Samsung шаңсорғышы қосылмаса не істеу керек?
Шаңсорғыштың қосылмауының төменде тізімделген бірнеше себебі болуы мүмкін. Олардың әрқайсысын кезекпен тексеріп шығыңыз
- Шаңсорғыштың қызып кетуі. Егер шаңсорғыш ұзақ уақыт бойы жұмыс істеген болса.
- Робот-шаңсорғыштар мен Stick (сымсыз) модельдері үшін – батареясы зарядталмаған.
- Розетканың немесе шаңсорғыштың ақауы.
Қызып кету
Егер шаңсорғыш ұзақ уақыт бойы жұмыс істеп тұрған болса, ол қызып кетуі мүмкін. Шаңсорғышты розеткадан ажыратып, 10–15 минут күтіңіз де, қайтадан қосыңыз.
- Егер шаңсорғыш қосылса, демек оған қатысты бәрі дұрыс, әрі қарай қолдана беріңіз.
- Егер шаңсорғыш қосылмаса, келесі ұсынысты тексеріп шығыңыз.
Ақаулы розетка
Бұл қаншалықты қарапайым болып көрінсе де, розетка ақаулы болуы мүмкін: жалғану нашар немесе кернеу төмен. Мысалы, оған шәйнек немесе фенді қосып, розетканы тексеріңіз немесе шаңсорғышты басқа розеткаға қосып көріңіз.
- Егер шаңсорғыш қосылса, демек оған қатысты бәрі дұрыс, әрі қарай қолдана беріңіз.
- Егер шаңсорғыш қосылмаса, келесі ұсынысты тексеріп шығыңыз.
Батареялардың қуаты бітуі
Кейбір шаңсорғыштарды құбыршек бекітілетін тұтқадағы түйме арқылы қосуға болады. Егер сізде сондай шаңсорғыш болса, оны корпустағы түймемен қосып көріңіз.
- Егер пылесос корпусындағы түйме арқылы қосылса, тұтқадағы батарейкаларды ауыстырып, одан әрі пайдалана беріңіз.
- Егер шаңсорғыш корпусындағы түйме арқылы қосылмаса, келесі ұсынысқа өтіңіз
Шаңсорғыш ақауы
Samsung шаңсорғышының қосылмауы көбінесе қызып кетуімен, батареяның қуаты бітуімен немесе ақаулы розеткамен байланысты. Осы себептердің әрқайсысын кезекпен тексеріңіз - қызып кетуден бастап, сосын розетканы және тұтқадағы батарейкаларды тексеріңіз. Ешқандай ұсыныс көмектеспесе, кәсіби диагностика үшін сервис орталығына жүгініңіз.

Ұсыныстар Samsung компаниясымен берілген және тексерілген..
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар