Лайфхактар

Samsung телефонында байланыстарды және файлдарды
қалай қалпына келтіруге болады

Әрқашан мүмкіндік бар! Android-та жоғалған деректерді қалай қайтаруға болатынын талқылайтын боламы

Телефоныңызды «жақсылап» тазалауды шештіңіз бе, барлық артық заттарды өшірдіңіз де, қоқыспен бірге маңызды байланыстар, демалыстан фото және жұмыс файлдары да жоғалып кеткенін байқап әбігерлендіңіз ба? Уайымдамаңыз, бұл сандық драмада жалғыз емессіз. Біз сізге телефоныңыздағы жойылған контактілерді қалай қалпына келтіруге болатынын, Android жүйесінде фотосуреттерді қалпына келтіруді және мәңгі жоғалып кеткендей болған файлдарды қалай құтқаруға болатынын айтамыз.

Әлі де кеш емес

Алдымен, терең тыныс алыңыз. Дем шығарыңыз. Ешқандай үрейге бой алдырмаңыз! Есіңізде болсын: көптеген жағдайларда деректерді қалпына келтіруге болады. Ең бастысы, жағдайды қиындататын қателерге жол бермеу. Мысалы, олар көмектеседі деп үмітттеніп, көптеген қолданбаларды орнатудың қажеті жоқ (бұл деректерді қайта жазуы мүмкін). Сонымен, не істейміз?

Телефонда байланыстарды қалай қалпына келтіруге болады: ұмытшақтарға арналған нұсқау

1. Бұлттық сервистерді тексеріңіз

Егер сіз байланыстарыңызды өзіңіздің Samsung Cloud немесе Google-аккаунтыңызбен үйлестірген болсаңыз, онда телефонда жоғалған байланыстарды қалпына келтіру өте оңай. Аккаунт баптауларына кіріңіз, байланыстар бөлімін табыңыз және үйлестіруді қосыңыз. Сіздің нөмірлеріңіз тіпті ештеңе болмағандай орнына келеді.

2. Қосымша көшірмелерді қолданыңыз

Жиі бэкаптар жасайсыз ба? Бұл өте орынды. Өзіңіздің Galaxyыңыздың теңшеулеріне кіріңіз, «Есептік жазбалар және мұрағаттау» (басқа Android-смартфондарда «Қалпына келтіру және қосымша көшіру» секілді басқасы болуы мүмкін) табыңыз және Samsung Cloud тобында «Деректерді қалпына келтіру» таңдаңыз. Байланыстар, фото және файлдар қалпына келеді.

3. Байланыстарды қалпына келтіруге арналған қосымша

Егер қосымша көшірме болмаса, сіз оларды тіпті аяқ астынан өшіріп алған болсаңыз да, телефондағы байланыстарды табуға көмектесетін арнайы қосымшалар көмекке келеді. Алайда таңдау кезінде абай болыңыз: қосымшалардың ресми дүкендері – Galaxy Store немесе Google Play бағдарламаларын таңдауға тырысыңыз – немесе сенімді IT-ресурстарындағы танымал бөгде қосымшаларға шолуды зертеңіз.

Android -та өшірілген фотоны қалай қалпына келтіруге болады: естеліктерді құтқарамыз

1. Галерея және себет

Galaxy смартфондарында «Галерея» қосымшасында кіріктірілген себет бар. Оны тексеріп қойыңыз – фотоларыңыз оларды қалпына келтіргенді күтіп жатуы мүмкін.

2. Бұлттық қойма

Егер сіз Samsung Cloud немесе қандай да бір басқа бұлттық сервис (Google Фото, One Drive) қолданатын болсаңыз, онда Android-та өшірілген фотоны осы сервистер арқылы қалпына келтіруге болады. Қосымшаларға кіріңіз, «шартты» себетті табыңыз және қажетті түсірілімдерді қалпына келтіріңіз. Егер қолданбайтын болсаңыз, бәлкім уақыт келген шығар?

3. Бөгде қосымшалар

Аса күрделі жағдайлар үшін телефон жадысын сканерлейтін және сіз баяғыда өшіріп тастаған фотоны тауып алатын арнайы қосымшалар сәйкес келеді.
Бірақ тағы да, бұл шынымен ресми, миллиондаған рет жүктелген, сенімді қолданба болуы керек (бұл маңызды).

Телефоныңыздағы жойылған файлдарды қалай қалпына келтіруге болады: маңыздысын қайтарамыз

Мұның бәрі олардың қай жерде сақталғанына және қашан жойылғанына байланысты.

1. Бұлтты тексеріңіз

Егер сіз Samsung Cloud, Google Drive немесе Dropbox қолданған болсаңыз, сіздің файлдарыңыз, негізі сол жақта болады. Жәй ғана қоймаға кіріңіз және оларды қайтадан құрылғыға жүктеңіз.

2. Файлдық менеджерлер

Кейбір үшінші тарап файл менеджерлерінің жойылған файлдарды қалпына келтіру функциясы бар. Файлыңызды әлі де құтқару мүмкін ба екендігін тексеріңіз.

3. Мамандандырылған бағдарламалар

Телефондағы файлдарды қалпына келтіру үшін телефонды USB арқылы қоссаңыз, Android және компьютерде жұмыс істейтін үшінші тарап бағдарламаларын пайдалануға болады. Дұрыс бағдарламаны орнатыңыз!

Деректер мәңгілікке жоғалып кетпейді

Енді телефоныңызда жойылған байланыстарды қалпына келтіруді, Android жүйесінде фотосуреттерді қалпына келтіруді және маңызды файлдарды сақтауды білесіз. Болашақта мұндай жағдайларды болдырмау үшін сақтық көшірмелерді жасауды және деректерді бұлтпен үйлестіруді ұмытпаңыз. Қалпына келтіргеннен гөрі, алдын алған дұрысырақ.

Басты сәттер:

  • - Байланыстар мен фотоларды қалпына келтіру үшін бұлттық қызметтерді тексеріңіз.
  • - Сақтық көшірмелер бар болса, оларды пайдаланыңыз.
  • - Сенімді үшінші тарап қолданбалары қиын жағдайларда көмектесе алады.
  • - Галереядағ «Себет» сияқты кіріктірілген мүмкіндіктер туралы ұмытпаңыз..
  • - Болашақта деректердің жоғалуын болдырмау үшін тұрақты сақтық көшірмелерді жасаңыз.

Енді сіздің біліміңіз толықтырылды және сіз кез келген сандық тосын сыйларға дайынсыз.
Құтқару операциясы сәтті өтсін!

Galaxy смартфондары

Контактілер мен файлдар үйлестіріледі және қауіпсіз қорғалады.

Келесі мақалалар