«Сатып ал да, сыйлық ал»
ЖАРНАМАЛЫҚ АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ

«Сатып ал да, сыйлық ал» Акция») жарнамалық акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті және Акция қатысушылары келесі мекенжайлар бойынша жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») танысқанын және сөзсіз келісетінін білдіреді: https://www.samsung.com/kz_ru/https://www.samsung.com/kz_kz/ («Акция сайты»), соның ішінде доменнің барлық деңгейлері бар.

 

1.     Жалпы ережелер:

1.1. Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., A05D7M5, Алмалы ауданы, Желтоқсан көшесі, 115, 3-қабат;

1.2. Акцияны өткізу кезеңі:   2024 жылғы 14 ақпаннаң бастап 2024 жылғы 29  ақпанға дейін (қоса алғанда), Алматы қ. уақытымен сағат 23:59 дейін;                              

1.3. Акцияны өткізу қаласы: Қазақстан Республикасының барлық қалалары;

1.4. Акцияға қатысатын тауарлар: осы Ережелердің 1-Кестесінде көрсетілген, Акция сайтындағы Ұйымдастырушының SAMSUNG Интернет-дүкенінде бар және сонда сатып алған барлық тауарлар («Тауар»).  

 

 

 

2.     Акцияға Қатысушы

2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»);

2.2. Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны  ұйымдастыруға қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері Акцияға қатыса алмайды;

2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы.Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары  берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады; 

2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді.

 

 

3.     Акцияның сипаттамасы және қатысу шарттары:

3.1. Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда төмендегі Кестеде және осы Ережелердің 4  тарауында көрсетілген сыйлықтардың  бірін алу мүмкіндігін алады;

3.2. Акцияға қатысу үшін Қатысушы Акцияны өткізу кезеңінде Акция Сайтында тауарлардың бірін сатып алуы және төмендегі Кестеде көрсетілгендей сәйкес сыйлықты алуы керек.

3.3. Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттердің бірін орындауы қажет:

-         Акцияны өткізу кезінде Акция сайтында тауарлардың бірін сатып алу және Ұйымдастырушыдан 1-кестеде көрсетілген сәйкес сыйлықты алу;

-         2023 жылдың 1 мен 30 қыркүйектің аралығында (қоса санағанда) Акция сайтында 2-кестеде көрсетілген Тауарлардың біріне алдын ала тапсырыс рәсімдеу.

 

 

1-кесте:

 

2024 жылдың 14 мен 29 ақпанның аралығында (қоса санағанда)

ТАУАР

СЫЙЛЫҚ [1]

SAMSUNG Galaxy S23 FE 5G 128GB смартфоны

Galaxy Buds FE  (SM-R400)  құлаққаптары

 

SAMSUNG Galaxy S23 FE 5G 256GB  смартфоны

 

SAMSUNG Galaxy S24 5G 128GB смартфоны

Galaxy Buds2 Pro (SM-R510) құлаққаптары

SAMSUNG Galaxy S24 5G 256GB смартфоны

Galaxy Buds2 Pro (SM-R510) құлаққаптары

SAMSUNG Galaxy S24+ 5G 256GB смартфоны

Galaxy Buds2 Pro (SM-R510) құлаққаптары

SAMSUNG Galaxy S24+ 5G 512GB смартфоны

Galaxy Buds2 Pro (SM-R510) құлаққаптары

SAMSUNG Galaxy S24 5G Ultra 256GB смартфоны

Galaxy Watch6 Classic 43mm смарт- сағаты

 

SAMSUNG Galaxy S24 5G Ultra 512GB смартфоны

Galaxy Watch6 Classic 43mm смарт- сағаты

 

SAMSUNG Galaxy S24 5G Ultra 1TB смартфоны

Galaxy Watch6 Classic 43mm смарт- сағаты

 

SAMSUNG Galaxy Watch6 (40mm) смарт сағаты

Сағат белдігі:

Extreme Sport Band (ET-SXR8%) немесе (ET-SXR9%) немесе Two-tone Sport Band (ET-STR9%) немесе New Fabric Band (ET-SVR9%)

 

SAMSUNG Galaxy Watch6 (44mm) смарт сағаты

Сағат белдігі: Sport Band (ET-SFR93) немесе

Extreme Sport Band (ET-SXR93) немесе

(ET-SVR93)

SAMSUNG Galaxy Watch6 Classic (47mm) смарт сағаты

Сағат белдігі: Sport Band (ET-SFR%) немесе

Extreme Sport Band (ET-SXR%) немесе

(ET-SVR%)

 

SAMSUNG Galaxy Tab S9 11" 5G 128GB планшеты

Smart Book Cover қабы  (EF-BX710)

SAMSUNG Galaxy Tab S9 11" 5G 128GB планшеты

Smart Book Cover қабы  (EF-BX710)  

SAMSUNG Galaxy Tab S9 11" 5G 256GB планшеты

Smart Book Cover қабы  (EF-BX710)  

SAMSUNG Galaxy Tab S9+ 12.4" 5G 256GB планшеты

Smart Book Cover  қабы  (EF-BX810)  

SAMSUNG Galaxy Tab S9 Ultra 14.6" 5G 256GB  планшеты

Smart Book Cover  қабы  (EF-BX910)  

 

 

4.           Сыйлық

4.1.    Жоғарыдағы Кестеге сәйкес Акция сайтында сатып алған тауарға байланысты берілетін Акция  қатысушысына арналған Сыйлық келесі сыйлықтардың бірі болып табылады («Сыйлық»):    

-         SAMSUNG тауар белгісі бар тауар және/немесе;

-         «Samsung care» қосымша сервистік қызметі;

4.2.    Әрбір Қатысушы Акция шеңберінде 1 (бір) Тауар сатып алып, тек 1 (бір) Сыйлық ала алады;

4.3. Сыйлықтың түсі мен моделі оның болуына байланысты және Акцияның ресми сайтындағы кескіннен айырмашылықтары болуы мүмкін;

4.4. Сыйлықтарды жеткізу тапсырысты растау мен онлайн-дүкенде төлем жасаған күннен бастап 30 (отыз) жұмыс күні ішінде орындалады. Жеткізу Ұйымдастырушы есебінен орындалады;

4.5. Сыйлық саны шектеулі. Сыйлықтар ақшалай қаражатқа немесе басқа тауарларға ауыстырылмайды. Акция Қатысушысы Сыйлық алудан бас тарта алады, осы ретте Қатысушыға ешбір ақшалай қаражат/өтемақы берілмейді;

4.6. Тауар қайтарылған жағдайда Сыйлық қайтарылуы тиіс. Қацтару мен Ауыстыру Ұйымдастырушының Акция сайтындағы Жария шартына сәйкес реттеледі.

4.7. «Samsung care» қосымша сервистік қызмет көрсетуі («Сервистік қызмет көрсету») Қатысушыға осы Ережелердің 1-кестесінде көрсетілген  тауар дисплейінің механикалық зақымдануы жағдайында 1 (бір) жыл ішінде оны бір рет өзгерту құқығын береді;

4.8. Құрылғыны мақсатты пайдалануға кедергі болмайтын ескіру, сызаттар, жарықтар және басқа да дисплейдің зақымданулары дисплей ауыстыру үшін негіз бола алмайды;

4.9. Бір реттік ауыстыру немесе экранды жөндеу қызметі Тауардың ішкі бүгілетін негізгі экранына қолданылады;  

4.10.                  Тауарды қайтарған жағдайда Сыйлық қайтарылуы тиіс. Қатысушы Сыйлықты қайтарудан бас тартса, Ұйымдастырушы сәйкес Тауарды қабылдаудан бас тартуға құқылы. Қайтару мен ауыстыру Ресми Серіктес белгілеген ережелерге сәйкес орындалады;

4.11.      Тауарды алғаннан бастап промокодтардың қолданыс мерзімі: 2023 жылдың 31 желтоқсанына дейін  (қоса санағанда);

4.12.      Промокод бойынша жеңілдік Ұйымдастырушының басқа жеңілдіктері және акцияларымен қосылмайды, соның ішінде Samsung rewards бар;

4.13.      Ұйымдастырушы Промокодты Акция қатысушысы  қате байланыс деректерін ұсынғандықтан қате мекенжайға жолдағаны үшін жауапкершілік көтермейді. Қатысушы деректерді қате ұсынған жағдайда промокодты қайталап жолдамайды;

4.14.      Ұйымдастырушы Қатысушылардың, байланыс ұйымдарының немесе Ұйымдастырушыға тәуелді емес басқа себептердің кесірінен СМС-хабарламаны алмағаны/уақытылы алмағаны үшін жауапкершілік көтермейді;

4.15.      Осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда Сыйлық алу үшін, Қатысушы міндеттенеді:

-         жеке куәлігінің көшірмесін/паспорт/ықтиярхатын ұсыну;

-         Тауарды сатып алу фактісі мен күнін растайтын құжатты ұсыну, соның ішінде тауар чегі мен кепілдік талонын;

-         жеткізу парағын/қордағыны беру туралы жүкқұжатты толтыру және қол қою;

-         фото/видео түсіру туралы Рұқсатқа қол қою;

-         қолындағы Сыйлықпен фотосурет/видео түсіру.

4.16.                  Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміркер бола алмайды:

-         Акцияның қандай да бір шарттарын бұзса;

-         Тауар қайтарылса;

-         Қатысушы деректері жалған/қате берілсе;

-         Ұйымдастырушы/Серіктес Қатысушымен 15 күнтізбелік күн ішінде байланыса алмаса;

-         алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталса;   

-         жоғарыда көрсетілген құжаттарды беруден бас тартса.

 

 

5.        Акцияға Қатысушының құқықтары мен міндеттері

5.1.          Акцияға қатысушының Құқықтары:

˗         Осы Ережелермен танысу;

˗         Осы Ережелерде анықталған тәртіпте Акцияға қатысу;

˗         Көпшілік ресурстар мен Акция сайтындағы коммуникация арналарында Акцияны өткізудің мерзімі мен шарттары туралы ақпарат алу;

˗         Акция сайтында осы Ережелерге өзгерістер енгізілуі туралы ақпарат алу;

˗         Акцияның Ұйымдастырушысы туралы мәлімет алу;

˗         Осы Ережелерге сәйкес сыйлық беруді талап ету.

5.2.    Акцияға қатысушының міндеттері:

˗         Ережелерді ұстану, с.і. осы Ережелерде анықталған мерзімде Акцияға қатысумен байланысты барлық әрекеттерді орындау;

˗         Акцияға қатысумен байланысты барлық шығындарды көтеру, соның ішінде (бірақ шектелмей) Интернет, телефон шығындары және тағы басқа;

˗         Алдын ала тапсырыс кезінде енгізген деректердің нақтылығы, толықтығы мен дұрыстығына толық жауапкершілік көтереді;

˗         Осы Ережелерде және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында қарастырылған басқа да міндеттерді орындау.

 

 

6.        Акция Ұйымдастырушысының Құқықтары мен міндеттері

6.1.          Ұйымдастырушының құқықтары:

-         Акцияны өткізу кезеңі ішінде Акцияның сайтында тиісті хабарламаны орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат Акцияның Сайтында немесе Бағдарламада жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;

-         Ұйымдастырушы осы Ережелерде қарастырылған жағдайларда Қатысушылардан қажетті ақпарат пен құжаттарды және де мемлекеттік органдарға ұсыну үшін басқа да құжаттарды сұрата алады;

-         Ұйымдастырушы Акцияның осы Ережелерінде қарастырылған барлық құқықтар мен ҚР қолданыстағы заңнамасын қолданады;

-         Осы Ережелердің барлық шарттарын дұрыс және толықкөлемді орындамаған Акция Қатысушысына бонустық балдарды беруден бас тарту;

-         4.1. т. көрсетілген Осы Ережелердің барлық шарттарын толық көлемді және дұрыс орындамаған Қатысушыға Сыйлық беруден бас тарту;

-         Осы Ережелерді ұстанбау фактісі анықталған жағдайда Акция қатысушысына Сыйлық беруден бас тартуға құқылы.  

6.2.          Ұйымдастырушының міндеттері:

-         Ережелерде анықталған мерзімде Акцияны өткізумен байланысты Ережелерді ұстану, барлық әрекеттерді орындау;

-         Ережелермен сәйкес Акцияны өткізуді қамтамасыз ету;

-         Акция қатысушыларына Акция Сайты немесе таңдалған коммуникация арналары арқылы Акцияны өткізу Ережелері туралы ақпарат беру;

-         Осы Ережелердің  4.1 т. сәйкес барлық шарттарын дұрыс орындаған барлық Акция қатысушыларына Акция шеңберінде Сыйлықтар беру.   

 

 

7.     Басқа шарттар

7.1.          Қатысушылардың Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасы және осы Ережелерде бекітілген құқықтары мен міндеттері бар.

7.2.          Акцияның барлық Қатысушылары Акцияға қатыса отырып, Акция Ережелерімен келіседі, оларды сақтауға және орындауға міндеттенеді. Қатысушы Сыйлық алу үшін Акцияның ережелерін бұзған жағдайда немесе айлакерлік және/немесе алдау әрекеттерін жасаған болса, Сыйлық алу құқығынан айырылады.

7.3.          Акцияға қатыса отырып, Қатысушы осы Ережелермен сөзсіз келіскенін білдіреді. Қатысушы Ережелерді ұстанудан толығымен және/немесе ішінара бас тартса, бұл Қатысушының Акцияға қатысудан толығымен бас тартуы болып саналады.

7.4.          Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелге негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды.

7.5.          Пікір алу мақсатында Ұйымдастырушының қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / Жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін. Қатысушы / Жеңімпаз өз пікірін ұсынудан бас тартуға құқылы.

7.6.          Акцияны орындау барысында, Қатысушыны растау мен сәйкестендіру үшін, Қатысушыдан жеке куәлігі және оның көшірмесі сұратылуы мүмкін.

7.7.          Қатысушы Ұйымдастырушыға үшінші тұлғалардың дербес деректерін бермеуге, сонымен қатар басқа да кез келген ақпаратты заңға қайшы мақсаттарда немесе Акцияға байланысы жоқ басқа да мақсаттарда табыстамауға міндеттенеді. 

7.8.          Акцияны өткізудің барлық мәселелері бойынша Акцияның Ережелеріне қатысты Ұйымдастырушы қабылдаған барлық шешімдер соңғы болып саналады. 

7.9.          Ұйымдастырушы өз міндеттерін телекоммуникациялық, энергетикалық желілердің, залалды бағдарламалардың, сонымен қатар үшінші тұлғалардың қасақана бағдарламалық және/немесе аппараттық кешенге рұқсатсыз қол жеткізіп істен шығаруға бағытталған әрекеті нәтижесі болып табылатын себептерден өз міндеттерін орындамағаны немесе толықтай орындамағаны үшін жауапкершілік көтермейді.

7.10.      Ұйымдастырушы Акция шеңберінде өзіне жүктелген міндеттерді орындау үшін үшінші тұлғаларды қатыстыруға құқылы. 

7.11.      Егер кез келген уақытта Ұйымдастырушы ойға қонымды және заңды негізде Жеңімпаз, әлеуетті Жеңімпаз және (немесе) Қатысушы шектетілсе, қатысу талаптарына сәй келмесе, осы Ережелерді бұзса немесе Ұйымдастырушы оның әрекетін қандай да бір тұлғаны қорлайтын, әділетсіз, қауіп төндіретін, заңсыз немесе тіл тигізуге, қиянат көрсетуге, қауіп төндіруге бағытталғанын анықтаса, Ұйымдастырушы осындай Жеңімпазды немесе әлеуетті Жеңімпазды және (немесе) Қатысушыны онымен хабарласса, оның аты қандай да бір жерде көрсетілсе немесе жарияланса да қатысудан шектету құқығын өзіне қалдырады.

7.12.      Осы Ережелердің кез келген қағидаларының  жалғандығы немесе оны орындау мүмкіндігінің болмауы осы Ережелердің басқа қағидаларының қолданылуына немесе орындау мүмкіндігіне әсері жоқ. Егер қандай да бір қағида жалған немесе қолдануға болмайтын немесе заңсыз болса, қалған Ережелер жалған немесе заңсыз қағидалар болмағандай қолданылып жалғастырылады және шарттына сәйкес түсіндіріледі.

7.13.      Егер кез келген тұлға жалған ақпарат беріп заңға қайшы жолмен қатысып немесе сыйлық алу үшін осы Ережелерді бұзған жағдайда Ұйымдастырушы осы тұлғаны қатысудан шектетіп, келтірілген шығынды өтеуді талап ете алады.

7.14.      Осы интернет-сайт және оның мазмұны ақпараттық сипатта ұсынылған және ешбір жағдайда ҚР Азаматтық кодексінің 395 бабының қағидаларымен анықталған жария оферта болып табылмайды. Құрылғының нақты түсінде айырмашылықтар болуы мүмкін және барлық кескіндер анықтама үшін берілген.

 

Акцияға қатысты кез келген мәселелер бойынша төменде көрсетілген Ұйымдастырушының байланыс деректеріне хабарласыңыз:

 

Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:

 

7700– Қазақстанның кез келген байланыс операторынан қоңырау шалу тегін.  

 

 

* Осы Акция аясындағы Сыйлықтар 10 теңгеге жүзеге асырылады.

 

[1] Подарки в рамках настоящей Акции реализуются за 10 тенге.