Samsung кір жуғыш машинасы сығу кезінде қатты шу шығарса, не істеу керек?
Не болып жатыр?
Сығу кезінде шу, ызыңдау немесе бөгде дыбыстар естіледі: қағыс, сықырлау, гүрсіл, темірдің сыңғыры және т.б.
Қандай шуға жол беріледі және қандай шу болмауы керек
Шусыз кір жуғыш машиналар болмайды. Құрылғы дұрыс жұмыс істегенде шығатын шуыл гуілге ұқсайды. Сығу кезіндегі мұндай дыбыс – қалыпты жағдай, өйткені сығу барысында барабан өте қарқынды айналады.
Дегенмен, қағыс, сықырлау, күркіреу, сығырлау, соққы сияқты бөгде дыбыстар болмауы тиіс. Егер осындай дыбыстар кез келген жүктемеде (тек ауыр киімді айдау кезінде ғана емес, әр жуу кезінде) естілсе, төмендегі ұсыныстарды орындаңыз.
Ескерту:
Әр модельдің нұсқаулығында машина жуу және айдау кезінде шығара алатын максималды шу деңгейі көрсетілген. Сығу кезінде бұл көрсеткіш орта есеппен 73-75 дБ (модельге байланысты) құрайды – бұл жеткілікті қатты дыбыс. Егер барабанның шуы осы көрсеткіштен аспаса, бәрі қалыпты.
Не істеу керек
Сонымен қатар, бөгде шу киімнің тепе-теңдігінің бұзылуынан пайда болуы мүмкін екенін есте сақтаңыз. Тепе-теңдікті реттеу үшін өлшемі мен мата құрамы бірдей киімдерді бірге жууға тырысыңыз.
Тақырып бойынша:
- Дыбыс естілмейді (барабан толық айналым жасағанда бір рет тыныш щелчок естілуі мүмкін) – келесі қадамға өтіңіз.
- Дыбыс естіледі (сырғып кету дыбысы, күркіреу, қағыс, сықырлау) – диагностика жасату үшін сервис орталығына хабарласыңыз.
Тасымалдау бұрандалары зауытта машинаға орнатылады. Олар тасымалдау кезінде бакты бекітіп, зақымданудан қорғайды. Жуу машинасын пайдаланар алдында бұрандаларды алу қажет.
Бұрандалар жуу машинасының артқы қабырғасында орналасқан. Машина моделіне байланысты үштен беске дейін бұранда болуы мүмкін.
Тасымалдау бұрандалары мынадай көрінеді:
Ағаш еден, линолеум, кілем, паркет немесе ламинат сияқты беттер жуу машинасын орнатуға жарамсыз.
Жуу машинасының аяқтарын қалай реттеу керек
- Машина аяғындағы бұрандалы шегелерді босатыңыз
- Машина тегіс тұрғанша аяқтарын бұраңыз. Содан кейін бұрандалы шегелерді қайтадан бекітіңіз.
|
Тегіс тұрмауы |
Қалай түзету керек |
|---|---|
|
Алдыңғы бөлігі жоғары |
Аяқтарын сағат тіліне қарсы бұраңыз |
|
Артқы бөлігі жоғары |
Аяқтарын сағат тілімен бұраңыз |
|
Машина солға қарай еңкейген |
Сол аяқты сағат тілімен бұраңыз |
|
Машина оңға қарай еңкейген |
Оң аяқты сағат тілімен бұраңыз |
Ескерту:
Бұл калибрлеу функциясы бар машиналарға қатысты. Функцияның бар-жоғын осы модельдегі кір жуғыш машинаның нұсқаулығынан нақтылауға болады.
Тақырып бойынша:
Тақырып бойынша:
- Соққы, сықырлау, дыңғырлау және т.б. дыбыстар жоқ болса – машинанызбен ешқандай мәселе жоқ, оны әрі қарай қауіпсіз пайдалана беруге болады.
- Соққы, сықырлау, дыңғырлау және т.б. дыбыстар болса – диагностика үшін сервис орталығына жүгініңіз.
Кір жуғыш машинаның сығу кезіндегі шуы барабандағы бөгде заттар, алынбаған тасымалдау бұрандалары немесе дұрыс орнатылмауы сияқты әртүрлі факторларға байланысты пайда болады.
Мәселені шешу үшін бөгде заттардың бар-жоғын тексеру, тасымалдау бұрандаларының алынғанына көз жеткізу, машинаны қатты бетке түзу орнату үшін аяқтарын реттеу және калибрлеу жүргізу қажет. Осы қадамдарды орындағаннан кейін киімсіз сынақ суыруды іске қосыңыз, егер шу сақталса, сервис орталығына жүгініңіз.
Ұсыныстар Samsung компаниясымен берілген және тексерілген..
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар