«#FlexCamKZ» АКЦИЯСЫНА ҚАТЫСУ ЕРЕЖЕЛЕРІ
«#FlexCamKZ» («Акция») жарнамалық акциясына қатысудың осы ережелері «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ) ЖШС («Ұйымдастырушы») және Акцияның қатысушысы арасындағы келісім болып табылады. Акцияға қатысу ерікті және Акция қатысушылары ресми интернет-дүкеннің сайтындағы келесі мекенжайлар бойынша жарияланған Акцияға қатысудың осы ережелерімен («Ережелер») танысқанын және сөзсіз келісетінін білдіреді: https://samsung.com/kz_ru/offer/flex-challenge-rules/; https://samsung.com/kz_kz/offer/flex-challenge-rules/, соның ішінде доменнің барлық деңгейлері бар («Акция сайты»).
1.Жалпы ережелер:
1.1.Ұйымдастырушы: «SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA», «САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ЦЕНТРАЛЬНАЯ ЕВРАЗИЯ» ЖШС, келесі мекенжай бойынша орналасқан: Қазақстан Республикасы, Алматы қ., 050000, Желтоқсан көшесі, 115-үй, «Kaisar Plaza» бизнес орталығы, 3-қабат;
1.2.Акцияны өткізу кезеңі: 2022 жылдың 17 қазаны мен 4 қарашасы аралығында соңғы күнді қоса санағанда Нұр-Сұлтан қ. уақыты бойынша сағат 23:59 дейін;
1.3. Акцияның қорытындысын шығару күні: 2022 жылдың 8 қараша;
1.4.Акцияны өткізу аумағы: Акция Қазақстан Республикасының барлық аумағында өткізіледі;
1.5.Акцияны өткізу орны: Акция Instagram мен Tik-Tok әлеуметтік желілерінде өткізіледі.
2.Акцияға Қатысушы
2.1. Осы Ережелердің барлық шарттарын өз күшімен және өз қаражатымен орындаған 18 жасқа толған әрекетке қабілетті жеке тұлғалар, Қазақстан Республикасының резиденттері болып табылатын, соның ішінде Қазақстан Республикасының азаматтығы бар, сонымен бірге ықтиярхаты бар шетел азаматтары Акцияның қатысушысы бола алады («Қатысушы»);
2.2.Ұйымдастырушының қызметкерлері, онымен аффилденген тұлғалар, олардың отбасы мүшелері, сонымен қатар Акцияны ұйымдастыруға қатысы бар басқа компаниялардың қызметкерлері Акцияға қатыса алмайды;
2.3. Акцияға қатыса отырып, сондай-ақ дербес деректер болып табылатын ақпаратты қоса алғанда (соның ішінде Акция сайтында), кез келген ақпаратты ұсыну арқылы Қатысушы, Ұйымдастырушыға және уәкілетті үшінші тұлғаларға Акцияның өткізілуін, оның шарттарының орындалуын, жарнамалық, маркетингілік және хабарламалық жіберілімдерді, сонымен қатар маркетингілік мақсатта басқа да контактілерді бақылау үшін жеке ақпаратты, соның ішінде трансшекаралық сақтауға, өңдеуге, беруге, орналастыруға келесі көлемде рұқсат береді: орналасқан қаласы, толық аты-жөні, жеке басын куәландыратын құжаттың деректері (шетелдік азаматтың жеке куәлігі немесе ықтиярхаты), телефон нөмірі, электрондық пошта мекенжайы, тұратын мекенжайы. Келісім өңдеудің көрсетілген мақсаттарына қол жеткізу үшін қажетті берілген деректерді өңдеудің барлық түрлеріне қолданылады. Соның ішінде Ұйымдастырушы/үшінші тұлғалар/ Ұйымдастырушының басқа да уәкілетті тұлғалары берілген ақпаратты алуды, жазуды, сақтауды, нақтылауды, пайдалануды, беруді (соның ішінде қолданыстағы заңнамаға сәйкес трансшекаралық беруді) қосқанда жүзеге асыра алады және бұл мұнымен шектелмейді. Келісім осындай деректерді Ұйымдастырушыға берген сәттен бастап және қолданыстағы заңнамада белгіленген тәртіппен осы Келісімді кері қайтарып алған сәтке дейін қолданылады;
2.4. Қатысушы Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен тиісті фото/бейне материалдарын сақтауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға, сонымен қатар сәйкес фото/бейне материалдарды басқа да мақсаттарда, соның ішінде бухгалтерлік және есеп беруді қосқанда және мұнымен шектелмейтін мақсаттарда пайдалануға сөзсіз және қайтарымсыз келісімін береді;
3.Акцияның сипаты мен қатысу шарттары
3.1.Осы Ережелерге сәйкес Қатысушы осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда Ұйымдастырушыдан төменде осы Ережелердің 4 бөлімінде көрсетілген Сыйлықтардың бірін ала алады.
3.2. Instagram әлеуметтік желісіндегі Акцияға қатысу шарттары. Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы тиіс:
3.2.1. Келесі 3 (үш) тақырыпқа сәйкес шығармашылық фотосурет («Фото») жасау:«Спорт», «Би», «Сән». Осы ретте қатысушы қызықты ракурсты қолдануы керек (75°, 90°, 115°, 180° бұрышында жасалған фотосурет). Осындай кадрлардың мысалдарымен қатысушы әлеуметтік желілердегі Samsung Kazakhstan ресми беттерінде таныса алады (https://www.youtube.com/shorts/0PsOrhbedhs);
3.2.2. Instagram әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтында түсірілген фотосуретпен пост жариялау;
3.2.3. #FlexEveryAngle және #FlexCamKZ хештегін қою және Ұйымдастырушының ресми аккаунтын белгілеу (@samsungkz);
3.3. Пост астында фотосурет қандай бұрышта жасалғанын көрсету. Tiktok әлеуметтік желісіндегі Акцияға қатысу шарттары. Акцияға қатысу үшін Қатысушы келесі әрекеттерді орындауы керек:
3.3.1. Келесі 3 (үш) тақырыпқа сәйкес шығармашылық видео («Видео») түсіру: «Спорт», «Би», «Сән». Осы ретте қатысушы қызықты ракурсты қолдануы керек (75°, 90°, 115°, 180° бұрышында жазылған видео). Осындай кадрлардың мысалдарымен қатысушы әлеуметтік желілердегі Samsung Kazakhstan ресми беттерінде таныса алады. (https://www.youtube.com/shorts/0PsOrhbedhs);
3.3.2. TikTok әлеуметтік желісіндегі жеке аккаунтында жазылған видеомен пост жариялау. #FlexEveryAngle және #FlexCamKZ хештегін қою және Ұйымдастырушының ресми аккаунтын белгілеу (@samsungkz);
3.4. Пост астында видео қандай бұрышта жасалғанын көрсету. Постты жариялаған сәттен бастап Акция жеңімпаздары белгілі болғанға дейін Қатысушының әлеуметтік желідегі аккаунты ашық болуы тиіс, ал Акцияға қатысу үшін жарияланған пост жойылмайды;
3.5. Қатысушы жарияланым жасалған әлеуметтік желідегі (Instagram, Tiktok) жеке аккаунттың иесі болуы және Фото мен/немесе Видеоның авторы болуы тиіс;
3.6. Қатысушы сәйкес авторлық құқықсыз қандай да бір фото/видео материалдарды қолдануға құқығы жоқ;
3.7. Қатысушы негізгі контент ретінде кәмелетке толмаған тұлғалардың кескінін қолдануға құқығы жоқ. Жарияланымға фото/видео материалдар әзірлеу үшін кәмелетке толмаған тұлғалардың кескіндерін қолданған жағдайда Акция қатысушысының өзі кадрда болуға міндетті, ал осындай кәмелетке толмаған тұлғаның ресми өкілдерінің (ата-анасы, қамқоршылары және/немесе басқа да заңды өкілдерінің) келісімін алу акция Қатысушысына жүктеледі және Қатысушы сәйкес кескіндерді пайдаланумен байланысты туындаған барлық салдарды өз бетімен реттейді. Жарияланым фото материалдарында бірнеше кәмелетке толған тұлғалар қатысқан жағдайда осындай тұлғалардың фото/видео түсіруге қатысуына, олардың кескіні әлеуметтік желілерде жариялануына және Акцияға қатысуына келісімді Қатысушы өзі алады және сәйкес кескіндерді пайдаланумен байланысты туындаған кез келген барлық салдарды өз бетімен реттейді.
Акцияның Ұйымдастырушысы кескіндері Қатысушының фото/видео материалдарында қолданылған тұлғалардың алдында жауапкершілік көтермейді;
3.8. Қатысушы Акцияға қатысу үшін жариялаған барлық материалдар жалпы қабылданған мораль және адамгершілік нормаларына сәйкес болуы тиіс; көпшілік бұқаралық іс-шараларға қатысуға, ұлтаралық немесе конфессияаралық араздыққа шақырмауы тиіс, сонымен қатар былапыт лексикасыз және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұзбауы керек.
4. Сыйлықтар
4.3. Акция бойынша Сыйлық келесі тауарлар болып табылады («Сыйлық»):
1. Instagram желісінде Акцияға қатысқанда: SAMSUNG GALAXY Z FLIP4 (SM-F721BLVGSKZ) смартфоны – 3 дана;
2. Tik Tok желісінде Акцияға қатысқанда: Tik Tok School by Samsung Galaxy мерчы мен брендтелген бокс – 26 дана;
4.2. Осы ретте Ұйымдастырушы Сыйлық санын өз бетімен анықтау құқығын өзіне қалдырады және оны өзгерте алады;
4.3. Акция шеңберінде алған Сыйлыққа осындай типті тауарларға арналған стандартты кепілдік қолданылады;
4.4. Сыйлықтың нақты түсі тауардың қоймада болуына байланысты және Акция Сайтындағы кескіннен немесе Ұйымдастырушының Instagram желісіндегі аккаунтынан айырмашылықтары болуы мүмкін;
4.5. Әрбір Жеңімпаз түсірілген Фото немесе Видео үшін осы Акция шеңберінде 1 (бір) сыйлықтан артық ала алмайды.
5. Акция Жеңімпаздарын анықтау шарттары:
5.1. Жеңімпаздарды Ұйымдастырушы тағайындаған Комиссия анықтайды және барлық Ережелерді есепке ала отырып барлық қатысушылар тізімінен 3 жарияланым таңдалады. Жеңімпаздарды іріктеуді комиссия өз бетімен жүзеге асырады;
Іріктеу кезінде әрбір қатысушыдан Instagram немесе Tik Tok платформасынан тек 1 (бір) жұмыс қабылданады;
5.2. Акция нәтижелері Instagram (@samsungkz) әлеуметтік желісінің парақшасында 2022 жылдың 8 қарашасынан кешіктірілмей жарияланады;
5.3. Жеңімпаз анықталғаннан кейін, ұтыс ойынының нәтижелері жарияланған күннен бастап 7 (жеті) күнтізбелік күн ішінде Ұйымдастырушы Instagram әлеуметтік желісіндегі жеңімпаздармен жеке хабарламалар жолдау арқылы байланысады (дайрект, директ, direct) және Сыйлық алу үшін нұсқаулық жібереді;
Ұйымдастырушы жеке хабарламалардың спамға түсуіне немесе әлеуметтік желі сервисінің жұмысы және/немесе жеке баптаулардың себебінен осындай хабарламаларды алмағаны үшін жауапкершілік көтермейді және Акция Қатысушыларына Instagram (@samsungkz) әлеуметтік желісінде ұтыс ойынының нәтижелері туралы постты бақылауға кеңес береді. Осы Акция шеңберінде сізді Жеңімпаз ретінде мойындаған жағдайда және сәйкес хабарлама алмасаңыз, Instagram (@samsungkz) парақшасында Ұйымдастырушыға Акция аясында орындалған өз жұмысыңызға сілтемені тіркеп жеке хабарлама жазыңыз.
Егер осы мерзім аяқталған соң, Ұйымдастырушы немесе оның өкілі Ұйымдастырушымен қате берілген деректер және/немесе Жеңімпаз тарапынан кері байланыс болмаған жағдайда Ұйымдастырушы Сыйлықты өзіне қалдыруға құқылы;
5.4. Сыйлықтарды жеткізу Ұйымдастырушы Жеңімпазға хабарлағаннан кейін 30 (отыз) жұмыс күні ішінде жүргізіледі. Жеткізу үшін Жеңімпаздан ешбір сомма алынбайды және Ұйымдастырушы есебінен жүргізіледі. Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға дейін жеткізу үшін ақша, салық немесе басқа да төлем сұраса, мұндай төлемді жүргізбеуіңізді сұраймыз және дереу Ұйымдастырушымен байланысыңыз. Жеткізуге Сыйлықты баптау мен қосуға байланысты қандай да бір жұмыстар/қызметтер кірмейді;
5.5. Ұйымдастырушы Сыйлықты алу/жеткізу процесін келісу үшін әрбір Жеңімпазбен алдын ала байланысады;
5.6. Сыйлық алу үшін Жеңімпаз осы Ережелерде қарастырылған барлық шарттарды орындаған жағдайда міндеттенеді:
· Жеке куәлігінің көшірмесін/ықтиярхатын ұсыну; Сыйлық алу құқығы өзге тұлғаларға берілмейді;
· Сыйлықты қабылдау-беру Актісін толтыру және қол қою немесе Жеткізу парағын/тауарларды сыртқа жіберу жүкқағазына қол қою және толтыру;
· Қолындағы Сыйлықпен фотосурет/видео түсіру;
5.7. Қатысушы келесі жағдайларда Акцияға қатысу құқығынан айырылады және Сыйлық алуға үміткер бола алмайды:
· Акцияның қандай да бір шарттары бұзылса;
· идентификация шарттары бұзылса (с.і. жалған идентификациялық деректер берілсе, бірнеше аккаунттан қатысса және т.б.);
· Қатысушымен байланысу үшін жалған/қате деректер ұсынылса;
· Ұйымдастырушы қатысушы көрсеткен деректер бойынша нәтижелер жарияланған күннен бастап 7 күнтізбелік күн ішінде 3 реттен артық байланыса алмаса (осы ретте осы Ережелерде Қатысушымен байланыса алмау дегеніміз Ұйымдастырушыдан Instagram әлеуметтік желісінде (дайрект, директ, direct) жеке хабарлама қалдыру және 7 күнтізбелік күн ішінде қатысушыдан жауап қайтарылмаса);
· алаяқтық немесе басқа да заңға қайшы әрекеттер анықталған жағдайда;
· Осы ақпарат/құжаттарды, және/немесе беруден бас тартса, және/немесе осы Ережелерді бұзып фото/видео түсіруден бас тартса;
5.8. Ұйымдастырушы ешбір жағдайда сәйкес Сыйлықты баламалы ақша соммасына және/немесе басқа тауарларға ауыстырмайды;
5.9. Сыйлық алумен байланысты салықтар мен басқа да міндетті төлемдерді Ұйымдастырушы өз бетімен және өз есебінен төлейді.
6. Басқа
6.1. Сыйлықтарды жеткізуҰйымдастырушы есебінен жүргізіледі. Егер курьер немесе өзге тұлғалар қалаға дейін жеткізу үшін ақша, салық немесе басқа да төлем сұраса, мұндай төлемді жүргізбеуіңізді сұраймыз және дереу Ұйымдастырушымен байланысыңыз.Ұйымдастырушымен төмендегі осы Ережелерде көрсетілген нөмірлер бойынша, сонымен қатар әлеуметтік желілердегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде байланысуға болады;
6.2.Ұйымдастырушы өзінің Instagram-дағы (@samsungkz) ресми парақшасында, сонымен қатар Акция сайтында тиісті хабарлама орналастыру арқылы Қатысушыларға алдын ала хабарлап, осы Ережелерді біржақты тәртіпте өзгертуге құқылы. Хабарлау күні сәйкес ақпарат жоғарыда көрсетілген мекенжайлар бойынша жарияланған күн немесе шарттар өзгертілген кезде көрсетілген қосымша күн болып табылады. Қатысушы көрсетілген өзгерістермен келіспеген жағдайда Акцияға қатысудан бас тарту жолымен өзгерістерді қабылдаудан бас тартуға құқылы. Осы күн аяқталғаннан кейін Акцияға қатысуды жалғастыру Қатысушының енгізілген өзгерістермен келіскенін білдіреді;
6.3.Акция конкурс, лотерея немесе тәуекелде негізделген басқа құмар ойын болып табылмайды;
6.4.Қатысушылар Акцияға қатыса отырып, фото/бейне түсірілімді жүргізуге, оның кескінімен/қатысуымен фото/бейне материалдарын жариялауға, пайдалануға және Ұйымдастырушының сайтында, сондай-ақ әлеуметтік желілеріндегі Ұйымдастырушының ресми беттерінде орналастыруға келісімін береді;
6.5.Участнику / Победителю Акции могут позвонить из Отдела качества для контроля качества обслуживания для получения отзыва. Участник/ Победитель Акции вправе отказаться от предоставления своего мнения;
6.7.Пікір алу мақсатында қызмет көрсету сапасын бақылау үшін Қатысушыға / Жеңімпазға Сапа бөлімінен қоңырау шалуы мүмкін.Қатысушы / жеңімпаз өз пікірін беруден бас тартуға құқылы;
6.8.Конкурс демеушісі (Ұйымдастырушы) – [«SAMSUNG ELECTRONICS CENTRAL EURASIA» (САМСУНГ ЭЛЕКТРОНИКС ОРТАЛЫҚ ЕВРАЗИЯ ЖШС ) – Instagram немесе Tik Tok тобының қандай да бір заңды тұлғасымен ассоциацияланбаған. Instragram немесе Tik Tok тобының заңды тұлғалары оператор, демеуші немесе конкурстың ұйымдастырушысы болып табылмайды және оның өткізілуіне жауапкершілік көтермейді.
Ұйымдастырушының колл-орталығының байланыс деректері:
8-10-800-500-55-500 – Қазақстанның кез келген өңірінен қоңырау шалу тегін;
7799– Қазақстанның кез келген ұялы телефон операторының нөмірінен қонырау шалу тегін.