POWERbot 7260 pet plus робот-шаңсорғыш, 60 Вт
-
Өзін-өзі тазалайтын жұмсақ әрекет щеткасы
-
Өзін-өзі тазалайтын ұнтақтағыш
-
Visionary Mapping 2.0
-
Voice Guide
Қатты едендерді жұмсақ және тиімді тазалау
Өзін-өзі тазалайтын жұмсақ әрекет щеткасы
Еденнің кез келген түрін тиімдірек тазалаңыз. 1,5 миллион ұсақ талшықтардан жасалған өзін-өзі тазалайтын жұмсақ әрекет щеткасы антистатикалық күміс қосылған жұмсақ тоқылған тоқымалардан жасалған. Ол қатты едендерден ұсақ шаңды жинап, қуыстар ішін тазалайды және жиналып қалған шаш мөлшерін (сонымен қатар, үй жануарларының жүні) азайтады.*
* VR10F71UCAC дәстүрлі щеткасымен салыстырып сыналған, ол 0,5 г шашты 5 рет салғаннан кейін жиналып қалған шаштың орташа мөлшерін өлшейді.
Щеткаға аз шаң және шаш тұрып қалады*
Өзін-өзі тазалайтын ұнтақтағыш
Щеткада шаң және шаш тұрып қалуын болдырмайды. Щетканың ортаңғы жағы мен бүйірлеріндегі өзін-өзі тазалайтын ұнтақтағыштар, әдетте, қылшақтар айналасында жиналып қалған адам мен үй жануарының шашын ұнтақтайды. Кейін кішкене бөліктерді оңай сорып алуға болады, сондықтан оны қолмен жинап алу туралы алаңдамауға болады.
* VR10F71UCAC дәстүрлі щеткасымен салыстырып сыналған, ол 0,5 г шашты 5 рет салғаннан кейін жиналып қалған шаштың орташа мөлшерін өлшейді.
Оңтайлы тазалау жолының дәл картасын белгілейді
Visionary Mapping 2.0
Үйіңіздің тез және толық тазалануына көз жеткізіңіз. Үстіңгі жағындағы Visionary Mapping™ жүйесі оңтайлы жолды табады. Дәлдігі төмендегі оптикалық сенсор және Tri Axis Gyro арқылы жақсартылады. Ол неғұрлым тиімді бағытта* тазалау уақытын қысқартатын егжей-тегжейлі картаны жасай алады.
* SAMSUNG VR10F71UCAC құрылғысымен салыстырылып шынай үй пааметріне ұқсас жиһазбен ішкі сынақ алаңдарында сыналды.
Жетуге қиын аймақтарды қуатты тазалайды
Қосымша жіңішке корпус, қосымша қуатты сору*
Жетуге ең қиын жерлерді тіпті әлдеқайда қуатты тазалаңыз. Оның ұзындығы 97 мм ғана, бұл әдеттегі роботқа қарағанда 28%-ға жіңішке, сондықтан төсек асты сияқты төменгі орындарға жете алады. Сондай-ақ, ол дәстүрлі робот шаңсорғыштарға қарағанда 40 есе көп сору қуатын** алады, бұл оны шаңсорғыш ретінде күшейтеді***.
* Samsung POWERbot VR9000 құралымен салыстырылған.** Samsung POWERbot VR7200 (дақтарды шығару режимі) режимінде дәстүрлі Samsung VR10F71UCAC құрылғысымен салыстырып сыналған. Дәстүрлі Samsung VC-LSS90 сериясымен салыстырылған.
Орынды сканерлеп, әр бұрышты тазалайды
FullView Sensor™ 2.0
Робот шаңсорғыштың бітелуі немесе ластанған бұрыштарының қалып қоюы туралы алаңдамаңыз. FullView Sensor™ 2.0 кең аймақты нақты сканерлейді, сондықтан қайда баруға болатынын біледі және өте тар аралықтар мен шағын кедергілерді болдырмайды. Сондай-ақ, бөлменің бұрыштарын 10%-ға артық* сору қуатымен үздіксіз тазалайды.
* Макс, қалыпты және тыныш режимдерінде салыстырылған.
Wi-Fi қосылымы, SmartThings қолданбасымен жұмыс істейді.
Wi-Fi басқару
SmartThings қолданбасын қолданып робот шаңсорғышты қашықтан бақылайды*. Сорып алу деңгейлерін бастауға, тоқтатуға, бірнеше рет тазалау кестелерін орнатуға және оның тазаланған жерлерін тексеруге болады. Сондай-ақ, шаңсорғыштың тазаламайтын уақытын орнатуға болады.
* Android және iOS құрылғыларында қолжетімді. Wi-Fi байланысы талап етіледі.
Күй және қателер бойынша айтатын жаңартуларды береді
Voice Guide
Робот шаңсорғыштың не істеп жатқанын ауызша жаңартулармен түсініңіз. Дауыс нұсқаулығы оның күйі және кестесі мен тазалау режимдері туралы 13 тілде* таңдау арқылы жаңартылады. Және қателер болса ол ескертеді. Сонымен қатар, дауысыңызды өшіруге немесе дыбыстық әсерлерді қолдануға болады.
* 13 тіл (корей, ағылшын, қытай, голланд, француз, неміс, венгер, итальян, поляк, орыс, испан, швед, тай).
* 13 тіл (корей, ағылшын, қытай, голланд, француз, неміс, венгер, итальян, поляк, орыс, испан, швед, тай).
Қабырғалардың шетіндегі шаңды ұмытып кетпеңіз
Шетін тазалау шебері
Қабырғалардың шеттерінде шаңды ұмытып кетпейтініне сенімді болыңыз. Edge Clean Master бөлменің жиектерін мұқият тазалауға арналған. Оның қылшақты щеткасы тазартқыштың алдыңғы жағына өте жақын. Және Автоматты ысырма көп шаң жинауға көмектесетін қалқанды жасау үшін төмен түседі.
Әрдайым әр түрлі беттердегі оңтайлы қуат
Қуатты ақылды басқару
Мұқият тазалауды қамтамасыз ету үшін оңтайлы сору қуатымен әртүрлі еден түрлерін тазалаңыз. Қуатты ақылды басқару жүйесі кілем немесе қатты еденде екенін анықтайды және ең тиімді сору қуатын автоматты түрде шығарады. Сонымен, кілемге терең ендірілген шаңды сіңіру үшін қуатты көбірек жұмсайды.
Кез келген жерді тазалау үшін жай ғана нұсқап көрсетіңіз де жылжытыңыз
Point Cleaning™
Робот шаңсорғышты қалаған кез келген уақытта және кез келген жерге оңай жылжытыңыз. Point Cleaning™ жүйесі белгілі бір аумақтарды тазалауға жетелейтін нұсқаулықты жасайды. Жарықты машина алдынан қаратсаңыз, ол сәулемен жүріп, сонымен бойымен тазалайды.
Кең аймақты жылдам әрі тиімді тазалайды
Кең щетка
Робот шаңсорғыштың Wide Brush (үлкен щетка) көмегімен кеңірек аймақтарды тезірек және тиімдірек тазалаңыз. Оңы ені 278 мм, ол дәстүрлі 204 мм щеткалардан 35%-ға артық. Осылайша, аз уақыт ішінде аз қозғалыстағы үлкен аймақты қамту арқылы тазарту процесін жылдамдатады.
Үлкен дөңгелектері кедергілерден оңай өтеді.
Easy Pass™
Easy Pass™ дөңгелектерімен үйіңізде бірқалыпты және тұрақты жылжытыңыз. Олардың үлкен диаметрі 80 мм, корпусы 15 мм-ге дейін жоғарылаған. Бұл робот шаңсорғыш сымдар, кілемдер немесе есік жақтаулары секілді көптеген кедергілерден оңай шыға алады дегенді білдіреді.
Ешқашан жұмыс істеуін тоқтатпайды - автоматты зарядтау
Автоматты зарядтау
Робот шаңсорғыштың қуаты аяқталып қалуы туралы уайымдамай-ақ қойыңыз. Оның Автоматты зарядтау функциясы бар, ол батарея заряды төмендеген кезде қайта зарядтау үшін қондырма станциясына автоматты түрде өтетінін білдіреді. Және ол толық қайта зарядталса, ол соңғы орнына кері өтіп, тазалауды жалғастырады.
Әр түрлі тәсілдермен жууды таңдаңыз
Бірнеше тазалау режимдері
Әр түрлі тазалау режимдерін қолданып түрлі жағдайларда тазалау үшін ең жақсы тәсілді таңдаңыз. Автоматты, нүктелік және қол режимдері тәрізді оның 3 тазалау режимінің стильдері бар. Сондай-ақ, соруды бақылаудың 3 түрі** және үйде болмасаңыз да, аптасына 7 ретке дейін шаңсорғышқа алдын-ала орнатылатын кесте режимдері бар.
* Қол режимі VR1AM7040, VR2AM7050, VR2AM7070, VR2AM7090, VR10M702, VR10M703, VR20M705 және VR7200R серияларында ғана қолжетімді.**Соруды бақылау автоматты режим, қол режимінде ғана қолжетімді
* Қол режимі VR1AM7040, VR2AM7050, VR2AM7070, VR2AM7090, VR10M702, VR10M703, VR20M705 және VR7200R серияларында ғана қолжетімді.**Соруды бақылау автоматты режим, қол режимінде ғана қолжетімді
Сипаттамалары
-
Максималды энергия тұтыну мөлшері 130Вт
-
Шаңжинағыш көлемі 0.3 L
-
Көлемдері (ШxВxГ) 340x97x348 mm
-
Салмағы 4.3 kg
Қолдау
Өнім туралы сұрағыңызға жауап табыңыз
Жиі қойылатын сұрақтар
{{family.currentModel.displayName}}
{{family.currentModel.modelCode}}
-
{{summary.title}}
-
{{summary.title}}
Модельдерді салыстырыңыз
Ұқсас өнімдермен салыстырыңыз