ТАМАҚ & ҮЙ

Татымды құбылмалы бақтақ пен көкөніс

Ауыз қуыратын жеңіл тұздық құйылған, ұнға аунатылып
қуырылған бақтақ пен қуырылған көкөніс.

Осы балғын бақтақты жаңа піскен жазғы көкөніспен және ауыз қуыратын винегретпен бірге келесі пайдалы ас ретінде дайындаңыз.

Құрамы

· 1 құбылмалы бақтақ (250 г)
· 1 қызыл пияз
· 2 шағын сәбіз
· 1/2 кәді
· 1 сары бұрыш
· 1 қызыл бұрыш
· 4 қызыл шие қызанақ
· 4 сары шие қызанақ
· 1 көк алма
· 6 ас қасық зәйтүн майы
· 1/3 шай қасық тұз
· 1/3 шай қасық қара бұрыш

Винегрет үшін:
· 1 шай қасық қыша
· 1 шай қасық ворчестер тұздығы
· 1/2 шай қасық шие сіркесуы
· 1 ас қасық орман жаңғағы майы
· 1/3 шай қасық ақ бұрыш
· 1/3 шай қасық тұз

Дайындау тәсілі

Балықтың омыртқасының бойымен басынан құйрығына дейін пышақпен тіліп, көлденеңінен еппен кесіңіз. Содан кейін құйрығын кесіп алыңыз да, желбезегі мен мен жүзбеқанаттарын қырқып тастаңыз. Балықтың қоң етін аздап тұздап-бұрыштаңыз.

Биік табаға зәйтүн майынан құйыңыз да, Infinite Range CombiHob пешінде орташа отқа қыздырыңыз. Содан кейін балықты табаға салыңыз, тамақ пісіп жатқанда пеш үстінің желдеткіші иіс мен бу тұтып қалады. Балық жабысып қалмас үшін оны мезгіл-мезгіл қалақшамен көтеріп отырыңыз. Балыққа тағы да аздап зәйтүн майынан қасықпен қосыңыз, содан кейін екінші жағын пісіріңіз.

Содан кейін жаңа піскен көкөністі дайындаңыз. Пиязды, сәбізді, кәдін, бұрыш пен шие қызанақты жіңішкелеп тураңыз. Алманы ұзыншалап жіңішке етіп тураңыз.

Балық пісіп жатқанда, сол табаға туралған көкөністер мен алманы қосыңыз. Бақтақты табаның бір шетінде қалдырыңыз да, екінші жағында көкөністерді бұқтырыңыз. Олар кіртілдек әрі балғын күйінде қалуы үшін артық майға шамалы қуыру керек.
Сондай-ақ, қалған көкөністі бөлек дайындау үшін Infinite Range CombiHob пешінің Dual Flex аймағының кез келген жеріне кішірек табаны қоюға болады. Пеш плитасының кең екі аймағы пеште бір мезгілде қатар пісіруді оңай етеді.

Винегретті дәмдеу үшін қыша, ворчестер тұздығын, херес сіркесуын және орман жаңғағының майын шағын кәстрөлген салып, бір шөкім ұсақ тұз бен ақ бұрыш қосыңыз. Дастарқанға тартардан бұрын барлық құрамдастарын қасықпен жақсылап араластырыңыз.

Піскен бақтақты ас тартатын тәрелкеге салып, көкөністер мен винегрет тұздығын балықтың айналасына және үстіне еппен қосыңыз. Ас дәмді болсын!

Күн сайын дәмді тағамдар дайындаңыз

Әрі қарай осы оқиғаларды оқыңыз