Samsung ыдыс жуғыш машинасында 4C қатесі
Соңғы жаңартулардың күні : 19.06.2024
Не болып жатыр
Samsung ыдыс жуғыш машинасының дисплейінде "4E", "4C" немесе "E1" хабарламасы пайда болды.
Егер ыдыс жуғыш машинаңыздың дисплейі жоқ болса, басқару панелінде "Үнемді жуу" немесе "Жылдам жуу" индикаторлары жыпылықтайды:
Негізгі себеп
Су құйылмаған, себебі:
- Су беру шүмегі жабық/су қысымы төмен.
- Су құятын құбыршек бұралып қалған/ құбыршек майысқан.
- Сумен жабдықтау жүйесі ағытылған (үйде су жоқ).
- "Aqua Safe" су құятын құбыршегі бөгелген (бұғатталған).
- Техниканың ішкі ақауы (мысалы, су құятын клапан жарамсыз).
Не істеу керек:
1
Ыдыс жуғыш машинаға су беру шүмегі ашық екеніне көз жеткізіңіз. Егер шүмек жабық болса, шүмекті ашқаннан кейін машинаның жұмысын тексеріңіз.
2
Үйде су бар екеніне көз жеткізіңіз – суық су шүмегін ашыңыз.
- Егер шүмектен су ақпаса (немесе қысым өте әлсіз болса), су қысымы қалпына келгенше күтіңіз.
- Егер шүмектен су ақса және қысым жақсы болса, келесі қадамға өтіңіз.
3
"AQUA Safe" құбыршегі бұғатталмағанына көз жеткізіңіз.
Құбыршек бұғатталған болса, су құбырына қосылу жеріндегі құбыршек индикаторы қызыл болып жанып тұрады.
Құбыршек бұғатталған болса, су құбырына қосылу жеріндегі құбыршек индикаторы қызыл болып жанып тұрады.
4
Машинаны қуат көзінен (розеткадан) ағытыңыз.
5
Су құятын құбыршектен өтетін су қысымын тексеріңіз.
Ол үшін: су беру шүмегін жабыңыз, су құятын құбыршекті машинадан ажыратыңыз, оны ваннаға, шұңғылшаға немесе шелекке бағыттаңыз, су беру шүмегін ашыңыз. Бұл ретте су құятын құбыршекті міндетті түрде ұстап тұрыңыз.
Ол үшін: су беру шүмегін жабыңыз, су құятын құбыршекті машинадан ажыратыңыз, оны ваннаға, шұңғылшаға немесе шелекке бағыттаңыз, су беру шүмегін ашыңыз. Бұл ретте су құятын құбыршекті міндетті түрде ұстап тұрыңыз.
- Егер қысым болмаса немесе қысым әлсіз болса, сантехникке хабарласыңыз немесе су қысымы күшейгенін күтіңіз.
- Егер қысым күшті болса, келесі қадамға өтіңіз.
6
Егер ұсынымдар көмектеспесе, диагностика және жөндеу үшін Samsung қызмет көрсету орталығына хабарласыңыз.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар