Потрясающее качество изображения при любых условиях

Суреттің кез келген жағдайдағы
керемет сапасы

Потрясающее качество изображения при любых условиях

Кванттық нүктелер технологиясының арқасында, ұп-ұсақ бөлшектерге дейінгі суреттің айқындығы және бір миллиардтан астам реңдер.
ТД экранындағы әлем шынайы өмірдегідей.

᠎

Более миллиарда оттенков и четкое, до мельчайших деталей подробное изображение благодаря технологии квантовых точек.
Наслаждайтесь всеми красками и деталями на экране ТВ так же, как и в реальной жизни.

Более миллиарда оттенков и четкое, до мельчайших деталей подробное изображение благодаря технологии квантовых точек. Наслаждайтесь всеми красками и деталями на экране ТВ так же, как и в реальной жизни.

ТД экранындағы түрлі-түсті әлем

Q Түс

Жаңа Samsung QLED 2018 теледидары, жарықты мәнсіз түске айналдыру үдерісіне негізделген кванттық нүктелер инновациялық технологиясымен қамтылған. Бұл үйлесім, реңдердің керемет диапазонымен бірге 100%-дық түстер көлеміне қол жеткізуге мүмкіндік береді.

*QLED - кьюлед

᠎

Түстер көлемі дегеніміз не?

Бұл түс берудің дәлдігі мен қанықтығының көрсеткіші. Сапалы аудиожүйенің дыбыс қаттылығын ұлғайтқандай, көлемді дыбыс әсеріне ие боласыз. Түстер көлемін ұлғайтқандай, сурет реңдерінің барынша кең диапазонына ие боласыз. 100%-дық түстер көлемін тек қана Samsung QLED TV қамтамасыз ете алады.

᠎

Бұл неліктен маңызды?

Біз теледидарды әртүрлі жарықтандыру жағдайында қараймыз: жарқын күн сәулесі түсіп тұрған бөлмеде немесе керісінше, пердесі жабылған қараңғы орынжайда. Дегенмен, сыртқы жарықтандыруға қарамастан, ТД экранындағы әлемді шынайы өмірдегідей етіп көргіміз келеді. Samsung QLED теледидарларының 100%-дық түстер көлемі ғана бізге кез келген сыртқы жарықтандыруда керемет түстер беруден және егжей-тегжейдің керемет айқындығынан ләззат алуға мүмкіндік береді.

Бірегей кванттық нүктелердің технологиясы

QLED теледидарларында Samsung тарапынан эксклюзивті түрде әзірленген, кадмий қолданылмайтын кванттық нүктелер технологиясы қолданылады.
Кванттық нүктелер, жарықты QLED теледидарының экранындағы бір миллард реңге айналдыратын нано-бөлшектер болып табылады. Алмастың құрылымына ұқсас кванттық нүктелер құрылымында органикалық заттектер жоқ. Сондықтан да, осы нано-бөлшектер уақыт өте келе бұзылмай, теледидардың ұзақ уақыт бойы қызмет етуіне және сурет сапасының нашарламайтына кепілдік береді.

᠎
᠎

Тәуліктің кез келген уақытындағы керемет кереғарлық

Q Кереғарлық

Экрандағы суретті орынжайдың тым артық немесе жеткіліксіз жарықтандыруына байланысты көре алмай жатырсыз ба? Жаңа QLED 2018 теледидарының көмегімен, бұл проблема ұмытылады. Қара түстің барынша қанық реңдері суреттің егжей-тегжейін анық етіп көрсетеді. Енді теледидарды қарау кезінде жарықтандыруға қарамастан ләззат алатын боласыз.

᠎

Егжей-тегжейіне дейін

Q HDR Elite

Кейде ең күңгірт және қараңғы сахналарда суреттің егжей-тегжейін анықтап қарай алмай жатамыз. HDR 10+ технологиясына ие Samsung QLED TV 2018 суреттің жақсартылған жарықтығы мен кереғарлығының арқасында, оның кескіннің егжей-тегжейін қарауға мүмкіндік береді.

᠎

HDR 10+ технологиясы

HDR 10+ технологиясының арқасында, қанық түстен, айқын кереғарлықтан және тіпті суреттің күңгірт немесе ашық түсті фрагменттерін нақтылаудың жоғары деңгейінен ләззат алыңыз. Режиссер өз көрермендеріне көрсеткісі келген барлық нәрсені көретін боласыз.

Қызмет етудің ұзақ мерзімі

QLED теледидарларын өндіру үшін органикалық емес материалдар қолданылады. Соның арқасында, жарқын және шынайы сурет сізді көптеген жылдар бойы қуантатын болады.

᠎

Күйіп кету дегеніміз не?
Күйіп кету – суреттің бір элементін ұзақ уақыт бойы (кейбір бір сағаттың өзі де жеткілікті) көрсеткен кезде жинақталған әсерден теледидардың қандай да бір аумағында туындаған тұрақты ақау. Мұндай әсер, арналардың логотиптерін, жаңалықтар легін, индикаторларды және ойындардағы панельдерді көрсетуден туындауы мүмкін. QLED теледидарлары күйіп кету әсеріне ұшырамайды және 10 жылдық кепілдікке ие*.

Керемет суретке арналған қуатты процессор

Q Engine

Q Engine жаңартылған процессоры ең күрделі түстік шешімдерді өңдеуге және оңтайландыруға мүмкіндік береді және әрбір қабырға үшін бөлек кереғарлықтың мінсіз деңгейін таңдайтын арнайы алгоритм береді.

᠎

Ойынға ену

Өзіңіз үшін еліктіргіш ойын әлемін ашыңыз! Қандай ойынды таңдасаңыз да, ойынның типіне қарай оңтайландырылатын енгізудің төмен кірісінің арқасында ол жылдам әрі қарқынды болады.

᠎

Расында үлкен экран

Үлкен диагональді QLED TV-де қараудан қайталанбас әсерлер. Үлкен экранда еліктіргіш ену әсері.

᠎

* VDE Электрлік, Электрондық және Ақпараттық Технологиялардың Жетекші Неміс Қауымдастығы (Verband Deutscher Elektrotechniker) QLED теледидарларының түстік көлемнің 100%-дық дәлдігін қамтамасыз етуге қабілеттілігін сертификаттады.
* QLED теледидарлары: QLED теледидарлары кванттық нүктелер технологиясына негізделген.
* Жарықтықтың ең жоғары деңгейі теледидардың үлгісі мен өлшеміне байланысты.
* Сертификатталуы үлгісіне байланысты
* Күйіп кету дегеніміз не? Күйіп кету - ұзақ уақыт бойы (кейде бір сағат жеткілікті) суреттің бірдей элементін бейнелеу кезінде жинақтау әсерімен туындаған ТД-экранның қандай да бір аймағындағы тұрақты ақау.
* Суреттер тек демонстрациялық мақсаттар үшін арналған және үлгіленген. Өнімділікке әсер етпейтін теледидардың сыртқы түрі мен дизайнының сипаттамалары алдын ала ескертпей өзгертілуі мүмкін.
* Әрбір үлгі туралы қосымша ақпаратты өнімнің толық ақпарат көрсетілген бетінде білуге болады.