Лайфхактар

Телефонды бұзудан қалай қорғауға болады: 7 қарапайым тәсіл

Мобилді құрылғы өзін өзі қорғай алмайды... егер онда Samsung Knox
орнатылмаса

Бүгінгі күні смартфондар – жәй ғана байланыс құралынан да артықтау. Онда көптеген құпия ақпарат: құпия сөздер, банк деректері, фотосуреттер және тіпті жұмыс құжаттары да сақталады. Бірақ сіз өз гаджетіңізді қаншалықты сенімді қорғайсыз? Деректеріңіз қаскөйлер үшін оңай олжаға айналмас үшін, киберқауіпсіздіктің базалық ережелерін сақтау маңызды. Міне, телефоныңызды бұзулардан қорғаудан көмектесетін бірнеше қадамдар.

Сенімді құпия сөз орнатыңыз және биометрияны пайдаланыңыз

Төрт саннан тұратын қарапайым PIN-код (әсіресе егер бұл сіздің туған жылыңыз болса) баяғыда-ақ сенімді қорғаныс болудан қалған. Тәжірибелі қасқөйлерге сіздің құралыңызды бұзу үшін, бар болғаны бірнеше минут қана қажет болады.
Оның орнына әріптерден, сандардан және арнайы таңбалардан тұратын күрделі құпия сөз құрыңыз (ең жақсысы ол латындық сиқыр секілді болғаны дұрыс). Бәрінен жақсысы қол саусағының ізі немесе әлпетті тану секілді биометриялық аутентификацияны белсендіру. Смартфоныңызды қауіпсіздендіру үшін ыңғайлы және сенімді тәсіл осы.

БҚ жаңартыңыз

«Жаңартудың не қажеті бар, егер онсыз да барлығы жұмыс жасап тұр» деген ойдан аулақ болыңыз. Операциялық жүйенің немесе қосымшаның ескі нұсқасының хакерлер пайдаланып кетуі мүмкін осал тұстары бар. Жиі жаңартып тұрулар телефонды қорғау үшін осы әлсіз жерлерді жояды. Маңызды түзетулерді жіберіп алмау үшін жаңартуларды автоматты жүктеуді баптаңыз.

Қосфакторлы аутентификация: екі еселік қорғау

Егер қаскөй құпия сөзіңізді білсе де, қос факторлы аутентификация (2FA) қосымша кедергі жасайды. Бұл әдіс құпия сөзді енгізуді ғана емес, сонымен қатар SMS немесе арнайы қосымша арқылы растауды талап етеді. Көптеген заманауи қызметтер, соның ішінде пошта және әлеуметтік желілер бұл опцияны ұсынады. Ең маңызды есептік жазбаларыңызды қорғау үшін оны қосуды ұмытпаңыз.

Қосымшаларға мұқият болыңыз

Қосымшаларды Galaxy Store немесе Google Play секілді ресми дүкендерден ғана жүктеңіз. Бөгде көздерден бағдарламалар деректерді ұрлайтын зиянды БҚ тұруы мүмкін. Орнату алдында шолуларды тексеріңіз және сұралған рұқсаттар қолданбаның функционалдық мүмкіндіктеріне сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

Samsung Knox: болашақ деңгейіндегі қорғаныс

Егер сіз Galaxy смартфонын қолдансаңыз, тыныштануыңызға болады – деректер қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін қосымша артықшылығыңыз бар. Samsung Knox платформасы – құрылғыны қорғауға арналған ендірілген шешім. Ол аппараттық және бағдарламалық деңгейлерде жұмыс істейді, қаскөйлердің телефоныңызға қол жеткізуіне жол бермейді.

Knox деректеріңізді шифрлайды және оларды бұзу әрекеттерінен қорғайды. «Knox папкасы» (Қорғалған папка) функциясы құпия сөздерді, құжаттарды және фотосуреттерді смартфондағы смартфон сияқты оқшауланған кеңістікте сақтауға мүмкіндік береді. Құрылғыңыз зиянкестердің қолдарына түссе де, бұл деректерге қол жеткізу бұғатталған болып қалады.

Қоғамдық Wi-Fi желілерінен абай болыңыз

Тегін Wi-Fi пайдалану мүмкіндігі, әсіресе кафелерде, әуежайларда немесе вокзалдарда, қызықтыруы мүмкін, бірақ... Мұндай желілер көбінесе сіздің деректеріңізді ұстап алатын хакерлердің ұясы болып табылады (бұл жай ғана демалысыңыздан фотосуреттер болса, «жолыңыз болды»). Бірақ қоғамдық Wi-Fi пайдалануға тура келетін болса, трафикті шифрлау үшін VPN қосуды ұмытпаңыз. Ең жақсысы мүмкіндік болса, мобильді интернетке ауысқан дұрыс.

Егер телефоныңызды бұзған жағдайда не істеу керек?

Құрылғыңыздың әдеттен тыс хабарландырулар пайда болуы, аккумулятордың тез отыруы немесе белгісіз қосымшалардың пайда болуы сияқты артық қималдарды байқасаңыз, бұл алаңдауға себеп болады. Телефонның зауыттық параметрлерін арылтуды орындаңыз, содан кейін барлық құпия сөздерді өзгертіңіз және көмек алу үшін техникалық қолдау қызметіне хабарласыңыз.

Сандық қауіпсіздік сіздің жауапкершілігіңіз екенін есте сақтаңыз. Осы ұсыныстарды орындаңыз және деректеріңіз қауіпсіз болады және сіз өзіңізді сенімдірек және жайлы сезінесіз.

Samsung Knox қауіпсіздік платформасы бар қуатты смартфондар

Сіздің жеке өміріңіз. Қорғау астында.

Келесі мақалалар