Қорғалған бума ашылмаса, не істеу керек

Соңғы жаңартулардың күні : 28.05.2025

Егер сіз Samsung Galaxy телефоныңыздағы қорғалған қалтаны (Knox қалтасын) аша алмасаңыз, себебі сіз парольді ұмытып қалдыңыз, қолданба ақауы пайда болды немесе «Қорғалған қалтаға кіруге тыйым салынды» деген қате шықса, осы мақаладағы ұсыныстарды орындаңыз.

Егер сіз қорғалған қалтаның паролін білсеңіз

1 Бағдарламалық жасақтама мен жүйелік қолданбалардың жаңартуларын тексеріңіз.

Бағдарламалық жасақтаманы уақтылы жаңарту смартфондағы қолданбалар мен қызметтердің жұмысындағы көптеген қателерден аулақ болуға мүмкіндік береді.

Телефонда бағдарламалық жасақтаманың соңғы нұсқасы орнатылғанына көз жеткізіңіз.

Бағдарламалық жасақтаманы уақтылы жаңарту смартфондағы қолданбалар мен қызметтердің жұмысындағы көптеген қателерден аулақ болуға мүмкіндік береді.

Galaxy Store қолданбасының негізгі экраны. Galaxy Store қолданбасының негізгі экраны.

1-қадам. Galaxy Store қолданбасын ашып, «Мәзiр» бөліміне өтіңіз.

Galaxystore мәзір экраны. Galaxystore мәзір экраны.

2-қадам. «Жаңартулар» басыңыз.

Қолданбаларды жаңарту. Қолданбаларды жаңарту.

3-қадам. «Барлығын жаңарту» басыңыз.

2 Қауіпсіз режимде қолданбаның жұмысын тексеріңіз.

Қорғалған қалтаның жұмысына жүктелген қолданбалардың бірі әсер етуі мүмкін. Мұны тексеру үшін смартфонды қауіпсіз режимде іске қосыңыз. Бұл режимде барлық жүктелген қолданбалар өшіріліп, құрылғының жұмысына әсер етпейді. Knox қалтасын іске қосқанда қателер пайда бола ма, тексеріңіз.

Егер қауіпсіз режимде қорғалған қалта дұрыс ашылса, мәселе жүктелген қолданбалардың бірінде. Жүктелген қолданбаларды бірінен соң бірі жою арқылы құрылғының жұмысын тексеріңіз. Соңғы орнатқандарынан бастағаныңыз дұрыс.

3 Қорғалған қалтаны жою және қайтадан жасау.

Назар аударыңыз: Knox қалтасы барлық мазмұнымен бірге жойылады, сондықтан ең алдымен деректердің резервтік көшірмесін жасаңыз.

Қорғалған қалтаны жою үшін келесі әрекеттерді орындаңыз:

Параметрлер мәзірі. Параметрлер мәзірі.

1-қадам. «Параметрлер» ашып, «Қауіпсіздік және құпиялылық» бөліміне өтіңіз.

Қауіпсіздік және құпиялылық мәзірі. Қауіпсіздік және құпиялылық мәзірі.

2-қадам. «Қосымша қауiпсiздiк параметрi» ашыңыз.

Қосымша қауiпсiздiк параметрi мәзірі. Қосымша қауiпсiздiк параметрi мәзірі.

3-қадам. «Қорғалған қалта» басыңыз.

PIN-код терезесі. PIN-код терезесі.

4-қадам. Қалтаның паролін енгізіңіз.

Қорғалған қалта  мәзірі. Қорғалған қалта  мәзірі.

5-қадам. «Қосымша параметрлер» тармағын таңдаңыз.

Қосымша параметрлер  мәзірі. Қосымша параметрлер  мәзірі.

6-қадам. «Жою» басыңыз.

Содан кейін қорғалған қалтаны қайтадан жасаңыз.

4 Қалпына келтіруді орындаңыз.

Егер жоғарыда көрсетілген ұсыныстар көмектеспесе, телефонды зауыттық параметрлерге қалпына келтіруге болады.

Параметрлерді қалпына келтіру құрылғыдан барлық деректерді жояды. Қалпына келтіру алдында барлық маңызды деректердің резервтік көшірмесін жасауды ұсынамыз.

Егер сіз қорғалған қалтаның паролін ұмытып қалсаңыз

Егер сіз Knox қалтасының паролін ұмытып қалсаңыз, оны Samsung Account көмегімен қалпына келтіруге болады. Әдетте парольді қалпына келтіру функциясы белсендірілген және сіз оны параметрлерде өшірмеген болсаңыз, жұмыс істейді.

Knox қалтасы Knox қалтасы

1-қадам. Knox қалтасын ашып, кез келген PIN-кодты (пароль немесе суретті) енгізіңіз.

Knox қалтасы, Pin коды есімде жоқ. Knox қалтасы, Pin коды есімде жоқ.

2-қадам. Экранда «PIN ұмытыпған» деген жазу пайда болады. Оны басыңыз.

Бастапқы қалпына келтіру мәзір. Бастапқы қалпына келтіру мәзір.

3-қадам. «Бастапқы қалпына келтіру» басыңыз.

Samsung есептік жазбасының құпия сөзі. Samsung есептік жазбасының құпия сөзі.

4-қадам. Samsung Account есептік жазбасының паролін енгізіп, «ОК» басыңыз.

Knox қалтасына жаңа құпия сөз орнатыңыз. Knox қалтасына жаңа құпия сөз орнатыңыз.

5-қадам. Блокировка түрін таңдап, Knox қалтасы үшін жаңа пароль орнатыңыз. Дайын!

Егер дұрыс емес пароль енгізгенде экранда «PIN-кодты (суретті, парольді) ұмытып қалдым» деген жазу пайда болмаса, демек, қалпына келтіру функциясы параметрлерде өшірілген және Samsung Account арқылы парольді қалпына келтіру мүмкін болмайды.

Сіз Knox қалтасын құрылғыдан жоюыңыз және оны қайтадан жасай аласыз.

Ескерту:

Жойған кезде қалтаның мазмұны жоғалады. Егер бұрын деректердің резервтік көшірмесін жасамаған болсаңыз, деректерді қалпына келтіру мүмкін болмайды.

 

1 Samsung Account есептік жазбасын құрылғыдан жою.
2 Knox қалтасын ашыңыз.

Экранда қорғалған қалтаның бұғатталғаны туралы ескерту пайда болады. «Жою» басыңыз.

Knox қалтасын жою.
3 Смартфоныңызда Samsung Account есептік жазбасына қайта кіріп, жаңа Knox қалтасын орнатыңыз.

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!