді

• Құрылғыда түпнұсқа емес жөндеу белгілері бар: Рұқсат етілмейді

• Құрылғының мүмкіндіктері аэрография немесе лазерлік гравюра: Рұқсат етілмейді

• Құрылғы толық ашылмайды: Рұқсат етілмейді (Тек Samsung Galaxy Z Flip және Galaxy Z Fold смартфондарына және ұқсас үлгілерге қолданылады)

Түймелер:

• Дыбыс деңгейін реттеу түймелері: Жұмыс істейді

• Қуат түймесі: Жұмыс істейді

• «Басты бет» (Home) түймесі (бар болса): Жұмыс істейді

• Дыбысты өшіру қосқышы (бар болса): Жұмыс істейді

• Басқа түймелер (бар болса): Жұмыс істейді

Басқа:

• Батареяның тозу деңгейі 85%-дан төмен: Рұқсат етілмейді (Тек Apple құрылғылары үшін)

• Ауыстырылған бөлшектердің болуы (батарея, камера, дисплей және т.б.): Рұқсат етілмейді (тек Apple құрылғылары үшін)

• Түпнұсқа қаптаманың болмауы: Рұқсат етіледі

• Стилус немесе пернетақтаның болмауы (егер олар құрылғымен бірге берілген болса): Рұқсат етілмейді

A+ санатының қысқаша сипаттамасы:

• Дисплейде, корпуста немесе камерада ешқандай сыртқы механикалық ақаулардың (тіпті шағын болса да) болуына жол берілмейді (кез келген сипаттағы сызаттар, жарықшақтар, үйкеліс іздері, сынықтар немесе ойықтарды қоса алғанда);

• Дисплейде матрицалық ақаулар (мысалы, жарық ағып кетуі, экранның күйіп қалуы және т.б.) болмауы тиіс;

• Құрылғыда ауыстырылған бөлшектер (батарея, дисплей, камера және т.б.) болмауы тиіс;

• Батареяның тозу деңгейі 85%-дан жоғары болуы тиіс (Apple құрылғылары үшін);

• Құрылғыда жөндеу жұмыстарының іздері болмауы тиіс;

• Құрылғы толық ашылуы тиіс (тек бүктелетін Samsung смартфондары мен ұқсас құрылғыларға қатысты);

Тамаша күй (A санаты):

Дисплей:

• Түсінің оңуы, сарғаю, панельдегі ашық түсті дақтар немесе панельдің кез келген басқа ақаулары:  Рұқсат етілмейді

• Тырнаққа сезілетін сызаттар (кез келген бұрыштан және нашар жарықта көрінетін сызаттар):  Рұқсат етілмейді

• Тырнаққа сезілмейтін сызаттар (тек жақсы жарықта және белгілі бір бұрыштан ғана көрінетін): Ең көбі 10 (корпустағы сызаттармен қоса алғандағы жалпы саны)

• Нашар жарықта кез келген бұрыштан көрінетін кез келген үйкеліс іздері:  Рұқсат етілмейді

• Кез келген көлемдегі сынықтар (ойықтар):  Рұқсат етілмейді

• Кез келген көлемдегі жарықтар:  Рұқсат етілмейді

• Сынған/Талқандалған:  Рұқсат етілмейді

Корпус:

• Тырнаққа сезілетін сызаттар (нашар жарықта кез келген бұрыштан қарағанда көрінетін сызаттар): Рұқсат етілмейді

• Тырнаққа сезілмейтін сызаттар (тек жақсы жарықта және белгілі бір бұрыштан қарағанда ғана көрінетін сызаттар): Рұқсат етілмейді

• Кез келген көлемдегі ойықтар: Рұқсат етілмейді

• Кез келген көлемдегі сынықтар (жарылып түскен жерлер): Рұқсат етілмейді

• Кез келген көлемдегі жарықтар: Рұқсат етілмейді

• Нашар жарықта кез келген бұрыштан қарағанда көрінетін сызаттар немесе үйкеліс іздері: Рұқсат етілмейді

• Сынған: Рұқсат етілмейді

• Корпус тұтастығының бұзылуы немесе корпустың қисаюы (корпустың қисаюы деп тегіс бетте тұрған құрылғының жоғарғы немесе төменгі жиегін басқан кезде оның шайқалуы түсініледі): Рұқсат етілмейді

• Түпнұсқа емес компоненттердің немесе бөлшектердің болуы: Рұқсат етілмейді

• Құрылғыда түпнұсқа емес жөндеу белгілері бар: Рұқсат етілмейді

• Құрылғыда аэрография немесе лазерлік гравюра бар: рұқсат етілмейді

Құрылғы толығымен ашылмайды: Рұқсат етілмейді (Тек Samsung Galaxy Z Flip, Galaxy Z Fold және ұқсас смартфондарға қатысты)

Түймелер:

• Дыбыс деңгейін реттеу түймелері: Жұмыс істейді

• Қуат түймесі: Жұмыс істейді

• «Басты бет» (Home) түймесі (бар болса): Жұмыс істейді

• Дыбысты өшіру қосқышы (бар болса): Жұмыс істейді

• Басқа түймелер (бар болса): Жұмыс істейді

Басқа:

• Батареяның тозу деңгейі 85%-дан төмен: Рұқсат етілмейді (Тек Apple құрылғылары үшін)

• Ауыстырылған бөлшектердің болуы (батарея, камера, дисплей және т.б.): Рұқсат етілмейді (тек Apple құрылғылары үшін)

• Түпнұсқа қаптаманың болмауы: Рұқсат етіледі

• Стилус немесе пернетақтаның болмауы (егер олар құрылғымен бірге берілген болса): Рұқсат етілмейді

A санатының қысқаша сипаттамасы:

• Экранда матрицалық ақаулар (жарықтың біркелкі таралмауы, экранның күйіп кетуі және т.б.) болмауы тиіс;

• Құрылғының ешбір бөлшегі (батарея, экран, камера және т.б.) ауыстырылмаған болуы керек;

• Батареяның тозу деңгейі 85%-дан жоғары болуы тиіс (Apple құрылғылары үшін);

• Құрылғыда жөндеу жұмыстарының іздері болмауы керек;

• Құрылғы толық ашылуы тиіс (тек бүктелетін Samsung смартфондары мен соған ұқсас құрылғыларға қатысты);

• Егер құрылғы стилуспен және/немесе пернетақтамен бірге келсе, олар жинаққа кіруі тиіс (Samsung Galaxy S Ultra және Galaxy Note смартфондары, Galaxy Tab S планшеттері)

Жақсы күй (B санаты):

Дисплей:

• Түсінің өзгеруі, сарғаю, панельдегі ашық түсті дақтар немесе панельдің кез келген басқа ақаулары: Рұқсат етілмейді

• Тырнаққа сезілетін сызаттар (кез келген бұрыштан және нашар жарықта көрінетін сызаттар): Ең көбі 5 (корпустағы сызаттармен қоса есептегенде)

• Тырнаққа сезілмейтін сызаттар (тек жақсы жарықта және белгілі бір бұрыштан ғана көрінетін): Ең көбі 10 (жалпы саны)

• Кез келген бұрыштан және нашар жарықта көрінетін кез келген үйкеліс іздері: Рұқсат етілмейді

• Кез келген өлшемдегі сынықтар (ойықтар): Рұқсат етілмейді

• Кез келген өлшемдегі жарықтар: Рұқсат етілмейді

• Сынған/Талқандалған: Рұқсат етілмейді

Корпус:

• Тырнақпен сезілетін сызаттар (кез келген бұрыштан және нашар жарықта көрінетін сызаттар): барлығы 5-тен аспауы тиіс (корпустағы басқа сызаттармен қоса есептегенде)

• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (тек жақсы жарықта және белгілі бір бұрыштан қарағанда ғана көрінетін сызаттар): барлығы 10-нан аспауы тиіс

• Кез келген өлшемдегі ойықтар: рұқсат етілмейді

• Кез келген өлшемдегі жарықшақтар (сынықтар): рұқсат етілмейді

• Кез келген өлшемдегі жарықтар: рұқсат етілмейді

• Кез келген бұрыштан нашар жарықтандыру кезінде көрінетін кез келген сызаттар: 1-ден аспауы керек

• Сынған/сынған: Рұқсат етілмейді

• Корпустың тұтастығы бұзылған немесе корпусы майысқан (майысқан корпус деп құрылғының үстіңгі немесе астыңғы жиегі тегіс бетте басылған кезде шайқалуын айтады): Рұқсат етілмейді

• Құрылғыда түпнұсқа емес компоненттер немесе бөлшектер бар: Рұқсат етілмейді

• Құрылғыда түпнұсқа емес жөндеу белгілері бар: Рұқсат етілмейді

• Құрылғыда аэрография немесе лазерлік гравировка мүмкіндіктері бар: Рұқсат етілмейді

Түймелер:

• Дыбыс деңгейін реттеу түймелері: Жұмыс істейді

• Қуат түймесі: Жұмыс істейді

• «Басты бет» (Home) түймесі (бар болса): Жұмыс істейді

• Дыбысты өшіру қосқышы (бар болса): Жұмыс істейді

• Басқа түймелер (бар болса): Жұмыс істейді

Басқасы:

• Батареяның тозу деңгейі 80%-дан төмен: Рұқсат етілмейді (Тек Apple құрылғылары үшін)

• Ауыстырылған бөлшектердің болуы (батарея, камера, дисплей және т.б.): Рұқсат етілмейді (тек Apple құрылғылары үшін)

• Түпнұсқа қаптаманың болмауы: Рұқсат етіледі

• Стилус немесе пернетақтаның болмауы (егер олар құрылғымен бірге берілген болса): Рұқсат етілмейді

B санатының қысқаша сипаттамасы:

• Экранда 5-ке дейін ірі және 10-ға дейін ұсақ сызат болуы мүмкін (корпустағы сызаттармен қоса алғанда)

• Корпуста 5-ке дейін ірі және 10-ға дейін ұсақ сызат болуы мүмкін (экрандағы сызаттармен қоса алғанда)

• Корпуста 1-ге дейін үйкеліс ізінің болуына да рұқсат етіледі

• Дисплейде матрицалық ақаулар (жарықтың біркелкі таралмауы, экранның күйіп қалуы және т.б.) болмауы тиіс.

• Құрылғының ешқандай бөлшегі (батарея, дисплей, камера және т.б.) ауыстырылмаған болуы керек.

• Батареяның тозу деңгейі 80%-дан жоғары болуы тиіс (Apple құрылғылары үшін).

• Құрылғыда жөндеу жұмыстарының іздері болмауы тиіс;

• Құрылғы толық ашылуы керек (тек Samsung-тың бүктелетін смартфондары мен соған ұқсас құрылғыларға қатысты);

• Егер құрылғы стилуспен және/немесе пернетақтамен бірге келсе, олар да қоса ұсынылуы тиіс (Samsung Galaxy S Ultra және Galaxy Note смартфондары, Galaxy Tab S планшеттері).

Функционалдық жағдай дәрежесі (С санаты ):

Дисплей:

• Түсінің өзгеруі, сарғаюы, панельдегі жарық дақтар немесе панельдің басқа ақаулары: Экрандағы жарық дақтар/күйіп кетулер байқалмайды

• Тырнақпен анықталатын сызаттар (кез келген бұрыштан нашар жарықта көрінетін сызаттар): Рұқсат етілген

• Тырнақпен анықталмайтын сызаттар (тек белгілі бір бұрыштан жақсы жарықта көрінетін): Рұқсат етілген

• Кез келген бұрыштан нашар жарықта көрінетін сызаттар: Рұқсат етілген

• Кез келген өлшемдегі сынықтар: Рұқсат етілмейді

• Кез келген өлшемдегі жарықтар: Рұқсат етілмейді

• Сынған/сынған: Рұқсат етілмейді

Камера:

• Жарықтар немесе сынықтар: түсіру процесіне кедергі келтірмеген жағдайда (жарық камера сенсорын жаппаса), ең көбі бір сыныққа немесе жарықшақ рұқсат етіледі.

Корпус:

• Тырнақпен сезілетін сызаттар (нашар жарықта кез келген бұрыштан қарағанда көрінетін сызаттар): Рұқсат етіледі

• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (тек жақсы жарықта және белгілі бір бұрыштан қарағанда ғана көрінетін сызаттар): Рұқсат етіледі

• Кез келген өлшемдегі ойықтар: 1-ден аспауы керек

• Кез келген өлшемдегі жарықтар/сынықтар: 1-ден аспауы керек

• Кез келген көлемдегі жарықтар: Рұқсат етілмейді

• Нашар жарықтандыру жағдайында кез келген бұрыштан көрінетін үйкеліс іздері: Рұқсат етіледі

• Сынған: Рұқсат етілмейді

• Корпус тұтастығының бұзылуы немесе корпустың қисаюы (корпустың қисаюы деп тегіс бетте тұрған құрылғының жоғарғы немесе төменгі жиегін басқан кезде оның шайқалуы түсініледі): Рұқсат етілмейді

• Құрылғыда түпнұсқа емес компоненттер немесе бөлшектер бар: Рұқсат етілмейді

• Құрылғыда түпнұсқа емес жөндеу белгілері бар: Рұқсат етілмейді

• Құрылғыда аэрография немесе лазерлік гравировка бар: Рұқсат етілмейді

Түймелер:

• Дыбыс деңгейін реттеу түймелері: Жұмыс істейді

• Қуат түймесі: Жұмыс істейді

• «Басты бет» (Home) түймесі (бар болса): Жұмыс істейді

• Дыбысты өшіру қосқышы (бар болса): Жұмыс істейді

• Басқа түймелер (бар болса): Жұмыс істейді

Басқа:

• Батареяның қызмет ету деңгейі 80% немесе одан төмен: Рұқсат етіледі (Тек Apple құрылғылары үшін)

• Ауыстырылған бөлшектері бар (батарея, камера, дисплей және т.б.): Рұқсат етілмейді (тек Apple құрылғылары үшін)

• Түпнұсқа қаптамасы жоқ: Рұқсат етіледі

• Стилус немесе пернетақта жоқ (егер құрылғы жинағына кірсе): Рұқсат етіледі

C санатының қысқаша сипаттамасы:

• Экрандағы терең сызаттарға, сондай-ақ экранның әлсіз жануына немесе жарықтың түсуіне рұқсат етіледі;

• Құрылғы корпусында терең сызаттарға, сызаттарға және/немесе бір сынық немесе ойықтарға рұқсат етіледі;

• Камерадағы сызаттарға, сондай-ақ кескін түсіруге әсер етпейтін бір сынық немесе жарықшақтарға рұқсат етіледі (жарықшақ камера сенсорын бітемейді);

• Құрылғыда ауыстырылған компоненттер (батарея, дисплей, камера және т.б.) болмауы керек.

• Батареяның тозу деңгейі 80% немесе одан төмен болуы мүмкін (Apple құрылғылары үшін);

• Құрылғыда жөндеу жұмыстарының іздері болмауы тиіс;

• Бүктелетін құрылғылар толығымен ашылуы керек (тек Samsung бүктелетін смартфондарына және соған ұқсас құрылғыларға қатысты);

• Құрылғы жинағына кірген болса да, стилустың және/немесе пернетақтаның болмауына рұқсат етіледі; (Samsung Galaxy S Ultra және Galaxy Note смартфондары, Galaxy Tab S планшеттері)

Зақымдалған күй (D санаты):

Дисплей:

• Түссіздену, сарғаю немесе артқы жарықтың шашырауы (backlight bleed): Рұқсат етіледі

• Дақтар немесе істен шыққан пиксельдер: Рұқсат етілмейді

• Тырнақпен сезілетін сызаттар (кез келген бұрыштан және нашар жарықта көрінетін сызаттар): 1-ден артық

• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (тек жақсы жарықта және белгілі бір бұрыштан ғана көрінетін сызаттар): Рұқсат етіледі

• Нашар жарықта кез келген бұрыштан қарағанда көрінетін сызаттар: Рұқсат етіледі

• Кез келген көлемдегі үгітіліп түскен жерлер (чиптер): Рұқсат етіледі

• Кез келген көлемдегі жарықтар: Рұқсат етіледі

• Сынған: Рұқсат етіледі

• Сенсорлық экранның ішінара жұмыс істемеуі: Рұқсат етілмейді

Корпус:

• Тырнақпен сезілетін сызаттар (нашар жарықта кез келген бұрыштан көрінетін сызаттар): 1-ден артық

• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (тек жақсы жарықта және белгілі бір бұрыштан ғана көрінетін сызаттар): 10-нан артық

• Кез келген өлшемдегі ойықтар: Рұқсат етіледі

• Кез келген өлшемдегі сынықтар/жарықшақтар: Рұқсат етіледі

• Кез келген өлшемдегі жарықтар: Рұқсат етіледі

• Нашар жарықта кез келген бұрыштан қарағанда көрінетін сызаттар: 1-ден артық

• Сынған: Рұқсат етіледі

• Корпус тұтастығының бұзылуы немесе корпустың қисаюы (корпустың қисаюы – құрылғы тегіс бетте тұрғанда оның жоғарғы немесе төменгі жиегін басқан кезде құрылғының тербелуі): Рұқсат етіледі

• Құрылғыда түпнұсқа емес компоненттер немесе бөлшектер бар: Рұқсат етіледі

• Құрылғыда түпнұсқа емес жөндеу жұмыстарының белгілері бар: Рұқсат етіледі

• Құрылғыда аэрография немесе лазерлік гравировка бар: Рұқсат етіледі

Камера:

• Жарықтар немесе сынықтар: Рұқсат етіледі

• Негізгі немесе алдыңғы камераның ақауы: Рұқсат етілмейді

Түймелер:

• Дыбыс деңгейін реттеу түймелері: Жұмыс істемейді

• Қосу/өшіру түймесі: Жұмыс істемейді

• Экран астындағы «Басты бет» түймесі (бар болса): Жұмыс істемейді

• Дыбысты өшіру қосқышы (бар болса): Жұмыс істемейді

• Басқа түймелер (бар болса): Жұмыс істемейді

Басқалары:

• Ауыстырылған бөлшектердің болуы (батарея, камера, дисплей және т.б.): Рұқсат етіледі (тек Apple құрылғылары үшін);

• Түпнұсқа қаптаманың болмауы: Рұқсат етіледі

• Стилус немесе пернетақтаның болмауы (құрылғы жиынтығына кірген жағдайда): Рұқсат етіледі

• Wi-Fi немесе Bluetooth жұмысындағы ақау: Рұқсат етілмейді

D санатының қысқаша сипаттамасы:

• Дисплей ақауларына рұқсат етіледі: экранның жанып кетуі  және артқы жарықтың біркелкі таралмауы

• Корпустағы кез келген механикалық ақауларға рұқсат етіледі

• Құрылғыда ауыстырылған бөлшектер (батарея, дисплей, камера және т.б.) болуы мүмкін

• Батареяның тозу деңгейі 80%-дан төмен болуы мүмкін (Apple құрылғылары үшін)

• Құрылғыда жөндеу жұмыстарының іздері болуы мүмкін

• Бүктелетін құрылғылардың толық ашылмауына рұқсат етіледі (тек Samsung бүктелетін смартфондары мен ұқсас модельдерге қатысты)

• Құрылғы жинағына бастапқыда кірген болса да, стилус және/немесе пернетақта болмауы мүмкін (Samsung Galaxy S Ultra және Galaxy Note смартфондары, Galaxy Tab S планшеттері)

Сыни жағдай (E санаты):

Дисплей:

• Құрылғы қосылады (дисплей толық немесе ішінара жұмыс істейді)

• Панельдегі түсі солғындаған аймақтар, сарғаю, ашық түсті дақтар және басқа да ақаулар: Рұқсат етіледі

• Тырнақпен сезілетіндей терең сызаттар (кез келген бұрыштан және нашар жарықта көрінетін сызаттар): Рұқсат етіледі

• Тырнаққа сезілмейтін сызаттар (тек жақсы жарықта және белгілі бір бұрыштан қарағанда ғана көрінетін): Рұқсат етіледі

• Нашар жарықта кез келген бұрыштан қарағанда көрінетін кез келген үйкеліс іздері: Рұқсат етіледі

• Кез келген өлшемдегі үгінділер (сынықтар): Рұқсат етіледі

• Кез келген өлшемдегі жарықтар: Рұқсат етіледі

• Сынған: Рұқсат етіледі

• Сенсорлық экранның ішінара жұмыс істемеуі: Рұқсат етіледі

Корпус:

• Тырнақпен сезілетін сызаттар (нашар жарықта кез келген бұрыштан көрінетін сызаттар): 1-ден артық

• Тырнақпен сезілмейтін сызаттар (тек жақсы жарықта және белгілі бір бұрыштан ғана көрінетін сызаттар): 10-нан артық

• Кез келген өлшемдегі ойықтар: Рұқсат етіледі

• Кез келген өлшемдегі сынықтар: Рұқсат етіледі

• Кез келген өлшемдегі жарықтар: Рұқсат етілген

• Нашар жарықтандыру кезінде кез келген бұрыштан көрінетін кез келген сызаттар: 1-ден астам

• Сынған: Рұқсат етілген

• Корпустың тұтастығы бұзылған немесе корпус майысқан (майысқан корпус деп құрылғының үстіңгі немесе астыңғы жиегі тегіс бетте басылған кезде шайқалуын айтады): Рұқсат етілген

• Құрылғыда түпнұсқа емес компоненттер немесе бөлшектер бар: Рұқсат етілген

• Құрылғыда түпнұсқа емес жөндеу белгілері бар: Рұқсат етілген

• Құрылғыда аэрография немесе лазерлік гравировка мүмкіндіктері бар: Рұқсат етілген

Камера:

• Жарықтар немесе сынықтар: Рұқсат етіледі

• Негізгі немесе алдыңғы камераның ақаулығы: Рұқсат етіледі

Түймелер:

• Дыбыс деңгейін реттеу түймелері: Ақаулы

• Қосу/өшіру түймесі: Ақаулы

• Экран астындағы «Басты бет» түймесі (бар болса): Ақаулы

• Дыбысты өшіру түймесі (бар болса): Ақаулы

• Басқа түймелер (бар болса): Ақаулы

Басқа:

• Ауыстырылған бөлшектердің болуы (батарея, камера, дисплей және т.б.): Рұқсат етіледі (тек Apple құрылғылары үшін);

• Түпнұсқа қаптаманың болмауы: Рұқсат етіледі

• Стилус немесе пернетақтаның болмауы (егер олар құрылғы жиынтығына кірсе): Рұқсат етіледі

• Wi-Fi немесе Bluetooth жұмысындағы ақау: Рұқсат етіледі

E санатының қысқаша сипаттамасы:

• Дисплейдегі кез келген механикалық ақауларға (соның ішінде істен шыққан пикселдер, дақтар, экранның күйіп қалуы және артқы жарықтың біркелкі таралмауы) рұқсат етіледі

• Корпустағы кез келген механикалық ақауларға рұқсат етіледі

• Құрылғыда ауыстырылған бөлшектер (аккумулятор, дисплей, камера және т.б.) болуы мүмкін

• Аккумулятордың тозу деңгейі 80% немесе одан төмен болуы мүмкін (Apple құрылғылары үшін)

• Құрылғыда жөндеу жұмыстарының іздері болуы мүмкін.

• Құрылғы толық ашылмауы мүмкін (бұл тек Samsung-тың бүктелетін смартфондары мен ұқсас модельдеріне қатысты).

• Құрылғы жиынтығына әдетте кіретін болса да, стилус және/немесе пернетақта болмауы мүмкін (мысалы, Samsung Galaxy S Ultra және Galaxy Note смартфондары, Galaxy Tab S планшеттері).

• Камера ақаулы болуы мүмкін.