key features
-
Samsung DeX
-
S Pen
-
Тұнық дисплей
-
Dolby Atmos
Көп тапсырмаларды шексіз орындаңыз
Үйдегі және жолдағы тығыз өміріңізге бейімделген, жетілдірілген Galaxy Tab S4 планшеті - ойын-сауық пен көп тапсырмаларды орындау бойынша көмекшіңіз.
Samsung DeX еш қиындықсыз өнімділігі
Samsung DeX қолданбасы Samsung планшетінде Galaxy Tab S4 планшетін алғаш рет пайдалану үшін қолжетімді. Планшет мобильділігімен ДК өнімділігін алыңыз. DeX станциясынсыз немесе DeX pad құралынсыз HDMI адаптері арқылы көп тапсырмаларды қарапайым жолмен орындап, тиімдірек ету үшін пернетақтаны, тінтуірді немесе мониторды қосыңыз.
* HDMI адаптері, пернетақта және монитор бөлек сатылады. ** Microsoft Office бағдарламасын пайдалану үшін сіз лицензия сатып алуыңыз керек. *** Samsung DeX қолданбасы бірнеше ажыратымдылықты (HD+/FHD) бейне шығысына қолдау көрсетеді. HDMI адаптерін Samsung DeX қолданбасы арқылы сыртқы дисплейге жалғау керек. **** Samsung DeX режимінде болғанда планшеттегі кейбір қолданбалар өзгеше болуы мүмкін. ***** Galaxy Tab S4 керек-жарақтарын ұсыныңыз: Бірнеше портты адаптер (EE-P5000B), HDMI адаптері (EE-HG950), DeX кабелі (EE-I3100). Нақты үлгі нөмірі ел бойынша әр түрлі болуы мүмкін.
Жұмысқа дайын
Жұмыс шляпаңызды киіңіз. Galaxy Tab S4 планшеті тапсырма жолағы, бірнеше терезе мүмкіндігі және сүйреп апару сияқты қимылдары бар ДК сияқты жұмыс істейді. ДК сияқты тәжірибе қажет болса, экрандағы Жылдам тақта арқылы Samsung DeX қолданбасын іске қосып, Android үйлесімді пернетақтаны және тінтуірді қосыңыз.
*Пернетақта, тінтуір бөлек сатылады.**Планшет режиміндегі кейбір қолданбалар Samsung DeX режимінде өзгеше болуы мүмкін. ***Сүйреп апару мүмкіндігі қазір Хабарлар, Myfiles, Samsung Notes, Галерея, электрондық пошта және Gmail қолданбаларында ғана қолдау көрсетіледі.
Жұмысыңызды әртараптандырыңыз
Жеке өнімділігіңіз жайлылыққа негізделген. Сол себепті, сыртқы мониторы бар Samsung DeX қолданбасы келді. Планшетте Android пайдаланушы интерфейсін үлкен экрандағы Samsung DeX қолданбасымен пайдалана бере аласыз. Болмаса, мониторды қарап, планшетті сенсорлық тақта, цифратор немесе сенсорлық пернетақта ретінде пайдаланыңыз.
*HDMI адаптері, монитор бөлек сатылады.**Samsung DeX қолданбасы бірнеше ажыратымдылықты (HD+/FHD) бейне шығысына қолдау көрсетеді. HDMI адаптерін Samsung DeX қолданбасы арқылы сыртқы дисплейге жалғау керек. ***Samsung DeX режимінде болғанда планшеттегі кейбір қолданбалар өзгеше болуы мүмкін.****Galaxy Tab S4 керек-жарақтарын ұсыныңыз: Бірнеше портты адаптер (EE-P5000B), HDMI адаптері (EE-HG950), DeX кабелі (EE-I3100). Нақты үлгі нөмірі ел бойынша әр түрлі болуы мүмкін.
Кеңейтілген өнімділік
Galaxy Tab S4 планшетінің 1 Гбит/сек дейінгі LTE жылдамдық көрсеткіштері іс-әрекеттерді орындауға көп уақыт береді. 64 ГБ және 256 ГБ ішкі жады және MicroSD картасы слотына салуға болатын 400 ГБ қосымша сақтау орны арқылы құжаттар мен бейнелерді сақтауға көп орын болады.
*Қолжетімді сақтау орны елге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.**MicroSD картасы бөлек сатылады.***LTE желісінің жылдамдық көрсеткіштері пайдаланушының байланыс ортасына байланысты әр түрлі болуы мүмкін.****Кескіндер тек көрсету мақсатында үлгіленген.
Өзіңізді ойын-сауыққа бөлеңіз
Galaxy Tab S4 планшеті ықшам құрылғыда кең көру аймағын береді. 10.5” экран өлшемі кішірейтілген шеңберлерден жасалды және үстіңгі логотип не басты бет түймесі жоқ. Жетілдірілген 16:10 қатынастағы sAMOLED дисплейі таңдаулы мазмұныңызды қарау кезінде тұнығырақ көру тәжірибесін береді.
Өзіңізді дыбыспен қоршаңыз
AKG бойынша реттелген төртбұрыш динамиктер шынайы дыбыс береді. Енді AKG мамандарымен жасалған автоматты бұрылатын стерео шығысын пайдалана аласыз. Dolby Atmos технологиясы экранды тірілтетін жоғары өлшеммен 3D орта дыбысын қосу арқылы жылжымалы аудио технологиясы қызметін атқарады.
Қатарынан бірнеше сағат қараңыз
Galaxy Tab S4 планшетінің батареясының сыйымдылығы - 7300 мАсағ, 16 сағатқа дейін бейне ойнатуға болады, яғни таңдаулы шоуларды немесе маусымды қарай бере аласыз. Егер батареяңыздың зарядты толық таусылмаса, оны жылдам зарядтау арқылы 200 минут ішінде толық зарядтай аласыз.
*Орта мен зарядтау құрылғысына байланысты зарядтау уақыты әр түрлі болады.
Күту режимінде де пайдалы
Galaxy Tab S4 планшеті кідіріс режимінде смарт үй дисплейіне айналады. Күнделікті тақтаны зарядтау кезінде таңдаулы фотосуреттерді көрсету күйіне орната аласыз. Болмаса, ағымдағы ауа райы болжамын ғана емес, сонымен қатар ағымдағы уақытты немесе күнтізбені көрсете алатын пайдалы көмекшіге айналдырыңыз.
*Ауа райы болжамы мүмкіндігі деректер байланысын талап етеді.**POGO зарядтау қондырмасы бөлек сатылады‡ күнделікті тақтада POGO зарядтау қондырмасын немесе Type C USB пайдалану талап етіледі.
Bixby қызметінің көмектексуіне мүмкіндік беріңіз
Мәселелерге фокустап, Bixby Voice қызметіне қалғанын өңдеуге мүмкіндік беріңіз. SmartThings қолданбасы арқылы үй қолданбаларын басқару кезінде Bixby қызметі ауаны желдету, жуу машинасын басқару және т.б. қызметтерді орындауы мүмкін. Bixby Voice қызметі MR арқылы қолдау көрсетіледі және 2019 жылдың кейінгі бағдарламалық құрал жаңартуында шығарылады.
*Қолжетімді функциялар мен мүмкіндіктер елге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Әлемге деген көзқарасыңызды кеңейтіңіз
Bixby Vision қызметі арқылы ақпаратты нақты уақытта іздеу үшін Динамикалық нәтижені пайдаланыңыз. Камераның көріністапқышындағы Bixby Vision белгішесі арқылы дүкен терезесінен көрген затты сатып алып, орындағы белгілер мен бизнестерді анықтап, шетелдік тіл белгілері мен мәзірлерін аударыңыз.
*Bixby динамикалық нәтижесін пайдалану үшін GPS функциясы қосылуы қажет.**Қолжетімді функциялар мен мүмкіндіктер елге байланысты әр түрлі болуы мүмкін.
Көздеріңіз - кілт
Galaxy Tab S4 планшетінде енді бетті тану технологиясына қоса көздің сыртқы мөлдір қабатын сканерлеу мүмкіндігі бар. Құрылғыңызды құлыптан босату үшін бетті немесе көзді жылдам сканерлеу қажет. Жеке файлдар мен қолданбаларды Қорғалған қалта функциясымен бірге биоаутентификацияны пайдалану арқылы қорғалған шифрлау қауіпсіздігімен қорғаңыз.
Қорғалған қауіпсіздік
Деректеріңізді қорғалған күйде сақтаңыз. Samsung Knox атты қорғалған қауіпсіздік платформасы планшетті қосқаныңыздан бастап чиптен құрастырылған. Нақты уақыттағы қауіпсіздіктің бірнеше қабаты деректеріңізді тек сіз аша алатын қорғалған қалтаға салып, жұмысыңыз бен жеке заттарыңызды бөлек сақтайды.
Сипаттамалары
-
Процессор жиілігі 2.35 ГГц, 1,9 ГГц
-
Салмағы (г) 483
-
Бейне ойнату уақыты (сағ.) Соңы 16
-
Өлшемі (негізгі дисплей) 10,5" (267,2 мм)
-
Негізгі камера - ажыратымдылығы 13,0 Мпикс.
-
Аккумулятордың стандартты сыйымдылығы (мАсағ) 7300
Қолдау
Өнім туралы сұрағыңызға жауап табыңыз
-
User Manual (QQ)
- ver 1.0
- 11.87 MB
- 24.09.2020
MULTI LANGUAGE -
User Manual (QQ)
- ver 1.0
- 12 MB
- 24.09.2020
MULTI LANGUAGE -
User Manual (QQ)
- ver 1.0
- 11.91 MB
- 24.09.2020
MULTI LANGUAGE -
User Manual (Pie)
- ver 1.0
- 12.06 MB
- 18.03.2020
MULTI LANGUAGE
Жиі қойылатын сұрақтар
{{family.currentModel.displayName}}
{{family.currentModel.modelCode}}
Price with discount: {{model.prices.currentPriceDisplay}}
Price before: {{model.prices.priceDisplay}}
-
{{summary.title}}
-
{{summary.title}}
Модельдерді салыстырыңыз
Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз