Лайфхактар

Салауатты өмірдің бес ережесі

Өміріңізді жақсартатын кішкентай қулықтар

Түнге дейін жұмыс, ерте тұру және іске толы демалыс... Нәтижесі — шаршау мен стресс. Өміріңізде күніне 10 минуттан аспайтын және күшті қайта толтыруға көмектесетін бірнеше денсаулыққа пайдалы әдет үшін орын табыңыз!

Samsung Health
Samsung Health жаттығуларының көмегімен деміңізді қалпына келтіріңіз
1

Тыныс алуды ұмытпаңыз!

Стресс кезінде тыныстың жылдам болатынын немесе кідіретінін байқайсыз ба? Зейін қою төмендейді, ми еш себепсіз мелшиіп қалады... Және біз бұған күнде тап боламыз! Өттегі алмасуын толтыру үшін тыныс алу жаттығуларына бірнеше минут бөліңіз, сонда ауыртпалықтың кетуін, ал жұмысқа қабілеттіліктің қайта қалпына келетінін сезесіз.

Кеңес
Чиа қосылған пудинг ақуызға толы және екі негізгі ингредиенттен тұрады — сүт және дән. Оны ұйқыдан бұрын әзірлеңіз, ал таңертең тәтті және нәрлі таңғы аспен өзіңізді еркелете аласыз.
2

Таңғы асты ұмытпаңыз

«Таңғы асты жіберіп алуға болмайды!» — деп қазіргі диетологтар айтады. Ал оны әзірлеуге ерінсеңіз, қиялыңызды қосып, бұл процесті жаңартуға тырысыңыз. Мысалы, жұмыртқа немесе ботқа әзірленіп жатқанша тәрелкеге жеміс, көкөністен көңілді композиция жасаңыз. Эмоциялық және физикалық энергия міндетті түрде келеді!

3

Жүкті дұрыс жеңілдетуді үйреніңіз

Егер оң қолыңыз шаршаса, жүкті сол қолға алыңыз. Бұл әдіс интеллектуалды жұмысқа да жарайды — егер басыңыз «шаршаса», бұлшық еттеріңізге жүк салыңыз! Бірнеше берпи жасаңыз, секіргімен секіріңіз, планкада бір минут тұрыңыз, оған қолды және аяқты бір шетке қозғалтуды қосыңыз — бұндай жаттығулар қысқа уақытта көбірек бұлшық етті әрекеттеуге көмектеседі. Екпінді музыка қосып, соған соңғы биіңіз тәрізді «жандырып» билеңіз — жақсы жаттығу және эндорфиндердің емдік мөлшерін қоса аласыз.

4

Плейлист жасаңыз

Қазіргі музыка қолданылатын аспаптар мен дыбыстар жағынан шексіз, әрі стильдердің сан алуан түрін ұсынады. Оны тыңдау үшін жұлдыздардың концертіне бару міндетті емес. Музыкалдық қосымшалар және стримингтік сайттар талғамыңыз негізінде орындаушылар мен жанрларды ұсынады, сондықтан көңіліңізге сай плейлист жасау қиынға соқпайды! Әсерді күшейту үшін құлаққап киіп, көзіңізді жұмыңыз да дыбыстан ләззат алыңыз.

5

Балалыққа енуге ұялмаңыз

Маңызды және жауапты болуға үйреніп қалғанбыз, алайда кейде барлығын ұмытып өзімізді қайтадан бейқам және ынталы сезінгіміз келеді! Қарапайым заттарға деген шығармашылық және креативті қарау балалық шаттық күйін еске түсіруге көмектеседі. Өзіңізге күніне бірнеше минут бала болуға мүмкіндік беріңіз: сурет салу, жеңіл және күлкілі тақпақтар жазу және жай ғана армандау. Балалыққа батудан ұялмаңыз және тәніңіз күштің артуы және жақсы эмоциялармен жауап береді!

Ағында өмір сүріңіз

Ағын күйінде өмір сүру — яғни істеп жатқаныңыздан ләззат пен күш қуат алу. Қайда болсаңыз да жазыңыз, сурет салыңыз, сызбалар мен скетчтер жасаңыз – Galaxy Note9 және S Pen электронды қауырсынмен ең үйреншікті істер қызықты шығармашылық процеске айналады.

Сондай-ақ оқыңыз