Батареяны оңтайлы пайдалану ортасы
Galaxy құрылғысын оңтайлы пайдалану температурасы 32° - 95°F (0° - 35°C) болып табылады.
Экстремалды температурада құрылғыны үздіксіз пайдалану немесе зарядтау батареяның тозуын жылдамдатуы мүмкін.
Құрылғы қысқа уақытқа өте жоғары немесе өте төмен температураға ұшыраған кезде, батареяның жұмысында ақаулардың алдын алу үшін қорғаныс жүйелері іске қосылады, ал температура белгілі бір ауқымнан тыс болса, батареяны қорғау үшін зарядтау процесі шектеледі.
Күтпеген сөнулердің алдын алу
Құрылғыны оңтайлы пайдалану температурасы (32° - 95°F) пайдаланыңыз.
· 95°F-тен жоғары немесе 32°F-тен төмен температурада ұзақ уақыт пайдалану немесе сақтау батареяның өнімділігін нашарлатады және күтпеген сөнулерге, сондай-ақ батареяның қызмет ету мерзімінің қысқаруына әкелуі мүмкін.
· Егер құрылғыңызды өте жоғары немесе төмен температураға ұшыратсаңыз, оны қолданар алдында құрылғының оңтайлы пайдалану температурасына (32° - 95°F) дейін қалыпқа келгенін күтіңіз.
· Құрылғыңызды ұзақ уақыт бойы ыстық ортада, мысалы, жаздың күні ыстық көліктің ішінде пайдаланбаңыз және қоймаңыз.
· Құрылғыңызды нөлден төмен температурада немесе суық ортада қоймаңыз және сақтамаңыз.
Егер құрылғыңыз өздігінен жиі сөнетін болса, сізге ең жақын Samsung қызмет көрсету орталығына барыңыз.
· Батареяны тексеру уақыты келген болуы мүмкін, өйткені батареялар уақыт өте табиғи түрде тозатын бөлшектер.
Батареяның қызмет ету мерзімін ұзарту үшін Парам-р кеңестеріне өтіңіз.
· Батарея сыйымдылығы мен пайдалану уақыты құрылғының параметрлеріне және пайдалану үлгілеріне байланысты өзгеруі мүмкін.
Батареяның тозуын дұрыс зарядтау арқылы азайту
Құрылғыңызды алғаш рет пайдаланып жатырсыз ба? Соңғы қолданғаныңызға біраз уақыт болды ма?
Ондай болса, қолданар алдында батареяны толық зарядтап көріңіз.
· Ең жақсы нәтижелерге қол жеткізу үшін батареяның тозуы мен зақымдануын болдырмау мақсатында түпнұсқа Samsung қуат адаптерін пайдалануды ұсынамыз.
· Әрдайым сәйкес келетін қуат адаптерін пайдаланыңыз. Сәйкес келмейтін қуат адаптері зарядтау портына зақым келтіруі мүмкін.
· Қуат адаптерін дұрыс қосыңыз. Дұрыс қосылмаған жағдайда, құрылғы зақымдалуы мүмкін.
· Құрылғы 100% зарядталғаннан кейін, батареяға зиян келмеуі үшін қуат адаптерін ажыратыңыз.
Егер құрылғыңыз пайдаланылмайтын болса,
мына әрекеттерді орындап көріңіз
Егер құрылғы ұзақ уақыт бойы толық зарядсыз қалса, батареяның тозуы жылдамдауы мүмкін.
Құрылғыны пайдаланбаған кезде батареяның күйін сақтау үшін мына әрекеттерді орындауға болады.
· Құрылғыны өшіріп, қуаттың толық таусылуын болдырмау үшін қуат адаптерімен зарядтаңыз.
· Құрылғыны ұзақ мерзімді сақтау үшін шамамен 50 - 70% деңгейіне дейін зарядтаңыз.
· Пайдаланылмаған құрылғыны әр 3 ~ 6 ай сайын бір рет зарядтаңыз.
· Батареяның өнімділігін сақтау үшін салқын әрі ылғал жоқ жерде сақтаңыз.
Егер құрылғы ұзақ уақыт бойы зарядсыз қалдырылса, батареяның тозуы жылдамдатылу мүмкін.
Егер батареяны тексеру қажет болса, ең жақын Samsung қызмет көрсету орталығына барыңыз.
Егер өнімді жойғыңыз келсе, қайта өңдеу бағдарламасына жүгініңіз.