Samsung теледидарының пульті жұмыс істемесе не істеу керек?
Теледидардың қашықтан басқару пульті бірнеше себепке байланысты жұмыс істемеуі мүмкін.
Өз бетіңізше шеше алатын қарапайым себептер:
- пульттегі батареялардың қуаты біткен (таусылған);
- теледидардың пультпен байланысы үзілген;
- пульт түймелеріне ластану түскен;
- бағдарламалық ақау орын алды;
- кейбір батырмалар теледидардың белгілі бір режимінде жұмыс істемеуі мүмкін. Мысалы, түрлі-түсті функциялық «a/b/c/d» түймелері тек менюдің жеке тармақтарында немесе Smart Hub қосымшаларында қолжетімді.
Samsung қызмет көрсету орталығының инженері жоя алатын техникалық ақаулар:
- пульттің механикалық зақымдануы;
- теледидардың өзіндегі пульт сигналын қабылдау датчигінің ақауы.
Әр жағдай бойынша ұсыныстарды көру үшін төмендегі сілтемені басыңыз:
Теледидар бейне көзін немесе дыбыс деңгейін өздігінен өзгертіп, мәзір тармақтарын өздігінен ауыстырады
Егер жазу болса және сізде түймелі пульт болса, пульттегі түймелерді кезекпен басыңыз: Mute > Stop > Stop > Stop > Exit.
Теледидарды шамамен бір минутқа желіден ажыратып, қайтадан қосыңыз. Егер теледидарға One Connect қосылған болса, оны да ажыратыңыз. Мұндай қайта іске қосу жұмыстағы ықтимал ақауларды жояды.
Теледидар өшірулі тұрғанда, кір мен шаңды кетіру үшін пультті және теледидар экранының айналасындағы жақтауды (рамканы) сүртіңіз. Тоқымасыз майлықтарды немесе микрофибраны қолданыңыз.
- К-сериядағы телевизорлар: Параметрлер > Жүйе > Қосымша баптаулар > Anynet+ (HDMI-CEC).
- M-серия және одан жаңа модельдегі телевизорлар: Параметрлер > (Барлық параметрлер) > Жалпы және құпиялык (Жалпы) > Сыртқы құрылғылар менеджері > Anynet+ (HDMI-CEC).
Тақырып бойынша:
- Егер пультте батарея болмаған кезде теледидар арналарды ауыстырмаса, демек пульт ақаулы. Пультті ауыстыру үшін Samsung сервис орталығына хабарласыңыз.
- Егер пультте батарея болмаса да теледидар арналарды ауыстыра берсе, келесі ұсынысқа өтіңіз.
Тақырып бойынша:
БЖ жаңартулары мүмкін қателіктерді жоюға және жүйе жұмысын тұрақтандыруға бағытталған.
Егер зақымданулар болмаса, бірақ теледидар бейне көзін немесе дыбыс деңгейін өздігінен өзгертіп отырса — біздің қолдау қызметіне ыңғайлы кез келген тәсілмен хабарласыңыз.
Теледидар пультке жауап бермейді
Теледидарды өшіріп, шамамен бір минутқа электр желісінен ажыратыңыз, содан кейін қайтадан қосыңыз. Егер теледидарға One Connect қосылған болса, оны да ажыратыңыз. Осындай қайта іске қосу жұмыстағы мүмкін болатын ақауларды жоюға көмектеседі.
Теледидарға 20-30 см қашықтыққа жақындап, жұмысын тексеріңіз.
Дұрыс жұмыс істеуі үшін пультті теледидардың инфракызыл сенсорына тікелей бағыттаңыз. Пульт пен теледидардың арасында кедергі болмауы маңызды.
Баптаулар → Қолдау → Теледидар туралы бөліміне өтіңіз.
Егер мекенжай жоқ болса немесе 00:00:00:00:00:00 немесе ff:ff:ff:ff:ff:ff түріндегі символдар көрсетілсе, жабдықты диагностикалау және жөндеу үшін жақын маңдағы өкілетті қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
Тақырып бойынша:
Бұған дейін баптауларды қалпына келтіруді (мүмкін болса) орындау ұсынылады. Баптауларды қалпына келтіру жұмыстағы мүмкін болатын ақаулар мен қателерді жоюға көмектеседі.
БЖ жаңартуларында мүмкін болатын қателер жоюылады және жүйенің жұмысы тұрақтандырылады.
Ешнәрсе көмектеспесе, пультті смартфон арқылы тексеріңіз.
Камераны қосып, пультті оған бағыттап, пульттегі түймелерді басыңыз. Егер пульт жұмыс істесе (ИК-сигнал жіберсе), онда оның үстіндегі қызыл жарық диоды жанады.
iPhone смартфондарында пультті алдыңғы камера арқылы тексеріңіз, негізгі камера ИК-сигналды көрсетпейді.
- Пульт смартфон арқылы анықталмаса — пульт ақаулы, оны ауыстыру үшін Samsung қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
- Пульт смартфон арқылы анықталғанымен, әлі де теледидарды басқармай тұрса — ақау теледидардың өзінде болуы мүмкін, жабдықты диагностикалау және жөндеу үшін Samsung қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
Тақырып бойынша:
1-қадам. Ұялы телефонда Bluetooth қосып, жаңа құрылғыларды іздеуді іске қосыңыз.
2-қадам. Пульттегі ҮЙ түймесінен ең шетте орналасқан 2 түймені басып тұрып, пульттің смартфондағы қолжетімді құрылғылар тізімінде пайда болып-болмайтынын тексеріңіз.
Әдетте тізімде аксессуар, белгісіз құрылғы сөздері немесе 2A:D5:F8:53 түріндегі Bluetooth мекенжайы көрсетіледі.
- Пульт смартфон арқылы анықталмаса — пульт ақаулы, оны ауыстыру үшін Samsung қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
- Пульт смартфон арқылы анықталғанымен, әлі де теледидарды басқармай тұрса — ақау теледидардың өзінде болуы мүмкін, жабдықты диагностикалау және жөндеу үшін Samsung қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.
Ұсыныстар Samsung компаниясымен берілген және тексерілген..
Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!
Барлық сұрақтарға жауаптар