Samsung Galaxy дисплейіндегі жолақтар мен дақтар

Соңғы жаңартулардың күні : 28.10.2026

Жолақтар немесе дақтар екі себептен пайда болуы мүмкін:

  1. Дисплейдің физикалық зақымдануы
  2. Бағдарламалар немесе параметрлердің әсері

Бағдарламалар немесе параметрлердің әсерін жою үшін төмендегі ұсыныстарды орындаңыз.

1 «Әзірлеуші параметрлерін» өшіріңіз
  1. «Мәзірді» ашыңыз.
  2. «Параметрлар» тармағын таңдаңыз.
  3. «Әзірлеуші параметрлері» тармағын таңдаңыз. Егер мұндай тармақ болмаса, келесі ұсынысқа өтіңіз.
  4. «Әзірлеуші параметрлерін» өшіріңіз.
2 Құрылғыны қауіпсіз режимде тексеріңіз

Құрылғы жұмысына орнатылған қосымшалар, яғни сатып алғаннан кейін орнатқан қосымшаларыңыз әсер етуі мүмкін. Мұндай қосымшалар бар-жоғын анықтау үшін құрылғыны қауіпсіз режимге жүктеңіз. Бұл режимде барлық орнатылған қосымшалар өшіріліп, тек зауыттық қосымшалар ғана жұмыс істейді.

Егер құрылғы қауіпсіз режимде қалыпты жұмыс істесе, мәселені орнатылған қосымшалардың бірі тудырады. Өкінішке орай, қауіпсіз режим нақты қай қосымшаның кінәлі екенін анықтауға көмектеспейді. Сондықтан қосымшаларды бір-бірден өшіріп, дақтар немесе жолақтар жоғалғанын бақылауды ұсынамыз. Соңғы орнатылған немесе жаңартылған қосымшадан бастаған дұрыс.

Егер қауіпсіз режимде дақтар немесе жолақтар жоғалмаса, келесі ұсынысқа өтіңіз.

3 Деректерді қалпына келтіріңіз

Жоғарыдағы ұсыныстар көмектеспесе, мәселе бағдарламалық ақауда болуы мүмкін. Оны жою үшін деректерді қалпына келтіріңіз. Деректерді қалпына келтіру кезінде жадыдан барлық файлдар жойылып, операциялық жүйе баптаулары қалпына келтіріліп, қателер жойылады.

Баптауларды қалпына келтіру құрылғыңыздан барлық деректердің жойылуына әкеледі.

Қалпына келтірудің алдында маңызды деректеріңіздің толық көшірмесін жасауды қатты ұсынамыз.

Деректерді қалпына келтіру көмектеспесе, мәселе экранның физикалық зақымдануында болуы ықтимал. Диагностика және жөндеу үшін Samsung қызмет көрсету орталығына жүгініңіз.


Ұсыныстар Samsung компаниясымен берілген және тексерілген..

Пікіріңіз үшін алғыс білдіреміз!