«GALAXY UNPACKED» ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Galaxy Unpacked» («Акция») жарнамалық акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу арқылы қатысушы Ұйымдастырушының ресми интернет-дүкенінің сайтында келесі мекенжайлар бойынша жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») танысқанын және сөзсіз келісетінін білдіреді: https://www.samsung.com/kz_ru/unpacked/  («Акция сайты»).

 

 

1.     Жалпы ережелер:

1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., Kaisar Plaza СКО, Желтоқсан көшесі, 115-үй, 3-қабат.

1.2. Акцияны өткізу кезеңі: 2023 жылдың 11 қаңтары мен 1 ақпаны аралығында  Астана қ. уақытымен сағат 23:59 дейін.

1.3. Акция қорытындыларын шығару күні: 2023 жылдың 2 ақпан.

1.4. Акцияны өткізу аумағы: Қазақстан Республикасының аумағы.

 

2.     Акцияға қатысушы

2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»).

2.2. Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны  ұйымдастыруға қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері Акцияға қатыса алмайды.

2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.  Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады.

2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

 

 

3.     Акцияның сипаты мен қатысу шарттары:

3.1. Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда, осы Ережелердің төмендегі 4-бөлімінде қарастырылған сыйлықтардың бірін алу мүмкіндігін алады.

3.2. Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы тиіс:

3.2.1.              Акцияны өткізу кезеңінде Қатысушы тіркеу формасын толтыру арқылы келесі мекенжай бойынша орналасқан Акция Сайтында тіркелуі қажет: https://www.samsung.com/kz_ru/unpacked/.

3.3. Акцияға қатысу үшін әрбір қатысушыдан тек бір тіркелген өтінім қабылданады.

 

 

4.     Сыйлықтар

4.1.          Жеңімпазға арналған Акция сыйлығы SAMSUNG тауар белгісімен келесі сыйлықтар болып табылады («Сыйлық»):

˗            Samsung Galaxy смартфоны – 1 (бір) бірлік;  

˗            Samsung Galaxy Watch4 смарт-сағаты – 5 (бес) бірлік.

4.2.          Осы Ережелердің 3.2. тармағында көрсетілген Акцияға қатысу тәсілі Қатысушылар арасында жоғарыда көрсетілген Сыйлықтар берілетін 6 (алты) жеңімпазды қарастырады.

4.3.          Осы ретте Ұйымдастырушы Сыйлық санын өз бетімен анықтап оны өзгерту құқығын өзіне қалдырады.

4.4.          Әрбір Қатысушы Акция шеңберінде 1 (бір) сыйлықтан артық ала алмайды.

4.5.          Сыйлық саны шектеулі. Сыйлық ақшалай қаражатқа немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Қатысушы сыйлық алудан бас тарта алады, осы ретте Қатысушыға қандай да бір қаражат/өтемақы төленбейді.

4.6.          Акция шеңберінде берілген Сыйлыққа осындай тауарларға арналған стандартты кепілдік қолданылады.

4.7.          Сыйлықтың нақты түсі тауардың қоймада болуына байланысты және Акция сайтындағы немесе Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі аккаунттарындағы кескіннен айырмашылықтары болуы мүмкін. 

4.8.          Сыйлықты жеткізу Жеңімпаз анықталған сәттен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындалады. Сыйлықты жеткізу Ұйымдастырушы есебінен жүргізіледі.  Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға дейін жеткізу үшін ақы, салық төлеуді немесе басқа да төлемдерді талап етсе, мұндай төлемдерді орындамаңыз және дереу Ұйымдастырушымен байланысыңыз. Ұйымдастырушымен осы Ережелерде көрсетілген төмендегі нөмірлер арқылы немесе Ұйымдастырушының әлеуметтік желілердегі ресми беттерінде байланысуға болады.

4.9.          Сыйлық алу құқығы үшінші тұлғаларға табысталмайды.

4.10.      Ережелерде көрсетілген шарттардың барлығын орындаған жағдайда Сыйлық алу үшін Қатысушы міндетті:

˗         Жеке куәлігінің көшірмесін/ықтиярхатын ұсыну;жеке куәліктің/ықтиярхаттың деректері тіркелу кезіндегі қатысу формасында көрсетілген деректермен сәйкес келуі қажет;

˗         Сыйлықты қабылдау-тапсыру актісін  немесе Жеткізу парағы/қордағыны сыртқа жіберу парағын толтырып, қол қою;

˗         фото/видеотүсірілімге Келісімге қол қою;

˗         Қолындағы Сыйлықпен фото/видео түсіру.

4.11. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміткер бола алмайды:

˗   Акцияның қандай да бір шарттарын бұзған жағдайда;

˗   Қатысушы берген деректер қате/жалған болса;

˗   Ұйымдастырушы/серіктес қатысушымен 15 күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаса;

˗   Алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса;

˗   Жоғарыда көрсетілген құжаттарды беруден бас тартса. 

 

 

5.     Акция Жеңімпаздарын анықтау тәртібі

5.1.        2023 жылдың 11 қаңтар мен 1 ақпаны аралығындағы кезеңде Ұйымдастырушы Қатысушылар жолдаған тіркеу деректерін жинау мен модерациялау жүргізеді.

5.2.        Қатысушылар арасындағы ұтыс ойыны samsung.kz пен Samsung Kazakhstan YouTube-арнасында 2023 жылдың 2 ақпанында Galaxy Unpacked тікелей эфирінде өткізіледі және жеңімпаздар https://www.random.org сайты арқылы кездейсоқ сандар онлайн генераторының көмегімен анықталады.

5.3.        Өткізілген Акция нәтижелері мен жеңімпаздар тізімі Акция сайтында 2023 жылдың 3 ақпанынан кешіктірілмей жарияланады. 

5.4.          Егер жеңімпаздар тізіміндегі қатысушы 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде байланысқа шықпаса, Қатысушылардың резервтік тізіміндегі бірінші үміткер жеңімпаз ретінде танылады. Осы ретте резервтік тізім дегеніміз – ұтыс ойыны кезінде анықталған әлеуетті жеңімпаздардың тізімі. Егер осы резервті қатысушылар модерациядан өтпесе, Ұйымдастырушы қандай да бір қосымша ұтыс ойынысыз және резервті тізім қатысушыларына хабарламай Акцияны аяқтау шешімін қабылдауға құқылы.

5.5.          Акцияны аяқтаған соң Ұйымдастырушы Жеңімпазбен Сыйлық алу бойынша нұсқаулықтар беру үшін байланысады.

 

 

6.     Басқа шарттар

6.1.          Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы мен осы Ережелерде бекітілген құқықтары мен міндеттері бар.

6.2.          Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады.

6.3.          Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.

6.4.          Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.

6.5.          Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / Жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

6.6.          Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін.

6.7.          Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін бермеуге, сонымен қатар басқа да кез келген ақпаратты заңға қайшы мақсаттарда немесе Акцияға байланысы жоқ басқа да мақсаттарда табыстамауға міндеттенеді. 

6.8.          Акцияны өткізудің барлық мәселелері бойынша Акцияның Ережелеріне қатысты Ұйымдастырушы қабылдаған барлық шешімдер соңғы болып саналады.  

6.9.          Ұйымдастырушы өз міндеттерін телекоммуникациялық, энергетикалық желілердің, залалды бағдарламалардың, сонымен қатар үшінші тұлғалардың қасақана бағдарламалық және/немесе аппараттық кешенге рұқсатсыз қол жеткізіп істен шығаруға бағытталған әрекеті нәтижесі болып табылатын себептерден өз міндеттерін орындамағаны немесе толықтай орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

6.10.      Ұйымдастырушы Акция шеңберінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін үшінші тұлғаларды қатыстыруға құқылы.  

6.11.      Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Жеңімпаз, әлеуетті Жеңімпаз және (немесе) Қатысушы шектетілсе, қатысу талаптарына сәй келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның әрекетін қандай да бір тұлғаны қорлайтын, әділетсіз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе тіл тигізуге, қиянат көрсетуге, қауіп төндіруге бағытталғанын анықтаса, Ұйымдастырушы осындай Жеңімпазды немесе әлеуетті Жеңімпазды және (немесе) Қатысушыны онымен хабарласса, оның аты қандай да бір жерде көрсетілсе немесе жарияланса да қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.

6.12.      Осы Ережелердің кез келген қағидаларының  жалғандығы немесе оны орындау мүмкіндігінің болмауы осы Ережелердің басқа қағидаларының қолданылуына немесе орындау мүмкіндігіне әсері жоқ. Егер қандай да бір қағида жалған немесе қолдануға болмайтын немесе заңсыз болса, қалған Ережелер жалған немесе заңсыз қағидалар болмағандай қолданылып жалғастырылады және шарттына сәйкес түсіндіріледі.

6.13.      Егер кез келген тұлға жалған ақпарат беріп заңға қайшы жолмен қатысып немесе сыйлық алу үшін осы Ережелерді бұзған жағдайда Ұйымдастырушы осы тұлғаны қатысудан шектетіп, келтірілген шығынды өтеуді талап ете алады.

6.14.      Осы интернет-сайт және оның мазмұны ақпараттық сипатта ұсынылған және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабының қағидаларымен анықталған жария оферта болып табылмайды. Құрылғының нақты түсінде айырмашылықтар болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

 

Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:


8-10-800-500-55-500 – тұрақты телефоннан бірыңғай қолдау көрсету қызметі   

7799 – ұялы телефоннан бірыңғай қолдау көрсету қызметі