Samsung Galaxy құрылғым сынып кетті немесе экранда жарық пайда болды
Құрылғыңызды кездейсоқ құлап кетті ме? Құрылғыға кездейсоқ механикалық әсер ету экранда немесе артқы қақпақта (артқы шыныда) жарық пайда болуына әкелуі мүмкін. Зақымдану түрі мен күшіне қарай әртүрлі мәселелер туындауы мүмкін. Зақымдануды жою үшін жақын маңдағы Samsung қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
Экрандағы мүмкін болатын зақымданулар
Жарылған экран
Құрылғыға тікелей механикалық күш түскенде, оның шыны экраны сынып немесе жарылуы мүмкін. Қаптамалар немесе қорғаныш пленкалар арқылы зақымдануды азайтуға болады, бірақ құрылғы зақымданған жағдайда, оны мүмкіндігінше тез арада жөндеу үшін қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
Экрандағы қара дақ
Экран шынысы зақымданбаған, бірақ ұзақ уақыт бойы үздіксіз қысым салдарынан ішкі бөлігі зақымданған жағдайда, дисплейде сия дағына ұқсас қара дақ пайда болуы мүмкін.
Пиксельдердің ағып шығуы
Пиксельдердің ағып шығуы әдетте құрылғыға тікелей соққы тиюінен болады. Бұл пиксельдердің жолдарында немесе бағандарында қара немесе түрлі-түсті сызықтардың пайда болуына әкелуі мүмкін.
Экранды толық ауыстыру
Бұл әдіс экранды толық ауыстыруды көздейді. Экранды толық ауыстыру Samsung Electronics қызмет көрсету орталығының техникалық маманы экранды толық ауыстырудың қажеттілігін растағаннан кейін жүзеге асырылады.
Жөндеу құны кепілдік, сақтандыру, құрылғы моделі және жақтау зақымдануына байланысты. Егер жақтау бүтін болса, жақтаусыз дисплейді ауыстыру (UB-жөндеу) мүмкін, бұл дисплейді жиынтық түрде ауыстырудан тиімдірек *
Сіз Samsung Electronics клиенттерді қолдау сайтында өз құрылғы моделіңіздің экранын ауыстырудың шамамен құнын алдын ала біле аласыз.
* Модельге байланысты 30%-ға дейін үнемдеу
Корпус артқы қақпағының (артқы шынының) мүмкін болатын зақымданулары
Артқы шыны деп құрылғының артқы қақпағының шыны корпусы аталады. Физикалық әсер немесе құлау салдарынан артқы қақпақ зақымданса, оны Samsung Electronics қызмет көрсету орталығында ауыстыруға болады. Жөндеу құны мен әдісі модельге және ішкі зақымданулардың болуына байланысты болуы мүмкін, олар сыртқы артқы қақпақты ауыстырудан бөлек, назар аударуды талап етуі мүмкін. Бағалар туралы толық ақпаратты Samsung Electronics қызмет көрсету орталығынан алуға болады.
Ескерту. Экран суреттері мен құрылғы мәзірі құрылғы моделіне және бағдарламалық жасақтама нұсқасына байланысты өзгеруі мүмкін.
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар