Galaxy Watch3




Смартфонмен QR-кодын сканерлеп, затты бөлмеңізге орналастырыңыз.
Дербес денсаулық датчигіңіз
Енді денсаулық жайын бақылау оңай. Классикалық дизайнды Galaxy Watch3 инновациялық құрылғысында смартфон функциялары пайдаланушы денсаулығын бақылайтын ең жаңа технологиямен үйлеседі. Болмысынан дара Galaxy Watch3 бірге белсендлігіңіз бен денсаулық жағдайын оңай бақылай аласыз. Енді өз хал-жайыңыз өз қолыңызда.1, 2, 3, 4
Циферблат айналасында айналмалы безель бар Енді елеулі экранда ең маңыздыны байқау оңай. Алдыңғы модельмен салыстырғанда Galaxy Watch3 15%-ға жіңішке әрі жеңіл. Құрылғы кербез дизайнымен ерекшеленіп, білекте ыңғайлы тұрады.6
Таза былғарыдан жасалған бау Galaxy Watch3 премиум дизайнын айқындайды. Премиум сападағы былғары инновациялық құрылғыға премиум кварц сағаттар түрін береді, ал арнайы өңдеу былғарыны түссізденуден қорғайды.
Дизайны құрылғының талғампаз түрімен үндесетін Galaxy Watch3 көптеген циферблат нұсқаларының кез келгенін таңдай аласыз. Ұсынылатын 40 элементтен циферблатта көрінетін ақпараттың өзіндік комбинациясын құрыңыз, осының арқасында бір қарап қажетті ақпаратты аласыз әрі сүйікті қолданбаларыңызға оңай қол жеткізесіз.
Денсаулығыңыз өз қолыңызда, нақтырақ айтсақ, білегіңізде
Үрлемелі манжетасыз Samsung Health Monitor қолданбасымен артериалды қысымыңызды тексеріңіз. Алғашқы қолданар алдында құрылғыны әдеттегі манжетасы бар тонометрмен калибрлеңіз, осыдан кейін сағат датчиктері қысымды пульс жиілігінің көмегімен өлшейді. Қысымды күн сайын тексеріп, оның мәндерін телефоныңызда бақылаңыз.7, 8, 9, 10, 11
Құрылғының артқы панеліндегі түймені 30 секунд басып тұрыңыз да, орнатылған датчиктің жүрек қағысын талдауына мүмкіндік беріңіз. Бұл датчик жыпылықтақ артемияның бар-жоғын бірден тексеріп, өлшеу нәтижелерін экранда көрсетеді. Телефоныңызда нәтижелерді мерзімді түрде тексеріп, есептерді талдаңыз және қажет болса дәрігердің кеңесіне жүгініңіз.12, 13, 14
Galaxy Watch3 құрылғысы SpO2 көрсеткішін, яғни қанның оттегімен қанығу деңгейін бақылау үшін қызыл жарықдиод пен дененің инфрақызыл (жылулық) сәулеленуін пайдаланады Қанның оттегімен қанығуы ағзаның физикалық күйімен байланысты болғандықтан, өз жағдайыңызды бақылау үшін Galaxy Watch3 құрылғысын пайдалана аласыз.15, 16, 17
Angled view of a 45mm Galaxy Watch3 in Mystic Black with Blood Oxygen measurement GUI.
Side view of a 45mm Galaxy Watch3 in Mystic Black with fall detection GUI.
Front view of a 45mm Galaxy Watch3 in Mystic Black with sleep score measurement GUI.
Бұл функцияны қауіпсіз режимде тексеріңіз. Galaxy Watch3 акселерометр арқылы адамның кенеттен құлауын тіркейді және алдын ала тіркелген, сізге көмекке келуі мүмкін абонентке SOS сигналын жібереді.18, 19, 20, 21
Galaxy Watch3 ұйқы фазаларын, атап айтқанда терең ұйқы мен ұйқылы-ояу жатқан кездегі уақытты тіркейді, бұл деректерді талдау тынығу сапасын жақсартуға мүмкіндік береді. Samsung компаниясы Ұлттық ұйқы қорымен (National Sleep Foundation) бірлесіп, ұйқы физикасын түсінуге және оның сапасын жақсартуға мүмкіндік беретін біліми контент пен пайдаланушыларға кеңестер әзірледі.22
Galaxy Watch3 ішінде 120 дейін үй жаттығуларының бағдарламасы жүктелген, олар физикалық форманы қалыпта ұстауға көмектеседі. Телефоныңызды іске қосып, оны теледидарға жалғаңыз да, іс жүзіндегі уақытта пульс жиілігін экраннан қараңыз. Өлшенетін параметрлерді дәл бақылау үшін спорттық бауды пайдаланыңыз.23, 24, 25, 26, 27
Galaxy Watch3 ішіндегі жүгіру техникасы жөніндегі кеңестер жүгіріп бара жатып техникасының әр элементін жақсартуға мүмкіндік береді. Жетілдірілген алгоритм қозғалысыңызды талдап, формаңызды жақсартып, жарақттардың алдын алуға көмектеседі. 28
Смартфонның толық функционалды қуаты енді білегіңізде.
Жаңа хабар келгенде, Galaxy Watch3 сізге бүкіл чат тарихын көрсететіндіктен, әңгімелесуді оңай жалғастырасыз. Оған қоса, кескіндерді экранды қосымша баспай көре аласыз және көтеріңкі көңілде жүріп, экранда қосалқы манипуляцияға көңіл бөлмейсіз.29, 30
Хабарға қалай жылдам әрі дұрыс жауап бермеуді ойламай, жүгіріп бара жатқанда да байланыста болыңыз. Galaxy Watch3 сағатындағы «ақылды» жауап функциясы кіріс хабарлар мен фотосуреттерді талдап, тақырыпты, тамақты, шараны тойлауды, селфи және т.б. қосып ықтимал жауаптарды ұсынады.31, 32
Bitmoji стикерлері көңілді коммуникацияғаарналған жаңа мүмкіндіктерді ашады Өз Bitmoji стикерлерін дербестендіріңіз және Bitmoji стикерлерін достарыңыз және жақындарыңызбен әңгімелескенде драйв қосу үшін пайдаланыңыз.33, 34, 35, 36, 37
Бір құрылғыдан екінші құрылғыға ауысқанда да, сүйікті музыкаңыз тоқтамайды. Galaxy Note20 смартфоныңызда Spotify сервисінен музыка тыңдаңыз, одан кейін Galaxy Watch3 сағатынан Spotify қолданбасының белгішесін түртіп, ойнатуды ауыстырыңыз. Я болмаса, Galaxy Buds Live басып тұрып, музыканы құлаққап арқылы тыңдай аласыз.38, 39, 40, 41
Galaxy App қолданбасынан команда құрып, күнделікті өмірде телефоныңыз бен құрылғыңызды ажырамастай етіңіз. Телефондағы фотосуреттерді сағат экранынан оңай қарап, музыканы тыңдағанда бір құрылғыдан екіншісіне оңай ауысып, кез келген құрылғыдағы еске салғыштарға жауап бере аласыз. Мінсіз серіктестер және барлығы сіздің білегіңізде.42
Жаңа әсерлерге телефонсыз бара беріңіз. Сағатыңыздан қоңырау шалуға, трансляция жасауға және қадамдарды санауға болады. Телефоныңыздан алыста болсаңыз да, әрқашан байланыста қаласыз.43
Galaxy Watch3 маңызды артықшылықтары
Galaxy Watch3 сағатын жай ғана Galaxy үйлесімді құрылғыға Samsung Cloud тіркелгісі арқылы қосыңыз. Жұмысқа не жаттығуға барсаңыз, сағаттан Galaxy Note20 смартфонына немесе сағаттан Galaxy Buds Live құлаққабына Bluetooth арқылы оңай ауыса аласыз.48
Galaxy Watch3 жоғары үйлесімділігімен ерекшеленеді, ол алуан түрлі Galaxy және басқа бренд құрылғыларына оңай қосылады.